Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы



Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы
Презентация
Тақырыбы: Улы, есірткілік, психотропты дәрілік заттар мен прекусорлардың есепке алу тәртібі. Дәріхана жағдайындағы дәрі-дәрмектерді сақтауды ұйымдастыру. GSP стандарты.
Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы

Кіріспе
Негізгі бөлім
Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау және тіркеу тәртібі
Дәріхана жағдайындағы дәрі-дәрмектерді сақтауды ұйымдастыру.
GSP стандарты.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар

кіріспе
Медициналық мақсаттарда Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының Мемлекеттік тізіліміне енгізілген, құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар пайдаланылады. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды медициналық мақсатта пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі.

Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау және тіркеу тәртібі
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтайтын үй-жайларға (бұдан әрі - сақтау үй-жайлары) кіруге олармен жұмыс жасауға жіберілген тұлғаларға рұқсат етіледі. Медициналық ұйымдардың сақтауға арналған орындарында және кезекші дәрігерлер мен медбикелердің постыларында есірткі, психотроптық заттардың жоғары бір реттік және тәуліктік дозаларының кестелері, сондай-ақ олармен уланған кездегі у қайтарғылар кестесі ілінеді.

Есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлармен жұмыс жасауға рұқсат етілген тұлғаларда нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларының жоқтығы, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлармен байланысты жұмыс жасауға жарамдылығы туралы психиатр мен нарколог дәрігерлердің қорытындылары және ішкі істер органдарының тиісті тексеруінің қорытындысы болады. Есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсат етілген тұлғалардың тізімі денсаулық сақтау ұйымының басшысының бұйрығымен жыл сайын бекітіледі





Тұрғындарды қамтамасыз ететін дәріханалар емдеу-профилактикалық ұйымдарға қажетті дәрілік заттарды медицина бұйымдарын, басқа да фармацевтикалық тауарларды босатуды қор сақтау бөлімі арқылы жүргізіледі.
Қор сақтау бөлімі дәріханаға күнделікті қажетті дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға, басқа да фармацевтикалық тауарларға дәріханалық көтерме сауда фирмасына, дәріханалық қоймаға сұрау- талап қағаздарын уақытында тапсыруды және олардан дәріханаға келген тауарлардың саны мен сапасын тексеріп қабылдауды, сақтауды сонымен қатар қажеттіліктеріне қарай тауарларды дәріхананың басқа бөлімдеріне, майда бөлшек сауда жүйесіне және емдеу-профилактикалық басқа ұйымдарға босатуды жүзеге асырады.
Дәріхана жағдайындағы дәрі-дәрмектерді сақтауды ұйымдастыру.

Тауарлардың сақтау жағдайын анықтайтын маңызды факторлар
дәрі-дәрмектердің, басқа да фармацевтикалық тауарлардың сақталатын бөлмелердің қойылатын талаптар сәйкес болуы;
керекті жабдықтармен жабдыкталуы;
сақтау орындарында дұрыс орналасуы жатады.

Дәрі-дәрмектерді дәріханалық қойма бөлмелерінде сақтауды ұйымдастыру барысында тауарларды сақтаудың негізгі принциптері мен өдістерін қолдану қарастырылады.
Тауарларды сақтаудың негізгі принциптеріне тауарларды тусіру-тиеу жұмыстарының механикаландырылуын қамтамасыз ету, сақталу жағдайлары бірдей тауарлардың бір-бірімен қатар сақталу тәртібін сақтау және қоймалық бөлмелердің тиімді пайдаланылуы жатады. Тауарларды сақтаудың аталған принциптері негізінде тауарлар сақталатын бөлмелердің орналасуына, пайдаланылуына, жабдықтарлуына қойылған талаптар анықталады.

Тауарлар сақталатын стеллаждар қойма бөлмелерінің сыртқы қабырғаларынан 0, 6-0, 7 м қашықтықта, бөлме төбесінен 0, 5 м аласа және еденнен 0, 25 м биіктікте орналасуы керек. Стеллаждардың арасында 0, 75м өту жолдары қалдырылып, жарықпен қамтамасыз етіледі. Тауарлар сақталатын бөлмелер тазалықта ұсталып, үнемі жуылып-шайылып тұрады.

Тауарларды сактаудың негізгі әдістері тауарларды тасмалдау ыдыстарымен және тасымалдау ыдыстарынсыз сақтау болып екіге бөлінеді.
Тауарлар тасымалдану ыдыстарынсыз сақталу кезінде вертикалды орналастырылған стеллаждардың полкаларына қаланып, этикеткілері мен маркировкалары сыртқа қаралып қойылады. Дәрілік заттардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың жанына олардың атаулары, сериялары, саны және жарамды мерзімдері көрсетілген стеллаждық карта ілінеді. Стеллаждық карта түскен тауарлардың әр сериясының уақытылы босатылуына бақылау жасау мақсатында жазылып отырады.
Тауарлардың негізгі сақталу бөлімдерінде дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың сақталу мерзімдерін бақылап, қадағалау үшін арнайы картотека жүргізіледі.

Дәрі-дәрмектерді, басқа да фармацевтикалық тауарларды сақтауда тауарларды сақтаудың негізгі принциптерінен басқа дәрі-дәрмектердің тауарлық ерекшіліктеріне тән бірнеше принциптер қолданылады. Дәрілік заттардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың топтарын сақтауды ұйымдастыруда қолданылатын ерекше принциптер:
токсикологиялық және фармакологиялық топтары бойынша;
қабылдау тәсілі бойынша;
дәрілік заттардың агрегаттық түрлері бойынша;
сақталу мерзімдері бойынша;
дәрілік заттардың дәрілік формалары бойынша;
сыртқы ортаның әсер ету факторлары мен физикалық-химиялық; қасиеттерін ескере отырып сақтау жатады.

GSP. Стандарт GSP («Good storage practices for pharmaceuticals», Фармацевтикалық өнімдерді сақтаудың тиісті тәжірибесі) фармацевтикалық өнімдерді дұрыс сақтау және тасымалдау үшін қажетті арнайы шаралардың сипаттамасын қамтиды. Ол басқа оқу құралдарымен тығыз байланысты (GDP, GMP, мемлекеттік фармакопия) және оларға қосымша болып табылады. Бұл нұсқаулық фармацевтикалық өнімдерді сақтауға, тасымалдауға және таратуға қатысатын барлық қызметкерлерге арналған.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz