Этил спиртінің әсерлері
Презентация қосу
Қазақстан Оңтүстік Қазақстан
Республикасының Медицина академиясы
Денсаулық Сақтау
Министрлігі
Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология
кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИ
Я
Такырыбы: Этил спирті. Алкоголизмнің әлеуметтік аспектілері
ЖОСПАР
• КІРІСПЕ
• НЕГІЗГІ БӨЛІМ
• ЭТИЛ СПИРТІ ДЕГЕНІМІЗ
• ЭТИЛ СПИРТІНІҢ ӘСЕРЛЕРІ
• ҰРЫҚТЫҢ АЛКОГОЛЬДІ СИНДРОМЫ
• ҚОРЫТЫНДЫ
• ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ЭТИЛ СПИРТІ
• Этил сприті (этил алкоголі, шарап спирті, этанол) өзіне тән спиртті иісі,
күйдіргіш дәмі бар мөлдір ұшқыш сұйық, тез тұтанады, жанады, кез келген
қатынаста сумен, эфирмен, хлороформмен араласады.
• Алкоголь сөзі арабтың сөздері (аль-) khul –сурьма, антимоний, kuhul –
алкоголь, спирт kahala –жағу, бояу. Орта ғасырларда еуропада alco(h)ol –
майда ұнтақ, опа немесе тазартылған (дистилденген) су деген мағынада
қолданған. Спирт сөзі латын тілінен шыққан: spiro –үрлеу, дем алу. Галь
тілінде алкоголь - usquebaugh (өмір суы).
• Этил спирті молекуласындағы полярлы гидроксил мен полярсыз этил
радикалының бірге болуының арқасында жақсы еріткіш болады, тұнбалар,
экстракттар, сыртқа қолданылатын дәрілер дайындауда, пайдаланылады.
Организмде аз мөлшерде эндогенді алкоголь болады, оның қандағы
концентрациясы 0,004-тен 0,01% болады.
• Айдау тәсілі мен алкоголді алғашқы алуды табуды араб алхимигі Рагезаның
атымен байланыстырады, «пәлсапалық тас» шындығын іздеп, кездейсоқ
этил спиртін бөліп алады.
Этил
спиртінің
әсерлері
Рефлектор Кері
Жергілікті
лы сорылу
• Медициналық практикада негізінен жергілікті әсеріне орай қолданады. Кейбір
жағдайларда сырқаттардың сауығу кезінде тәбетін күшейтіп, ас жолдарының жұмысын
қалпына келтіру үшін ас шарабы, сыра, қымыз түрінде аз мөлшерде береді. Кризистік
жағдайларда этил спиртін парентералды қоректену қоспасымен (тәулігіне 50-70г) береді.
Организмде тотығу барысында 100г этанолдан 700ккал энергия бөлінетіні белгілі.
• Этил спиртінің жергілікті әсері:
Бырыстырғыш әсері –тері эпителииіндегі нәруыздардың сусыздануының нәтижесі (96%
этил спиртін ойылу мен күйікте дене күлдіруінен алдын алу үшін қолданады).
Тітіркендіргіш әсері –спирттің липофилді молекулалары терінің терең қабаттарындағы
сезімтал жүйке талшықтарын тітіркендіргенде, қызару, күйдіру сезімі пайда болады.
Жергілікті анестезиялық әсері –тітіркенгеннен кейін сезімталықтың жойылуы.
Бактерецидті әсері –бактериялардың нәруыздары дегидратация мен денатурацияға
ұшырайды.
ЭТИЛ СПИРТІНІҢ РЕФЛЕКТОРЛЫ ӘСЕРІ
• Этил спирті терінің сезімтал талшық ұштарын тітіркендіріп сегментарлы трофикалық
рефлекстерді қоздырып, ауырсынуды басып, жеңілдетуші әсер береді. 20-40% мөлшерінде
бронхиттерде, радикулитте жылытқыш компресс ретінде, отиттерде құлаққа тамызу үшін
пайдаланылады.
• Этил спиртінің аз мөлшерін ішке пайдаланғанда тыныстың жиілеуі, тахикардия, АҚ
өзгерістері байқалады. Жоғары мөлшерде тыныс алу тежеліп, брадикардия, артериялық
гипотензия, құсу, пилороспазмға алып келеді.
Этил спритінің қайта сіңу әсері
• Этил спиртінің қайта сіңу әсері оның қандағы мөлшеріне, яғни уытты кинетикасына байланысты.
• Этил спиртінің уытты кинетикасы. Этил спирті ас жолдарының барлық бөліктерінде қарапайым
диффузия арқылы 20% асқазанда, ал 80%-ы ащы ішекте сіңеді. Сіңірілу жылдамдығы этанолдың
мөлшеріне, алкоголь ішімдігінің түрі мен көлеміне байланысты. Концентрациясы 30-40%-дан
жоғарылағанда сіңірілуде арта бастайды. Этил спирті жоғары мөлшерде пилороспазм тудырып, ішек
резорбциясын бұзады, сонымен бірге шырышты қабатын құрғатады, ішек тамырларын тарылтады.
• Этил спирті липофилді әсерінен мембрана қабаттарынан тез өтіп мида (әсіресе ми қыртысында,
лимбикалық жүйеде, мишықта), жүректе, өкпеде, бауырда, жыныс мүшелерінде жоғары мөлшерде
болады. Мидағы жоғары мөлшері тіпті шығару кезеңінде де сақталады. Ол тіпті плацентарлық
тосқауыл арқылы да, ана сүтінеде енеді. Этил спиртінің 10% өзгермеген түрде тыныс арқылы, несеп
және тер арқылы бөлініп шығады. Спирт бүйрек түтікшелерін тітіркендіріп, вазопрессин
секрециясы тежеліп, диурез артады.
ЭТИЛ СПИРТІНІҢ ОЖЖ ӘСЕРІ
• Этил спирті наркоздық дәрілер сияқты ОЖЖ тежейді. Наркоздық әсерінің ұзақ
қозу кезеңі мен терапиялық әсері тар болады. Этил спиртіндегі қозу кезеңі
шынайы емес, мидың тежелу жүйелерінің жұмысы бәсеңдеумен болады. Этил
спиртін анестезиологияда қолданбайды.
• Алкоголь ішімдіктерін ұйқы алдында ішу ұйқтатуды жеңілдетеді, бірақ бірінші
түннен бастап, тез ұйқы қысқарады, таңғы ұйқыда жиі ояну болады, ұйықату
кезінде тыныс тоқтау эпизодтары жиі болады. Үш күн алкоголь ішкеннен кейін
ұйқыға кету жеңілдемейді.
• Қандағы этил спиртінің мөлшері мен мас болу дәрежесінің байланысы
анықталған:
1. Жеңіл мас болу (1-1,5г/л)
Босаңсу және тыныштану жағдайы, эйфория мен өзімшілдік, мылжыңдық, ерекше еттірілену,
қимыл тынымсыздығының артуы, қимыл үйлесімділігінің бұзылуы. Интуиция, өзін ұстау,
өзімен өзгеге сынмен қарау төмендейді, өз мүмкіндігін жоғары деп есептейді, ақыл және
физикалық жұмыс қабілеті, түс ажырату, кеңістікте көру, қашықтықты ажырату, көру жеделдігі
төмендейді. Масаңдану күшейе бастағанда эмоционалды өзгерістер: кейде себепсіз көңілді,
кейде агрессивтік, ашушаңдық, күдіктену артады. Ми қыртысының тежелуі күшейіп, қыртыс
асты орталықтары оның бақылауынан шығып кетеді.
2. Масаюдың орташа дәрежесі (1,5-3 г/л)
Сөздері байланыссыз, қисаңдап жүру, диплопия, нистагм, себебі үлкен жарты шарлар қыртысының,
базалды ганглийлердің, мишықтың, орталық мидағы көз қимылдату жүйкесінің орталығы,
жұлынның жұмыстары бұзылады.
3. Ауыр дәрежелі масаңдық (3-5 г/л)
Сопор жағдайы кейін ұзынша мидағы өмірге маңызды орталықтармен гипоталамустағы жылу
орталығы функциясының бұзылуы, комаға жалғасады: тырысу, гипотермия, мұздай салқын тер,
тыныс, жүрек жұмысы тежелуі, АҚ төмендеу, гиповолемия, ми мен өкпенің ісінуі. Алғашқыда
обтурациялық, аспирациялық асқынулардан сыртқы тыныс алу, терең комадағы тыныс алу орталығы
тежеледі.
ЭТИЛ СПРИТІНІҢ ЖҮРЕК ТАМЫР
ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕРІ
• Кейбір мәліметтерге қарасақ, жүрек-тамыр ауруларының ¼-нің этиологиясы алкогольді
ішімдікпен байланысты. Макүнемдерде жүрек ауруларының белгілері бауыр ауруларына
қарағанда екі есе жиі байқалады. Этил спиртін тек бір рет қабылдаған кезде
капилляруыттылық байқалады. Қайталап қабылдауда микроангиопатия, атеросклероз,
периваскулярлықанталау мен фиброз, тромбоциттер мен эритроциттердің агрегациясының
артуы байқалады. Бұл өзгерістер мида, жүректе, өкпеде, бүйректе айқын білінеді. Мида қан
–ми тосқауылының астроциттері ісініп дистрофияға ұшырай отырып, этил спиртінің
нейрондарға түсуіне кедергі бола алмай, қанталау мен некроздың микроошақтары пайда
болады. Ауыр уыттануда алкогольді энцефалопатия, тромбозды инсульт, субарахноидалды
кеңістік пен ми қарыншаларына геморрагия болуы мүмкін.
ЭТИЛ СПИРТІНІҢ АСҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІНЕ
ӘСЕРІ
• Этил спрті аз мөлшерде асқазанның шырышты қабатын тітіркендіріп, асқазан сөлінің
бөлінуін, сілекей өндірілуін арттырады.
• Этил спирті жоғары концентрацияда 25-60% асқазан сөлі бөлінуін тежейді, күйдіруші әсер
көрсетеді және компенсаторлы сілекей бөлінуін арттырып, пилороспазм тудырады.
Созылмалы маскүнемдікте алғашқыда гиперацидті эрозивті гастрит, кейін асқазан
бездерінің сөлденіс қызметі төмендеп созылмалы атрофиялық гастрит дамиды, ішекте
аминқышқылдары мен В (1,6,12), С, Д, фолий қышқылының сіңірілуі бұзылады. Ішпейтін
адамдарға қарағанда Helicobacter pylori жиі анықталады. Асқазан ісігі мен спиртті жиі
қолданудың этиологиялық байланысы бар.
ҰРЫҚТЫҢ АЛКОГОЛЬДІ СИНДРОМЫ
• Ұрықтың алкогольді синдромы жүктілік кезінде этил спиртін шектен тыс
қолданудан болады. Екрекше белгілері –балалардың өсуі мен ақыл-ес
дамуының жасынан кешеуілдеуі, микроцефалия, жоғарға еріннің
гипоплазиясы, қысқа мұрын, аяқ-қол, жүрек, жыныс мүшелерінің ақаулары.
Маскүнем аналардан туылған нәрестелердің 12%-да миы дамымай, ақыл
есінің кемдігі байқалады. Ұрықтың іштен өлі туылуы мен түсік тастау жиі
кездеседі. Этил спиртінің ұрықтың ақаулы дамуына жол беретін критикалық
мөлшері аптасына 60-80г.
СОЗЫЛМАЛЫ МАСКҮНЕМДІКТІҢ ҮШ
КЕЗЕҢІ БАР:
• Қайталамалы жіті алкогольмен уыттану сатысы (шамалы мөлшерде алкоголь ішімдіктерін анда-
санда қабылдау);
• Маскүнемдік сатысы ( спиртті ішімдіктерге құмарлық дамыды, алкогольді жиі, әрі ұзақ
қабылдау, интеллект жойылмайды, тәуелділік дамымайды);
• Созылмалы маскүнемдік сатысы (алкогольге психикалық және физикалық тәуелділік, қанда
сірке альдегидінің жоғары мөлшерде болуы).
60-80гр әр тәулікте қабылдау созылмалы маскүнемдікке тез соқтырады.
Маскүнемдер этил спиртін 3-5 күн тоқтатқан соң 5-15% абстиентті синдром дамиды:
1. Алкогольдік шөлдеу, тремор, тітіркенгіштік, үрей, ұйқының бұзылуы;
2. Бас ауру, бас айналу;
3. Қызығушылық бұзылуы;
4. Анорексия, жүрек айну, құсу, тершеңдік;
5. Тахикардия, артериялық гипертензия;
6. Клонико- тоникалық тырысулар
Абстенциялық ауыр жағдайларында елеру –қатты психомоторлық қозу, бұлдырау, көру, есту, тактильді
елестеулер, қате бағыттау, тырысулар, гипертермия, қатты терлеу, тахикардия жүрек айнуы, іш өту,
қарашық кеңеюі болады. Осы алкогольге тән аталған белгілер мен бірқатар сирек түрде өте ауыр
атипиялық түрлері –әсері ұзартылған, кәсіби психоз дамуы мүмкін.
РЕЦЕПТ
RP. SOL.SPIRITUS AETHYLICI 70% - 50.0
DА TALES DOSES №1 IN FLACON
S. ТЕРІНІ ЫСҚЫЛАУ ҮШІН
RP. SOL.SPIRITUS AETHYLICI 95% - 50.0
DА TALES DOSES №1 IN FLACON
S. АЛКОГОЛЬ ЕРІТІНДІЛЕРІ МЕН КОМПРЕССТЕРДІ ДАЙЫНДАУҒА
АРНАЛҒАН
ҚОРЫТЫНДЫ
• Қорыта келсек, этил спиртіне құштарлықты тәжірибе бойынша
хелоцистокинин аналогтары, энкафалиназа тежегіштері, бейгармоналды
стероидты құралдар азайтатыны анықталды. Маскүнемдіктен тек
аурулардың 3-8% толық айығып, пайиенттердің 50% алғашқы 3 айда
рецидив болады (емдеу аяқталған соң). Алкогольге шыдамдылығы төмен,
рухани күйі үрейлі –көңілшек, жоғары әлеуметтік
мәртебелімаскүнемдердің толық айығуына мүмкіндік мол.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Фармакология :оқу құралы = Фармакология : учебное пособие / Г. М. Пичхадзе [т.б.]. -
М. : "Литтерра", 2016. - 504 бет
2. Харкевич, Д. А. Фармакология :оқулық. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 784 бет.
3. Рахимов, Қ. Д. Фармакология :оқу құралы. - Алматы : ЖШС "Жания-Полиграф", 2014. -
554 бет.с.
4. Орманов, Н. Ж. Фармакология. 1-кітап :оқулық / Н. Ж. Орманов, Л. Н. Орманова. -
Алматы :Эверо, 2013. - 656 бет.с.
5. Интернет желісі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz