Иммуноқуаттандырғыш дәрілер


Slide 1

Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі

Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы

Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы

ПРЕЗЕНТАЦИЯ Такырыбы: Иммундық үрдістерге әсер ететін дәрілер.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Иммундық үрдістерге әсер ететін дәрілер

Иммуноқуаттандырғыш дәрілер

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Иммундық үрдістерге әсер ететін дәрілер

Иммунитет ағзаның кейбір ауру қоздырғыштарына қарсы тұратын қорғаныш қасиеті. Микроорганизмдерге және олардың токсиндеріне, вирустарға табиғаты бөгде антигенді заттарға, мүшелерді алмастырып салуда ағзаның антигенге иммундық жауап реакциясы пайда болады.

Slide 4

Иммунитеттің 2 түрі бар:

Slide 5

Ағзаның иммундық күшінің төмендеуіне, яғни иммунитет төмендеу жағдайында иммуноқуаттандырғыш қолданылады. Аллергиялық ауруларды емдеу үшін және мүшелер мен ұлпаларды ағзаға ауыстырып қондыруда иммунитетті төмендететін, яғни иммунодепрессанттар қолданылады.

Slide 6

Иммуноқуаттандырғыш дәрілер

Бұл топтағы дәрілер жасушалық және гуморальды иммунитетті қуаттандырып, иммунитет төмендеген жағдайда қолданылады. Олар бірнеше топтарға жіктеледі.

Slide 7

1. Жануарлардан алынған иммуноқуаттандырғыш

Тимус препараттары

Жілік майының препараттары

2. Бактериялардан алынған иммуноқуаттандырғыш

3. Рекомбинатты иммуноқуаттандырғыш

4. Синтетикалық иммуноқуаттандырғыш

5. Иммуноглобулиндер

6. Өсімдіктен алынған препараттар

7. Витаминдер

8. Пробиотиктер мен эубиотиктер

Slide 8

1. Жануарлардан алынған иммуноқуаттандырғыш

Тимус перпараттары:

Тималин

Тактивин

Тимоптин

Вилозен

Ірі қара малдың айырша безінен алынған сығынды препараттар. Олар Т лимфоциттерінің құрамын көбейтіп, жасушалық иммунитетті, фагоцитозды, қайта қалпына келу үрдістерін күшейтеді.

Slide 9

b) Жілік майының препараттары:

миелопид (В-активин)

В-лимфоциттердің құрамын көбейтіп, гуморальды иммунитетті күшейтеді. Хирургиялық операциялардан, жарақаттардан, остеомиелиттен және басқа да дерттік жағдайлардан кейінгі инфекциялардың асқынуларының алдын алу үшін қолданылады.

Slide 10

2. Бактериялардан алынған иммуноқуаттандырғыш

Рибомунил және бронхомунал -жасушалық және гуморальды иммунитетті күшейтеді, интерферонның синтезін жоғарылатады. Құлақ, тамақ, мұрын және бронх-өкпе аппаратының созылмалы ауруларында және олардың қайталануының алдын алу үшін қолданылады.

Продигиозан және пирогенал -эндогенді интерферон өнімін қуаттандырып, ағзаның гиперергиялық реакциясын тудыратын бактериялардан алынған липополисахаридті кешен. Жұқпалы ауруларды кешенді емдеуде қолданады.

Slide 11

Натрий нуклеинаты -лейкопоэз және Т-және В -лимфоцинттердің әсерлесуін қуаттандыратын фагоцитоз бен қайта қалпына келі үрдісінің белсенділігін күшейтеді. Лейкопения, агранулоцитоз, созылмалы қабыну ауруларын кешенді емдеу үшін қолданады.

Имудон -кептірілген бактериялар мен саңырауқұлақтардың лиофизирленген қоспасы. Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпалы қабыну ауруларында соруға арналған таблетка түрінде қолданады.

ИРС-19 -Құлақ, тамақ, мұрын мүшелері мен тыныс алу ағзаларының қабыну, жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеу үшін қолданады.

Slide 12

3. Рекомбинатты иммуноқуаттандырғыш

Флиграстим және молграмостис -жасуша колониясын қуаттандыратын өсу факторы болып табылады. Сепсисте, лейкопенияда, ЖИТС мен ауыратын науқастарды емдеуде қоладынлады.

Реаферон және басқада интерферондар вирусты инфекцияларда және қатерлі ісікте қоладынлады.

Ронколейкин және беталейкин іріңді хирургияда және онкологияда химио және радиотерапиядан кейін қолданады.

Slide 13

4. Синтетикалық иммуноқуаттандырғыш

Левамизол және тимоген жасушалық иммунитетті күшейтеді. Артритте, кейбір созылмалы және қайталанатын ауруларда, ісік ауруларында қолданылады.

Металурацил және дибазол -антидене мен интерферонның синтезін күшейтіп фагоцитоздың белсенділігін арттырады. Баяу жазылатын жараларда, күйікте, сынықта қалпына келуін күшейту мақсатында қолданады.

Slide 14

5. Иммуноглобулиндер

Адамның қалыпты иммуноглобулині (интраглобин, сандоглобулин, октаган, пентаглобин) жұқпалы аурулар түрінде өтетін біріншілік және екіншілік иммунды тапшылықта орын басушы терапия ретінде қолданылады.

6. Өсімдіктен алынған препараттар

Женьшень, аралия, элеутерококк тұндырмаларының, қызғылт семізот сығындысының жалпы тонусты реттейтін әсері бар.

Slide 15

7. Витаминдер

Аскорбин қышқылы, ретинол, а-токоферол, В және басқа тобының витаминдері -ағзаның тұрақтылығын күшейтеді.

8. Пробиотиктер мен эубиотиктер

Бифидумбактерин, лактобактерин, бификол және т. б препараттары ішектің қалыпты микрофлорасын қалпына келтіре отырып имунитетті жоғарылататын микробтық масса.

Slide 16

Иммунодепрессивті дәрілер

Цитостатикалық дәрілер

Антибиотиктер

Батриден

Глюкокортикоидтар

Антилимфоцитарлы сары сулар

Коллагеноздардың базисті терапиясындағы препараттары

Slide 17

Бұл топ препараттары жасушалық иммунитетті тежеп, баяу типті гипериммундық реакцияларда, ауыр аутоиммундық ауруларда және мүшелерді алмастырып салғанда қолданылады. әсер ету механизмі антигенмен шақырылған иммунды жасушаларының бірлескен реакциялардың тежелуімен, ұлпалардың зақымдануын төмендетуімен байланысты.

Slide 18

Қорытынды

Қорыта келсем, иммунитет ағзаның кейбір ауру қоздырғыштарына қарсы тұратын қорғаныш қасиеті. Микроорганизмдерге және олардың токсиндеріне, вирустарға табиғаты бөгде антигенді заттарға, мүшелерді алмастырып салуда ағзаның антигенге иммундық жауап реакциясы пайда болады. Оларға жататын дәрілердің түрлері өте көп.

Slide 19

Қолданылған әдебиеттер

Фармакология :оқу құралы = Фармакология : учебное пособие / Г. М. Пичхадзе [т. б. ] . - М. : "Литтерра", 2016. - 504 бет

Харкевич, Д. А. Фармакология :оқулық. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 784 бет.

Рахимов, Қ. Д. Фармакология :оқу құралы. - Алматы : ЖШС "Жания-Полиграф", 2014. - 554 бет. с.

Орманов, Н. Ж. Фармакология. 1-кітап :оқулық / Н. Ж. Орманов, Л. Н. Орманова. - Алматы :Эверо, 2013. - 656 бет. с.


Ұқсас жұмыстар
Жүрек гликозидтерімен улану
Асқазан бездерінің секрециясы бұзылу
Қан тамырларын кеңейтетін дәрілер
Асқазан бездерінің секрециясы бұзылуында қолданатын дәрілер
Туғаннан кейінгі салдану
Эфферентті жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер
ҰЙЫҚТАТАТЫН ДӘРІЛЕР
Жұқпалы ауруларды емдеу
Мәселелі дәрілер туралы түсінік. Дәлелдімедицинаның қазіргі уақыттағы фармакотерапияның дамуындағы атқаратын рөлі
Гипотензивті дәрілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz