ICE сүт өнімдері
Презентация қосу
ICE+ сүт
өнімдері
Телекөпір барысында Президентке Ақтөбедегі «Айс плюс» ЖШС-ның
тыныс-тіршілігі де таныстырылды. Еліміздің батыс өңірі мен Ресей
Федерациясының көрші облыстарын сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз
етіп отырған іргелі кәсіпорынның қуаты әлі де арта түспекші. Ол үшін
кәсіпкерге мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп, жеңілдетілген
несие берілді. Бұл қаржыға соңғы үлгідегі техника алынып, зауытқа жаңа
желі орнатылады. Сол арқылы тауар айналымы еселеп артып, өнім бағасы
едәуір арзандамақшы. Серіктестік қорасында 10 мыңнан аса сиыр бар.
Тәулігіне 20 тонна сүт сауылады. Тағы 10 тонна сүт шағын қожалықтардан
жеткізіледі. Ол жылы қалпында цехта өңделіп, айран, ірімшік пен сүзбе
әзірленеді. Ешқандай қоспасыз.
Гүлнар Жандәулетова, сүт зауытының директоры: Жаңа жобаның құны - 219
миллион теңге. Өз қаржымыз 35 миллион болды, жетпегенін « Даму»
кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы 10 жылға несие алдық. 6 пайыздық
үстемемен. Бұл - тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан жасалған жағдай.
Жаңа желі кәсіпорын кірісін еселеп, 200 адамды жұмыспен қамтитын
болады. Өнім түрлерін көбейту жоспарда бар. Әсіресе, балаларға арналған
табиғи, байытылған сүт өнімдері шығарылмақшы. Тауарды өткізу нарығы да
кеңеймек. Өйткені, көрші Ресей Федерациясында Ақтөбе сүті үлкен
сұранысқа ие. Біздің өнім Орынбор облысына ғана емес, Ресейдің бірнеше
өңірлеріне де жеткізілмек.
Айс плюс сүт құрамында белоктар мен 20 амин қышқылдарынан,
липидтер мен 30-дан астам май қышқылдарынан, әртүрлі
көмірсулардан басқа 17 дәрумендері, ондаған ферментер, 40-қа
жуық әртүрлі минералды заттар, т.б. болады. Олардың бір бөлігі
(ферменттер — лактопероксидаза, каталаза, липаза, протеаза,
лактаза, амилаза, фосфатаза т.б., амин қышқылдары, жекелеген май
қышқылдары, глюкоза, минералды заттар бар.
1999 жылы бұрынғы қалалық сүт зауыты базасында ашылған «Айс»
кәсіпорны алғашқыда тек балмұздақ шығарумен ғана айналысты. 2002
жылы қышқыл сүт өнімдерін шығаратын цех ашылып, қосымша «Айран»,
«Ряженка», «Снежок» секілді түрлі сүт өнімдері сауда сөрелеріне қойыла
бастады. 2005 жылдан бастап үшінші цехтың жұмысы жолға қойылды.
Қазіргі уақытта «Айс» серіктестігінде сүт өнімдерінің қырыққа жуық түрі
шығарылады. Олардың ішінде майлылығы әртүрлі айран, «Ряженка»,
«Снежок», «Варенец», қаймақ, йогурттар, сүт өнімдері, балмұздақтың түр-
түрі бар.
Барлық құқықтар қорғалған.
Бүгінде Ақтөбеде Индустрияландыру картасының аясында 2015-2017
жылдары іске қосу көзделген жалпы сомасы 9,3 млрд. теңгені құрайтын,
659 жаңа жұмыс орны құрылатын 10 жоба іске асырылуда. Соның бірі -
Ақтөбені сүт өнімдерімен қамтып отырған «Айс Плюс» кәсіпорны.
Аталмыш кәсіпорын бәсекеге қабілетті, өндірісте табысты болу үшін өнім
көлемін ұлғайтуды қолға алып отыр.
«Айс-плюс» ЖШС сүт кәсіпорны жаңа өндірістік қуатқа
ие болып, жұмысын жандандыра түсті. Германиядан
заманауи желіге тапсырыс беріп, жақында жаңғырту
жұмыстарын бастамақ. Жаңа жоба бойынша «Айс
Плюс» кәсіпорнында йогурттың бірнеше түрі мен
ірімшік өндіріледі. Ал жылдың басында Болгариядан
әкелінген желіде өнімнің сыртқы қаптамасы
жаңартылып, ыңғайлы пластикалық бөтелкелерге
құйыла бастады.
Жыл басында Болгариядан құны 200 млн. теңге тұратын желі
әкелініп, өндіріс көлемі артты. Бұл құрылғы сағатына 6000
бөтелкеге сүт өнімдерін құяды. Өнімдер құйылатын пед-
құтылардың сыйымдылығы - 900 грамм. Айран, сүт,
биоөнімдердің бірнеше түрі осы жаңа ыдысқа құйылады
Зауыт басшылары «Айс Плюс» кәсіпорнының өнімдері арзан бағамен
нарықты жаулаған Ресей өнімдерімен қатар тұра алатындығын айтады.
Сапалы өнімге сұраныс барын ескеретін болсақ, бұл кәсіпорынның
болашағы жарқын деп есептеуге болады. Ақтөбеліктер 15 жылдан бері
осы зауыттың сүтін алып келеді. Ал, кәсіпорын басшыларының көздегені
өнімді республикалық көлемде тарату және сыртқы нарықты да көзделген
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz