Атеросклероз сипаттамасы




Презентация қосу
Қазақстан Оңтүстік Қазақстан
Республикасының Медицина академиясы
Денсаулық Сақтау
Министрлігі

Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы

ПРЕЗЕНТАЦИ
Я
Такырыбы: Атеросклероз
Жоспар
• Кіріспе
• Негізгі бөлім
• Атеросклероз сипаттамасы
• Клиникалық көрінісі
• Қорытынды
• Қолданылған әдебиеттер
Атеросклероз
сипаттамасы

• Атеросклероз (atherosclerosіs; гр. athrа — ботқа және
sklrsіs — қатаю) — қан тамырларының ішкі бетіне
холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді
шоғырланып қалуы.
• Холестерин сіңіп қалған орын бастапқы кезде
сары жолақ дақ түрінде болса, келе-келе қатайған
түйінге айналады. Бұл түйіндер бір-біріне
қосылады. Соның салдарынан тамырдың ішкі
қабатында жаралар пайда болады, кальций
тұздары шөгіп, тамыры қатаяды, қан өтуі
қиындайды.
• Атеросклероз денедегі ең ірі қан тамыры —
қолқада жиі пайда болады. Атеросклероз
салдарынан қолқаның жұқарған жерлері
қалталанып кеңиді (аневризма) де, басқа
органдардың қан тамырларын бекітіп тастайды.
• Соның әсерінен кейде науқастың бірнеше минут
ішінде өліп кетуі мүмкін. Шажырқай
артериясының атеросклерозы ішектің өлі
еттенуіне, аяқ атеросклерозы аяқтың
гангренасына соқтырады. Атеросклероз жүрек
қыспасы (стенокардия), жүректің созылмалы
ишемиялық ауруы, жүрек инфарктінің негізгі
себебі болып есептеледі.
• Негізінен қарт кісілерде кездеседі.
Атеросклероздың пайда болу себептеріне
қан қысымының жоғары болуы,
эндокриндік аурулар және семіру жатады.
Атеросклероздың асқынған түрі
хирургиялық емдеуді талап етеді.
Атеросклероздан сақтану үшін дұрыс
тамақтану, әсіресе, өсімдік майын
пайдалану, спортпен шұғылдану керек.
Даму сатылары

• Атеросклероздың, яғни атеросклероздық
түймедақтың дамуы сатылы жүреді:
• I бастапқы сатысы – тамырлардың
липоидозы немесе липидтік дақтар мен
жолақтардың пайда болуы.
• ІІ сатысы – фиброздық – бұл сатыда коллаген және
дәнекерлік тін өсіп-өніп, "көпіршікті" жасушалар
мен холестериндік бөлшектерді қоршап, фиброздық
капсуланы түзеді.

• ІІІ сатысы – күрделі және асқынғаннан
түймедақтардың пайда болу сатысы.
Клиникалық көрінісі
• Атеросклероздың клиникалық көрінісі
патологиялық үдерістің даму деңгейінен гөрі
оның орналасқан аймағына тәуелді. Кейде тәж
артериясының жалғыз атеросклероздық
түймедағы өлімге әкеледі, ал шеттік
артериялардың, кеуделік немесе құрсақтық
аортаның ауыр атеросклерозы білдіртпей жүруі
және адамның өмір сүру ұзақтығына
айтарлықтай әсер етпеуі де мүмкін.
• Атеросклероз жайылмалы үдеріс бола тұра бір
немесе бірнеше аймақтың тамырларын басым
зақымдайды. Түймедақтар көбіне ірі
тамырларда және аортаның тамырлар
таралатын аймақтарында орналасады.
Атеросклерозға ең жиі ұшырайтын тамырлар:
аорта, тәж, ми, бүйрек, аяқтардың және іш
қуысының артериялары.
• Атеросклероз диетотерапиясының басты
принциптері.
• Емінің басты тәсілі — диетотерапия.
Атеросклерозды зерттейтін еуропалық
қоғамның сарапшылар тобы (1987)
липопротеиндердің алмасуын қалпына
келтіретін диетаның жеті "алтын" ережесін
жариялады:
1. Майлардын мөлшерін азайту.
2. Гиперлипидемияның дамуына септігін тигізетін
қаныққан май қышқылдарының мөлшерін күрт азайту
(мал етінің майын, сары майды, қаймақты, жұмыртқаны).
3. Қанықпаған май қышқылдарына бай тағамдарды
кеңінен тұтыну.
4. Клетчаткаға бай және күрделі көмірсулары мол
(көкөніс, жеміс) тағамдарды молынан тұтыну.
5. Тағам дайындағанда сары майдың орнына өсімдік
майын тұтыну.
6. Холестеринге бай тағамдарды күрт азайту.
7. Ас тұзының тәуліктік мөлшерін 3-5 г дейін шектеу.
Медикаменттік ем:
1. Статиндер - симвастатин, правастатин,
флувастатин, аторвастатин қолданылады.
2. Фибраттар - фенофибрат, безафибрат,
клофибрат.
3. Атеросклерозға шалдыққан науқастарға
поливитаминдік терапияда жүргізген тиімді.
4. Энтеросорбенттер.
5. Санаторлық-курорттық ем.
Қорытынды
• Организмнің бала кезден бастап елеусіз дамитын
созылмалы және толқынды түрде болатын жалпы
ауруының негізінде зат алмасу процестерінің, ең алдымен
липидтің, әсіресе холестериннің және липопротеидтердің,
сондай-ақ белоктық алмасулардың бұзылуы жатыр.
Атеросклероздық жергілікті білінуі серпімді
артериялардың зақымдануы болып табылады. Осы қан
тамырларында біртіндеп атеросклероздың түйіні (бляшки)
түзіледі де қан тамыры кеңістігін тарылтып, онымен
жүретін қаннын ағысын бұзады. Атеросклероздық процесс
бәрінен бұрын қолқаны, сонан кейін жүрек, бас ми
артерияларын зақымдайды. Бұдан аяқ-қол, бүйрек және
басқа да артериялар да көп зардап шекті.
Қолданылған әдебиеттер
1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: өңделіп,
толықтырылған 3-ші басылым. Алматы, 2007, 648
бет.
2. Ахметов Ж.В. Патологиялық анатомия. – Алматы.-
2003.
3. Ахметкалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық
патоморфологияға кіріспе: Оқу құралы. – Ақтөбе:
Ақтөбе медициналық академиясы. С.5-34.
4. Хасенова К. Патологиялы қ физиологиядан дəрістер
жина ғ ы. – Т ү ркістан, 2005

Ұқсас жұмыстар
Төменгі аяқ артерияларының атеросклерозы
Емдеу жолдары
ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІ. ҚАН АҒАТЫН ТҮТІКШЕЛЕР ЖҮЙЕСІ
“Атеросклерозға қарсы қолданылатын препараттар”
Құрамында сапониндер бар дәрілік өсімдіктер
Жүрек қан тамырлар жүйесін кешендік емдеу әдістер
Артерия вена хирургиялық аурулары
Холестерин синтезі
Организм реактивтілігі, анықтамасы
Атеросклерозға қарсы заттар
Пәндер