ЦЕНУРОЗ бас миының, кейде жұлынның зақымдалуымен және олардың қызметінің бұзылуымен сипатталатын жануарлардың ауруы




Презентация қосу
Бұлшық ет
ценурозы
Орындаған: Нурсалимова Т.Б.
Тобы: ВС
Тексерген: Ахметова Г.
Ценуроз
ЦЕНУРОЗ бас миының, кейде жұлынның
зақымдалуымен және олардың қызметінің
бұзылуымен сипатталатын жануарлардың ауруы.
Құрттың жынысы жетілген сатысы иттің, кейде
қасқырдың, қорқау қасқырдың және түлкінің ащы
ішегін, ал көпіршік ларвоцистасы қойдың, сирегірек
ешкінің, бұзаудың, кейбір тағы тұяқтылардың
орталық жүйке жүйесі ұлпаларын мекендейді.
Ценуроз қой шаруашылығына елеулі зиян келтіретін,
өте кең тараған ауру.
Бұлшық ет ценурозы
Бұлгельминтозға тек қана қой мен ешкі шалдығады.
Ценур көпіршіктері мал терісінің шел қабатын,
бұлшық еттерін (жақ, мойын, иық, қолтық, жанбас,
сан т.б.), кейде іш қуысын зақымдайды. Ауырған мал
арықтап, өлімге де ұшырайды. Құрттың ересек
сатысы, оның ақтық иесі – иттің ащы ішегінде өмір
сүреді.
Қоздырғышы
Жынысы жетілген цестоданың аты MULTICEPS
SKRJABINI, оның тұрқы 20см аспайды. Бұл
гельминт бұнақтарының түрі және ішкі құрылысы
жағынан ми ценурозының таспа құртына ұқсайды.
Ларвоцисталары MULTICEPS COENERUS, үлкендігі
адам жұдырығындай болады.
Өсіп, өнуі
Ақтық иелері – иттер ценур
көпіршіктерімен зақымданған етті
жеп құртты жұқтырады, ал аралық
иелері – ұсақ тұяқтылар таспа
құрттың жұмыртқаларымен жем шөп,
су арқылы залалданады.
Эпизоотологиясы
Скрябин ценурозы Қазақстан, Өзбекстан
және Ресейде тіркелген. Қазақстанның
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау,
Ақтөбе, Қарағанды өңірлерінде таралған,
негізінен шөл, шөлейт атыраптарына тән
гельминтоз. Бұлшық ет ценурозы көбінесе 1-
2 жасар қойда кездеседі.
Аурудың өрбуі және сырт белгілері
Гельминтозға шалдыққан қой тез арықтайды, сау
малмен салыстырғанда салмағы 40-50% кемиді. Тері
астындағы, бұлшық еттер арасындағы ларвоцисталар
ұлғайған сайын клиникалық белгілері де айқындала
түседі. Мал күйсізденеді, жем шөпке жөнді қарамайды,
өсуі тежеледі, жүдейді. Ценур көпіршіктері мал
денесіні әр тұсына ісік тәрізденіп көріне бастайды, егер
көпіршіктері сирақтарына орналасса, мал ақсаңдап
жүре алмай қалуы мүмкін. Көпіршік іш қуысына
орналасқан қойдың құрсағы үлкейіп, салбырап тұрады.
Өлекседегі өзгерістер
Терініңшел қабатынан, кейбір бұлшық еттер
арасынан көлемі әртүрлі бірнеше ценур
ларвоцисталары табылады.
Диагностикасы
Малденесінің сыртқы жағынан, көбінесе қойдың
мойын, жауырын, сауыр тұстарынан көпіршіктерді
көруге болады, сыртынан сипағанда олар
алғашқысында қаттылау болса, кейіннен кілкілдеп
тұрады.
Емі
Кейде малды оташылық жолмен емдейді.ол
ұшін бұлтыйып шығып тұрған көпіршікті
тесіп, сыртқы сұйығын ағызады. Көпіршіктің
қабын, оны қоршаған ұлпалардан еппен кесіп
ажыратады да, ет пен тері арасынан суырып
алады. Жараны Моголь ерітіндісімен немесе
басқа дезинфекциялық ерітіндінің біреуімен
шайып тазалайды.
Сақтандыру шаралары
Ең алдымен шаруашылықтағы қой мен ірі қараның,
т.б.ларвальды цестодоздарға шалдыққандарын сау
малдан бөліп алу қажет. Малдың зақымданғанын
анықтау үшін аллергиялық реакциялар қолданылады.
Ценурозды болдырмау үшін, мал отарын тексеруден
өткізіп, миқұртының клиникалық белгілері байқалған
малдар сойылады. Сойылған не өлген малдың басын
итке жегізбеу қажет етке арнап сойылатын малтек
қана қасапханада малдәрігерінің бақылауымен
арнаулы жабдықталған жерде бауыздалып, мұқият
зерттелуі қажет.

Ұқсас жұмыстар
Қой шаруашылығына елеулі зиян келтіретін, өте кең тараған ауру
Күйістілердің ценурозы мен эхинококкозы
Ценуроз қоздырғышы
Клиникалық белгілерінің төрт кезеңң
Клиникалық белгілерінің төрт кезеңнен
Постгеморрагиялық анемия
Нерв жүйесінің патологиясы
ОМЫРТҚАЛЫ ЖӘНЕ ОМЫРТҚАСЫЗДА РДЫҢ БАС МИЫ ЭВОЛЮЦИЯСЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМА
Alfortia edentatus жұмыр құртының балаусасы
Неврология аурулары, ауру симптомдары және жүйке жүйесінің диагностикасы
Пәндер