Ластанған ауаның зиянды әсері




Презентация қосу
“Химиялық ластағыштардың адам ағзасына әсері”
Бағыты: (Экология және адам)
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Ластанған ауаның зиянды әсері
Тұрмыста пайдаланылатын химиялық заттардың зиянды әсері.
Темекі мен есірткі заттардың зиянды әсері.
Химиялық заттардың адам денсаулығына кері әсері.
Экожүйе мен адамзатқа әсер ететін әртүрлі ластандырғыштар
Радияциялық ластанудың әсері.
Өндіріс өнімдерінің айналадағы ортаны ластауын және қорғау
шараларын ұйымдастыру жолдары
III. Қорытынды
Жұмыстың өзектілігі.
Қазіргі кезеңдегі ғылыми-техникалық прогресс пен өнеркәсіп өндірісі қарқынмен дамыған
жағдайда қоршаған ортаны қорғау және қоғамның басты байлығы адамның денсаулығын қорғау
проблемасы өте өткір мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаның негізгі компоненттерінің бірі
– атмосфералық ауаның ластануы,тұрмыста пайдаланылатын химиялық жуғыш
заттардың,темекі мен есірткі заттардың зиянды әсері,әртүрлі
ластандырғыштардың,радияциялық ластанудың, өндіріс қалдықтарының зияны қазіргі кезеңде
адам денсаулығына айтарлықтай әсерін тигізуде. Сондықтан, автокөліктерден және өндіріс
нысандардан шығатын улы қалдықтарды азайту,қалдықсыз технология жұмысы, шайынды
суларды қайта тазарту, өндіріс орындарының мұржаларына сүзгі орнату,жиналған қалдықтарды
қайта өңдеу,қоршаған ортаға зиянды әсері жоқ технологияны ойлап табу өте өзекті мәселе
болып отыр.
Жұмыстың мақсаты.
Химиялық ластандырғыштардың адам денсаулығына әсерін, атмосфералық ауа бассейнінің
ластану проблемаларын зерттеу. Ластану және оны болдырмау шараларын айқындау.
Ғылыми жаңалығы.
Адам денсаулығына зиян келтіретін химиялық заттардың, радияциялық
қалдықтардың,зиянды әдеттердің,синтетикалық жуғыш заттардың ағзаға әсері анықталды.
Практикалық құндылығы.
Адам денсаулығына әсер ететін антропогендік фактор әсерінен туындаған атмосфераны
ластаушы химиялық заттар және оның әсері талданды. Қозғалмалы және стационарлы
көздерден бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтудың тиімді іс-шаралары ұсынылды
Бүгінгі күні синтетикалық жуғыш заттар өндірісінің, атмосфералық ауа
бассейнін ластайтын автокөлік түрлерінің санының, радияциялық
қалдықтардың мөлшерінің үнемі өсу жағдайында -олардың құрамындағы
химиялық заттардың қауіптілік дәрежесін анықтау, қоршаған орта мен
адамға зияндылығын зерттеу көкейтесті мәселе болып табылады.
Сондықтан да зерттеу жұмысымның мақсаты: Тұрмыста
пайдаланылатын химиялық жуғыш заттардың (жуғыш ұнтақтардың),
радияциялық қалдықтардың, зиянды әдеттердің, ластанған ауа
құрамындағы химиялық қосылыстардың адам денсаулығына әсерін,
қоршаған ортаға зиянын зерттеу, қоғамның осы заттардың құрамы туралы,
олардың зиянды компоненттері туралы түсініктерін кеңейту болып
табылады.
Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойдым:
•осы тақырыпқа сәйкес әдебиеттерді оқу;
•Кір жуғыш ұнтақтардың химиялық құрамын білу және құрамын анықтау
әдістерін үйрену;
•Қазіргі дүкен сөрелерінде симай тұрған, тұрмыстық химия заттарының
зиянды әсерін зерттеу;
•Халқымыз қолданған тұрмыс химиясының кейбір жақтарына тоқталу;
Ластанған ауаның зиянды әсері
Атмосфераның құрамы мен оның ластану проблемалары қазіргі кезеңдегі
өткір проблемалардың бірі болып отыр. Проблеманың өткірлігі
анторпогендік фактормен өте тығыз байланысты. Ауа бассейнін ластаушы
көздер өндіріс орындары, автокөлік қозғалысының нәтижесінде бөлінетін
зиянды заттар.Ластанған ауа материалдарының, бұйымдар мен өнімдердің
бұзылуын жылдамдатады, өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына
әкеледі, адам денсаулығына айтарлықтай теріс әсерін тигізеді.
Атмосферадағы көміртек оксидінің шамадан тыс жиналуы парникті
эффект туғызады. Оның нәтижесінде полярлы мұздың еру процесі,
мұхиттар мен теңіздер деңгейінің көтерілуі т.б. сияқты ауқымды
проблемалардың тізбегін жалғастырады.
Автокөліктерден шығатын газдарда 200-ден астам зат түрлері кездеседі.
Автокөлік транспорты шамамен 92 % СО, 63 % көмірсутектер және 46 %
азот оксидтерін шығарады. Олардың құрамында қорғасын қосылыстары
да болады.
Олай болса атмосфералық ауаның құрамына талдау жасап, бөлінетін
зиянды заттардың тірі организмдерге әсері жан-жақты зерттеліп,
ластануды болдырмаудың тиімді шараларын белгілеу бүгінгі күннің өзекті
мәселесі болып табылады.
Ауаны ластаушы заттар негізінен жер бетінен санағанда 3км биіктікке
дейінгі аралықта жиналады.Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ)
мәліметтері бойынша дамыған елдердің 20 %-ға жуық халқы түрлі
аллергиялық (тұмаудан бастап тыныс демікпесіне дейін) аурулармен
сырқаттануы ауаның ластануымен байланысты көрінеді. Ауадағы шаң-
тозаңның көп болуы өкпе ауруына себепші болады.
Ауаны негігі ластаушылар қатарында көміртек тотығы, көмірсутек, күкүртті
газ, азот тотығы, шаң-тозаң, күйе мен күл .Қоршаған ортаға аса қауіпті
автомашиналардан ауаға қосылатын көміртек тотығы, халық оны иісті газ
деп те атайды. Бұл газ адамдардың қанындағы гемоглабинмен (қанның
ішіндегі бояушы қызыл зат) қосылып, дененің оттекті пайдалануына кедергі
жасап оттек тапшылығына, дененің әлсіреуіне түрлі ауруларға төтеп бере
алмайтын халге жетеді.
Отын жаққанда, өрт болғанда, адамдардың іс-әрекетінен ауаға көмір
қышқыл газы өте көп қосылады. Осының нәтижесінде соңғы 100 жылда
ауадағы көмір қышқыл газы 11-13 %-ға өсті. Бұл газдың адамға әсері жүрек
соғу мен демалу жылдамдап, бас ауырып, құлақ шуылдап, қан қысымы
көтеріліп, тамыр соғуы азаяды. Газ тым көп болса кісі есінен де танып
қалады.
Тұрмыста пайдаланылатын химиялық заттардың зиянды әсері.
Тұрмыста пайдаланылатын химиялық заттар – қазіргі уақытта дамыған
өндірістің өніміне айналып отыр. Үйдегі тазалық жұмыстарында оларды
пайдаланбау мүмкін емес. Бірақ та біз оларды пайдаланар алдында, біздің
денсаулығымызға келтіретін зияны туралы ойлана бермейміз. Мысалы,
қазіргі тұрмыста пайдаланып жүрген кір жууға арналған ұнтақтарда
полифосфаттар бар, ал олар адам денсаулығына, қоршаған ортаға аса зор
зиян келтіреді. Беттік активті заттар (БАЗ), хлор, көмір қышқыл газы,
азоттың оксидтері, фенол, формальдегид, ацетон, аммиак, ағартқыштар,
ароматизаторлар — осы химиялық заттар, біздің күнделікті тұрмысымызда
қолданылатын (кір жуғыш ұнтақтарда, киім тазартқыштарда, ыдыс, ванна,
туалет тазалағыштарда) парфюмериялық заттар құрамында кездеседі. Бұл
заттардың барлығы да биологиялық жағынан белсенді. Ешкімге құпия
емес, қоршаған ортаның осы заттармен ластануынан, халықтың арасында
мынандай аурулар көптеп кездеседі: аллергия, бронхит, түрлі тері
аурулары. Тағы бір айта кететін жәйт, осы тұрмыстық химия заттарын
мөлшерден тыс пайдаланудың әсерінен пайдалы микрофлора ластанады.
Ғалымдардың айтуынша, планетамызда аллергия ауруының көбейіп кетуі
шамадан тыс химиялық заттарды қолданудың әсерінен, адамның
иммундық жүйесін бұзылған деп отыр [2].
Сатылымдағы кір жуғыш ұнтақтар, негізінен, фосфат құрамдас болып
келеді. Ал, фосфат-кір жуғанда суды жұмсартып, кірді кетіреді. Оның
құрамындағы кірді ағартатын химиялық қоспалар мен жуылған кірге
хош иіс беретін заттар жуылған мата талшықтарында қалып қояды.
Оларды шайып шығару үшін кемінде кірді 7-9 рет таза сумен шайқау
керек. Шынына келгенде, жуылған кір 2-3 рет ғана шайылады да,
олардың бәрі матада қалып қояды, сөйтіп адам ағзасына зиянын
тигізеді. Мысалы, қышыма, қотыр сияқты тері дерттері осыдан келіп
шығады екен. Адам терісін шектен тыс құрғатып жібереді. Кір
жуғанда қолдың құрғап, тіпті қызарып кетуіне де осы кір жуғыш
ұнтақтың құрамындағы фосфат элементі себепші. Сондықтан
жуылған кірді мүмкіндігінше қайта-қайта шайып, содан соң ілу
керек.Синтетикалық қоспа адам ағзасына келіп түсіп, аллергиялық
реакция туғызуы мүмкін. Енді осы факторға бүгінгі күнгі адамдардың
ағзасындағы иммунитет қасиетінің нашарлауын қоссақ, онда кір
жуғыш ұнтақты дағдылы пайдаланудың адамға тигізетін залалын
айтпай кетуге болмайды.
Аллергиялық аурулардың келіп шығуына адамның иммундық
жүйесінің төмендеуі себепші болады. Бұл, сөз жоқ, жас ұрпақтың
болашағына қауіптене қарап, тиесілі баға беруді, мұндай дерттің
алдын алу шараларын ертерек қолға алуды міндеттейді.
Сонымен қатар, ыдыс-аяқ жуатын химиялық қоспаларға да назар
аударған жөн. Ыдыстарда шайылмай қалған химиялық заттар
тамақпен ілесіп, адам ағзасына залалын тигізеді. Бүгін Европа
құрамында табиғи түрдегі заттары бар ыдыс-аяқ жуатын құралдарды
әлдеқашан мойындап, оларды шығаруды өндірістік жолға қойды.
Яғни, химиялық қышқылдарды жойып, соның негізінде адам ағзасына
тамақпен түсетін химиялық қоспаларды залалсыздандыруға
көмектеседі. Себебі ең қауіптілігі сол, СЖЗ ерітіндісінде
пайдаланғаннан кейін де құрамындағы химиялық заттары сақталады.
Олар адам тікелей пайдаланған уақытта да адамға, пайдаланудан
қалған қалдық ерітіндісінің де қоршаған ортаға (су, топырақ) белгілі
дәрежеде зияны бар екендігі дәлелденген.
Темекі мен есірткі заттардың зиянды әсері.

Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялық заттардың
қатарына темекі мен есірткі заттары да жатады. Темекі
тұтінінің құрамына 4 мыңға жуық химиялық заттар кіреді,
олардың көбі улы заттар. Олардың қырыққа жуығы қатерлі ісік
ауруын туғызады. Темекінің уы сонымен қатар қолқаның
созылмалы ауруын туғызады, сол себептен де темекі
шегетіндер жиі жөтеледі. Темекі шегетін ата-аналардың жаңа
туған нөрестелерінің организміңде улы газ бірінші жылы
олардың канында бірнеше сағатқа дейін болады. Есірткі
заттары да қолка, өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады.
Көптеген органикалық еріткіштер: авиациялық, желім, бензин,
эфирі еріткіштер мен аэрозольдер буланып ауаға шығарылады.
Егер осы заттардың буы көп мөлшерде организмге тұссе
жұйкені, миды, асқазанды жөне өкпенің ауруын туғызады.
Кейде ол өлімге де әкеліп соғуы мұмкін.
Химиялық заттардың адам денсаулығына кері әсері.
Адам мен табиғи ортаның жеке компонеттеріне ластаушы заттардың кері әсерін
болдырмау үшін ластаушы заттардың шекті деңгейлерін білу қажет.
Қалалардағы өнеркәсіптік және көлік шулары, сонымен бірге тұрмыстық аспаптар
адам организміне едәуір дыбыстық шабуыл жасайды. Қала тұрғындарының көптеген
жүйке аурулары ең қалың қабатты қабырғалар арқылы өтетін инфрадыбыстармен
тудырылады.
Адам организміне түскен зиянды химиялық заттар алуан түрлі айналуға ұшырайды.
Барлығы дерлік органикалық қосылыстар әр түрлі химиялық реакцияларға түседі:
тотығу, қалпына келу, гидролиз, метилдену, кейбір қышқылдармен жұпты қосылыстар
түзу..
Органикалық емес химиялық заттар сонымен бірге организмде әр түрлі өзгерістерге
ұшырайды. Осы заттарға тән ерекшелік қандай да бір мүшеде, сүйектерде жиналу
қабілеті болып табылады. Мысалы, сүйекте қорғасын, фтор жиналады. Кейбір
органикалық емес заттар: нитриттер – нитраттарға, сульфидтер – сульфаттарға
тотығады.
Зиянды заттың организмге түсуі мен оның бөлінуі арасындағы қатынастың маңызды
мәні бар. Егер заттың бөлінуі және оның организмде айналуы баяу өтсе, онда зат
организмде жиналып, мүшелер мен ұлпаларға ұзақ әсер етуі мүмкін. Мұндай типті
заттар қорғасын, сынап, фтор және т.б. болып табылады. Су мен қанда жақсы еритін
заттар баяу жиналады және организмнен солай баяу бөлінеді
Экожүйе мен адамзатқа әсер ететін әртүрлі ластандырғыштар

Ластандырғыштар Ластандырғыштардың пайда болуы және әсер етуі

1 2
Әртүрлі көміртегі қосылыстарының жануынан (энергетика,
1.Көмірқышқыл газ өдіріс орындары, отындардың жануы, жылу бергіш стансалар)
атмосферада бұл газ мөлшерінің артуы жер бетіндегі
температураны жоғарылатып, гео – химиялық өзгерістерге
ұшыратады
2.Көміртегі (ІІ) оксиді Қазба отындардың толық жанбауынан түзіледі Негізгі көзі –
металлургия өндірісі, мұнай айыру зауыты, іштен жану
двигательдері.Бұл өте улы газ – үйде көмір отынының толық
жанбауынан да түзіліп, адамдардың көп жағдайда уланып,
өлуіне жер бетінің жылу балансының өзгеруіне себепші
болады.
3.Күкіртті газ Энергетикалық және өндіріс орындарының түтінінде көліктер
шығаратын газ құрамында және отынның жану өнімдерінде
кездеседі.Ауада бұл газ мөлшерінің көбеюі тыныс жолдарын
зақымдап, тыныс ауруларын қоздырады, өсімдіктерге,
ағаштарға зиянын тигізеді, әктәстан тұрғызылған
құрылыстардың бұзылуына, жасанды материалдарға әсер
етеді.
4.Азот оксиді Негізгі көздері – іштен жану двигательдері: реактивті ұшақтар,
домна пеші, химия өнеркәсіп орындары, мекемеде болған
өрт,артық мөлшердегі химиялық тыңайтқыштар.Газды
тұмандар ауада тұрып қалады, соның нәтижесінде жас балалар
демікпе, тыныс жолдарының ауруы көбейеді,су өсімдіктері тез
өсіп,ондағы оттегінің мөлшерін азайтады да,балықтардың
қырылуына себепші болады,судың сапасын төмендетеді.
5.Фосфаттар Ағын суларда кездеседі.Негізгі көзі – химиялық кір жуғыш
ұнтақтар,тыңайтқыштар.Жануарлардың қалдығы өзен, көл
суларын ластайды.
6.Сынап Қазба отындардың жану өнімдерінде,лак,бояу
өндірістерінде,кен байытуда,қағаз-целлюлоза өндірісінде
түзіледі.Сынап тамақ өнімдері ластайды,теңіздегі балық, т.б.
ағзаларында жинақталып,одан адамдар уланады,жүйке
жүйесіне зиянын тигізеді.
7.Қорғасын Детонация тұрақтылығын жоғарылату үшін бензинге
қорғасын қосылатындықтан,көліктен шығатын
газдарда,қорғасын зауыттарында,пестицидтерде болды.Улы
эленмент болғандықтан тірі жасушадағы зат
алмасуға,ферменттер жүйесіне зиянды әсер етеді.Теңізде және
тұщы суларда көп мөлшерде жинақталады.
8.Мұнай Мұнайды өндіргенде, тазартқанда, теңіздермен
тасымалданғанда,теңіз апаттарында суға жайылып,
ластайды.Теңіз жағалауларын бүлдіріп,судың бетін мұнай
қабаты жауып,су жәндіктері, балықтар,су құстары
тіршілігін жояды.

9.ДДТ және Бұлар ауыл шаруашылығында қолданылады,аздаған
басқа да мөлшерінің өзі шаян тәрізділерге улы әсер етеді.Суға
пестицидтер түскенде су жәндіктерін, балықтарды улайды,олар арқылы
адам улануы мүмкін.Көптеген ДДТ және пестицидтер
концерогенді болғандықтан, бунақденелілердің пайдалы
түрлеріне әсер етеді де, оларды және өсімдіктерде жаңа ауру
түрлерін туғызады.

10.Радиация Ядролық отындары өндірісінде, атом құрамдарын
жасап, сынап тарату кезінде, атом электр станцияларын
апатқа ұшырауы кезінде таралады. Радиоактивті заттар
медицинада қолданылады, бірақ шамадан артық
мөлшері ағзада қатерлі ісіктердің, генетикалық
өзгерістердің пайда болуына соқтырады.
Радияциялық ластанудың әсері.
Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі
табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату
әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала
отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік
өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге
дейін жиналуы мүмкін.
Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық
ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге
радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта
ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның
радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Радиациялық ластанудың
мынадай топтарға бөледі:
1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа —
(гелий ядросы), бетта –(жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма –
сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану
түрі);
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне
байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі).
Түрлі радинуклидтердің организмге әсері аса сан алуандығымен
ерекшелінеді.Мысалы, 131-иодтың аз мөлшерінде қалқанша бездің қызметі
бұзылады, ал көп мөлшерінде – зиянды ісіктер түзіледі.
Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және
антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер
қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену
және т.б. жатады. Адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік
әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:
• Атом өнеркәсібі;
• Ядролық жарылыстар;
• Ядролық энергетика;
• Медицина мен ғылым.
Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радияциялық
сәулелермен ластайды.
Келесі бір қауіпті радинуклид – стронций-90, ол ядролық сынақтардың
нәтижесінде түзіледі (жартылай бөліну периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға
асқазан-ішек трактісі , өкпе, тері жабыны арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ
ұлпаларға жиналады. Стронций қанда патологиялық құбылыстар
тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің құрлысының бұзылуына
әкеледі. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер,
ақ қан ауруы болуы мүмкін.
Адам денсаулығына радиацияның әсері

Чернобыль аймағында тұратын халықтар

Күн сәулесі

Флюорография(рентген,басқа да медициналық
тексерулер)

Теледидар, компьютер , ұялы телефон экрандары,
Компьютер ойындары
.

Электронды сағаттардың, тұрмыстық
техникалардың шағылыс циферблаттары
Өндіріс өнімдерінің айналадағы ортаны ластауын және
қорғау шараларын ұйымдастыру жолдары

Химия
өндірісі
Өндіріс аппараттары
Шикізат
мен олардың құрылысы

Тиімді жағдайдағы
үрдісті таңдау

Айналадағы ортаның ластану
Өндіріу,өңдеу, себептері:
сақтау кезінде 1.Жетілдірілмеген технология
2.Техникалық тәртіпті
шикізаттың сақтамаудан
ауаға ,топыраққа 3.Өндіріс аппараттарының
түсуі герметикалығы нашар болуынан

Қорғау
шаралары
Қорғау шаралары

Қалдықсыз технология жұмысы

Қалдық,жуынды,шайынды суларды қайта тазарту

Айналадағы ортаға зиянды әсері жоқ
технологияны ойлап табу

Газ,шаң-тозаңдарды сүзетін ұстағыш
аппараттар орнату

.
Жиналған қалдықтарды қайта өңдеу

Экологиялық сауықтыру шаралары
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздері төмендегідей топқа бөлінеді:
Физикалық ластану — радиоактивті заттар, электромагнитгі толқындар, жылу, шулар
және тербелістер.
Химиялык ластану - коміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар,
пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.
Биологиялық ластану — ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар,
карапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
Эстетикалық зиян —_табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман-
тоғайлардың жойылуы, т.б.
-Биосферадағы ластану процесін 3 кезеңге бөлеміз:
1)ластаушы заттардың таралуы;
Ластағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы.
Адам баласының организмі жоғарыдағы ластаушы заттарды қабылдаған кезде белгілі бір
деңгейге (мөлшерге) дейін ғана көтере алады. Ал зиянды заттардың одан әрі организмде
көбейе түсуі денсаулықты бұзып, ауруға шалдықтырады. Адамның іс-әрекеті
нәтижесінде биосфераның радиациялық ластануы өте үлкен қауіп тудырып отыр. Казіргі
кезде радиоактивті заттар кең қолданылуда. Осы элементтерді тасымалдауда болатын
немқұрайдылықтың нәтижесінде өте күшті радиациялық ластану болады. Өнеркәсіп пен
атом энергиясын пайдаланатын мекемелер дұрыс жұмыс істегеңде қоршаған ортаның
радиоактивті нуклидтермен ластануы өте аз мөлшерде болады. Қазіргі кезде әскери
өнеркәсіптің радиоактивтік қалдықтарын сақтау мен жою мәселесі тұр. Ол қалдықтар
жыл санап қоршаған орта ұшін аса қауіпті бола түсуде.
.
III.Қорытынды
Қазіргі кезде табиғаттың ластануынан адамдар зардап шегуде.Өндіруші өнеркәсіп
орындары, түрлі кен орындары , жылыту орындарынан бөлініп шығатын газ
тәрізді заттар табиғатымызды улап,адам денсаулығына кері әсер етіп, әртүрлі
ауруларға әкеліп соғуда.Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол
заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету
уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада
күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.
Радиациялық ластанудың баска ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа
толқынды электрмагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп
шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы — радиактивті нуклидтер.
Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде
жасушаларды бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.
Радиациялык ластанудың негізгі көздері — альфа, гамма және бэта, сиякты
радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз,
фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп
соғады.Сондықтан да табиғатты,адам денсаулығын қорғау үшін айналадағы
ортаны таза ұстауға тырысып,денсаулығымызды және келешек ұрпақтарымыздың
жағдайын ойлауымыз керек.
Ұсынысым:
1.Қоршаған ортадағы өндіріс орындарының қалдықтарын
қайта өңдеу тәсілімен қоғамға пайдалы заттар жасау.

2.Қоршаған ортаны экологиялық зиянды заттардан тазарту
үшін көгалдандыру тәсілін ұсынамын.

3.Өндіріс нысандарынан және автокөліктерден шығатын улы
қалдықтарды залалсыздандыру құралдарын ,
тәсілдерін ойлап табу.

4.Қоршаған ортаға зиянды әсері болмайтын технология
түрлерін жасап, пайдалану.

5.Экологиялық сауықтыру шараларын жетілдіру және
сауықтыру орындарының бағасын қолжетімді ету.

Ұқсас жұмыстар
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ АДАМ
ДЕҢСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ
Қала ауасының ластануы
Жоғарғы атмосфераның антропогендік ластануы
ЛАСТАНУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗДЕРІ
Қазақстан қалаларының экологиясы
Зиянды қалдықтардың тастауы бойынша қойылатын талаптар
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Ақтөбе облысының экологиялық проблемасы
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫНЫҢ ЖӘНЕ АГРОЦЕНОЗЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН БАҒАЛАУ
Пәндер