Дәрілік түрлер технологиясында қолданылатын дәрілік және қосымша заттар
Презентация қосу
Қазақстан Оңтүстік Қазақстан
Республикасының Медицина академиясы
Денсаулық Сақтау
Министрлігі
Дәрілер технологиясы кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИ
Я
Такырыбы: Дәрілік түрлер технологиясында қолданылатын
дәрілік және қосымша заттар.
Жоспар
■ Кіріспе
■ Негізгі бөлім
■ Улы және күшті әсер ететін заттар
■ Қосымша заттар
■ Қосымша заттардың жіктелуі
■ Қорытынды
■ Қолданылған әдебиеттер
Улы және күшті әсер ететін
заттар
■ "Қазақстан Республикасында есірткілік дәрілердің,
психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Ережелерін бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10
қарашадағы N 1693 қаулысын жүзеге асыру мақсатында
және бақылауға жататын, құрамында есірткі құралдары,улы
заттар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік
заттарды сақтауды, есепке алуды, жазып беруді, босатуды
■ Күшті әсер ететін улы заттар және химиялық қауіпті
объектілерде апат болған жағдайдағы халықтың әрекеттері
■ Күшті әсер ететін улы заттар химиялық, мұнай өңдейтін,
мұнай-химиялық, тағамдық, ет-сүттік, тоқымалық, қағаздық
және т.б. кәсіпорындарда ақырғы немесе қосымша өнім
болып табылады.
■ Қазіргі таңда адам өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында
мыңдаған түрлі химиялық қосылыстарды пайдаланады. Әр
жыл сайын бұл сан 200-1000 жаңа заттарға арттады.
■ Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылықта және тұрмыста
қолданылатын химиялық заттардың әр түрлілігі ұдайы өсіп
келеді. Мұның барлығы төтенше жағдайлардың жиі болып
тұруына әкеп соғады. Бұл – жарылыстар, өрттер, опырулар,
темір жолдағы, автомобильді және авиациялық оқиғалар,
түрлі химиялық заттардың атқылаулары мен тасқындары
химиялық қауіпті апаттардың болуына әкеледі.
■ Бақылауға жататын есірткі құралдарын,
психотроптық, улы
заттар мен прекурсорларды және құрамында
осылар бар
дәрілік заттарды сынақ лабораторияларында
(орталықтарында) сақтау мен есепке алу
1. Құрамында ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы есірткі құралдары,
ережелері:
психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды
(бұдан әрі мәтін бойынша ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар)
сақтау оларды есірткі құралдары, психотроптық заттар мен
прекурсорлар айналымы саласында пайдалануға рұқсат етілген
үй-жайларда жүзеге асырылады, бұл рұқсатты аумағында осы
объектілер (үй-жайлар) орналасқан ішкі істер органдары,
аумақтық лицензиялық-рұқсат беру бөлімдері (бөлімшелері,
топтары) береді.
2. Есірткі құралдарын, психотроптық, улы заттар мен
прекурсорларды сақтау үшін жауапкершілік лабораторияның
(орталықтың) бірінші басшысына жүктеледі.
3. Есірткі құралдарымен, психотроптық, улы заттармен және
прекурсорлармен жұмысқа жіберілетін адамдардың тізімі ұйым
бойынша бұйрықпен ресімделеді.
Қол жеткізетін адамдарда тиісті тексеру туралы ішкі істер
органдарының қорытындысы, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен,
созылмалы алкоголизммен ауыруының жоқтығы туралы психиатр
4. Анализге тапсырылған есірткі құралдары, психотроптық, улы
заттар мен прекурсорлар арнайы жабдықталған үй-жайларда,
сейфте сақталуға тиіс.
Сейф кілттері есірткі құралдарымен, психотроптық, улы
заттармен және прекурсорлармен жұмыс істеуге бұйрықпен
жауапты болып тағайындалған адамда болады.
Жұмыс күнінің аяғында бөлме мен сейфке мөр соғылады
немесе пломбыланады. Талдаушыға анализ үшін берілген
құрамында есірткі құралдары, психотроптық, улы заттар мен
прекурсорлар бар дәрілік заттар құлыпталып, басқа дәрілік
заттардан оқшау сақталады.
Құрамында улы заттар мен прекурсорлар бар реактивтер
құлыпталып сақталуға тиіс.
5. Дәріхана ұйымынан (дәріхана қоймасы, дәріханалар,
өнеркәсіптік өндірістер) талдамаға келіп түскен есірткі
құралдары, психотроптық, улы заттар мен прекурсорлар және
құрамына осылар кіретін дәрілік заттар анализ аяқталғаннан
кейін 3 ай бойы сақталады, бұдан соң олардың қалдықтары
өткізу-қабылдау актісі бойынша осы заттар алынған дәріхана
ұйымдарына қайтарылады (осы Ережелерге 4 қосымша).
6. Құрамында есірткі құралдары, психотроптық, улы заттар
мен прекурсорлар бар, дәріхана жағдайларында дайындалған
анализден қалған дәрілік заттар қалдықтары 20 күн бойы
7. Бүлінген есірткі құралдарын, психотроптық, улы заттар мен
прекурсорларды сақтау мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ
анализ қалдықтарын (6-т) сақтау мерзімі аяқталғаннан соң
жоғары тұрған ұйым, ішкі істер мен санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау органдарының өкілдері тартыла
отырып, сынақ лабораториясы (орталығы) жанында құрылған
комиссия жояды. Жоюға акт жасалады (осы Ережелерге 3
қосымша).
8. Дәрілік түріне қарамастан, лабораторияға анализге
түскен, құрамында ІІ, ІІІ, ІV, V Санаттардағы есірткі құралдары,
психотроптық, улы заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар
лицензиар-органның жауапты адамының мөрімен және
қолымен бекітілген (осы Ережелерге 1 қосымша), жеке
нөмірленген және тігілген журналдарда заттық-сандық есепке
алуға жатады.
9. Қазақстан Республикасының аумағында бақылауға
жататын құрамында есірткі құралдары, психотроптық, улы
заттар мен прекурсорлар бар реактивтер нөмірленген, тігілген,
жауапты лицензиар-орган мөрімен және қолымен бекітілген
(осы Ережелерге 2 қосымша) есепке алу журналында заттық-
сандық есепке алуға жатады.
10. Есірткі құралдарының, психотроптық, улы заттар мен
прекурсорлардың кірісі мен шығысы жөніндегі барлық
Қосымша заттар
■ Қосымша заттар –дәрілік препаратты дайындау үшін
қолданылатын көмекші заттар. Қосымша заттар МФ, ФМ,
УФМ немесе арнайы нормативтік құжаттармен
медициналық қолдануға рұқсат етілген болуы тиіс.
■ Әсерлі дәрілік препараттарды жасау көптеген қосымша
заттарды қолдануды талап етеді. Бұрынғы кезде қосымша
заттарға фармакологиялық және химиялық
индифферендік талаптары қойылатын, бірақ, бұл заттар
белгілі бір дәрежеде дәрілік заттардың фармакологиялық
белсенділігіне әсер етуі мүмкін: дәрілік заттардың әсерін
күшейтуі немесе төмендетуі, әр түрлі себебтер
салдарынан әсер ету сипатын өзгертуі, атап айтқанда
комплекс түзу, молекулярлық реакциялар,
интерференциялар және т.б.
■ Қосымша заттар дәрілік түрлерден дәрілік құралдардың резорбциялануына
әсер етеді, оны күшейтеді немесе баяулатады, демек, қосымша заттарды
қолдану арқылы дәрілік құралдардың фармакодинамикасын реттеуге
болады.
■ Қосымша заттар дәрілік құралдардың тек қана терапевтік эффективтілігіне
ғана емес, сонымен бірге, дайындау және сақтау процесіндегі дәрілік түрдің
физико химиялық сипаттамасына да әсерін тигізеді. Әртүрлі
тұрақтандырғыш заттарды қосу дәрілік препараттардың ұзақ мерзімде
сақталу кезіндегі жоғары әсерлігін қамтамасыз етеді.
■ Қосымша заттар барлық дәрілік түрлердің міндетті түрдегі ингредиенттері
болып табылады және қолданған кезде ағзаның мүшелерімен, ұлпаларымен
контактіге түседі, сондықтан, оларға белгілі талаптар қойылады:
1) Дәрілік препараттың медициналық белгіленуіне сәйкес болуы, яғни,
дәрілік құралдың сәйкес фармакологиялық әсер көрсетуән қамтамасыз
етуі, дәрілік құралдың биологиялық тиімділігіне әсер етпеуі және
өзгертпеуі тиіс;
2) Қолданылатын қосымша заттардың мөлшерлері биологиялық зиянсыз
және ағза ұлпаларымен биологиялық сиымды болуы және
аллергиялық, улы әсер көрсетпеуі қажет;
3) Қосыша заттар дәрілік түрге талап етілетін қасиеттер беруі тиіс:
құрылыстық –механикалық, физико –химиялық. Қосымша заттар
дәрілік препарттардың органолептикалық қасиеттеріне кері әсер
тигізбеуі тиіс (иісі, дәмі, түсі және т.б.)
4) Дәрілік препараттарды дайындау және сақтау процесінде дәрілік
құралдармен орамдаушы және тығындаушы құралдармен, сонымен
қатар, технологиялық қондырғы материалдарымен химиялық немеес
физико-химиялық әрекеттесуінің болмауы.
5) Қосымша заттар дәрілік препараттардың микробтық ластануының
негізгі көзі болып табылатындықтан, дайындалатын препараттың
микробиологиялық тазалығының дәрежесіне байланысты жіберілуі
шектелуі микробтық контаминация талаптарына сәйкес болуы және
стерильдеу мүмкіндігі болуы қажет;
6) Экономикалық тиімді және отандық өндіріспен қамтамасыз етілуі
керек.
Қосымша заттардың
жіктелуі
■ Дәрілік түрлер технологиясында қолданылатын қосымша
заттар номенклатурасы өте көп, сондықтан, оларды бірдей
жүйеге келтіру тиімді.
■ Қосымша заттарды жіктеудің негізінде бірнеше белгілер
жатады: табиғаты (соның ішінде, химиялық құрылысы),
технологиялық сипаттамаларына және дәрілік түрдің
фармакокинетикасына әсері.
■ Қосымша заттар табиғаты бойынша табиғи, синтетикалық
және жартылай синтетикалық болып бөлінеді.
■ Табиғи қосымша заттар өсімдік және жануар шикізаттарын,
микроб тектес шикізаттарды және минералды өңдеу арқылы
алынады. Артықшылығы – биологиялық қауіпсіздігі, кемшілігі
– микробтық ластану мүмкіндігі жоғары.
■ Синтетикалық және жартылай синтетикалық қосымша заттар
дәрілік түрлер технологиясында кеңінен қолданылады.Олар
жоғары әсерлі ,улылығы төмен және оларды алу кезінде
табиғи заттар қасиеттеріне жетілдіру мүмкіндігі бар.
■ Форматүзуші заттар , сұйық дәрілік форма технологиясында
дисперсті орта (су және сусыз орта) ретінде қолданылады,
қатты дәрілік формаларды толтырғыштар (ұнтақ , таблетка
және т.б), май негізі , суппозиторий негізі ретінде
қолданылады. Микробқа қарсы тұрақтандырғыштарды
(консерванттар), дәрілік препараттарды микробтың әсерінен
сақтау үшін қолданады.
Табиғи қосымша заттарға:
■ Крахмал (Amylum) қатты дәрілік түрлерде қолданылады.
Суспензиялар мен эмульсияларда тұрақтандырғыш
ретінде 10%-тік ерітіндісі пайдаланылады.
■ Альгинаттар (Alginata) қосымша зат ретінде, альгин
қышқылы мен олрдың тұздары қолданылады. Ол теңіз
балдырынан алынған жоғары молекулалық қосылыс.
■ Пектин (Pectinum) көптеген өсімдіктердің клеткалық
қабырғаларының құрамына кіреді.
■ Микробтық полисахаридтер (Polysaccharida microbica) әр
түрлі қасиеттері бар, табиғи полимерлердің маңызды
бөлігін құрайды.
■ Коллаген (Collagenum) қосымша зат ретінде
қолданылады. Алудың негізгі көзң –ірі қара мал терісі.
■ Желатин (Gelatina) тері кесінділерін
буландыру кезінде алынады. Жағар майлар,
суппозиторийлер, желатинді капсулалар және
басқа дәрілік түрлерді дайындау үшін кеңінен
қолданылады.
■ Бентонит (Bentonitum) табиғи бейорганикалық
полимер. Суспенхияларды тұрақтандыру үшін
қолданылады.
■ Аэросил (Aerosilum) бентониттер тәрізді
бейорганикалық полимерге жатады.
Глицеринмен, вазелин майымен бірге сілбі
тәрізді жүйелер түзеді.
Синтетикалық және жартылай
синтетикалық ұосымша заттар
■ Еритін Метилцеллюлоза ( Methylcellulosum solubile) целлюлоза
мен метанолдың қарапайым эфирі. Сарғыш түсті,
түйіршіктелген немесе талшықты, иіссіз, дәмсіз ұнтақ. Суық
суда, глицеринде ериді, ыстық суда ерімейді.
■ Натрий-карбоксиметилцеллюлоза (Methylcellulosum-natrium)
целлюлоза мен глюколь қышқылының қарапайым эфирінің
натрий тұзы. Ақ немесе әлсіз сарғыш түсті, талшықты иіссіз
ұнтақ.
■ Поливинол (Polyvinolum) –синтетикалық суда еритін
винилсалицилатының полимері. Дәрілік түрлер
тезнологиясында жағар май негіздері болып табылады.
■ Полиакриламид (Polyacrilamidum) –ақ түсті, иіссіз, суда еритін
полимер. Сулы ерітінділері –жалған пластикалық
сұйықтықтар.
■ Спендер (Spans) –сорбитанның жоғары май
қышқылдарымен эфирі. Олар лиофильді
қосылыстар. Майларда және этанолда ериді.
■ Твиндер (Twins) полиоксиэтиленденген
сорбитанның және жоғары май
қышқылдарының монэфирлері. Суда және
органикалық еріткіштерде жақсы ериді.
■ Силикондар (Siliconum) –кремний
органикалық полимер. Түссіз, мөлдір,
тұтқыр, иіссіз, дәмсіз гигроскопиялық
сұйықтықтар. Эсилондарда полярлы және
жетіполярлы заттар жақсы ериді.
■ Көмекші заттардың әртүрлі топтарының жіктелуі мен
сипаттамасы бар:
■ Этил спирті (ГФС42Е-001-97). Ашық,өзіне тән иісі және дәмі
болатын түссіз сұйықтық. 78 С қайнайды.Оңай
тұтанады,көкшіл әлсіз алаумен жанады.Тығыздығы -0,808-
0,812 г/см.
■ Тазартылған су (ФС 42-2619-89). Иісі,дәмі болмайтын.түссіз
ашық сұйықтық. pH=5,0 – 7,0. Изотоникалық ерітінді. Дәмі
тұздылау ,түссіз, ашық түсті сұйықтық. pH=5,0 – 7,0.
■ Глицерин (ФС 42-698-73). ГОСТ 6824-76 бойынша жоғары
және бірінші сорттардан суды 1,225-1,235 ты суды 1,225-
1,235 тығыздыққа дейін араластыра отырып динамитті
дистилденген глицериннен алады. Тәтті
дәмді,иіссіз,түссізсироп тәрізді сұйықтық. Глицерин 290 С
-та қайнайды, аз ғана ластануда ысытылған бумен
вакуумда айдалады.
■ Вазелин майы (ГОСТ 3164-52). Түссіз майлы мөлдір
флюоресценцияланбайтын сұйықтық, иіссіз және дәмсіз
,тығыздығы 20С –та 0,870-0,890г/см .
■ Шабдалы майы (ГФ VIII ). Ашық сары түсті ,мөлдір
сұйықтық,иіссіз немесе өзіне тән ,жағымды майлы иісі
бар ,ауада кеппейді ,-10 С температурада май қатпауы
керек,сұйық және мөлдір болуы қажет ,абсолютті спирттің
60 бөлігінде ериді, эфирде ,хлороформда жеңіл ериді
,тығыздығы 20 С –та 914-920г/см.
■ Зәйтүн майы (ФС 42-821-73). Ашық сары немесе алтын сары
түсті мөлдір майлы сұйықтық,иіссіз немесе өзіне тән
жағымсыз иісі бар .Ауада кеппейді . +15 С –та тұндырғанда
да тұна бермейді.+10…+8 С температурада лайланады .Ал
0 С- та кристаллданған массаға айналады.Спиртте ериді
,эфирмен ,хлороформмен ,күкірткөміртекпен ,бензолмен
петролейнді эфирмен араласып мөлдір ерітінді түзеді.
Қорытынды
■ Қорыта келсем, күшті әсер ететін улы заттар-бұл химиялық заттар,
физико-химиялық кешенге, улағыштарға және т.б. қасиеттерге ие.
Ол адамның түрлі табиғатта болатын төтенше жағдайлардағы
жаппай тигізулеріне себеп болады (табиғи, техникалық, биолого-
әлеуметтік және әскери).
■ Көмекші заттар , күшейте немесе төмендете отырып дәрілік
формадан жасалған дәрілік заттар резорбциясына әсер етеді ,яғни
көмекші заттарды қолданғанда дәрілік заттардың
фармакодинамикасы мен олардың фармакокинетикасын реттеуге
болады.
■ Көмекші заттар ,дәрілік заттардың терапевтикалық тиімділігіне
ғана емес ,сонымен қатар, оларды дайындау мен сақтау
процессіндегі физика -химиялық сипаттамаларға да әсер етеді.
Әртүрлі тұрақтандырушы заттарды қосу ,ұзақ уақыт аралығында
дәрілік препараттардың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді,
үлкен медициналық маңызы ғана емес дәрілік препараттардың
қолдану мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретіндіктен экономикалық
маңызы да бар.
Қолданылған
әдебиеттер
1. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәіханалық
технологиясы. –Алматы: «Эверо», 2011. -432б.
2. Дәрілік түрлердің тәжірибелік технологиясы: оқулық / Б.А.
Сағындықова, Р.М. Анарбаева. –Алматы: «Эверо» баспасы,
2016. -464 б.
3. Интернет желісі http://adilet.zan.kz
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz