Саяси идеология қызметі


Slide 1

Саяси идеология

Орындаған: Турдыаман Ж. А.

Slide 2

Саяси идеология

саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А. Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.

Slide 3

Саяси идеология деңгейлері қызмет істеу деңгейлері

Slide 4 Slide 5

Саяси идеология қызметі

Саяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Саяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:

Slide 6 Slide 7

ХIX ғасырда 4 саяси идеология қалыптасты

Либералистік

Консервативтік

Социалистік

Фашистік

Slide 8

Либерализм

(Латынның либералис - еркін деген сөзінен) . Оның негізін салушылар: Дж. Локк, Ш. Монтескье, С. Смит, И. Кант, Т. Джефферсон, А. Токвил, Дж. Милль. Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либеральдық саяси доктрина арқылы білдірді.

Slide 9

Бүгінгі таңда либерализм

Ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің идеалы қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Либералдық идеологияның негізгі принципі - адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы. Олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы.

XX ғасырдың бірінші жартысындағы (1929-1933) терең дағдарыс либерализмнің әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық адамдар арасындағы үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмейді. Сондықтан либерализм өз идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарған либерализм (неолиберализм) деген ат алды.

Slide 10 Slide 11

Консервативтік

(латынның консервативус-қорғаушы деген сөзінен) идеология Ұлы Француз революциясының (1789ж) саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың, бүлікшілік пен күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын XVII ғасырда пайда болған дәстүрлік діни-монархистік қорғаушы ағымынан алады. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын философ және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк (1729-1797), француз публицисі және қоғам қайраткері Жозеф де Местр (1754-1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи (1779-1861), Австрияның канцлері Меттерних (1733-1859) және т. б. жатады. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге және феодалдық және аристократиялық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта түлетуге тырысты. Өмірде әдет-ғұрып дәстүр негізгі рөл атқарады.

Slide 12

XIX ғасырдың аяғы XX басында консерватизм негізгі қағидаларына өзгерістер еңгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан түрлілік және саяси демократия принциптерін қабылдады. Осы ғасырдың 70-жылдарынан Батыстағы консервативтік ой-пікірдің жетекші бағыты жаңарған консерватизмге (неоконсерватизмге) айналды. Ол жеке адамның құқықтары бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды.

Slide 13 Slide 14

Социалистік

(латынның коммунис - жалпы деген сөзінен) идеялар XIX ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар К. Маркс (1818-1883) пен Ф. Энгельс (1820-1895) . Олар жаң-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализм орнататын бірден-бір құрал - социалистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш - жұмысшы табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында марксистік саяси идеология революциялық және реформистік болып екіге бөлінді. Революциялық ағымды В. И. Ленин басқарды. Рюрмистік идеялар немістің социал-демократы Э. Бернштейн еңбегінде дамытылды.

Slide 15 Slide 16

Фашизм

(Италияның фашизмо-бірлестік деген сөзінен шыққан) 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф. Ницше, Дж. Джентилье, О. Шпенглер. Фашистік идеология өміршең болып шықты, оның жаңғырығы бүгінгі XXI ғасырда да әлемнің әртүрлі елдері мен аймақтарында қылаң беруде. Бірқатар елдерде заңдастырылған немесе жартылай занды азшылық, бірақ едәуір елеулі ұлтшылдық, фашистік немесе квазифашистік тұрғыдағы жастар бірлестіктері байқалуда. Бұл қозғалыстардың бір идеологтары "уақыт сынынан өткен" ұлтшылдық, этникалық артықшылық, ксенофобия идеяларына сүйенсе, енді біреулері этникалық геосаясаттың күні өткен идеяларымен қаруланған, үшіншілері күн өткен сайын үдеп келе жатқан жаһандануға қар- сылар қатарын толықтыруға дайын.

Slide 17 Slide 18

Назарыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ
САЯСИ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Саяси сананың деңгейлері
Саяси мәдениет және саяси идеология
Саяси сана мен саяси идеология
САЯСИ САНА, САЯСИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ
Саяси сана және саяси идеология
Саяси сана деңгейлері
Саяси сана
Саяси сана және идеология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz