Логистика және микрологистика




Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан медициналық
академиясы
Фармация ісін ұйымдастыру және басқару
кафедрасы

Презентация
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарықтық
дистрибьюторлық буыны қызметінің GDP стандарты.

Орындаған: Сүйіндік Е
Тобы:В-ФКА-03-17
Қабылдаған: Шимирова
Ж
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
Дистрибьютор дегеніміз
Логистика және микрологистика
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
ДИСТРИБЬЮТОР
ДЕГЕНІМІЗ
Дистрибьютор (ағылш. distributor; нем. Distributor / ,
Eigenhandler т; ағылш. distributor -распределитель)

1. Ірі өндірістік фирма-өндірушілерден дайын өнімді
көтерме бағамен сатып алу негізінде, оны сатумен
айналысатын фирма. Бұл езінің қоймалары бар және
өндірісшілермен келісім-шарттық қатынас орнатқан,
қатысты түрдегі ірі фирма.
2. Келісілген аумақ пен рынок шегінде, белгілі бір
тауар немесе қызметті көтермелеп сатуға және
сатып алуға ерекше немесе артықшылық құқық
берілетін занды тұлға немесе азамат
ЛОГИСТИКА
Логистика – материалдық және ақпараттық
ағымдардың бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға
дейінгі кеңістіктегі және уақыттағы қозғалысын
жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, бақылау және
реттеу жөніндегі ғылым.

Соңғы жылдарда бір қатар елдердің тауарлық
айналымының саласында маңызөды өзгерістер пайда
болды. Шаруашылық практикада тауарларды
жеткізудің жаңа әдістері мен технологиялары
қолданыла бастады.
Логистика гректің «logistike» сөзінен шыққан. Ол есептеу,
дұрыс ойлау деген мағынаны білдіреді. Практикалық
логистиканың пайда болуы мен дамуының тарихының
тамырлары терең. Гамбург университетінің профессоры Г.
Павеллек Рим империясының дәуірінде тамақ өнімдерін
таратумен айналысатын «логист» немесе «логистик»
атағына ие болған қызметкерлердің болғанын атап
айтады. Біздің жыл санауымыздың бірінші
мыңжылдығында бір қатар елдердің әскери сөздігінде
логистикамен қарулы күштердің материалдық
ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекетін
байланыстыратын.

Бір қатар батыс ғалымдарының пікірі бойынша, логистика
әскери істің арқасында ғылымға айналған. Логистика
жөніндегі бірінші ғылыми еңбектердің авторы деп ХІХ ғ.
бсындағы француз әскери маманы Джоминиді санау
қалыптасқан. Ол логистиканы «әскерлерді қолайлы орын
алу мақсатын көздеп орын ауыстыруджың (маневрлеудің)
практикалық шеберлігі» деп анықтаған.
Логистиканың кейбір ережелерін Наполеон әскері де
қолданған деп саналады. Бірақ әскери ғылым ретінде
логистика тек ХІХ ғ. отасында қалыптасты.

Белсенді түрде логистика екінші әлем соғысының кезінде, ең
алдымен АҚШ әскерін материалдық-техникалық
жабдықтауда қлданыла бастады. әскери өнеркәсіптің,
тылдағы және майдандағы жабдықтау базалары мен
көліктің дәл өзөара әрекеттесуі американдық әскерді қару-
жарақпен, жанар-жағар маймен және азық-түлікпен қажетті
көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Осы себептен көптеген батыс елдерінде логистиканы
экономикадағы материалдық ағымдарды басқару
тиімділігінің қызметіне қойған. Қолданбалы математиканың
басқа да әдістері сияқты логистика біртіндеп әскери саладан
шаруашылық практика саласына ауыса бастады. Бастапқыда
ол айналым саласындағы, содан соң өндіріс саласындағы
тауарлық-материалдық ресурстардың қозғалысын басқаруды
іске асыру теориясының жаңа түрі ретінде қалыптасты.
Сонымен,нарықтық экономикасы бар елдерде
30- жылдардың кезінде пайда болған
материалдармен және шикізатпен қамтамасыз
ету, өнім өндіру, оны сақтау және тарату
қызметтерін байланастыратын жабдықтау -
өндіру – тарату жүелерін үйлестіру ойлары
ғылыми зерттеулердің жеке бағыттары мен
шаруашылық практика формасына, яғни
логистикаға ауыстырылды.

Кәсіпкерлік іс-әрекетте, экономикалық және
ғылыми әдебиеттерде шетелдік мамандар
логистиканы анықтауда екі ережелі бағытты
бөледі:
тауар қозғалысының функционалдық тәсілі,
яғни тауарларды жабдықтаушыдан
тұтынушыға жеткізу кезінде орындалуы
тиісті барлық физикалық операцияларды
басқару;
тауар қозғаласының операцияларын
басқарудан тыс жабдықтаушы мен
тұтынушылар нарықтарын талдауды,
нарықтағы сұраныс пен ұсынысты реттеуді
қамтып, тауар қозғалысына
қатысушылардың мүдделерін үйлестіруді
іске асырады.
Осы бағыттарға байланысты
логистиканың көптегени анықтамалары
бар. Оларды қорытындылай отырып,
логистиканы тауар қозғалысымен және
оған жататын ақпарат ағымымен
байланысты минималды шығындармен
материалдық ағымдарды бастапқы
көзінен ақырғы тұтынушыға дейін
басқару ғылымы деп анықтауға болады.

Қазіргі кезде батыс мамандары
логистиканың бірнеше түрлерін бөледі:
өндірісті материалдармен қамтамасыз
ету логистикасы, яғни сатып алушылық
логистика;
өндірістік логистика;
өткізу немесе маркетингтік,
таратушылық логистика;
көлік логистикасы;
ақпараттық логистика және т.б.
Логистиканың бұл түрлерін
логистиканың функционалдық салалары
деп атаған дұрыс.
Логистиканың аталған салаларының арасында өзара
байланыс бар. Логистикалық жүйеде, яғни
жабдықтаушыдан тұтынушыға дейін тауарлық және
ақпараттық ағымдар өтетін жүйеде келесі негізгі
бөлімдерді бөледі:

материалдарды, шикізатты және жартылай
фабрикаттарды жеткізу;
өнім мен шикізатты сақтау;
тауарлар өндірісі;
тауарларды тарату;
дайын өнімді тұтыну.
Логистикалық жүйенің әрбір бөлімі
логистиканың материалдық негізін құрайтын
элементтерді қамтиды. Логистиканың
материалдық элементтеріне көлік құралдары,
қойма шаруашылығы, байланыс және басқару
құралдары жатады, сонымен қатар кадрлар
жатады.

Әртүрлі операцияларды жоспарлау және
логистикалық жүйе элементтерінің
деңгейлерін талдау мүмкіндігі оның макро-
және микрологистикаға бөлінуін ұйғарады.
МИКРОЛОГИСТИКА
Макрологистика жабдықтаушылар мен тұтынушылар
нарығын талдаумен, таратудың ортақ концепциясын
өңдеумен, қоймаларды орналастырумен, көлік түрін
таңдаумен, көліктік процесті ұйымдастырумен,
материалдық ағымдардың тиімді бағыттарын
таңдаумен байланысты мәселелерді шешеді.
Микрологистика логистиканың жеке бөлімдері мен
элементтерінің шеңберіндегі локалды мәселелерді
шешеді. (мысалы өндіріс ішіндегі логистика).
Микрологистика өнеркәсіптік кәсіпорындардың ішінде
тауарлар қозғалысының процестерін жоспарлау,
дайындау, іске асыру және бақылау жөніндегі
операцияларды қамтамасыз етеді.
ТАСЫМАЛДАУ
ЛОГИСТИКАСЫ
Дайын өнімді сату процесінде материалдық
ағымдарды басқару кезінде таратушылық логистика
міндеттері шешіледі. Оларды өндірістік кәсіпорындар
да, саудалық-делдалдық кәсіпорындар да
орындайды. Тарату функциясын іске асыру басқаша
айтқанда өткізу деп аталады.
Транспорттық учаскілерде материалдық ағымдарды
басқару кезінде транспорттық логистиканың ерекше
міндеттері шешіледі. Материалдық ағымды
шикізаттың бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға
жеткізу процесінде орындалатын транспорттық
жұмыстың жалпы көлемін екі үлкен топқа бөлуге
болады:
арнайы транспорттық ұйымдар
көлігімен орындалатын жұмыс (ортақ
пайдалану транспорты);
бүкіл басқа кәсіпорындардың
меншікті көлігімен орындалатын
жұмыс (транспорттық емес
кәсіпорындардың).
ҚОРЫТЫНДЫ
Логистиканың басқа салалары сияқты
транспорттық логистиканың анық
шекаралары жоқ. Оның әдістері кез
келген тасымалдауларды
ұйымдастыру кезінде қолданылады.
Бірақ бұл бөлімдегі зертеу мен
басқарудың негізгі, басты объектісі –
ол ортақ пайдалану көлігімен
тасымалдау процесінде орын алатын
материалдық ағым.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Жұмаева, Г.Ш. Фармацевтикалық қызметті
ұйымдастыру негіздері: оқу әдістемелік құралы. –
Алматы: Эверо, 2009
2. Арыстанов Ж.М. Фармацевтикалық қызмет
ұйымдастыру негіздері. –Эверо, 2013
3. Арыстанов Ж.М. Фармацевтикалық қызмет
ұйымдастыру негіздері: оқу құралы. – Шымкент:
Б.ж., 2012

Ұқсас жұмыстар
ТРАНСПОРТТЫҚ ЛОГИСТИКА
Әлемдік нарықтағы логистика
Логистикалық жүйенің стратегиялық менеджменті
Логистикалық жүйе
Материалдық – техникалық ресурстар, құрылыс жүйесіндегі логистика
Украинаның логистикалық жүйесі
КӨЛІКТЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Тауар қозғалысын жоспарлау
Құнды құру тізбегін талдау
Қазақстанның дамуындағы көлік - логистикалық жүйелер
Пәндер