Қартаюдың денелік аспектілері
Презентация қосу
Адам
психикасындағы
жастық
ерекшеліктер
Жоспар:
Қарттық кезеңдегі адамдарға тән негізгі
психологиялық ерекшеліктер.
Бұл кезеңдегі мінез-құлқы мен
эмоционалдық жағдайы.
Қартаюдың денелік аспектілері.
Қартаю кезеңі (60-70 жас аралығы ). Әдетте адам өмірінің соңғы кезеңін
кәрілік деп атайды. Көптеген ғалымдар 60 жастан жоғары кезеңді
геронтогенез деп атайды. Ал бұл жасты зерттеумен геронтология ғылымы
айналысады. Геронтология – адамның қартаю үрдісін зерттейтін ғылым.
Кәрілік психологиясына тән нышандарға мыналар жатады:
уайымшылдық, мақтаншақтық, өткен өмірінің мәнсіз сәттеріне өкіну,
жастарды, шуды жақтырмау, тыныштық іздеу, ұйқының азаюынан мазасыз
болу, сөздері мен істерін қайталай беру, белгілі бір деңгейде писсимизм,
түңілу. Кәрілік әр адамда әр түрлі өтеді. Шығармашылықпен айналысатын
адам өзінің белгілі идеяларын іске асырып немесе жазып қалдыру үшін
барын салуы мүмкін. Өмір бойы белсенді қызмет атқарған адам зейнетке
шығуды ауыр қабылдайды, жанталасып мамандығы бойынша жұмыс
істей бергісі келеді. Ал көп азап көріп, бейнеті мол еңбек еткендер
зейнетке шығуды қанағатпен қабылдап, күнделікті тіршілікпен өмір сүре
береді. Кәрілік адам өмірінің ең соңғы кезеңі болып табылады. Осы жасқа
жеткен адамдар үш топқа бөлінеді: кемел жастағы адамдар, қартайған
адамдар, ұзақ өмір сүретіндер.
Қартаю кезеңі ересектік жастан кәрілікке өту кезеңі болып табылады.
Генетикалық бағдарланған қартаю үрдісі осы кезеңнің ең негізгі ерекшелігі
болып табылады. Бұл жастағы адам физикалық жағынан әлсіз болады.
Энергиялық қоры азаяды. Қан тамырлары мен иммундық жүйесінің қызметі
нашарлайды, яғни организмнің жалпы қартаюы жүреді.
Сенсорлық қызметтердің көпшілігі нашарлап, соның салдарының когнетивті
жүйенің дамуында өзгерістер болады. Біріншіден интеллектуалдық қызметтері
зардап шегеді. Бұл үрдістердің динамикасы субъективті факторларға, тұлғаның
ерекшелігіне, оның кәсібіне байланысты.
Есте сақтауы ойлаумен тығыз байланысты логикалық байланыстарға
негізделеді, сондықтанда қарт адамның ойлауы өзге таңымдық үрдістерге
қарағанда жоғары дамыған.
Эмоциялық сфераларында басқаруға келмейтін күшті аффективті реакциялар
(күшті жүйкелік қозу) көрініс береді. Адам эгоцетрлі болады. Күрделі
жағдайлармен күресу қабілеттері төмендейді. Еркектер – пассивті болса,
әйелдер – агрессивті билікке құштар болады. Қарт адамдар өлім туралы көп
ойлайды. Қарттық кезеңде «мен концепциясы» өзгерістерге ұшырайды. Адам
өзінің өткен шағын, қазіргі уақытын және болашағын салыстыруға тырысады.
Қарттық жастағылардың жалпы мінез-құлқы. Қарттар мен егде жастағы
адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас
психологиясының бір саласы геронтологиялық психологиясы зерттейді. Ол
қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық мүмкіндіктерін
(қимыл белсенділігінің баяулауы, күш қуаты азайып, денсаулығының
нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады. Психика функцияларының
(зерде, ес, зейін және т.б.) өзгерістер бір жақты ғана байқалады. Қарт
адамдардың психикасына интеллектуалдық және эмоциялдық ішкі әлемге кету,
өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі басты
мақсаттары орындалмаса өкіну, түңілу сияқты қасиеттер тән болады. Алайда
қартаюдың тек регрессивті құбылыс деп қарамау керек. Бұл кезеңде адамның
рухани жетілу деңгейі төмен болады. Мысалы, қанағаттану, парызын өтеген
жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік т.б. қасиеттермен қатар кемелденген
адамдардың даналыққа жетуі. Қарт адамның шығармашылық белсенділігі
жоғары болғандығы жиі байқалады. Қартаюдың психологиялық ерекшеліктері
мен өзгерістеріне ерте кезден назар аударса, геронтология ғылымы пән ретінде
егде жастағы адамның көбеюі, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс
жағдайының сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты мен құндылықты бағдарларының
өзгерулеріне, яғни жеке адамның даму мәселелеріне, т.б. байланысты пайда
болады.
Геронтолог ғалымдар кәрілік бұл – биологиялық феномен,
яғни бұл психологиялық өзгеріспен бірге жүреді деп
санайды. Көптеген зерттеушілер оның барлық жоғарлау
жиынтығы – экономикалық, әлеуметтік, индивидуалдық
болады, яғни бұл даму кезеңіндегі автономия болуы
мүмкін.
Сондай-ақ қарттар мәселесі – биологиялық жүйенің
функционалдық сәйкестігі, яғни өзіне лайықты
психологиялық және өзін қоршаған әлеуметтік кеңістігіне
бейімделуінсіз бұл орындалмайды. Қартаю – бұл жаңа
әлеуметтік рөлге көшу, яғни жаңа топпен өзіндік қарым-
қатынас орнайды. Дәл қазіргі уақытта кәрілік кезеңіне
ғылыми қызығушылық тууда. Геронтопсихология – бұл
қазіргі даму психологиясының ең жас бөлімі болып
табылады.
Қартаюдың денелік аспектілері ересектіктің соңғы сатысымен бірге жүретін
көптеген өзгерістер мен шектеулер анықтайды. Денелік қартаю универсалды.
Кейбір адамдарға ерте келсе, кейбіреулеріне кеш келеді, бірақ кез келген
жағдайда одан құтылуға болмайды.Тіпті жағымды генетикалық және сыртқы
жағдайлардың өзінде ағзаның барлық жүйесі қартаяды, алайда оның қартаю
темптері әр-түрлі болады. Қартаю процесі көпшілік мүшелер үшін ересектік
шақтың басында немесе ортасында басталады.Көп жағдайда қартаю
ересектік шақтың соңына дейін байқалмайды, өйткені ол біртіндеп
жүреді.Қартаю ағзаның сенсорлы және өзге де жүйелер жұмысының
тиімділігінің төмендеуімен жүреді.Алайда бұл қартаю белгілері барлық
адамдарда бірдей байқалмайды.Зерттеулер көрсеткендей, жақсы денелік
формадағы және белсенді өмір сүретін кәрі адамдар кейбір денелік әлсіздік
сезінетін жас адамдарға қарағанда берілген тапсырманы дәл сондай
жетістікпен орындайды. Сонымен қатар , ағза жүйесінің биологиялық
өзгерісін – қартаюдың жалғыз себебі деп айтуға болмайды.Көп адамдар
жастық немесе ересектік кездегі кейбір оқиғаларға байланысты: мысалы,
қатты дыбысты музыканы жиі тыңдаса, қарттық шақта жекелей немесе
толықтай естуден айырылады.Сол сияқты сенсорлық бұзылыстар мен ішкі
мүшелер дефектілері өткен тәжірибедегі оқиғаларға байланысты.
Сөйтіп, өмір суру тәсілі, бастан кешкен оқиғалары ағзаның жас
ерекшелік өзгерістеріне әсер етеді. Кейбір жағдайда бұл факторлар
қартаюдың патологиялық факторлары деп аталады.Кәрі адамдардың
көпшілігі өздерінің денсаулығын жақсы , тіпті керемет деп жатады.
Оларға артриттің баяу дамуына немесе дәрінің кері әсерлеріне
бейімделуге тура келеді. Соңғы ересектік шақта пайда болатын
денсаулық проблемаларын былайша үш категорияға бөлуге болады:
хроникалық, тамақтану және дәрі препараттарын дұрыс қолданбау.
Адам ауырғанда оның ауруы хроникалыққа айналуы мүмкін, яғни
ұзаққа созылып, рецидивпен бірге жүреді. Кәрі адамдар әдетте
хроникалық күйге шалдығады- одан толықтай жазылуға болмайды.
Кәрі адамдардың шамалы күйі белгілі бір деңгейде дұрыс емес
диетадан және тамақтанудан болады. Денелік белсенділіктің
төмендеуіне және метаболизмнің баяулауына байланысты кәрі
адамдарға жас кезіндегідей тамақ мөлшері талап етілмейді. 65-
жасқа келгенде калорияға қажеттілік 20%-ке азаяды.Кәрі
адамдардың организмінде көбіне темір, кальций, А және С
дәрумендері аз мөлшерде болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Намазбаева Ж.И. Психология.А.,2005-296
бет
2. Столяренко Д.Л. Основы психологии.
Ростов на Дону.,2002-642 стр
3. Столяренко Д.Л. Основы психологии.
Ростов на Дону.,2002-642 стр
4. Петровский А.В. Психология : Учебник
для вузов / А. В. Петровский,
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz