Қылмыстық құқық принциптері




Презентация қосу
ЖЕКЕ ҚЫЛМЫС
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім

1.1 Қылмыстық құқық және оның
принциптері
1.2 Жеке қылмыстың белгілері мен түрлері
1.3 Қылмыскердің жеке басы
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қылмыс - бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа
құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен
белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық
жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.
Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және
зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс
болып табылмайды. Бұл анықтамада қылмыстың формальды белгісі
де (құқыққа қарсылық), материалдық белгісі де (қоғамдық қауіптілік)
қамтылады. Сондай-ақ айыптылық пен жазаланушылық та
қылмыстың қажетті белгісіне жатады.
Криминологияда және құқықтық статистикада —әрқайсысы үшін
қылмыстық жазалау қарастырылған, іс жүзінде жасалған барлық
құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы. Сонымен бірдерлікте қылмыс
— жекелеген қылмыстардын тек қана саны (немесе жиынтығы) ғана
емес, бұл белгілі бір заңдылықтарды иеленген құбылыс.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ПРИНЦИПТЕРІ
Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар
жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң
нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті
саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады.
ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың
жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны,әділеттілік, айыптылық қағидаты.
Қылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық,еңбек, әкімшіліктік,
қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең
алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті
қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық,тонау, қарақшылық) қорғау
Қылмыстық құқықтың міндетіне жатады. Қылмыстық-құқықтық нормалар тек қана
тыйымдардан құралады. Осыған орай қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты
сипатта болады: қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, ал мемлекет сот органдары
арқылы оны жазалауға құқылы.
ЖАЛПЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ ЖАЙ - КҮЙІ

причинения тяжкого вреда
Убийства; здоровью;
1416; 1.18% 1640; разбои; 1589; 1.33% ; 1387; 1.16%
изнасилования
1.37% грабежи ; 10731; 8.96%

хулиганства ; 6814; 5.69%

другие ; 27869; 23.28%

наркопреступления; 8322; 6.95%
кражи ; 59939; 50.07%
Қылмыстық құқық принциптері
1.2 Жеке қылмыстың белгілері мен түрлері

Белгі Мазмұны
Қоғамдық қауіптілік Әрекеттің адамның жеке басына,
ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке
шынайы зиян келтіруі немесе осындай
зиян келтіру қатерін төндіруі
Кінәлілік Әрекеттің қасақана немесе абайсызда
жасалуы

Құқыққа қайшылық Әрекеттің Қылмыстық кодексте көзделуі

Жазалылық Айыппұл (500-10000 АЕК)
Түзеу жұмыстары (500-10000 АЕК)
Бас бостандығын шектеу
Бас бостандығынан айыру
Өлім жазасы
ҚЫЛМЫС
САНАТТАРЫ

Онша Ауыр-
ауыр лығы Ауыр Аса ауыр
емес орташа
1.3 Қылмыскердің жеке басы

Қылмыскердің интеллектуалдық-рухани сапа жиынтықтарына, оның
физикалық, және рухани жағдайына тән негізгі болмыстық қасиеттері мен
ерекшелік құрылымына негізделеді.
Қылмыскердің жеке басын талдау, ол жасаған әрекетті, соның ішінде
жеке басының болжауын құзыретпен бағалауды қамтамасыз ету үшін
шешуші болып табылады. Қылмыскердің жеке басы туралы жан-жақты
және терең ұғынушылыққа қол жеткізу мақсатында, талдау тек қылмысты
жасау уақыты мен зерттеу кезеңіндегі жайды ғана емес, сондай-
ақ тексерілушінің дамуын да қамтуы қажет. Бұл жағдайда қылмыстың
жасырын сарыны да, сондай-ақ психологиялық-психиатриялық ерекшелігі
де тең жағдайда есепке алынуы тиіс. Өйткені қылмыскердің жеке басы мен
қылмыс өзара байланысты болғандықтан, қылмыскер тұлғасы
туралы криминалистикалық жұмыстар аясында алынған тиісті мәліметтер,
қылмысты тексеру бойынша қызметтің бір бөлігін білдіреді.
Қорытынды
Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені
біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда
бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және
олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айдаудың маңызы зор. Екі немесе
одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқ
қатысу деп танылады. Қылмысқа қатысу барысында қылмыс жасауға бірнеше
адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің
белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа
жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды
және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірігу қылмысқа қатысудың
объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет
жасауын білдіреді, олардың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге
қол жеткізуге бағыттайды. Қылмыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін
біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал
басқалары қылмысты ойдағыдай жасауға және оны жасыруға барлық қажетті
жағдайларды жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол жеткізілген
нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, ортақ бөлінбейді. Тек қасақана
жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал қылмысқа
қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995ж. 30 тамыз.

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, 1997ж. 16 шілде.

3. Коментарий к Уголовному кодексу РК/Отв.ред.: Борчашвили И.Ш., Рахимжанова Г.К.- Караганда, РГК ПО “Полиграфия”,1999ж.

4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім.Оқулық. Алматы:Жеті Жарғы, 2001ж.

5. Қайыржанов Е. ҚР Қылмыстық құқығы.(Жалпы бөлім), Алматы,2003ж.

6. Наумов А.В. ҚР Қылмыстық құқығы, Астана, 2001ж.

7. Аскеров Э. “Институт освобождения от уголовного наказания в уголовном законодательстве зарубежных стран”, // Уголовное право,
№4, 2005ж.,8-10-б.

8. Алауханов Е. “Қылмыс және қылмыстық әрекет”, // Заң, №8,2005ж., 30-33-б.

9. Әбілқасымов Е. “Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың бастапқы негіздерінің
ерекшеліктері”, // Заң және заман, №8, 2004ж., 44-46-б.

10. Бұғыбай Д. “Қылмыстық жауптылықтан босату түсінігі”, // Заң, №3, 2004ж., 58-64-б.

11. Парадинова А. “Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату”, // Заң, №12, 2002ж., 49-51-б.

12. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы. // Заң, №3, 2002ж., 18-24-б.

13. “ҚР Қылмыстық Кодексінің 67 бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы ” ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы,
№4, 21 маусым 2001ж.

14. “Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатутуралы ереже”, 7мамыр
1996ж.

15. “Ауруға шалдығуына байланысты қылмыстық жазадан босату туралы” ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы.

16. “Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы” ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы,
30сәуір 1999ж.

Ұқсас жұмыстар
СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛ
Мемлекет және заң
Инвестициялық құқықтың принциптері
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар
Сотқа дейінгі тергеп - тексерудің басталуы
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу
Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Сыбайлас қатысудың белгілері
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың ОБЪЕКТИВТІК белгілері
Қылмыстық құқық бұзушылықтар
Пәндер