Қолданыстық кернеу


Slide 1

Процессор және оның сипаттамалары

Slide 2

Процессор деген не?

Орталық процессор (CPU - central processing unit) - арифметикалық және логикалық операцияларды іске асыратын және компьютердің барлық құрам бөлшектерінің жұмысын реттейтін ең басты құрылғысы.

Slide 3

Процессор қайда орналасады?

Процессор әдетте аналық платада, кулердің (вентилятордың) астында орналасады.

Slide 4

Орталық процессордың құрамына жатады:

АЛҚ (арифметикалық-логикалық құрылғы) ;

Басқару құрылғысы;

Регистрлер;

Сыртқы құрылғылармен өзара мәлімет өңдей алатын ортақ шина;

Кэш-жады - көлемі кішкентай, жылдам жұмыс істейтін жады (8 Кбайттан 64 Мбайтқа дейін) ;

Ондық бөлшекті сандармен операцияларды орындайтын математикалық сопроцессор;

Slide 5

Процессордың негізгі қызметтері:

Екілік (бинарлық) сандармен - қарапайым арифметикалық операцияларды орындау: қосу, азайту, көбейту және бөлу.

Компьютерлік логика амалдарын орындау: салыстыру, шартты өту және қайталау (циклдар) .

Slide 6

Процессордың разрядтылығы оның бір тактта өзінің регистрлерінде қанша биттарды қабылдап және өңдей алатындығын көрсетеді.

Ең алғашқы процессорлар 4 разрядты болды. Қазіргі Intel процессорлері 64 разрядты мәліметтер шинасымен жұмыс істесе де 32 разрядты болып саналады (процессордың разрядтылығы мәліметтер шинасымен емес, командалық шинаның разрядтылығымен анықталады) .

Slide 7

Микропроцессор

Микропроцессор - бұл интегралдық схема. Ол пластмассалық немесе керамикалық корпусқа салынған және алтын қосылған металл сымдармен жүйелік (аналық) платаға қосу үшін жалғанады.

Slide 8

Процессорлердің негізгі параметрлері:

Қолданыстық кернеу;

Разрядтылық;

Қолданыстық тактілік жиілік, тактілік жиілікті көбейтудің ішкі коэффиценті;

Кэш-жадының көлемі;

Slide 9

Процессордың қолданыстық кернеуін аналық плата қамтамасыз етеді, сол себепті әр процессор моделіне оған сәйкес келетін аналық платаның моделін таңдаған дұрыс.

Процессорлық техника қарқынды дамып жатқандықтан, процессорлардың қолданыстық кернеуі төмендеуде.

Процессорлардың алғашқы модельдерінің қолданыстық кернеуі - 5 В болған, ал қазіргі кезде кернеу мөлшері 3 В-тан кем.

Жылу реттегіш қапшығында маркировка түрінде процессордың техникалық сипаттамалары жазылады.

Slide 10

Өнімділігі жоғары процессорларды көлемі үлкен кэш-жадымен жабдықтайды.

Кэш-жады - оперативті жадыдағы мәліметке қол жеткізуді жылдам ету мақсатында қолданылатын өнімділігі жоғары компьютерлік жадының түрі.

Slide 11

Жиі кэш-жадыны бірнеше деңгейге бөледі:

Бірінші деңгейлі кэш-жады өз қызметін процессор орналасқан кристаллда орындайды. Оның көлемі ондаған Кбайт-тай болады.

Екінші деңгейлі кэш-жады процессор орналасқан кристаллда немесе түйінде болады, алайда бұл деңгейдегі кэш-жады басқа кристаллда жүзеге асады. 1-ші және 2-ші деңгейдегі кэш-жады процессор ядросының жиілігімен сәйкес жиілікте жұмыс атқарады. Екінші деңгейдегі кэш-жадының көлемі 128 Кбайт-тан 12 Мбайт-қа дейін жете алады.

Үшінші деңгейдегі кэш-жады SRAM типтегі өнімділігі жоғары микросхемаларда жүзеге асады және аналық платаға, процессорға жақын орнатады. Бұл деңгейдегі кэш-жадының көлемі бірнеше Мбайт-қа дейін жетуі мүмкін, бірақ аналық платаның жиілігі бойынша жұмыс атқарады.


Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру
Кернеу бөлгіш өңдеу
Жанасу кернеуі
Трансформатор - кернеуді арттырып, төмендетуге және ауыспалы ток түрлендіруге мүмкіндік беретін қарапайым құрылғы
Физика – ғажайыптар әлемі
Аңшылық және оның түрлері
АЙНЫМАЛЫ ТОК
ФАЗАЛЫҚ ГЕНЕРАТОРЫ
Трансформаторлардың қызметі
Ток күші тобына
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz