Бүйрек аурулары кезінде жасалатын жаттығулар
Презентация қосу
«Пиелонефрит» кезіндегі сауықтыру гимнастикасы
Дайындаған: философия және психология
факультетінің «СР-11» тобының студенті
Ш.Сабина
Жоспары:
І. «Пиелонефрит» жайлы түсінік
ІІ. «Пиелонефриттің алдын алу»
ІІІ. Пиелонефрит кезінде жасалатын гимнастикалар
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
Пиелонефрит – жағымсыз жағдайлар кезінде микроорганиздерден туатын бүйрек сырқаты (бүйрек қабынуы).
Бұл аурудың қауіптілігі оның көбіне еш белгі бермей өтуінде. Сондықтан сырқат адам өзін жақсы сезінеді,
бүйрегі мазаласа да оған аса мән бермейді. Назарларыңызға ауру және оның белгісі, емі жайында ақпарат
ұсынамыз. Ағымы жөнінен пиелонефрит жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жіті бүйрек қабынуы аяқасты
басталады. Дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі. Әлсіздік, бас ауруы, қатты тершеңдік болады. Сонымен
қатар сырқаттың лоқсуы және құсуы мүмкін. Дене қызуымен бірге бел аумағы ауырады. Егер сыздап ауырса, ол
аурудың қарқындылығы әр түрлі болады. Сырқаттың жеңіл түрінде несептің шығуы бұзылмайды. Алғашқы
күндері қанда азотты қалдықтар көбеюі мүмкін. Несепте ірің, эритроциттер, ақуыз, көптеген бактериялар,
пастренацкий белгісі әдетте оң болады. Бұл сырқатпен кез келген адам ауыруы мүмкін. Бірақ ол көбіне 7 жасқа
дейінгі балаларда, 18-30 жастағы қыздар мен әйелдерде, қартаң тартқан ер адамдарда кездеседі. Ауру
туындауына балалардың анатомиялық ерекшеліктері, қыз балалардың жыныстық өмірді бастауы, әйелдердің
жүктілігі мен босануы, ер адамдарда қуықасты безінің қабынуы ықпал етеді. Сонымен қатар пиелонефритке
несеп жолына тас байлану, жалпы иммунитеттің төмендеуі, қантты диабет, созылмалы қабыну сырқаттары да,
бүйректе тұз немесе тастардың болуы да себеп. Сондықтан олардың алдын алу өте маңызды.
Бүйрек қабынуын анықтау қиын емес. Несеп талдауы жасалып, бактериялар, лейкоциттер мен ақуыздың артуы
анықталады. Аурудың шағымдары, басынан өткізген сырқаттары да маңызды. Рентгенограмма, УДЗ жасалады.
Пиелонефриттің алдын алу
Бүйрек және несеп шығару жолдары ауруларының алғашқы алдын алуы ағзаға суық тигізбеу, дымқыл жерде болмау, ошақты
жұқпаны жою, бүйрекке жағымсыз әсер ететін заттармен қатыспау, физиологиялық жағдайды күшейту, иммун жүйесін нығайту,
салауатты өмір салтын сақтау. Ағзаның иммундық қызметін көтерудің маңызы зор. Осы мақсатта дәрумендерді қолданады.
Екіншілік алдын алу – қауіпті мәнбірлерді жою және аурудың рецидивін болдырмау. Бүйрек ауруларының ішінде жиі кездесетін түрі
– созылмалы пиелонефрит. Пиелонефриттің жиі қозуында ауруды алдын алу мақсатымен ай сайын антибактериалды ем жүргізеді.
Пиелонефриттің антибактериалды емі этиотропты болуы керек, осыны біле отыра табылған қоздырғыштың антибиотикке
сезімталдығын анықтаған жөн. Осыған орай пиелонефритке арналған материал микробиологиялық зерттеу әрқашанда қолайлы
және лабораториялардың дұрыс ұйымдастырылуымен басты қоздырғышты бөліп алуға болады, антибиотиктерді емнің бастапқы
кезінде пайдаланған дұрыс. Микробиологиялық зерттеудің қортындыларын алғаннан кейін ем қайта өзгертілуі мүмкін.
Антибактериалды препараттарды таңдағанда антимикроб белсенді және сезімталдығы белгілі пиелонефрит қоздырғышына
бағытталуы тиіс. Пиелонефритті емдеуде антибактериалды препараттардың әсері фармакоэпидемиологиялық зерттеумен
анықталынады. Бірақ пиелонефритте қолданылатын антибактериалды препараттардан сақ болған жөн. Қазіргі кезде нақты
антибактериалды препараттардың емдік қасиеті пиелонефритке дұрыс нәтиже беретіні толық анықталмаған. Сонымен бірге
антибиотиктерді алдын алу үшін жиі қолданғанда ол микроорганизмдердің тұрақтылығын тудырады.
Көбірек сенім ақтайтын дәрі-дәрмексіз жүргізілетін пиелонефритке қарсы шаралар. Соның бірі – күнделікті су режимін қолдану
(тәулігіне 1,2 1,5 литр), бірақ жүрек ауруларында абайлау керек. Ауырсыну синдромында түйілуді басатын жансыздандыру
дәрілер,стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар және ректалды балауыздар қолданылады. Алдын алу ретінде фитотерапия кең
жүргізіледі, оның нақты көмегі тиетінің дәлелі жоқ, бірақ оған жақсы ниетпен қарауымыз керек, өйткені зәр шығуына жақсы әсері
бар және ешқандай қарсы, жағымсыз көріністері байқалмайды. Фитотерапияны таңдағанда шөп өсімдік дәрілердің әсерін
белгілейміз: зәр айдайтын әсерін, қабынуға қарсы әсерін және антисептикалық әсерін. Үшіншілік алдын алу шаралары жағдайына
байланысты: санаторлық-курорттық ем қолдану, жылы физиоемін жүргізу. Созылмалы пиелонефритте, гломерулонефритте
науқастар урологқа, терапевтке және стоматологқа жылына 2-4 рет қаралады. Пациенттерден анамнез жинап шағымдарын,
жағдайын анықтайды. Қан қысымын өлшейді, зәрді жалпы анализге, бак.өсімдікке, Нечипоренко және Зимницкий сынамаларына
тексереді. Қанда мочевина және креатинин мөлшерлерін анықтайды. Аспаптық тексерістерден УДЗ жүргізеді. Сауықтыру
шараларын кең қолданады: №7 емдәм тәртібі, жұқпаларға санация жүргізу, дәрумендер қолдану, санаторлы-курортты ем жүргізу.
Бүйрек аурулары кезінде жасалатын жаттығулар
1-жаттығу Ең алдымен жаттығуды бастамас бұрын еденге кішкене жастықша қойып алыңыз. Содан кейін сол жастыққа
жақындап, жайғасып отырыңыз. Аяғыңызды жинап, табандарыңызды бір-біріне тигізіңіз. Осылайша отырғаннан кейін
жай қимылмен артқа қарай жатыңыз. Басыңыз бен арқаңыз жастықтың үстінде тұруы керек. Жаттығу кезінде бөксе
бұлшықеттерін босаңсытқан жөн. Сөйтіп, осы қалыпта 5 минут тұру қажет. Алайда бұл жаттығуды арқа омыртқалары
ауырғанда, демікпемен ауырғанда жасауға болмайды.
2-жаттығу Еденге төсеніш төсеп отырыңыз. Аяқтарыңызды алға қарай созып отырғаныңыз дұрыс. Сосын денеңізді
еңкейтіп, отырған қалыпта алға қарай созылыңыз. Осылайша қолдарыңызды табандарыңызға жеткізу керек. Егер де
қолыңызды жеткізе алмасаңыз, белдікті пайдалануға болады. Басыңыз бен көкірегіңіз тізеге тигенше еңкейе беріңіз.
Сонда ғана жаттығудың пайдасы тиеді.
3-жаттығу Екі аяғыңыздың арасын ашып тік тұрыңыз. Содан соң ауаны ішке тартып, көкіректі көтеріңіз. Артынша ауаны
сыртқа шығарып, денеңізді босаңсытыңыз. Осыдан кеиін ғана алға қарай еңкейіп, басыңызды еденге тигізіңіз. Ал,
қолдарыңызды еденге қойыңыз. Осы қалыпта 30 секунд тұруға тырысыңыз.
4-жаттығу Тік тұрыңыз. Сөйтіп аяқтарыңыздың арасын 100-130 см шығатындай етіп ашып, тұрып алыңыз. Кейіннен сол
аяғыңызды табандарын ішке қарай сәл ғана кіргізіп тұрып, ал, оң аяқтың табанын керісінше сыртқа қаратыңыз. Содан
соң оң жаққа қарай еңкейіп оң қолыңызды аяғыңыздың басына жеткізіңіз де, сол қолыңызды жоғары қарай көтеруіңізге
болады. Осы уақытта өзіңіз де төбеге қарай басыңызды қисайтып, тұра алғаныңызша тұруға тырысыңыз. Жаттығуды
екінші жаққа да дәл солай істеу қажет. Бұл жаттығуды бас ауруы мен іш ауруы барлардың жасамағаны дұрыс.
5-жаттығу Еденге төсеніш төсеп отырыңыз да, аяқтарыңызды алға қарай созыңыз. Оң аяғыңызды ішке қарай жинап
отыру керек. Сөйтіп, созылып тұрған сол аяқтың басына қолыңызды жеткізуіңіз керек. Табандарыңызды екі
қолыңызбен ұстап алуға тырысыңыз. Егер де бұл мүмкін болмаса белдікті пайдаланыңыз. Содан соң
табандарыңызды өзіңізге қарай тартып, осы қалыпта 30-40 секунд тұру қажет. Жаттығуды екінші аяққа да жасаңыз.
6-жаттығу Орныңыздан тік тұрып, қолыңызды беліңізге қойыңыз. Сосын ауаны сыртк,а шығарып, алға қарай еңкею
керек. Денеңізді барынша еңкейте беруге болады. Осы уақытта тізені бүкпеу қажет. Денені аяққа тигізгенше
жаттығуды жалғастыра беріңіз. Денеңіз барынша еңкейгеннен кейін, осылайша біраз тұрыңыз да, артынша жайлап
денеңізді жоғары көтере беруіңізге болады. Бұл жаттығуды да арқа омыртқасы ауыратындардың жасамағаны абзал.
7-жаттығу Еденге шалқалап жатып, тізеңізді бүгіңіз. Ауаны ішке тартқанда бөксені жоғары көтеріңіз. Қолдарыңызды
еденге тигізіп жатыңыз. Сөйтіп қолдың күшімен көкірек тұсыңызды да жоғары көтеріп көріңіз. Бір минут осы
қалыпта тұру қажет. Бұл жаттығудан кейін денені бірден тастай салып, жүріп кетуге болмайды. Жаттығудан кейін
денені жаймен еденге тигізіп, денені босаңсытасыз. Содан кейін ғана жаттығуды қайта жасауға болады. 8-жаттығу
Бұл жаттығуға да кішкене қатты жастықша керек болады. Оны қабырғаға 15 сантиметр жақындатпай қою керек.
Сөйтіп сол жастыққа қабырғаға бетіңізді қаратып отырыңыз. Кейіннен артқа қарай, яғни, еденге жатыңыз да,
аяғыңызды қабырғаға тигізіп, жоғары көтеріңіз. Осы қалыпта біраз жатыңыз. Бұл жаттығу жүйке жүйесін
тыныштандырып, шаршағанды басады. Сондай-ақ, адамның ішкі ағзаларына да жағымды әсер етеді. Алайда мұндай
жаттығуды арқа омыртқасы мен көзі ауыратындар жасай алмайды.
1. БП – тізерлеп тұрамыз.Артқы аяқтар ауысып отырады. 5-8 рет.
2. БП – отыып, әр аяққа кезек-кезек созыламыз. Оң және сол аяққа еңкейеміз. 5-7 рет.
3. БП - отыру. Отырып созылу. 4-6 рет.
4. БП - арқаңызға жатып, аяқтарымызды бүгеміз. Аяқтарды созу және бүгу. 6-8 рет.
5. БП – ет-бетімізге жатып, аяқтарымызды алмастыра отырып, созыламыз. 5-7 рет.
6. БП – арқамызға жатып, кезек-кезек отырып, жатып қайталаймыз. 5-8 рет.
7. БП - отыру, қол кеуде алдында. Солға және оңға бұрыламыз. 5-8 рет
8. БП – отырып, сол және оң аяққа еңкейіңіз. 5-7 рет.
9. БП – жату, кезекпен-кезек аяқтарды көтеру. 8-10 рет.
10. БП – жату, аяқтарымыздығ ортасын ашып, қосып қайталаймыз. 6-8 рет.
11. БП – жату, қолдар желкеде. Аяқтарды айналдыру. 4-6 рет.
12. БП - жату. Қолдарыңызбен тізеңізді ұстаңыз; БП-ге оралыңыз. 6-8 рет.
13. БП - тұру. Солға және оңға қарай еңкейіңіз. 8-10 рет.
14. БП - тұру, қолдар артта. Төменге қарай иілу - дем шығару, алға қарай иілу, қолдарыңызды босаңсыту 6-8 рет.
15. БП - тұру, қолды созу. Отырыңыз, қолдарыңыз алға. 5-7 рет.
16. БП - тұру, қолдар «байлаулы». Белімізді айналдырамыз. 5 рет.
17. БП - орындықтың жанында. Оң аяқты бүйіріне қарай бұруу. Сол аяқпен де дәл солай. 6-8 рет.
18. БП - жату. «Велосипед». 10-15 сек
19. БП - тізерлеп отыру. Тізе-шынтақ позициясын алыңыз; БП-ге оралыңыз. 6-8 рет
20. БП - шынтақтарды, аяқтарды тік ұстау. Тізеңізге отырыңыз; БП-ге оралыңыз. 5-8 рет.
21. БП – ішіңізге жатыңыз; БП-ге оралыңыз. 6-8 рет.
22. БП - отыру, қолдар тізеде. Бүйірлерге тізелерді бұру; БП-ге оралыңыз. 8-10 рет.
Бүйректің қабынуы (пиелонефрит) дегенде бүйректің интерстициалдың тіні мен түтікшелерінде болатын бір мезгілде не бірінен соң
бірі бүйректің паренхимасы мен тостағанша-астау бөлімдеріне жайылатын бейарнамалы инфекциялық қабыну процесі ұғынылады.
Актық стадиясында ол бүйректің қан таситын тамырлары мен шумақшаларына жайылады. Сөйтіп пиелонефрит интерстициалдық
нефриттің бактериялык формасы болып табылады. Бұрынырақта болып келген «пиелит» деген термин таза түрінде қолдануға
келмейді, өйткені бүйрек астауының қабынуына әр уақытта паренхимадағы осындай процесс қабаттасады және паренхимадағы
қабынуға астаудағы процесс ұштасады. Алайда пиелонефрит кезінде көбінесе бүйректің паренхимасәсіресе балаларда жиі кездеееді.
Ол ауруханада емделген барлық балалардың 4-5 процентін қамтиды. Екіқабат кездерінде жедел пиелонефрит аяғы ауыр әйелдердің 3-5
процентінде байқалады. Шешелері екіқабат кездерінде жедел пиелонефрит болып ауырған балаларда пиелонефрит неғүрлым жиі
пайда болады (мұндай жағдайлардың 10 проценті). Еркек адамдардың арасында ол өрбір 100 мың халыққа шаққанда 100 адамда, ал
балалардың 480-560-ында кездеседі.ы немесе астауы бүлінуі мүмкін (соңғы жағдайда аурудың өту барысы жеңілірек болады)
Пиелонефрит бүйректің ең жиі кездесетін ауруы және адам ауруларының арасында жиі болатыны жөнінен екінші (тыныс жүйесі
ағзаларының инфекциясынан кейінгі) ауру болып табылады.
Бүйрек қабынуының пайда болуы себебі (этиологиясы). Пиелонефриттің инфекциялық ауру болуына қарамастан, оның арнамалы
қоздырушысы жоқ. Себепші ретінде организмде тұрақты тіршілік ететін микробтар да (эндогендік инфекция), сондай-ақ сыртқы
ортадан келіп түсетін микробтар да (экзогендік инфекция) көрінуі мүмкін. Пиелонефритпен ауырған науқастардың несебінде бәрінен
гөрі ішектік және ішек маңының таяқшалары, протей тобының бактериялары, стафилококк, көкіріңдік таяқша, клебсиеллалар жиі
кездеседі. Сондай-ақ микроплазмалардың, вирустар мен грибтердің этиологиялық рөлі дәлелденген. Стафилококк таяуда өткен
уақытта әртүрлі іріңдеу-қабыну ауруларымен ауырған (күбіртке, мастит, шиқан, баіспа, пульпит, синусит, отит және т.б.) адамдардың
несебінен жиі бөлінеді. Ішек таяқшасы көбіне суық тигеннен немесе асқазан-ішек ауруынан кейін пайда болған пиелонефрит
науқастардың несебінен табылады. Протей тобының бактериялары, көк ірің таяқшасы бүдан бұрын қуығын бірнеше рет катетерлеу
жүргізілген, бүйректері мен несеп жолдарына операция жасап араласу болған немесе аспаптар қолданылып тексерілген пиелонефрит
науқастардың несебінде байқалады (госпитальдық микрофлора).
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Massaget.kz порталы, Е.Жұмабайұлы «Пиелонефрит (бүйрек қабынуы) жайлы»
Helpiks.org сайты, А.Иманбекқызы «Бүйрек аурулары себептері»
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас
редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Ikaz.info сайты С.Ержанұлы «Пиелонефрит себептері»
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz