Сиыр ұшасын тексеру
Презентация қосу
*
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Ветеринариялық санитариялық сараптау
және гигиена кафедрасы
Ұшаны ветеринариялық
санитариялық Сараптау.
Еттің тауартануы
Орындаған: Нурсалимова Т.
Тобы: ВС-313
Тексерген: Ергумарова М.
1. Ұшаны ветеринариялық санитариялық сараптау
1.1 Сиыр ұшасын тексеру
1.2 Жылқы ұшасын тексеру
1.3 Қой ұшасын тексеру
1.4 Шошқа ұшасын тексеру
2. Еттің тауартануы
2.1 Ірі қара мал қоңдылығы
2.2 Қой мен ешкі қоңдылығы
2.3 Жылқы қоңдылығы
2.4 Шошқа қоңдылығы
*жоспар
*Ұшаның ет арасындағы лимфа түйіндері ет
комбинаттарында өте қажет жағдайда ғана тексеруден
өткізіледі. Яғни, бас пен ішкі ағзаларды тексергенде
зақымдалған жері болса немесе аурудың белгілісі байқалса
(қанталау, іріңдеген, ісік) ұшаның лимфа түйіндері түгел
тілініп қаралады. Ол белгілер байқалмаса, ұшаға пышақ
жұмсап кеспейді, себебі кескіленген ұшаның тауарлық
сапасы төмендейді, тоңазытқышта ұзақ сақтауға келмейді.
*Ұшаны тексеру
*Сойылған малдың еті тез таратылып жіберілетін болса
(ішкі сауда объектілеріне шығарып сату, жіліктеп бөліп
алу, асханаға жіберу) ұшаның лимфа түйіндері түгел
тексеріледі.
*Сиыр ұшасын
Бас пен ағзалардың барлық лимфа түйіндерін
тексеру
тексергеннен кейін, ұшасын қарайды. Әсіресе,
жалқаяқка және бауыздағанда қанының қалай
шыққанына көңіл аударады. Мойын, белдеме еттері
финнозға тексеріледі. Ал ұшаның лимфа түйіндері
жоғарыда айтқандай, қажет болған жағдайда
ғана кесіп қаралады. Нашар қансызданған малдың
етіне қол сыртын тигізгенде, қолға сарысу сияқты
болып жұғады. Мұндай етті міндетті түрде
бактериологиялық тексеруден өткізеді.
* Ұшадағы лимфа түйіндерін тексереді:
1. Төссүйек алдыңғы лимфа түйіндері - төссүйектің оң жағында
майдың арасында орналасқан
2. Қабырға аралығындағы лимфа түйіндері - қабырғалар мен
омыртқалардың қосылған жерінде жатады.
3. Мойынның үстіңгі лимфа түйіндері - иық буынының алдынғы
жағында орналасқан ұзындығы 7-8см.
4. Мойынның тереңдегі лимфа түйіндері - олар үшке бөлінеді. Оның
алдыңғысы қалқанша бездің қасында, ортаңғысы кеңірдектің орта
бөлімінде, ал соңғысы бірінші қабырғаның тұсында жатады.
5. Қабырға- мойын лимфа түйіндері - бірінші қабырғаның төменгі
жағында орналасқан.
6. Қолтық асты бірінші кабырғаның лимфа түйіндері - бірінші
қабырғаның тұсында, иық белдеуінің астында орналасқан.
7. Шап майдың лимфа түйіндері - шап майдың арасында
жатады
8. Такымдық лимфа түйіндері — санның қалың етінің арасында
балтыр бұлшық еттерінің үстінде жатады.
9.Шонданай лимфа түйіндері - шонданай сүйегінде орналасқан
10. Шаптың үстіңгі лимфа түйіндері - еркек малда жыныс
мүшесінің қасында жатады, ал сиырда желінінің үстінде
орналасқан.
11. Мықынның дөңгелек лимфа түйіндері - сан артериясының
бастауында орналасқан
12. Мықынның бүйір лимфа түйіндері — бүйір құрсақ бұлшық
етінің үстінде жатады
13. Мықынның ортаңғы лимфа түйіндері — мықынның сыртқы
артериясының алдыңғы жағында орналасқан
14. Құйымшақ лимфа түйіндері - құрсақ қолқасының ішкі және
сыртқы мықындық артерия болып екіге бөлінген жерінде
орналаскан
1 — крыловой узел, 2 — подчелюстной у., 3 — подъязычный передний у., 4 — заглоточный
медиальный у., 5 — подъязычный задний у., 6 — заглоточный латеральный у., 7 — глубокий
шейный передний у., 8 —глубокий шейный средний у., 9 — поверхностный шейный у., 10 —
глубокий шейный задний у., 11 — реберношейный у., 12 — узел грудной клетки, 13 — грудин-йый
передний у., 14 — грудинный задний, диафрагмальный у., 15 — средостенные краниальные левые
уу., 16 — межреберные уу., 17 — средостенные верхние уу., 18 — средостенные задние уу., 19 —
бифуркационные левые уу., 20 — почечный у., 21 — поясничные аортальные уу., 22 —
подвздошные латеральные уу., 23 — подвздошные медиальные уу., 24 — тазовый у., 25 —
крестцовый средний у., 26 — крестцовые внутренние уу., 27 — седалищные уу., 28 — узел
седалищного бугра, 29 — поверхностные паховые, или надвыменные, уу., 30 — надчревный у., 31
— глубокий паховый у.
*Бұзаудың етін қарау тәртібі негізінен ірі қараның ұшасы
мен ағзаларын тексеру тәртібімен бірдей.
*Бірақ, тіліп қарағанда лимфа түйіндері шырынды келеді
және үлкенірек болады.
*Бұзаудың етін тексергенде кіндігі мен құрсақтың көк еті
және буындарына ерекше көңіл аударады. Әдетте,
сепсисте, бұзаудың кіндігі зақымданады, буындары ісіп
жуандайды.
*Мұндай бұзаудың еті бактериологиялық тексеруден
өткізіледі, ал ағзалары бракқа шығарылады.
*Бұзаудың
ұшасын тексеру
* Жылқы ұшасын тексеру:
Жылқы малын сойғаннан кейiнгi iшкi мүшелерiн, ұшасын қарап тексерудiң ерекшелi лимфа
түйiндерi жылқы малында, ұсақ түйiндерден құралған пакет түрiнде көрiнедi. Жылқыда қосымша
тiласты лимфа түйiндерi жақ аралық кеңiстiкте болады. Жылқы ұшасын тексергенде қосымша
бұлшық еттерiн iшкi жағынан меланомаға тексередi.
1) Мойынның тереңдегі ЛТ-і - алдыңғы, ортаңғы және артқы болып үшке бөлінеді.
* Алдыңғы ЛТ жұтқыншақ пен көмекейдің артында, кеңірдектің үстінде, қалқанша бездің
төменгі жағында жатады.
* Ортаңғы ЛТ мойынның орта бөлімінде орналасқан.
* Артқы ЛТ кеңірдектің үстінде, бірінші қабырғаның алдында жатады.
2)Мойынның беткей ЛТ-і - иық буынның алдында орналасқан, саны 60-130 шамасы ұсақ лт
тұрады.
3)Қолтық астындагы ЛТ-і - қолтық астының қан тамырларының ерімденіп кеткен жерінде
жатады.
4)Шынтақ ЛТ-і - иық сүйегінің үстінде, шынтақ буынының қасында жатады.
5)Шап майдың ЛТ-і - шап майдың арасында, тобықтың қасында жатады.
6)Тақымдық лимфа түйіндері - санның қалың етінің арасында, балтыр бұлшық
етінің үстінде жатады.
7)Шаптың беткей ЛТ-і - айғырда қасасының қасында, биеде желіннің үстінде жатады.
8)Шаптың тереңдегі ЛТ-і - санның терең артериясының басталатын жерінде
жатады, бірнеше ұсақ лимфа түйіндерінен тұрады.
9)Мықынның ортаңғы ЛТ-і — жамбас пен белдеменің қасында сыртқы мықын артериясының
басталған жерінде жатады.
1 — подчелюстной лимфатический узел, 2 — заглоточные медиальные уу., 3 — околоушный
у., 4 — узел воздухоносного мешка, 5 — шейные глубокие передние уу., 6 — шейные
глубокие средние уу.. 7 — шейные глубокие задние уу., 8 — поверхностный шейный
лимфатический у., 9 — глубокий выйный у., 10 — узел входа в грудную полость, 11 —
средостенные передние уу.. 12 — межреберные уу., 13 — средостенные аортальные уу., 14 —
средостенные задние уу., 15 — бифуркационные средние уу., 16 — бифуркационные левые
уу., 17 — диафраг-мальные уу., 18 — поясничные уу., 19 — внутренние подвздошные, или
тазовые уу., 20 — подвздошные средние уу., 21 — подвздошные боковые уу., 22 — глубокие
паховые уу., 23 — крестцовые уу., 24 — заднепроходные уу., 25 — поверхностные паховые,
или надвыменные, уу., 26 — грудной проток.
*Қойдың ұшасы мен ағзаларын тексеру тәртібі
ірі қаранікі сияқы.
*Көк бауырға аса көңіл бөлу
керек, топалаң кездесуі ықтимал, бауырды
дикроцелиоз бен фасциолезге тексереді.
*Жұтқыншақ пен өңештен саркоспоридиозды іздейді.
*Шажырқай лимфа түйіндерінен жалған туберкулез бен финнозды қарайды.
*Кеңсіріктен қуыс бөгелегін қарайды.
*Мойынның үстіңгі лимфа түйіндерін міндетті түрде қарайды. Олардың
*ҚОЙ ҰШАСЫН
ұлғайғаны байқалса, пышақпен кесіп
қарайды.
*Казеозды лимфаденитке ТЕКСЕРУ
тексеру үшiн мойынның сыртқы
және тiзе буыны тексерiледi.
*Шошқа ұшасын
тексеру
*Шошқаның белдеме мен желке бұлшық еттерін және
диафрагманы кесіп, финнозға тексереді.
*Содан соң трихинеллезге тексеру үшін диафрагмадан ет
кесіндісін алады.
Осы алынған үлгімен ұшаның нөмірі бірдей
болуы қажет.
*Шошқаның лимфа түйіндерін тексеру
қиынырақ, себебі олардың түсі ет пен
майдың түсіне ұқсас келеді
*Шошқада iрi қара малдан айырмашылығы
көкбауыр лимфа түйiндерi бар. Көк бауыр
артериясын жағалай орналасқан
* Мойынның терең лимфа түйіндері - кеңірдектің екі жағын ала
орналасқан. Алдыңғы, ортаңғы және кейінгі болып үшке бөлінеді.
Лимфаны калқанша безден, кеңірдектен, өңештен, мойынның
терендегі бұлшық еттерінен жинайды.
* Мойынның беткей лимфа түйіндері-беткей, төменгі және ортаңғы
болып үшке бөлінеді. Оның үстіңгісі иық буынының алдында, сәл
жоғарырақ жатады.
* Тақымдық лимфа түйіндері - санның бұлшық еттерінің арасында,
майдың ішінде жатады.
* шошқа Лимфа
* Шаптың үстіңгі лимфа түйіндері - қабанда жыныс мүшелерінің,
ал мегежінде емшектерінің жанында майдың арасында
* Жамбастың алдыңғы лимфа түйіндері - құрсақ қолқасының екі
түйіндері
ішкі мықын артериялары болып бөлінген жерінен сәл ғана кейінірек
жатады.
1 — околоушный узел. 2 — заглоточный латеральный у., 3 —
заглоточный медиальный у.,4 — шейный поверхностный
дорсальный у., 5 — шейный поверхностный вентральный у., 6—
подчелюстной у., 7 — подчелюстной добавочный у., 8 —
надколенный у., 9 — наружный крестцовый у., 10 — подколенный у.
* Еттің тауартануы
Жынысы мен жасына қарай ірі қара малды 4 топқа бөледі:
Сақа мал — жасы үштен асқан сиыр, бұқа, өгіз және тірідей массасы 350кг кем бір
рет бұзаулаған сиыр.
Сақа малдың бірінші дәрежелі қоңдылығына төменгі көрсеткіштер бойынша
жатқызады:
Етінің дамуы қанағаттанарлық, кеудесінің пішіні аздап сүйірленген, жауырыны онша
байқалмайды, сан еті толық, омыртқа қыры, жамбас сүйектің басы, құйымшақ басы
аздап
шығыңқы. Тері астындағы май құйрықта және құйымшақ сүйектің-басында
байқалады. Өгіздің ұшасын аздап май басқан, жұмсақ.
Екінші дәреже - етінің дамуы аса қанағаттанарлық емес, кеуде пішіні қушықтау,
жауырыны шығыңқы, сан еті ысылған, арқа және бел омыртқаларының жоталық
өсінділері, жамбас
сүйектің, құйымшақтық басы шығыңқы тері астындағы май арқада. құйымшақ
басында бөлшектене жиналған. Өгіздің ұшасы тартылған, май байқалмайды.
Бір тума сиыр — жасы 3-ке толмаған массасы 350 кг артық бір рет бұзаулаған сиыр.
Жас мал — жасы 3-айдан 3 жылға дейіңгі тана —
торпақ, өгізше, бұқашық.
Бұзау – жасы 14 күннен 3 айға дейінгі төл.
* Ірі қара мал қоңдылығы
* Бұқаның бірінші дәрежесі қоңдылығы төменгі көрсеткіштерден кем болмауға тиіс. Кеуделік
жұмыр еті жақсы жетілген, арқасы, белі, сауыры жалпақ, қаңқа сүйектері байқалмайды, сан,
жауырын еттері толық.
* Екінші дәрежесі — кеудесі қушықтау, қаңқа сүйектері аздап шығыңқы, етінің дамуы
қанағаттанарлық, кеудесі, арқасы, белі және сауыры жалпақ емес, саны,жауырыны тартыңқы.
* Бір тума сиырдың I- дәрежелі қоңдылығы-кеудесі жұмыр, еті жақсы жетілген, жауырыны, белі,
сауыры, сан еттері толық, омыртқаның жоталық өсінділері, жамбас сүйектің, құйымшақ басы
байқалады, құйрық түбін май басқан. 2- дәрежелі қоңдылықты малдың кеудесі толық
жұмырланбаған, етінің дамуы қанағаттанарлық, омыртқалардың жоталық өсінділері, құйымшақ,
жамбас сүйектердің басы шығыңкы, тері астында май байқалмайды. Сүйегінің басы, құйымшақ
сүйегі, қабырғалары байқалмайды. денесі жұмыр, арнасы тегіс.
* 779- 87 МС (1979ж ) бойынша ірі қара мал етін қоңына қарай 2 категорияға бөледі.
Сиыр, өгіз және 3 жастан асқан сиыр етін 1деңгейдегі қоңдылыққа (1-категория) мына
көрсеткіштер бойынша жатқызады:
* Еті жақсы жетілген арқа, бел омыртқаларының жоталық өсінділері, шонданайдың басы, жамбас
сүйектің сербегі байқалмайды, 8-ші қабырғадан бастап, шонданайдың басына дейін шел май
басқан, бірақ майсыз аралықтар да болуы мүмкін. Шабында, мойны мен жауырынында, алдыңғы
қабырғалары мен санында және жамбас қуысында майы бар.
* 2- категориялы қоңдылықты мал ұшасының орташа еті бар, сан еті қысыңқы, омыртқалардың
жоталық ьөсінділері, шонданайдың басы және жамбастың сербегі көрініп тұрады. Шонданайдың
басы, белдегі мен соңғы қабырғалардың үстінде ғана майы бар. 2- деңгейдегі қоңдылықты ұша
етінің жетілуі қанағаттанарлық, жауырын -мойын және жамбас сан еттері толмаған,
омыртқалардың жоталық өсінділері мен шонданайдың басы, жауырыны білініп тұрады.
*Бұзау еті бүтін немесе ұшаны ұзыннан екіге бөлінген түрінде
шығарылады. Сонымен қатар ұшада ішкі белдеме еттері, бүйрек,
бүйрек айналасындағы және жамбас қуысындағы май қалдырылады.
*Ал сиыр еті ұзыннан бөлінген жарты ұша немесс төртке бөлінген
түрінде және ішкі белдеме етсіз шығарылады. Ұшада ішкі ағзалар
қалдықтары, ұйыған қан, қанталаған еттер, салпыншаққалдықтар
болмауы тиіс.
*Арық мал еті, бұқа еті, стандартқа сай өңделмеген ұша (жарты немесе
ұшаның төрттен бірінің 15 пайыздан астамы тазаланған, шел майы
жырымдалған, омыртқа арқылы ұшаны бөлу дүрыс жүргізілмеген,
мойын еті қарайған және бір реттен артық мұздатылған) сатуға
жіберілмейді. Мұндай еттерді тағамдық өндірістік өңдеуге жібереді.
*1-категориялы сиыр етінің жарты ұшасына 5 домалақ таңба
басылады. Жауырынға, арқасына, беліне, санына және төсіне.
*2-категориялы жарты ұшаға төрт бұрышты таңба жауырынға және
санына басылады. Сонымен қатар жас мал етіне қосымша "М"
(молодняк), ал бұқа етіне "Б" деген әріп басылады, ал арық етке үш
бұрышты таңба басылады.
* Қой мен ешкі қоңдылығы
* Қой, ешкі қондылығы (МС 5111-55, 1979 жылы тексерілген) жоғары, орта,
ортадан төмен үш дәрежеге бөлінеді.
* Жоғары дәрежелі қондылығы-арқа және бел бұлшық
еттері жақсы жетілген, арқа, бел омырткаларының (шоқгықган басқа) жоталық
өсінділері білінбейді. Тері астындағы май арқада, белде және қабырға үстінде
жақсы білінеді. Құйрықты қойдың құйрығы майға толы.
* Орта дәрежелі қоңдылықта — арқа, бел еттері қанағаттанарлық жетілген, бел
омыртқалардың жоталық өсінділері, жамбас сүйектің басы аздап шығыңқы, ал
арқа омыртқаларының жоталық өсінділері шығыңқы; беліндегі, тері
астындағы май қанағаттанарлық, ал арқасындағы және қабырғаларында
аздаған май байқалады. Құйрықты қойлардың құйрығы майға толмаған.
* Ортадан төмен қоңдылықта — еті төмен, омыртқалардың жоталық өсінділері,
қабырғалары шығыңқы, шоқтығы және жамбас сүйектің басы жақсы
байқалады, тері астында май байқалмайды. Құйрықты қойлардың құйрығында
аздаған май
жиналған. Жалпы қойдың жүні қалың әрі тығыз болғандықтан, оның
қоңдылығын ажырату едәуір қиындық туғызады.
Қой ұшасының қоңдылығы мемлекеттік стандартқа сәйкес (МС.1935-85), екі
категорияға бөлінеді.
* 1- категориялы қой (ешкі) етіне, ұшадағы бұлшық еттері қанағаттанарлық Дамыған,
арқа, шоқтық омыртқалардың жоталық өсінділері аздап білінетін қыртыс майы жұқа
қабатпен жотаны, белдемені толық жауып, ал қабырғаны, құйымшақты және сан
еттерін толық жаппайды (төменгі көрсеткіштері).
* 2-категориялы қой (ешкі) еті - ұшадағы бұлшық еттер нашар дамыған, сүйектері
білініп — шығып тұрады. Еттің кейбір жерлерінде жұқа шел майын кездестіруге
болады, бұл көрсеткіштерден төмен қоңдылықты ет арық етке жатқызылады.
* 1-категориялы қой ұшасына 5 домалақ таңба басылады; 2 жағынан жауырынға,
санына және 1 таңба төске (оң жағынан) басылады. Ал басқа жағдайда жауырын
және санға басылады (ұшада 4 таңба).
* Ешкі ұшасына қосымша "К" (козлятина) таңбасы басылады. Ұшаның товарлық
түріне қойылатын талап сиыр етіне сәйкес. Қой етінің шел майының жырымдалуы
жалпы көлемінің 10 пайыздан аспауы керек.
*Жылқы
қоңдылығы
Жылқы қоңдылығы (МС 20079-74, 1986 ж, тексерілген). Жасына байланысты жылқы үш топқа
бөлінеді. Сақа жылқы -жасы үштен асқан, жас мал — жасы бірден үш жылға дейін және құлын —
жасы бірге толмаған массасы 120кг артық төл.
* Сақа малдың бірінші дәрежелі қоңдылығы — еті жақсы
дамыған, кеудесі жұмыр, арқасы, белі, саны, сауыры, жауырыны жақсы толған, омыртқалардың
жоталық өсінділері, қабырғалары байқалмайды, жалы құйрық түбін май басқан.
* Екінші дәрежелі қондылық-еті қанағаттанарлық дамыған, кеудесі қушықтау, жауырыны, арқасы,
саны, сауыры толық. Арқа және бел омыртқаларының жоталық өсінділері аздап байқалуы
мүмкін. Қабырғасы байқалады. Бірақ саусақпен ұстауға келмейді. Жалында аздаған май бар.
* Жас малдың бірінші дәрежелі қоңдылығы — кеудесі жұмыр,еті жақсы дамыған, омыртқалардың
жоталық өсінділері байқалмайды, ал құйымшақ, жамбас сүйектердің басы байқалуы мүмкін,
жалы майлы.
* Екінші дәрежелі — еті қанағаттанарлық дамыған, кеуде пішініқушықтау, омыртқалардың
жоталық өсінділері, құйымшақ, жамбас сүйектердің басы аздап шығыңқы, қабырғасы
байқалғанымен саусақка ілінбейді. Жалында аздаған май байқалады.
* Құлынның тек қана бірінші дәрежелі қондылығын ажыратады — еті
жақсы немесе қанағаттанарлық дамыған, кеуде пішіні жұмыр немесе қушықтау, омыртқалардың
жоталық өсінділері, жауырын қыры, иық белдеуі, құйымшақ, жамбас сүйектерінің басы аздап
шығыңқы, ал қабырғасының байқалуы мүмкін. Жалында аздаған май болады. Сонымен катар
мемлекеттік стандарт бойынша жылқының барлық қоңдылық дәрежесінде щоқтығының
шығыңқылығы есепке алынбайды, майы аздау болғанымен еті өте жақсы дамыған болса бірінші
дөрежелі қоңдылыққа жатқызуға болатыны көрсетілген.
*Шошқа
қоңдылығы
Шошқаны тірі массасына, жасына және шел майының (шпигінің) қалыңдығына қарай 5 дәрежеге
бөледі (МС 1213-74, 1985ж. тексерілген).
* Бірінші дәрежелі — беконды жасы 8 айға дейінгі салмағы 80105кг жас шошқа. Олар арнаулы
фермаларда жоғары сапалы бекон алуға лайықтандырып жемделеді. Түсі ақ, терісінде ешқандай
пигменті, дақ, ісік, қанталау, жара болмауы керек. Желкесінен, құйрық түбіне дейінгі ұзындығы
100см кем емес шпиктің қалындығы (6-7 кеуде омыртқаның жоталық өсіндісінен жоғары) 1,5-
3,5см.
* Екінші дәрежелі-массасы 60-150кг, 6-7 кеуде омыртқаларының арасындағы шпиктің калыңдығы
1,5-4см болатын, етті жасшошқа және массасы 20-60кг, шпигінің қалыңдығы 1 см-ден кем
болмайтын марқа торай (жасы 4-10 ай аралығында).
* Үшінші дәрежелі- майлы семіз шошқа. Бұл топқа мегежін және азбан шошқаларды да жатқызады.
Жасы мен массасы шектеусіз, шпигінің қалыңдығы 4,1 см-ден жоғары.
* Төртінші дәрежелі- бұл топқа массасы 150кг жоғары азбан шошқаларды және салмағына
қарамастан шпигінің қалыңдығы 1,54см болатын шошқаларды жатқызады.
* Бесінші дәрежелі- салмағы 4-8кг болатын сүтпен қоректеніп жүрген торай. Терісі ақ немесе
қызғылт, жара, қанды дақ, тіс ізі болмауы шарт. Қабырғасы, омыртқаның жоталық өсінділері
байқалмайды.
* Бірінші және екінші топқа мегежінді жатқызбайды. Бірінші дәрежеге жататын еркек шошқалар 2
айлығында, ал екінші, үшінші және төртінші дәрежеге кіретін шошқалар 4 айлығына дейін
піштірілген болуы керек. Бірінші дәреженің талабына сай, бірақ терісінде жара, ісік, қанталауы
бар шошкалар екінші дәрежедегі топқа жатқызылады.
* 1-категориялы шошқа етіне домалақ, 2-категориялы төрт бұрышты, 3-категориялы сопақша 4-
категориялы үш бұрышты, 5 - категориялы домалақ (артқы аяғына домалақ таңба және "М" әріпі
бар) жұқа тақтайшада таңба басылады.
АЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz