Қоғамдық сана және оның құрылымы мен формалары
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы :Қоғамдық сана және қоғам типтері
Қабылдаған :________________
Тобы :________________
Орындаған:________________
ЖОСПАРЫ:
1. Қоғамның анықтамасы және даму
сатылары
2. Қоғамдық сана және оның
құрылымы мен формалары
3. Қоғамның типтері және атқаратын
қызметтері
Қоғам дегеніміз- жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін
біртұтас,өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы: тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы
танымал ұлттық бірлестік. Бұл тұрғыда әртүрлі ғалымдар өз тұжырымдамасымен бөліскен. Мәселен,
Қоғамдық сана – қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және
қоршаған ортаны түйсінуінің (осознание) нәтижесінде пайда
болатын қоғамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың,
діни сенімдердің жиынтығы. Ол қоғамдық болмысты бейнелейді,
бірақ салыстырмалы түрде белсенді, яғни, қоғамдық болмысты
пассивті бейнелеп қана Қоймай, өзі де қоғамдық болмыстың дамуына
белсенді әсер етіп отырады.
Қоғамдық сана және жеке сана. Жеке сана мен қоғамдық сананың
арақатынасын жеке мен тұтастың арақатынасы ретінде қарастыруға
болады. Жеке сана қоғамдық сананың бөлігі, оның құрамында
қоғамдық сананың элементтері ылғи да болады. Адам өмірге
келгенде қоғамда өзіне дейін қалыптасқан өндірістік қатынастарға,
қоғамның экономикалық негізіне ғана емес, рухани мәдениет пен
мәдени құндылықтар дүниесіне қадам жасайды. Сондықтан да жеке
адам қоғамдық сананың принциптерімен және шектеулерімен
санасуға мәжбүр.
Қоғамдық сананың құрылымы. Зерттеушілер қоғамдық сананың
құрылымында қарапайым және теориялық, қоғамдық
психология және қоғамдық идеология деңгейлерін, сонымен
қатар, мынадай түрлерін: саяси сана, құқықтық сана, мораль,
дін, өнер, ғылым және философияны атап көрсетеді.
Қарапайым немесе әдеттегі сана – адамның қоршаған ортаны
бейнелеуінің тарихи жағынан алғанда алғашқы тәсілі,
қоғамның рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Кейбір ойшылдар
қарапайым сананы тоғышарлық сана, жаңаға қабілетсіз деп,
төмен бағалайды. Мысалы, осындай менсінбеушілік Гегельде
кездеседі, бірақ ол қарапайым сана жалпы адамзаттық
мәдениеттің байлығын игеруге талпынса, ғылыми деңгейге
дейін көтеріле алады деп сенеді. Ал Кант қарапайым санаға
құрметпен қарады. Шынында да, қарапайым сана нақты өмір
сүріп отырған адамдардың, қоғамның құрамдас элементтерінің
санасы, бір тұлғаның екінші тұлғадан айырмашылығын
көрсететін және оларды бір қоғамдық тұтастыққа біріктіретін
рухани микрокосм, адамдардың күнделікті өмірлерінің
қарапайым уайым-қуаныштарының, үміттерімен түңілулерінің
жиынтығы. Қарапайым сананы зерттеу арқылы қоғамның
жалпы көңіл-күйі, тыныс-тіршілігі туралы мол мәлімет алуға
болады. Осы жерде «қоғамдық психология » ұғымын
қарастырған дұрыс.
Қоғамдық сананың формалары мәселесі үнемі
қызу талқыланып, оның сандық құрылымы
туралы пікірлер өзгеріп отырады.
Салыстырмалы түрде алғанда, қоғамдық
сананың формалары мыналар деуге болады:
саяси сана, құқықтық сана, діни сана, өнер,
мораль (адамгершілік), гылым және
философия. Кейбір ғалымдар қоғамдық
сананың экономикалық және экологиялық
формалары туралы да айтып жүр.
қоғам
Өзара байланысы Өзін-өзі қамтамасыз
Өмір сүретін
тұрақты және ету,өзін-өзі
теорритория
біртұтас адамдар басқару,өсіріп
бірлігі болуы.
жиынтығының болуы. отыруы т.б. болуы
ҚОҒАМНЫҢ ТИПТЕРІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН
ҚЫЗМЕТТЕРІ.
Қоғамның көптеген түрлері болады және болған. Қоғамды жіктеу сол
елдегі өндірістік қатынастардың сипатына, үстемдік етіп тұрған дінге,
тілге, саяси жүйенің сипатына, техникалы даму деңгейіне байланысты
алуан түрлі болып келеді. Қоғамды типтерге бөлуде 60-жылдары жаңа
көзқарастар қалыптасты. Соған сәйкес, қазіргі ғылыми әдебиеттерде
қоғам дәстүрлі, индустиарлды, постиндустриалды болып бөлінеді.
Дәстүрлі қоғамның мақсаты – билік, индустриалды қоғамның мақсаты
– ақша, постиндустриалды қоғамның мақсаты болса – білім болып
табылады. Қоғам мынандай қыземттерді атқарады: материалдық
игіліктерді өндіру, дүниеге нәресте әкелу және адамды
әлеуметтендіру, рухани игіліктерді өндіру және адамдардың
белсенділігін зерттеу, еңбек өнімдерін бөлу, мінез-құлық пен қызметті
реттеу және басқару.
Пайдаланылған әдебиеттер :
1.Ж.Сәрсенова., Т. Танирбергенова. Әлеуметтану. А. 2000
2. Капитанов э.А. Социология ХХ века. М, 1998
3.Смелзер Дж. Социология. // Социс, 1990, № 11. стр: 121-139.
4.Социология Учебное пособие Алматы, «Санат», 1997.
5.Г.Есим. Ұлттық интеллигенция. //Ақиқат 1998, № 6, 42-45 бет.
6.Ә.Х.Тұрғанбаев Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.
7.Ә.Нысанбаев. Адамғақарай бет бұрсақ. Алматы, 1992
8.К.Г.Габдуллина. Социология (учеб.Пособие) Алматы, 1994
9.Осипова Н.Г. Возникновение и развитие социологии как науки // Вестник
МУ Сер. 18. Социология и политология 2002, №3, стр: 21-28.
10.Тохтарев К.М. Задачи и методы социологии // вестник МУ, сер.
Социология и политология 1998, №3, стр: 124-149.
11.Есим Г.,Биекенов К. Социологическая наука в Казахстане // Саясат, 2003,
№ 4. 9-10 бет.
12.Спасибенко С.Г. Общество как субьект социальной жизни //Социально-
политический журнал 1995, №3. стр: 72-83.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz