Латын жазулы түркі жазба ескерткіштері




Презентация қосу
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Университеті

Латын(гот)жазуы. Латын жазулы түркі жазба
ескерткіштері. Кодекс куманикус

орындаған: Дүйсенова Гүлім
топ:БОПмӘ қаз. бөлімі (ҚО)
пән: Латын графикасы және қазақ жазуы
тексерген: Оданова Сағира Амангелдіқызы,
филология ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор
Жоспары:

Латын жазуы
Латын жазулы түркі жазба ескерткіштері
Кодекс куманикус
Латын жазуы /графикасы/ әлемде ең көп тараған жазу. Алайда әр
ұлттың, ұлттық тілдердің өз «латыншасы» бар. Бір континентте жүз
ұлт болса жүз түрлі «латынша». Тіпті бір таңбаның /әріптің/ өзін әр тіл
әр түрлі дыбысқа қолданады немесе әр түрлі оқиды.
Мысалы:
С – орысша, испанша – Ц, ағылшынша – К, түрікше – ДЖ,
латынша– S...
Түрк әлемінде 1928 жылдан бастап (Баку конференциясында) бұрынғы араб
әліпбиіндегі жазудан жаңа латын әліпбиіне негізделген жазуға көше бастады.
СССР (КСРО-ның 1920-1930 жылдары жүзеге асырған компаниялық іс-шаралары
барысында жаңа латын әліпбиін әрбір түрк халықтары мен ұлыстарына арнайы
жасалған болатын. Түркия Республикасы да бұл істен қалыс қалмай латын
жазуына көшкен болатын. Көп ұзамай КСРО республикаларындағы бүкіл түрк
халықтары латын жазуына жаппай көшті. (Жоба: Ә.Байділдаұлы, Т.Шонанұлы,
І.Қабылұлы, І.Жансүгірұлы, Ш.Тоқжігітұлы ).
Гот жазуы - әріптері бұрышталып, сүйірленіп, ұзынша болып келген латын
жазуының графикалық бір түрі.
Гот жазуының алғашқы үлгілері Италияда Х ғ-да , Батыс Еуропаның басқа
елдерінде ХІ ғ-дың аяқ шенінде белгілі болды. Ал Гот жазуы Германия, Франция
және Батыс Еуропа елдерінде кітап жазуға ХІІ ғ. қолданыла бастады.
Гот жазуының 4 түрі болған:
текстура - сүйір жазу;
фрактура - сүйірленген сынық жазу;
швабахер - кейбір әріптері дөңгеленіп келген сынық жазу;
дөңгеленген Гот жазуы - Гот жазуының дөңгеленген, жұмырланған латын
жазуына көшу кезеңі.
Осы соңғы түрі Қайта өркендеу дәуірінде Италияда кең тарады. Қазір Гот жазуы
сирек қолданылады, көбіне сән ретінде қолданылады.
Түркі тілдері ескерткіштері тілінің басым көпшілігі
«әдеби тіл» мәртебесіне ие, яғни диалектілерден
ерекшеленетін, сұрыпталған, өзіне дейінгі
дәстүрлерді бойына сақтаған, функционалдық
стилистикалық варианттылық сияқты әдеби тілге тән
диалектілік негізде, яғни ауызша ғана қолданылатын
немесе тек қалалықтар тілінің негізі болып табылатын
формалар.
Кодекс Куманикус
Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни
мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап (латын әліпбиінде қалыптасқан қысқаша атауы – СС), 82
парақтан (164 бет) құралған қолжазба.
Бірінші бетінде «1303» деген жазу бар. Еңбектің авторы мен жазылған жері белгісіз. Түркітану
ғылымындағы жаңа деректер бойынша, бұл еңбек түпнұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның бірінші
көшірмесі 1303 жылы жасалған, ол 1330 жылы толығымен көшіріліп біткен (Л.Лигети). «Кодекс
Куманикус» Дешті қыпшақта немесе Қырымда (Солхат қаласында) жинастырылып, бір ізге түсірілген.
«Кодекс Куманикус» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімі (1–10 б.) – үш бағана етіп жазылған латынша-парсыша-куманша сөздік. Қалған
жартысындағы сөздер лексикалық мағыналарына қарай топтастырылған. Мысалы, адамның дене
мүшелерінің аттары, егіншілікке байланысты сөздер, т.б.
Екінші бөлімі (111–164 б.) – діни уағыздар. Осы бөлімдегі мәтіндер мен жұмбақтарды көрнекті неміс
түркітанушысы А. фон Габен «кумандар әдебиетінің үлгісі» деп таниды. Көптеген қыпшақ сөздері
көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер мен сөз тізбектері,
жеке сөз тізімдері мен аудармасыз берілген жұмбақтар, қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша
грамматикалық очеркі де бар. Ол кезде (13–14 ғ-лар) Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі елдің
бәрі де қыпшақ тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа шыққан адамдары Алдыңғы Азия,
Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта Азия елдерін аралау үшін куман (қыпшақ) тілін
халықаралық тіл ретінде пайдалануға болады деп ұққан. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілі
қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары үшін куман (қыпшақ) тілі де сондай қызмет атқарған.
«Кодекс Куманикус» Венециядағы Марк әулие шіркеуінің кітапханасында сақтаулы.
Қазіргі түркі халықтарының, олардың ішінде қыпшақ тобына
жататын халықтардың қоғамдық, этнографиялық, саяси-
әлеуметтік, әдеби-мәдениеттік, тілдік тарихын зерттеуге
«Кодекс Куманикус» материалдарының тигізер пайдасы мол.
Тіл ерекшелігі жағына ол қазіргі түркі тілдерінің, солардың
ішінде қазақ тілінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсетеді.
«Кодекс Куманикустен» қазіргі қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі
болып табылатын кейбір грамматикалық құбылыстар
байқалады. Мысалы, ондағы сөздерде «ш» – аш (ач емес), «с» –
тас (таш емес), «ж» – жол (йол емес), «т» – тізе (дізе емес), «к» –
кел (гел емес), «у» дыбыстары – тау (тағ емес) айтылады. Көне
түркі тіліндегі қатаң дыбыстардың орнына қыпшақ тілінде ұяң
дыбыстар: кішік (кічік емес), еріндік дыбыстардың орнына
езулік дыбыстар жұмсалады: келгіл (келгүл емес), т.б.
«Кодекс куманикус» («Codex Cumanіcus»), «Қ ы п ш а қ т і л і н і ң с ө з д і г і» – қыпшақ тілінде жазылған діни
мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап (латын әліпбиінде қалыптасқан қысқаша атауы – СС), 82 парақтан (164
бет) құралған қолжазба. Бірінші бетінде «1303» деген жазу бар. Еңбектің авторы мен жазылған жері белгісіз.
Түркітану ғылымындағы жаңа деректер бойынша, бұл еңбек түпнұсқасы 1294 ж. жазылған да, оның бірінші
көшірмесі 1303 ж. жасалған, ол 1330 ж. толығымен көшіріліп біткен (Л.Лигети). «К. к.» Дешті қыпшақта немесе
Қырымда (Солхат қ-нда) жинастырылып, бір ізге түсірілген. Осы өңірді қоныстанған қыпшақтарды Батыс Еуропа
жұртшылығы кумандар деп атаған. 1303 ж. «К. к.» түпнұсқадан Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қ-ның
жанындағы Джан әулиенің ғибадатханасында көшірілген. «К. к.» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі
бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі (1–10 б.) – үш бағана етіп жазылған латыншапарсыша-куманша сөздік. Қалған
жартысындағы сөздер лексик. мағыналарына қарай топтастырылған. Мыс., адамның дене мүшелерінің аттары,
егіншілікке байланысты сөздер, т.б. Екінші бөлімі (111–164 б.) – діни уағыздар. Осы бөлімдегі мәтіндер мен
жұмбақтарды көрнекті неміс түркітанушысы А. фон Габен «кумандар әдебиетінің үлгісі» деп таниды. Көптеген
қыпшақ сөздері көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер мен сөз
тізбектері, жеке сөз тізімдері мен аудармасыз берілген жұмбақтар, қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша
граммат. очеркі де бар. Ол кезде (13–14 ғ-лар) Дунай өз-нен Жоңғар қақпасына дейінгі елдің бәрі де қыпшақ
тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа шыққан адамдары Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта
Азия және Орт. Азия елдерін аралау үшін куман (қыпшақ) тілін халықар. тіл ретінде пайдалануға болады деп
ұққан. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілі қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары үшін куман
(қыпшақ) тілі де сондай қызмет атқарған. «К. к.» Венециядағы Марк әулие шіркеуінің кітапханасында сақтаулы.
Осы уақытқа дейін «К. к-тің» қыпшақ тіліндегі бөлімі үш тілге аударылып, төрт рет басылып шықты: 1828 ж.
француз тіліне (Г.Ю.Клапрот, Париж, 1-бөл.), 1880 ж. латын тіліне (А.Кун, Будапешт, 1–2-бөл.), 1884 ж. неміс
тіліне (В.В.Радлов, Санкт-Петербург, Кун баспасының негізінде), 1936 ж. түпнұсқа (факсимилие) түрінде бір рет
жарық көрді (Гренберг, Копенгаген, түпнұсқа), 1942 ж. (Гренберг, Копенгаген, куманша-немісше сөздік).
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Түркі философия
Түркілердің Ислам тарихына араласуы
Күлтегін жазба ескерткіші
ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨРКЕНИЕТІ
ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ
Орхон Енисей ескерткішінің ашылуы
Көне түркі жазба ескерткіштері
Күлтегін жырының басты идеясы - Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету
КӨНЕ ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІ
Көне Түркі жазуларыны зерттелуі
Пәндер