Жалпы ұлпа туралы түсінік


Slide 1

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Ұлпалар эволюциясына арналған А. А. Заварзиннің еңбектері

Орындаған: Иргебекова Д. Б

Тексерген: Тилеубаева Ж. С

Алматы, 2019 жыл

Slide 2

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

2. 1. Жалпы ұлпа туралы түсінік

2. 2. А. А. Заварзиннің гистология пәніне тигізген еңбектері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебииеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе:

Гистология деген сөз гректің гистос (ұлпа) және логос (ілім, ғылым) деген сөздерін білдіреді. Ұлпа деп эволюциялық даму барысында морфологиялық және физиологиялық жағынан ұқсас, кей жағдайда шығу тегі жағынан қасиеттері бір клеткалар мен клеткалық заттардан тұратын күрделі құрылымды айтамыз. Тарихи жағынан қарайтын болсақ, бұл ұғымды ең бірінші француз ғалымы анатом Биша (1771-1802жж) енгізді. Ол ағзадағы ұлпалар туралы кітап жазды. Биолог Роберт Гук микроскоп құрастырды. Ол 1665 жылы микроскоптың көмегімен тозағашының құрылысын зерттеп, оның «клеткадан» тұратынын анықтады. Қәзіргі уақытта көп оқулықтарда клетканы «жасушалар» деп атап жүр. Жануарлар және өсімдіктер клеткадан тұрады деген көптеген мағлұматтарға сүйеніп 1939жылы Шлейден мен Шванн атақты клетка теориясын ашты.

Slide 4

2. 1. Жалпы ұлпа туралы түсінік

Ұлпа дегеніміз және клетка жалпы атқаратын қызметіне, құрылысына кей жағдайда шығу тегіне ұқсас клетка және аралық заттардың жиынтығы. Белгілі бір ұлпаны қарағанда оның жалпы белгілерін дәлелдеп сол белгілері осы ұлпалардың түрлеріне тән екендігін ұғып, басқа да ұлпалардан айырмашылығын білген жөн. Ұлпа - (грек. hіstos; лат. textum) - өсімдіктердің шыққан тегі, құрылымы және организмдегі атқаратын қызметі бір-бірімен байланысты жасушалар жүйесі.

Ұлпаны атқаратын қызметіне, шыққан тегіне, морфологиясына, т. б. қасиеттеріне байланысты бірнеше топқа бөледі. Егер ұлпа біркелкі жасушалардан құралған болса, оны жай (колленхима), ал бірнеше жасушалардан тұрса - күрделі (эпидерма) деп жіктейді. Негізгі ұлпалар атқаратын қызметіне байланысты ассимиляция, сіңіргіш, қорлық заттар жинаушы, ауа ұстағыш болып ажыратылады.

Slide 5

2. 1. Жалпы ұлпа туралы түсінік

Ұлпаларды зерттеуде және классификациялауда үш негізгі қасетттеріне көңіл бөлген дұрыс:

1) ұлпалардың генезі (шығу тегі және дамуы)

2) морфологиялық құрылысына

3) физиологиялық қызметіне.

Осы үш қасиеттеріне сүйене отырып, гистологиялық тұрғыдан классификациялау ұлпаралық байланыстарды анықтайды.

Slide 6

2. 1. Жалпы ұлпа туралы түсінік

Органикалық дүниенiң тарихи дамуы жолында ұлпалар организмнiң тарихи даму процесiнiң (филогенез) белгiлi бiр сатысында пайда болады. Жануарлар жеке организмiнiң дамуы барлық тарихи даму өзгерiстерiн қайталап, әртүрлi ұрық бастамалары, олардың қайнар көзi болып келедi. Эволюциядағы (бірте-бірте даму) ұлпалардың даму заңдылықтары ұлпа дамуындағы белгiлердiң алшақтануы (Н. Г. Хлопин), ұлпалар дамуында бiрдей жүретiн қатарлар (А. А. Заварзин) iлiмдерiмен қорытындалды.

Ұлпалар дамуындағы белгiлердiң алшақтану iлiмi фило-онтогенезде ұлпалар эволюциялық өзгеруiн белгiлердiң алшақтануы ретiнде қарастырады. Себебi, әр ұрық бастамасынан ұлпалар дамып, құрылым, қызмет жағынан бiр-бiрiнен бiртiндеп, өзгешелiктерге ие бола бастайды. Бұл iлiм ұлпалардың эволюциядағы негiзгi бағыттарын көрсетедi.

Slide 7

2. 1. Жалпы ұлпа туралы түсінік

Өсімдіктер ұлпасы

Slide 8

2. 1. Жалпы ұлпа туралы түсінік

Slide 9

2. 1. Жалпы ұлпа туралы түсінік

Адам ұлпалары

Slide 10

2. 1. Жалпы ұлпа туралы түсінік

Ұлпалар дамуындағы белгiлердiң алшақтану iлiмi фило-онтогенезде ұлпалар эволюциялық өзгеруiн белгiлердiң алшақтануы ретiнде қарастырады. Себебi, әр ұрық бастамасынан ұлпалар дамып, құрылым, қызмет жағынан бiр-бiрiнен бiртiндеп, өзгешелiктерге ие бола бастайды. Бұл iлiм ұлпалардың эволюциядағы негiзгi бағыттарын көрсетедi.

Ұлпалар дамуында бiрдей жүретiн қатарлар iлiмi ұлпалар құрылысына, филогенезде бiр-бiрiнен алшақ тұратын тұқымдас емес жануарлар бiрдей қызмет атқарудағы ұқсастықтарына негiзделген. Ол ұлпалар құрылысы, қызметi тығыз байланыста және жануарлар әлемiнiң әртүрлi тарауындағы бiр типтi ұлпалар эволюция жолында дербес екендiгiн көрсетедi. Бұлар ұлпалар құрамы дамуындағы ұқсастыққа жеткiздi. Бұл iлiм ұлпалардың бейiмделгiш қасиетi барын, олардың эволюциядағы өзгерiс дәлелдерiн ашады.

Slide 11

2. 1. Жалпы ұлпа туралы түсінік

Ұлпа түрлерiнiң дамуы, жасушалардың айқындалу (детерминация), жiктелу (дифференциация) процестерiмен қамтамасыз етiледi. Ұлпалардың айқындалуы ұрық жапырақшаларының даму кезiнде жүрiп, ол дамудағы әр ұлпаға тән бағытты бекiтедi. Бұл бекiту жасушалар қабілетiн сатылап шектелуiнде iске асады. Жiктелу процесiнде ұлпалардағы жасушалар бекiтiлген қабілеттердi жүзеге асырады. Ұлпаларда бiрнеше әртүрлi жасауша дифферондары (жiктелу тармақтарын түзетiн жасуша түрлерiнiң (бағаналық, құрушы, жетiлген) жиынтығы) болады.

Slide 12

2. 1. Жалпы ұлпа туралы түсінік

Бағаналық жасушалар ұлпалардың ұрықтық дамуында, организмнiң көптеген ұлпаларында болып, үзiлмейтiн қабілеттi қолдап, сирек бөлiнiп, бұзғыш факторлар әсерiне тұрақты болып, басқа жасушаларды дамыта алады.

Slide 13

2. 1. Жалпы ұлпа туралы түсінік

Алғашқы жалғыз құрушы жасушадан пайда болатын ұқсас жасушалар тобын-вегетативтiк өскiн (клон) деп атайды.

Кейбiр ұлпалардың жетiлген жасушалары түрткiнi қолданғанда (гепатоциттер, тироциттер, жебiр жасушалар) бөлiну қабілетiн сақтаса, ақтық жетiлген жасушалар мұндай қабілеттi толық жоғалтады (нейрон, остеоцит, түйiршiктi қан жасушасы, бүрлi энтероцит, кардиомиоцит) .

Slide 14

2. 1. Жалпы ұлпа туралы түсінік

Ұлпалардың қалпына келуi (regeneratio) деп, ұлпа элементтерінің қалыпты тiршiлiк әрекетi (физиологиялық қалпына келу), бүлiнуден кейiнгi (репаративтiк) жолдармен пайда болуын айтады. Оны алдымен ұлпадағы жасушалар қамтамасыз етедi. Онда жасушалар митоз жолымен бөлiнiп, ұлпада жаңа жасушалар түзіле ұлғайып, өсуi нәтижесiнде жүредi. Бұның әр ұлпадағы қарқындылығын өсу факторлары, гормондар, жасуша қызметінің асуы, цитокиндер бақылап отырады.

Организмдегi барлық ұлпа жасушалары қалпына келу деңгейiне орай, үш топқа бөлiнедi: тұрақты қабілеттi - ұзақ тiршiлiк ететiн, бөлiнбейтiн жасушалар (нейрон, кардиомиоцит) ; өсуге қабілеттi - ұзақ тiршiлiк ететiн, арнайы қызметтер орындайтын, ширатуда бөлiне алатын, ядросында хромосома санының көп болуына ұшырайтын жасушалар (бүйрек, бауыр, ұйқы, қалқанша, қуық бездерiндегi эпителийлер) ; жаңартуға қабілеттi - тұрақты, жылдам жаңаратын жасушалар (iшек, эпидермис эпителийлерi, қан жасушалары) .

Slide 15

2. 1. Жалпы ұлпа туралы түсінік

Slide 16

2. 1. Жалпы ұлпа туралы түсінік

Организмдердің құрамында төрт түрлі ұлпалар кездеседі

эпителий ұлпасы,

ішкі орта ұлпалары,

бұлшық ет ұлпасы

нерв ұлпасы.

Осы ұлпалардың құрамындағы клеткалар құрлыстары және қызметтері жағынан бір бірінен айырмашылықтары болады. Сонымен қоса олардың құрамындағы клетка аралық заттардың да көлемі сапасы жағынан ерекшеліктері байқалады.

Slide 17

2. 1. Жалпы ұлпа туралы түсінік

А. А. Заварзин төрт түрлі ұлпаларды екі топқа бөлді, жалпы қасиеттері бар ұлпалар (эпителий және ішкі орта ұлпалары) және маманданған ұлпалар (бұлшық ет ұлпасы және нерв ұлпасы) . Эволюциялық даму процесінде әр түрлі организмдер пайда болады, қарапайымдардан бастап адамға дейін. Жаңа организмдердің дамуы және олардың эволюциясы бірте бірте олардың атқаратын қызметіне, құрлысына және сыртқы ортаға байланысты болды. Организмдердің сыртқы ортамен қарым қатынасының нәтижесінде, әртүрлі жағдайда өмір сүруіне байланысты көптеген морфологиялық құрлыстардың пайда болуына және олардың атқаратын қызметтерінің әртүрлі болуына себеп болды.

Slide 18

2. 2. А. А. Заварзиннің гистология пәніне тигізген еңбектері

Көпклеткалы организмдердің дамуындағы эволюциялық заңдылықты зерттейтін гистологияның бір саласы эволюциялық гистология. Оны ашқан орыс ғалымы Мечников И. И., әрі қарай дамытқан Заварзин А. А., Хлопин Н. Г. т. б. болды. Организмдердің эволюциялық дамуы дивергентті түрде жүрді, жануарлардың бір түрінің дамуында олардың айырмашылықтары болуы салдарынан жаңа түрлер пайда болды. Ұлпалардың дамуы да осыған сәйкес жүрді, үйткені олар организмнің құрамында болады, оған бағынышты. Сөйтіп, ұлпа эволюциясы, организмдер эволюциясының бір бөлшегі деп санауға болады.

Slide 19

2. 2. А. А. Заварзиннің гистология пәніне тигізген еңбектері

Алексей Алексеевич Заварзин (1886-1945) - кеңестік гистолог, Перм университетінің БиоНИИ бірінші директоры (1921-1922), КСРО Ғылым академиясының Цитология, гистология және эмбриология институтының директоры (1944-1945), КСРО Ғылым академиясының академигі (1943) және КСРО Медицина ғылымдары академиясы (1944) , Медициналық қызметтің генерал-майоры (1944) . Эволюциялық гистологияның негізін қалаушы.

Slide 20

2. 2. А. А. Заварзиннің гистология пәніне тигізген еңбектері

жүйке жүйесінің, қанның, дәнекер тіннің салыстырмалы гистологиясы

құрттар, артроподтар, моллюскалар және хордаттардағы эксперименттік асептикалық қабыну кезінде дәнекер тінінің дамуы.

Ол параллелизмдер теориясын құрды (әртүрлі типтегі жануарларда бірдей функцияларды атқаратын ұлпалар ұқсас құрылымдық ерекшеліктерін және эволюцияның параллель бағыттарын көрсетеді) .

Эволюциялық гистология негізін салушылардың бірі.

Slide 21

2. 2. А. А. Заварзиннің гистология пәніне тигізген еңбектері

А. А. Заварзин ұлпалар эволюциясының негізгі заңдылықтарын анықтаған. А. А. Заварзин ашқан ұлпалар дамуының зандылықтары параллель қатарлар заңы деп аталады. Бұл заң үлпалар эволюциясының организмдер. эволюциясынан саналық айырмасы бар екенін көрсетті. Филогенездегі ұлпалардың дамуы А. А. Заварзин ашқан ұлпалық құрылымдардың параллелизм заңына сәйкес жүреді. Эволюциялық гистологияның дамуына үлкен үлес қосқан Н. Г. Хлопин. Өзінің зерттеулерімен ол тарихи және жеке даму процесінде ұлпалар дамуы дивергентті (белгілердің ажырауы) жүретінін көрсетті.

Slide 22

2. 2. А. А. Заварзиннің гистология пәніне тигізген еңбектері


Ұқсас жұмыстар
Бөліп шығарушы ұлпа
ДӘНЕКЕР ҰЛПАЛАР
Дәнекер ұлпасы
Өсімдік ұлпасының түрлері
Ағзаның ішкі сұйықтығы
Эпителийлік ұлпа немесе шекаралық ұлпа
ЗАТ ҰЛПА
Бактериялар мен вирустардың антигендері
Гистология жайлы түсінік
Бұлшықет ұлпалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz