Бүйректердің қабынуы




Презентация қосу
БҮЙРЕК
АУРУЛАРЫ

Орындаған: Нурсалимова Т.Б.
Нұсқабай Ә.Ғ.
Тобы: ВС - 414
Тексерген: Джангабулова А.
БҮЙРЕКТЕН НЕСЕП
ШЫҒАРЫЛУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
Бүйректен несеп шығарылуының бұзылуы бірнеше
атаусөздермен аталады.
Анурия - қуыққа несептің келмеуі

Гиперурекемия - несепте несеп қышқылдарының

молаюы
Олигурия - шығарылатын несеп мөлшерінің азаюы

Полиурия - шығарылатын несеп мөлшерінің артуы

Протеинурия - несепте нәруыздың пайда болуы

Уремия - бүйрек жұмысының жеткіліксіздігіне
байланысты қанда азоттық қалдықтардың
жиналуымен, ацидозбен, электролиттік, су және
осмостық тепе теңдіктің бұзылуымен
сипатталатын жай күй.
АНУРИЯ
НЕФРОЗДАР
Бүйректердің өзектері мен шумақтарының эпителий тіндерінде
дегенеративті өзгерістер пайда болып, организмде жалпы зат
алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.
Ауру барлық малдарда кездеседі. Әсіресе жылқылар, шошқалар, иттер

жиі ауырады.
Себептері. Негізгі себептері организмде септикалық процесті
тудыратын барлық факторлар. Ауыр металл тұздарымен,
хлорорганикалық қосылыстармен, өсімдік уларымен уланулар;
анемияның гемолитикалық түрі; кетоздар; мастит; туберкулез;
плевропневмониялар; созылмалы іріңді процестер; қотырлар; аумақты
күйіктер; ас қорыту жүйесінің аурулары аурудың себептеріне жатады.
Дамуы толық зерттелмеген. Қалай болғанда да аурудың дамуының

негізінде сенсибилизация, аутосенсибилизация процестері;
организмнің иммунобиологиялық жағдайының нашарлауы жатыр.
Организмге түскен, не өзінде түзілген улы заттар бүйректер арқылы
бөлінгенде олардың шумақтарында иммунобиологиялық реакцияларға
қатысады да, капиллярлардың негізгі мембраналарын жарақаттайды.
Осының салдарынан олигурия, анурия процестері туындайды.
Шумақтардағы сүзілу, өткізу процестері үдейді, протеинурия пайда
болады. Протеин зәр арқылы көп бөлінетіндіктен қанда оның мөлшері
азаяды (гипопротеинемия). Бүйректердің ирелеңдеген өзектерінде
дегенеративті өзгерістер дамиды.
Қанның сары суындағы ұсақ дисперсияды альбуминдер мен альфа-
глобулиндердін азаюы ондағы коллоидты-осмостық қысымды
өзгертеді. Осының салдарынан су мен натрийдің реабсорбциясы
бұзылып, ісіктің пайда болуына бірден-бір себеп болады.
Ұзаққа созылған улану гипофиз-бүйрек безі жүйесінің реттеушілік
қабілетін бұзады. Оған бүйрек торшаларындағы тотығу процесінің
бұзылуы қосылып, организмде белок пен майдың алмасуының
бұзылуын одан ары асқындыра түседі.
Бүйректерде амилоидоз-белоктың түзілуі салдарынан зәр арқылы
гамма-глобулин мен фибриногеннің көптеп бөлінуі организмде қарсы
денелердің түзілу процесін нашарлатып, індетті-септикалық процестің
дамуының бірден-бір себебі болады. Амин қышқылдары мен калийдің
организмнен кем бөлінуі бүйректердің қызметін одан ары нашарлата
түседі.
Ауру малдың халі жақсара бастағанда амилоидтар тарқан, зәрде
белок азайып, организмде су мен тұздың, белоктың, майдың
алмасулары қалыптасады. Полиурия байқалады. Қан сары суындағы
альбуминнің мөлшері қалыпты жағдайға келеді.
Өлекседегі өзгерістер. Аурудың жіті түрінде бүйректерде
дегенеративті өзгерістер; күңгірттеніп ісінген, ирелеңдеген өзектерде
майлы инфильтрат, не өлі еттенген. Бүйректердің көлемі ұлғайған,
қанға толы, болбыр, капсуласы оңай белінеді. Асқынған түрінде
бүйректер бозарған, сарғыш түсіті. Созылмалы түрінде белок пен
майдың алмасулары бұзылады, амиломд бүйректерде ғана емес
бауырда, көкбауырда да болады. Кейде капилляр амилоидпен бітеліп
НЕФРОЗ
Созылмалы түрінде ауру мал арықтаған; қабағында,
төсінде, аяқтарында, ұманың тұсында көлемді
ісіктер пайда болады. Кілегей қабықтары, терісі
бозарған. Бауырдың көлемі ұлғайған, жүректің
қызметі нашарлаған. Қанда А:Г төмендеген, азот
қалдығы, хлоридтер, холестерин, линоидтар
көбейген. Аурудың барысын 3 сатыға бөлуге
болады:
1. Аурудын белгісіз сатысында протеинурия және

аздаған хорестеринемия аныкталады;
2. Ісіну сатысы - мұнда организмнің негізгі
қызметтері сақталған жалпы жағдайы
қанағатганарлық;
3. Арықтау сатысында қанда азотемия,

холестеринемия, гипопротеинемия анықталады.
Нефроз перитонитпен, плевритпен,

бронхопневмониямен аскынуы мүмкін. Ауру мал
қатты уланғанда анурия мен уремиядан өліп кетуі
мүмкін. Амилоидозда ауру жай дамиды.
Нефроздар

Гломерулоне Тубулонефро
фроз з
Гломерулоне Тубулонефро
фроз з

Протеин
Гиалиноз дік

Амилоидт Липоидт
ық ық
нефроз

Некрозды
қ
ГЛОМЕРУЛОНЕФРОЗДАР
Гломерулонефроздар негізгі өзгерістердің бүйрек
шумақтарында туындауымен сипатталады.
Олардың бірі шумақ тамырларының гиалинозы.
Альбуминдер мен глобулиндер есебінен
қабырғасы қалыңдаған, қуысы тарылған шумақ
қылтамырлары эозинмен солғын қызыл боялады,
жарық микроскопымен тартпалар мен сақиналар
түрлерінде көрінеді. Көлемі ұлғайған, шумақтарда
ядролар саны тым аз. Түтіктерде гиалин
цилиндрлер пайда болады. Жай көзбен бүйректің
қуқылданғаны, зақымданған шумақтар ақшыл
жылтыр немесе көмескі нүктелер түрлерңнде
байқалады. Процесс ұзағырақ өткен жағдайда
мүше бүрісіп, беті аздап бұдырмақтануы мүмкін,
консистенциясы нығызданады.
АМИЛОИДТЫҚ НЕФРОЗ
Бүйрек шумақтарында күрделі зат амилоидтың шөгіп,
қылтамырлар қабырғаларының қалыңдауы. Зақымдану деңгейі
тым зілді болған жағдайда тамырлар ілмектері сүртіліп кетеді.
Амилоид интерстицийлік тамырлар қабырғаларында да, ирелең
түтікшелердің табан жарғағына да шөгеді. Түтікшелерде
нәруыздық цилиндрлер болады, нәруыздық және майлану
дистрофиялары, атрофия байқалады. Интерстицийде дәнекер
өрме қаулап, уақыт өте келе гиалинозға ұшырайды. Сырт
қарағанда бүйректің біраз үлкейгені, оның үстіңгі қабатының
қалыңдағаны, түсі ақшылсары не бозғылт тартқаны көңіл
аударады. Зақымданған шумақтар сұрғылтқызыл нүктелер
сияқты болып көрінеді. Аралық өрмесі гиалинозға ұшыраған
мүшенің беті бұдырланады, консистенциясы қатаяды.
Амилоидтық нефроз әдетте сәтсіз аяқталады.
Сырқатқа көбінесе құрамында нәруызы мол бірыңғай жемшөппен

азықтандырылған тауықтар мен үйректер, сүтті сиырлар
шалдығады. Созылмалы өтіп, өрмелерді кең көлемді іріңдеуге не
өліге ұшырататын инфекциялық ауруларды асқындыра екінші
кезекті де туындайды сырқат
ТУБУЛОНЕФРОЗДАР
Бүйрек түтікшелерінің өте зілді дистрофиялық
өзгерістерге ұшырауы. Нефрон ұзына бойына,
яғни жайылмалы түрде, немесе оның тек
проксимальды не дистальды бөлігі
зақымданады. Жіті және созылмалы түрде
өтеді.
НӘРУЫЗДЫҚ НЕФРОЗ

Нәруыздық нефроз көптеген инфекциялық
ауруларды асқындыра туындайды.Ирелең
түтікшелердің, боумендік қапшықтың, Генде
ілмегі мен тік түтікшелердің
эпителиоциттері өте зілді түйірлі,
гиалинтамшылы және сулану
дистрофияларына ұшырайды. Бүйрек көлемі
біршама ұлғаяды, түсі қуқылданады,
консистенциясы жұмсарады. Мүшені тіліп
көргенде сыртқы қабаттың қалыңдағанына
көз жеткізіледі. Иттерде нефроздың бұл түрі
негізгі сырқат ретінде жиі байқалады.
ЛИПОИДТЫҚ НЕФРОЗ
Бүйректің майлану дистрофиясына ұшырап,
функциясының бұзылуы. Негізінен жылқыда, ірі қара
малда, қой мен ешкіде байқалатын бұл процесс
буаздық токсикозына, кетозға және инфекциялық
ауруларға байланысты туындайды. Микроскоппен
түтікшелер эпителийінде майда май тамшылары,
ядролардың пикнозға және рексиске ұшырағаны,
кеңіген түтікшелерде май мен нәруыз үгінділері
немесе нәруыз май цилиндрлері байқалады. Мүше
әжептәуір ұлғаяды, түсі сұрғылтсарғыш тартады,
консистенциясы жұмсарады. Есте болатын бір жайт
мысық бүйрегінің эпителиоциттерінде май
тамшылары қалыпты жағдайда да мол болады.
Аздаған май тамшылары сау шошқаның бүйрегінде
де байқалады.
ЛИПОИДТЫҚ
НЕФРОЗ
НЕКРОЗДЫҚ НЕФРОЗ
Бүйрек түтікшелері эпителийінің бүлініп, өліп өшуімен
сипатталады. Процесс көбінесе нефрон түтікшелерінің
проксимальды бөлігінде туындайды. Нефроциттер ыдырап,
эозинмен боялған біркелкі немесе түйіршікті массаға
айналып, түтікшелер қуысын толтырады. Бұл
түтікшелердің тек сыртқы кескіні ғана табандық жарғақ
есебінен сақталады. Қылтамырлар шумағы қалыпты күйде
болады. Өліге ұшыраған түтікшелер арасында әдеттегі
ұүрылымын сақтаған Генле ілмектері мен дистальды
ирелеңкі түтікшелер кездеседі.
Кейде нефронның ішкі қабаттағы тік түтікшелері де өліге

ұшырайды. Сырқат ұзаққа созыла өткен жағдайда бұл
түтікшклерде регенерация құбылысы байқалуы мүмкін.
Жай көзбен мүшенің аздап ұлғайғаны, сұрғылт тартқаны,

біршама жұмсарғаны, сыртқы және ішкі қабаттар
арасындағы шекараның сүртілгені, сыртқы қабатта ақшыл
жіңішке сызықтар немесе дақтар анықталады.
НЕКРОЗДЫҚ НЕФРОЗ
НЕФРИТТЕР
Бүйректердің қабынуы
Бүйректердің паренхимасының, әсіресе

ирелендеген шумақтарының қан тамырларының
жарақаттанып қабынуымен сипатталатын ауру.
Аурудың барысы бойынша жіті және
созылмалы түрлерін, ал орналасуына байланысты
шоғырланған және жайылыңқы түрлерін
ажыратады. Малдарда көбінесе
гломерулонефрит ретінде кездеседі. Олардын
ішінде иттер мен шошкаларда жиі анықталады.
Себептері. Нефрит өз алдына жеке ауру болып

сирек кездеседі. Қосалқы ауру ретінде
жұкпалы, құрт аурулары, септикалык іріңді
процестер аскынғанда пайда болады,
НЕФРИТ
Аурудың дамуы өте күрделі және жете
зерттелмеген. Оған әсер ететін жағдайлар:
• организмнің қолайсыз жағдайға қарсы тұру
қабілетінің нашарлауы;
• физикалық факторлардың әсері: суық тию,
төлдердің бүйректерінде қан айналасының
бұзылуы;
• химиялык факторлар: дәрілердің үлкен
дозасы, уланулар;
• механикалық факторлар - әртурлі
жарақаттар;
• малдың қатты күюі, күйзелуі,
гиподинамия;
• рационда тұздын көп, ретинолдын аз болуы.
Қалай болғанда да ауру жоғарғы факторлардың әсерлерінен
организмнің резистенттілік қабілетінің нашарлауынан басталады.
Жүйке жүйесінің және ішкі бездердің реттеушілік қызметтері
бұзылады, бүйректердегі қан тамырлары зақымданады, зат
алмасу процесі бұзылады, Тітіркендіру салдарынан рефлексті түрде,
бас ми қабығындағы қоздыру-тежеу процестерінің тепе-теңдік
қабілеттілігі өзгеріп, оларда доминантты орталықтар пайда болады.
Ми қабының астыңғы бөліктерінің қызметінің қалай болса солай
үдеуінің салдарынан бүйрек шумақтарындағы қан тамырлары қысылып,
олардағы зат алмасу процесі бұзылады. Егерде қан тамырлары көпке
дейін қысылатын болса, кейде ағза салданып қалуы да мүмкін. Онда
қан тамырларының өткізгіштік қабілетінің жоғарлауы салдарынан
қабыну процесі үдей түседі.
Аурудың созылмалы түрінің дамуында гуморалды факторлардың -

әсіресе рениннің ролі зор. Қан айналуы азайған бүйректерде ренин көп
түзіледі де , қанның қысымын одан ары жоғарлатады. Капиллярлардың
қабырғасы арқылы тек альбуминдер ғана емес, қанның басқа
элементтері де өтіп кетеді. Су мен хлоридтердің алмасуларының
бұзылуы ісіктің пайда болуын туғызады. Су мен тұздың жинақталуына
көп түзілген антидиуретин өз әсерін тигізеді,
Бүйрек шумақтарындағы (Шумлян-Боумен) қан тамырларының

жарақаттануы олардың сүзу процестеріне қатысатын беттерінің
көлемін азайтады. Несеп бөлу жолдарының өзектерінде глобулиндер,
фибриногендер шоғырланады, зәрдің қышқылдығы жоғарылайды,
цилиндроурия пайда болады
ӨЛЕКСЕДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР:

Өлекседегі өзгерістер:
бас, аяқ жақтарда; кеуде, іш тұстарында
тері астының шелі ісінген;
бүйректердің көлемі ұлғайған, капсуласы
оңай бөлінеді;
бүйректі кесіп қарағанда оның
шумақтарының суреті өзгерген, қабынып
қызарған, үлкейген;
қатты қабынғанда капсулада ұйыған
белок, эритроциттер мен түлеген
эпителий клеткалары бар; кейде
ирелеіиіген түтікшелерде майдың, белок
түйіршіктерінін өзгерген түрлері
Гематоген Уриногенд
дік ік
(іріңсіз) (іріңді)

Нефритт
ер
Іріңсіз
гломерулонеф
рит

Іріңсіз Гематоген
Іріңді
интерстиций дік
интерстиций
лік нефрит нефритте
лік нефрит
р

Іріңді
гломерулоне
фрит
ІРІҢСІЗ ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТ
Шумақтардың зақымдануымен сипатталатын
бүйректің қабынуы. Жануарларда негізінен
ошақтық процесс түрінде байқалады. Қабынудың
жіті сатысында қылтамырлардың қанмен кернелуі,
боумендік қуыс пен қылтамырлар ілмектерінің
арасында сероздық немесе серздық фибринді
экссудаттың және біренсаран нейтрофильдердің
жиналуы, эндотелиоциттердің ісінуі шумақтар
көлемінің ұлғаюынаәкеледі (экстракапиллярлық
гломерулонефрит). Көбінесе ирелең түтікшелерде
біркелкі немесе түйіршікті нәруыз цилиндрлері
болады. Обағағ әсіресе тілмеген шалдыққан
шошқаларда шумақтардың қабынуы қанараласқан
түрде болып, боумендік қуысты құрамында
эритроциттер мол экссудат толтыруы мүмкін.
Кейде шумақтарыдң қабынуы интракапиллярлық
сипатта болып, эндотелиоциттер мен
мезангиоциттер қарқынды көбейеді, оларға
недәуір мол мөлшерде нейтрофильдер мен
лимфоциттер араласады. Нәтижесінде шумақтар
көлемі ұлғайып, қылтамырлар ілмектер
боумендік қуысты түгел толтырады.
Жіті қабынған бүйрек аздап үлкейеді, қаны

молайып қызарған телімдер есебінен түсі
шұбарланады («үлкейген шұбар бүйрек»),
қапшығы жеңіл сыдырылады. Мүшені тіліп
қарағанда сыртқы қабаттың біршама
қалыңдағананына, ішкі қабаттың қарақызыл
түсті екеніне көз жеткізіледі.
ҰЗАҚҚА СОЗЫЛА ӨТКЕН
ҚАБЫНУ ПРОЦЕСІ
Шумақтарда өсіп өніп өзгеруге, склерозға әкеледі.
Қылтамырлар ілмектері жуандайды, табандық жарғақ
гиалинозға ұшырайды, ілмектер аралығында талшықты
дәнекер өрме өседі, ол склерозға ұшырайды.
Шумақтардың боумендің қабығының жуандаған табандық
жарғағын қоршай коллаген талшықтарының тартпалары
пайда болады. Боумендік қуыста жиналған экссудатты
талшықты дәнекер өрме кеулейді. Ирелең түтікшелер
аралығында, зақымданған шумақтарды қоршай дәнекер
өоме өсіп, уақыт өте келе гиалинозға ұшырайды.
Көлемі әдеттегідей немесе аздап кішірейген бүйректің

қалыңдаған қабығы біршама қиындықпен сыдырылады,
беті көмескі және кедірбұдырлы, консистенциясы нығыз
болады. Тіліп қарағанда мүшенің сыртқы затының
жіңішкергеніне,онда көптеген ақшыл түсті сызықшалар
бар екеніне көз жеткізіледі. Өте зілді өзгерген мүшені
«екінші кезекті бүріскен бүйрек» деп атайды.
ІРІҢСІЗ ИНТЕРСТИЦИЙЛІК
НЕФРИТТЕР
Әдетте екінші кезекті сырқат ретінде
туындайды. Иттерде зат алмасудағы
ақаулардың және эндотоксикациясының
салдарынан да болады. Жіті, жітілеу,
созылмалы өтеді.
Мүшеде таралуына деңгейіне қарай:
Жайылған

Ошақты
ЖАЙЫЛМАЛЫ
ИНТЕРСТИЦИЙЛІК (АРАЛЫҚ)
НЕФРИТ
Процесс интерстицийлік тамырлардың қанмен кернелуімен,
дәнекер өрмеде сероздық экссудаттың және гистиоциттер мен
лимфоциттер топырларының пайда болуымен басталады.
Қабынудың бұлжіті сатысында бүйрек аздап ісінеді, одан қабық
жеңіл сыдырылып алынады, мүше беті тегіс және әртүсті болады.
Уақыт өте келе торшалар топырларында фибробластар мен
коллаген торшалары молаяды. Бұл құбылыс әсіресе мүшенің
сыртқы және ішік қабаттарының арасында зілді болады. Шумақтар
мен түтікшелер атрофияға ұшырайды. Қызметі жалғасып жатқан
нефрон түтікшелерінің аяққы бөліктері дәнекер өрмемен
жаншылып, бітеледі де, түтікшелердің алдыңғы бөліктері несеппен
кернеледі, сөйтіп қабырғасы жайпақтанған эпителиймен
астарланған қуыстар пайда болады.
Бұл продуктивтік қабыну процесі шыңына жеткенде бүйрек

қатаяды, беті бұдырланады. Қабық бүйректен күшпен
сыдырылады. Мүшені тіліп көргенде мүшенің сыртқы қабатының
жіңішкергені, сыртқы және ішкі қабаттар аралығында көптеген
майда диаметри 1 мм жететін кисталар байқалады.
ОШАҚТЫ ИНТЕРСТИЦИЙЛІК
НЕФРИТ
Үй жануарларының барлық түрлерінде байқалады. Бұзауларда (2 -3
апталық жастан 6 айлыққа дейінгі ) недәуір жиі кездесетін бұл қабыну
процесін әдетте «үлкен дақты бүйрек», «дақты ақ бүйрек» деп
атайды.
Аздап ұлғайған, қуқылданған бүйректе диаметрі 520 мм дей домалақ

пішінді ақ ошақтар байқалады. Қапшық бүйректен жеңіл сыдырылады.
Мүшені тіліп көргенде бұл ошақтардың сыртқы қабатта
орналасқандығына, көпшілігінің сына пішінді екендігіне көз жеткізіледі.
Микроскоппен қабыну процесі дамуының алғашқы кезінде зақымдану

ошақтарында гистиоциттер мен лимфоциттер шоғырлары және бүйрек
түтікшелерінің қалдықтары көрінеді. Ірі көлемді зақымдану
ощақтарында әдеттегі құрылым сүртіледі де, дәнекер өрме талшықта
сипатты болады, яғни ондай жерлерде фибробластар мен коллаген
талшықтары мол болады. Қабынған жерлер кейіннен тыртықтанады.
Процесс сәтті аяқталып, мүше әдеттегі қалпына келуі де мүмкін.
Қабыну процесінің туындауын бруцеллез бен сальмонеллез
қоздырушыларының, стафилококтардың әрекетімен байланыстырады.
Ошақты интерстицийлік нефрит шошқалар мен иттерде де кездеседі.
Тек процесс морфологиялық тұрғыдан әрдайым «үлкен дақты
бүйрек», яғни теңбілді сипатта бола бермейді.
СОЗЫЛМАЛЫ ИНТЕРСТИЦИЙЛІК
НЕФРИТ
ІРІҢДІ ГЕМАТОГЕНДІ НЕФРИТТЕР
Септикопиемияның көрінісі ретінде немесе белгілі бір
мүшедегі іріңді ошақтан іріңдеткіш бактерияның қан арқылы
тасымалданып келуіне байлансыты туындайды. ІҚМда жиі
кездеседі, эмболдық іріңді нефрит деп те аталады.
Процесс жиі сепсистік метритке, іріңді маститке,
жарақаттану ретикулоперитонитіне байланысты туындайды.
Сирегірек ойылымды эндокардитке қосарланады: бүйрекке
іріңдеткіш микробтар жүрек қақпашасынан үзіліп түскен
ұйыстың кішкентай бөлшектерімен енеді.
Қабынуға бүйректің екеуі де ұшырап, едәәуір үлкейеді,

олардың қапшығы біршама қиындықпен сыдырылады. Мүше
бетінде көптеген, ақшыл сары, өлшемі 1-3ммдей, қуыстары
іріңмен толған ошақтар болады. Олар бір бірімен
қосылып,көлемдірек ошақтарда құрады. Бүйректі тіліп
қарағанда іріңдіктердің көпшілігі сыртқы қабатта
орналасқанына көз жеткізіледі.
ІРІҢДІ ГЕМАТОГЕНДІ НЕФРИТ
УРИНОГЕНДІ НЕФРИТ (ПИЕЛОНЕФРИТ)
Әуелі бүйректің астаушасы іріңді қабынады да, ол
бүйректің қабынуына ұласады. Сондықтан процесті
өрлеушә нефрит деп те атайды. Инфекция несеп
жолындағы кедергідерге байланысты туындайды.
Іркіле аққан несеп іріп, бактериялардың көбеюіне ,
сөйтіп астаушаның қабынуына әкеледі.
Уақыт өте келе бактериялар бүйрек түтікшелерімен

және және интерстицийлік өрмемен көтеріліп
паренхиманы қабынуға ұшыратады.
Микроскоппен қарағанда негізгі өзгерістер
емізікшелер мен ішкі қабатта байқалады. Түтікшелер
қуыстарында ірің денешіктері мен микробтар
шоғырлары, түтікшелер аралығында домбығу сұйғы,
лейкоциттер инфильтраттары, кей жерлерде
қанталаулар болады.Тік түтікшелер көбінесе өліге
ұшырайды.
ПИЕЛОНЕФРИТ
Назарларың
ызға
Рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
БҮЙРЕККЕ ТАСТЫҢ ЖИНАЛУЫ БҮЙРЕК ТАС
Бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларын балау және емдеу түрлері
Бүйректердің өзектері мен шумақтарының эпителий тіндерінде дегенеративті өзгерістер пайда болып, организмде жалпы зат алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру
Несеп шығару жүйесі аурулары
Малдың уланудағы, токсикологиясына ветеринариялық - санитарлық бағасы
Бүйректің жедел жетіспеушілігі
Бүйрек аномалиялары
Бүйректер орналасуының аномалиялары
Жүрек - қантамыр жүйесі аурулары
Бүйрек патологиясы
Пәндер