Жасушаға әсер етуші факторлар



Батыс Қазақстан Жоғары медицина колледжі
ТАҚЫРЫБЫ:
Гистология, цитология және эмбриология пәндерінің даму тарихы.
Қазақстан Республикасындағы гистологияның дамуы.
Цитология.
Зиянды әсерлерге жасушаның реакциясы. Жасушаның қартаюы мен өлуі
Орындаған:М, Сыйлыхан
Тобы:ГЭ-11
ОРАЛ 2019

Жоспары
I Гистология және Эмбриология туралы түсінік
Қазақстанда дамуы
II Цитология
Дамуы тарихы
III Жасушаның зиянды әсерлерге реакциясы
Жасушаның қартаюы мен өлуі

Гистология (грекше histes - ұлпа, logos - ілім, ғылым) жануарлар ұлпаларының құрылысын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым. Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты ойлап тапқанға дейін пайда болған. Жалпы организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдаулар Аристотельдің, Галеннің, Ибн Синаның, Везалийдің, Фаллопийдің, тағы басқа ғадымдардың еңбектерінде кездеседі. Микроскопиялық зерттеулердің негізінде әр түрлі ұлпалар мен құрылымдарды бір топқа топтастырып қарау қате еді. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяғына дейін созылған.



XIX ғасырдың ортасынан бастап гистологияның жедел даму кезеңі басталған. Клеткалық теорияның негізінде түтлі органдар мен ұлпалардың құрамы мен олардың гистогнезі зерттелген. Осы кезде Еуропада Келликер мен Лейдигтің алғашқы гистология оқулықтары жарық көрген. Осы аталған авторлар жоғарғы сатыдағы жануарлар мен адамның ұлпаларын 4 типке бөлген: - дәнекерлеуші заттардың ұлпалары; - клеткалық ұлпа; - бұлшық ет ұлпасы; - Нерв ұлпалары;

Қазақстанда Гистология саласындағы жүйелі зерттеулер Алматы зоотех. -малдәрігерлік институты (1929ж., қазіргі Қазақ ұлттық агр. университеті) мен Қазақ мед. институтының (1932ж., қазіргі Қазақ ұлттық мед. университеті) гистология және эмбриология кафедраларында басталалды. А. В. Кирилличеваның қатысуымен адам ұрпағының дамуының патологиясын зерттеу жүргізілді. 1971-1980жж қазақ гистологиясының негізгі бағыттары Д витамині жетіспеушілігін зерттеу болды. Қазақ гистологиясы дамуына үлес қосқан ғалымдар: Академиктер: Б. А. Домбровский, Т. Масенов, Ф. Мухаммедгалиев т. б Профессорлар: М. Х. Нурышев, Ф. Халилов, И. Чагиров және т. б Т. Масенов болды


Гистология теориялық пән болғанмен, оның практикалық маңызы да ерекше. Гистологияның мәліметтері организмдегі түрлі патологиялық процестерді білу үшін қажет. Мысалы, органдардың дағдылы жағдайдағы құрлысы мен қызмет ерекшеліктерін білместен олардағы патологиялық өзгерістерді көріп түсінуге болмайды. Сонымен, гистология органдардың, ұлпалардың және олардың түзуші клеткалық және клеткалық құрлысы жоқ элементтердің құрлысы мен дамуын дұрыс түсінуге жалпы биологиялық және тарихи негіз болып саналады.

ЦИтология
Цитология (гр. κύτος - «қойма», бұл жерде: «жасуша» и гр. λόγος - «оқу», «ғылым») - жасуша туралы ғылым. Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын, құрамын және қызметін зерттейді. Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын, қызметін және дамуын сипаттайды. Сондықтан да цитологияның зерттейтін құрылыстары мен заңдылықтары цитология, тәнтану, эмбриология, физиология, генетика, биохимия, молекулалық биология және т. б. ғылым негіздерінің қалануына жол ашты. Цитология бөлімі -цитохимия пәні жасушаның химиялық құрамының құрылысын, олардың түзілуін, жасушадағы таралуы мен белсенділігін және оның қызметінің өзгеруіне байланысты химиялық қосылыстардың өзгеріп отыруын зерттейді. Цитохимияның негізгі жетістіктерінің бірі - нуклеин қышқылдарының ақуыз молекуласын синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау.

Цитология
А. Левенгук (1680) бірінші рет қан құрамында эритроциттердің барын анықтаса, Фантана (1781) жануарлар жасушаларындағы небір құпияларды ашты. Осыдан кейін өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларының құрылыстары белгілі бола бастады. Клетканың құрамындағы негізгі элемент - протоплазма (Пуркиня 1830) мен ядро (Браун 1833) табылды. Осы мағлұматтарды негізге алып әрі әр түрлі ұлпалардың құрылысын, дамуын жанжақты зерттеп, соңынан нәтижелі қорытындыларын саралай отырып, 1838-1839 жылдары Т. Шванн өзінің атақты жасуша теориясын жазды. Бұл жаңалық табиғаттану ғылымдарында бұрын-соңды болмаған ұлы жетістіктердің бірі еді


Эмбриология
Эмбриология (гректің embryon - ұрық, logos - ілім, ғылым) - ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым. Адам және жануарлар ұрығының құрылысы жөніндегі мағлұматты көне Индия, Қытай және Мысыр ғалымдарының шығармаларынан кездестіреміз.

Жоспары
Жасушаға әсер етуші факторлар
Жасушаның ескіруі мен өлуі

Жасушаға әсер етуші факторлар
Ағза және оның жасушалары әр түрлі: химиялық, физикалық, биогенді факторлардың әсеріне ұшырап отырады. Бұл факторлар жасуша құрылымына әсер етіп, оның функционалдық жағдайын өзгертеді, яғни жасушадағы АТФ синтезі тоқталады оттегіге қажеттілік көбейеді, гликолитикалық процесстер күшейеді. АТФ мөлшері азайып, протеолиза активтенеді. Әр түрлі факторлардың әсерінен цитоплазмада болатын өзгерістер “ паранекроз” деп аталады

Паранекроз

Жасушаның ескіруі мен өлуі
Жасушаның тіршілігін жоғалтуы некроздық және апоптоздық жолдармен болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz