Дәрілік заттармен улану


Slide 1

Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы

ПРЕЗЕНТАЦИЯ Такырыбы: Дәрілермен жедел улануды емдеудің негізгі ұстанымдары

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Улану

Удың сіңуі және сыртқа шығуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Улану

Улану - токсикалық заттардың әсерінен өмірге қажетті мүшелердің қызметінің бұзылуы.

Уланудың бірнеше түрін анықтайды:

1. Дәрілік заттармен улану

2. Тұрмыстық улану

3. Өндірістік улану

Slide 4

Даму жылдамдығына байланысты:

1. Жедел улану.

2. Жеделдеу.

3. Созылмалы улану.

Slide 5

Жергілікті әсер.

Рефлекторлы әсер.

Резорбтивті әсер:

а) политропты әсер - барлық жасушаларға әсер етеді.

б) талғап әсер ету - тікелей бір мүшеге әсер етеді.

Slide 6

ДӘРІЛІК ЗАТТЫҢ УЫТТЫЛЫҒЫ 3 ФАКТОРҒА ТӘУЕЛДІ БОЛАДЫ:

1. Дәрілік заттың физикалық, химиялық қасиетіне байланысты.

2. Ағзаның ерекшелігіне, табиғи детоксикациялық жүйесіне.

3. Сыртқы орта факторлары.

Slide 7

УДЫҢ АҒЗАҒА ТҮСУІ ЖӘНЕ СІҢІРІЛУІ

У ағзаға энтералды немесе парентералды жолмен түседі.

Майда еритін заттар - пассивті диффузия.

Иондалған және жоғары зарядталған заттар - белсенді тасымалдану.

Асқазанның қышқыл ортасында - әлсіз негіздер жақсы сорылады.

Спирттер майда жақсы ериді, асқазаннан және ішектен тез сіңіріледі.

Тыныс жолдары арқылы - тұрмыстық газ, бензин, формалин.

Slide 8

УДЫҢ АҒЗАҒА ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ЖИНАЛУЫ

У ағзада қан сарысуынды бос күйінде немесе белоктармен байланысқан күйде болады. Альбуминмен байланысқан заттар қанда ұзақ уақыт сақталады.

Майда еритін улар қаннан тіндерге оңай өтеді.

Кейбір улы заттар белгілі бір тіндерге таңдамалы жиналуы мүмкін*.

*Мысалы, қысқа уақыт әсер ететін барбитураттар (гексанал, этаминал натрий) май және бұлшық етте жиналады. Бор қышқылы мен тетрациклин сүйекке жиналады.

Slide 9

УЛЫ ЗАТТАРДЫҢ БИОТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

Улы заттар бауырда химиялық өзгерістерге ұшырайды. Нәтижесінде заттардың уыттылығы төмендейді, ал кейде ол заттан ағзаға қауіпті, өте улы зат түзілуі мүмкін*.

*Мысалы, метил спиртінің улылығы аз, бірақ бауыр ферментінің әсерінен ол формальдегидке және құмырсқа қышқылына айналады. Түзілген метаболиттер көздің зақымдануына және ағзаның басқа да бұзылыстарына әкеледі.

Slide 10

УДЫҢ АҒЗАДАН ШЫҒУЫ

Токсикалық зат негізінен бүйрек арқылы шығарылады.

Майда еритін заттар бүйректе жеңіл реабсорбцияланады, ол бауырда суда еритін затқа айналғанша ағзада ұзақ уақыт сақталады.

Қышқыл несепте әлсіз қышқылдар (салицилаттар, барбитураттар), ал сілтілік несепте алколоидтар тез реабсорбцияланады. Сондықтан әлсіз қышқылдармен уланғанда несепте сілтілік орта, керісінше, алколоидтармен уланғанда несепте қышқыл орта түзу керек.

Slide 11

Фармакологиялық (симптоматикалық) антидоттар удың әсерінен дамыған тіршілік үшін қажетті ағза қызметтерінің бұзылыстарын жоюға бағытталған.

М-холиноблокатор атропин - брадикардия, бронхоспазм шақыратын дәрілік заттардың (ФОАХЭЗ, клофелин, жүрек гликозидтері) антидоты ретінде қолданылады.

Антихолинэстеразалық заттар (физостигмин) - атропиннің фармакологиялық антидоты болып табылады.

Опиын агонистерінің (морфин, кодеин, героин, фентанил) фармакологиялық антидоты налоксон болып табылады.

Адреномиметиктер (изадрин, алупент) бета-адреноблокаторлардың, кальций антагонистерінің, клофелиннің фармакокинетикалық антидоты болып табылады.

Slide 12

ТОКСИКОТРОПТЫ (ХИМИЯЛЫҚ) АНТИДОТТАР

Антидоттардың әсері улы заттарды байланыстыру нәтижесінде дамиды*.

* Мысалы, белсендірілген көмір - тұрмыстық улануларда, психотропты препараттармен, алколоидтармен, гликозидтермен, ФОҚ, металл қосылыстарымен, салицил қышқылының туындыларымен уланғанда тағайындалады. Препаратты енгізген соң 1-2 сағаттан кейін ішекті фармакологиялық ынталандыру қажет немесе іш айдағыш зат тағайындау қажет.

Slide 13

ТОКСИКОКИНЕТИКАЛЫҚ (БИОХИМИЯЛЫҚ) АНТИДОТТАР

Мысалы, фосфорорганикалық АХЭЗ уланғанда МХБ-лармен бірге холинэстераза реактиваторы - оксимдер (дипироксим, аллоксим) тағайындалады.

Туберкулезге қарсы дәрілік заттармен уланғанда пиридоксин гидрохлоридін тағайындау;

Метгемоглобин түзуші улармен уланғанда метгемоглобинді гемоглобинге айналдыратын хромосмон препараты тағайындалады;

Сынап, темір, мырш препараттарымен уланғанда тетацин кальций тағайындалады.

Slide 14

АНТИТОКСИКАЛЫҚ ИММУНОТЕРАПИЯ

Жылан уына қарсы сарысу.

Әсері жылан шаққаннан кейінгі 1 сағат ішінде белсенді. Аллергиялық реакциялар көп дамиды.

Иммундық сарысу

Дигоксинмен және басқа да ЖГ уланғанда дамитын жүрек ырғағының бұзылыстарын жою үшін көк тамырға енгізіледі.

Slide 15

АНТИДОТТЫҚ ТЕРАПИЯНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

антидоттар арнайы әсер етеді, сондықтан қолдануға көрсетілуі толық анықталғаннан кейін тағайындалады;

көптеген антидоттар көптеген жанама әсерлер шақырады;

бір қосылыспен уланғанда әртүрлі механизмді бірнеше антидоттар қолданылуы мүмкін;


Ұқсас жұмыстар
Дәрілік заттармен улану және емдеудегі негізгі принциптері
Тамақпен улану
Газбен улану
Дәрілік заттардан улану
Жедел жәрдем шаралары
Дәрілермен жедел улануды емдеудің негізгі ұстанымдары
Дәрігерлік аптечкалар
Улануды емдеудің жалпы принциптері
Дәрілік заттардың әсер ету түрлері
Негізгі әсері, жанама әсерлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz