Мінездің тереңдігі



Тақырыбы: Мінез туралы ұғым мінез туралы түсінік
Орындаған: Инф-18-1 тобының студенті Амангельдинов Диас
Тексерген: Сұлтанбековна. А. Қ

Жоспар
1. Мінез жайлы жалпы түсінік
2. Мінездің физиологиялық негізі
3. Мінездің құрылымы мен қасиеттері. қасиеттер жүйесі
4. Психогеометриялық тест
5. Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест)

Мінез

Мінез туралы түсінік
Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік.
Мінез дегеніміз - адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі

Мінез адам тұлғасының қасиеті ретінде
- адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше жауап қайтары отыратын қатынастардың жиынтығы оның мінезін құрайды.

Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті және әлсіз, яғни нашар мінез болып екіге бөлінеді.
Күшті мінезге - мақсатқа талпынғыштық, дербестілігі, тоқтамға келгіштік батылдық шыдамдылық тәртіптілік, жинақтылық ерлік жатады
Әлсіз мінезге - негативизм (теріс) иланғыштық, қыңырлық, ұстамсыздық, жүрексіздік жатады.

Мінездің құрылымы мен қасиеттері.
Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Дегенмен, кейбір мінез ерекшеліктері бір - біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Міне, мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құралған біртұтас бірлікті мінез құрылымы дейді. Ал мінездегі біртұтас өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не фактор деп те аталады.

Мінездегі қасиеттер жүйесі.
Мінездің
еңбекке
байланысты
қасиеттері:
еңбексүйгіштік,
адалдық, еңбекке
жауапкершілікпен
қарау, жалқаулық,
немқұрайлылық;
Ұжымға,
адамдарға
қатысты
қасиеттер:
қайырымдылық,
сергектік,
талап қоюшылық,
асқақтық,
менсінбеушілік;
Өзіне - өзінің
қатынасы:
өркөкіректік,
даңғойлылық,
тәкәппарлылық,
мақтаншақтық,
өзімшілдік,
қарапайымдылық,
кішіпейілділік;
Заттарға
қатынасы:
ұқыптылық,
салдыр-салақтық,
заттарды
ұстап-тұтуы мен
ұқыпсыздығы;

Мінез құрылымындағы қасиеттер.
Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді.
Адамның жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет - мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді.
Мінездің тұрақтылығының, ауытқымалығы мен бейіиделгіштігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп, мінезінің күшін аңғартады.

Мінез мәні
Мінез
Өзіндік қатнасына орай:
-қамқоршы (альтурист)
-өзімшіл
(эгоист)
Сана - сезімге орай:
-терең ойлылық
-тапқырлық
-зеректік
-әуестік
-және т. б.
Адамдармен қатынасына орай:
-үйірмен
-тұйық

Типтік мінез бітістеріне мыналар жатады:
Отан сүйгіштік
Мақсаткерлік
Борыш пен жауапкершілік
Мейірімділік пен ізгілік
Адалдық пен шыншылдық
Достық

Отан сүйгіштік - адам бойындағы күш-қуатын білім мен тәжірбиесін халық мүддесінің игілігіне, яғни туған жеріне білдіретін перзенттік борышы оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім. отан сүйгіштік қасиетті қастерлеп әр заман ғұламалары өз ой түйіндерін осыған бағыштағын
Мақсаткеліқ - бұл бір істі нәтижелі етіп тындыру. Бұл адамның мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы өзінің ұстаған бағыт-бағдар позициясына танымы мен сеніміне асыл арманына бағындыра алуы. Үміт пен арманы шындыққа сәйкес келген адам ғана келешектің құшағында өмір сүре алады.

Борыш пен жауапкершілік - бұл адамның үй іші, әке -шеше тума туысқандарына қатысты перзентік парызынан туындайтын өасиет. Бұл кісіліктің басты белгісі терең және күшті сана - сезімді қажет ететін өасиет. Борыш пен жауапкершілік түсіне білуден адамның имандылығы мен адмгершілігінің дәредесі байқалады. Борышты сезіну оны орындау - ми және жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді

Адалдық пен шыншылдық - бұл екеуі бір-бірімен біте қайнасқан кісінің жақсы мінез бітістері.
Достық - бұл ортақ көз-қарас пен мүдде, мақсат бірілгі негізінде пайда болып, уақыт санынан өткен адамгершілік құндылығы мол тұрақты тек адамға тәне жоғары сезім. Оның маңызды белгісі - өте берік, әрі терең эмоциялық жақындық. ол адамның бір-біріне сөз жүзінде де, іс-жүзінде де адал және шынайы болу, өзара терең мүдделік, бір-біріне толық сену, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жаауакершілік пен қамқорлық. Достардың мінез темперамент секілді ерекшеліктері түрліше болып келуі де мүмкін.

Мінездің физиологиялық негізі
Адам мінезінің физиологиялық негізін ашып көрсетуде ерекше орын алған жайт - жоғары жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс. Осы орайда, И. П. Павлов сигнал жүйесінің басым екендігіне қарай адам мінез типтерінің мынадай үш түрге бөлінеді.
1. Ойшыл тип - бұл негізінен, сөзбен байланысты екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы.
2. Көркем тип - бірінші сигналдық шартты рефлекстің басымдылығы.
3. Орташа тип - мұнда екі сигнал жүйесінің бір де бірі басымдық көрсете алмайды.

Мінезді тәрбиелеу жолдары
Халқымыздың әр заманда ғұмыр кешкен Перзенттерінің үлгі - өнегелеріне тәрбиелеу. Балалар ұжымы оқушы мінез бітістерін дамытатын және оны тереңдететін шешуші фактор. Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде еңбектің алатын орны ерекше. Оқушыларға талап қоя білу, нәтижесін қадағалау.

Психогеометриялық тест

Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма.
Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.
Жағымды жақтары - ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;
Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ, «ақылгөй», ерегеспе, (жаңалыққа қарсылық көрсетуші), шешімді қабылдауды созу, сараңдау, саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам.

Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру, басқа деңгейге ену, уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне бермеу, проблемадан қорқу…
Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл, дау-дамайдан қашқақтайды;
Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық, пікірін жиі өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық, көңіл-күйінің тез де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің мінез-құлқына, қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш, жарақаттанғыш, жол апатына түскіш.

Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.
Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» - отбасын, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық - мырза, өзгені түсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу, әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа бейімділік, күн тізбегін еркін құрады, таныстары мен достары көп. Шеңбер - жақсы психолог!
Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік, айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық, саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.

Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар секілді жабық емес, ерекше формада.
Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» - ойшыл, өзгеден ерекше, айрықша ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен қанағаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу, жаңалықтың барлығына деген оң көзқарас, қиялшыл, еркіндік;
Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл-күйінің өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, ұстамсыздығы, экспрессивті (шындықты көзге айта салу), дара жұмыс істеуді ұнатуы, қағаз бастылықты ұнатпауы, айналысып жүрген ісі жаңа болудан қалса, аяғына дейін жеткізбей тастай салады, финанс жағынан салақтық.

Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест)

Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.
Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса - «1».

Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз
Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса - «2».

Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz