Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер


Slide 1

Тақырыбы: Туберкулезге қарсы

препараттар, фармакокинетика,

жанама әсері және оларды жою.

Ем мониторингі.

Орындаған: Ташбаева Садоқат

Slide 2 Slide 3

ЖОСПАР:

Кіріспе:

Туберкулез туралы жалпы түсінік

Негізгі бөлім:

Туберкулезге қарсы препараттар және олардың жіктелуі

Препараттардың дозалануы және қолдануындағы ерекшеліктер

Дәрілердің жағымсыз әсерлері

Қазақстандағы ғалымдардың туберкулезге қарсы ойлап тапқын жаңа препараты

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 4

Туберкулез халықтың бір бөлігін еңбекке қабілеттілігінен айыратын және ерте өлімге алып келетін маңызды әлеуметтік және медициналық мәселе болып табылады. 90-шы жылдары кеңестер одағының орнында пайда болған елдерде туберкулездің қарқынды тарала бастауына байланысты ДДҰ ТМД елдерінде туберкулезбен күресудің жаңа бағдарламасын енгізе бастады. Қазақстанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды бір қалыпқа келтіру мақсатында DOTS стартегиясы 1998 жылы Президенттің жарлығымен және Үкіметтің қаулысымен енгізіліп, 2001 жылы еліміз жағдайына бейімделіп жұмыс істей бастады.

Slide 5 Slide 6

Қазақстанда туберкулез ауруымен күресудің жаңа бағдарламасы қабылданағаннан кейін, бұл бағдарламаның жұмысын негіздейтін бұйрықтар мен әдістемелік нұсқаулар шығарылды. Осы құжаттарға сәйкес Қазақстанда туберкулезді табудың туберкулиндік диагностика, флюорографиялық әдістері қауіпті топ өкілдерінің арасында жүргізіледі және емдеу мекемелеріне қаралған науқастардың арасынан туберкулезді табу үшін бактериоскопия әдісі қолданылады, туберкулездің химиотерапиясы DOTS стратегиясының принциптеріне сәйкес стандартты түрде жасалады, сонымен қатар туберкулезді алдын алу және диспансерлік бақылау әдістеріне де жаңа өзгерістер енгізілді.

Slide 7 Slide 8

Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер

Қазіргі кезде туберкулезге қарсы дәрілерді негізгі және резервті топтарға бөледі.

Негізгі топ дәрілері: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, Стрептомицин.

Резервті топтағы дәрілер: Этионамид, Протионамид, Циклосерин, Канамицин, ПАСҚ, Амикацин, Капреомицин, Фторхинолондар.

Әсеріне қарай туберкулезге қарсы дәрілер - бактерицидті, тазалаушы (стерилизациялаушы), дәріге төзімділікті болдырмаушы болып бөлінеді.

Бактерицидті әсер жасайтын дәрілер: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Стрептомицин.

Тазалаушы әсер жасайтын дәрі: Рифампицин.

Дәріге төзімділікті болдырмаушы дәрілер: Изониазид, Рифампицин, Этамбутол, Стрептомицин.

Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13

Организмде ТМБ үш популяция түрінде болады: жасуша сыртында, казеозды заттарда және жасуша (макрофаг) ішінде. Емдеудің әрбір кезеңінде туберкулезге қарсы дәрілердің жасуша сыртында және ішінде орналасқан микобактерияларға белсендігін ескеру қажет.

Ең үлкен топты негізінен қуыс ішіндегі ТМБ-нан тұратын жасуша сыртындағы микроорганизмдар құрайды. Адам денесінде ТМБ-лардың көбеюі туберкулез процесінің өршуі кезеңінде байқалады. Бұл кезеңде микобактериялардың зақымдалған ағзалардың тініне қарқынды шығуы басталады, нәтижесінде жаңа қабыну аймақтары пайда болып, казеозды некроз дамиды. Бұл кезде ТМБ-лардың көпшілік бөлігі жасуша сыртында болады. Олар өте тез өсетін, метаболизмі жағынан белсенді популяция. Микробты денелер саны жобамен 107-109 болады. Оптимальды жағдайда бұл бациллалар әрбір 16-20 сағат сайын бөлінеді. Бұл кезеңде туберкулезге қарсы дәрілердің барлығы да нәтижелі болады.

Slide 14 Slide 15

Химиотерапия кезінде туберкулез қабынуы азайған сайын, микобактерия бөлу азайып, соңынан біржола тоқтайды. Бұл кезде науқас организмінде микобактериялардың бір бөлігі персистелген жағдайда сақталып қалып қояды. Оларды “ұйықтап жатқан” микобактериялар деп атайды. Микобактериялардың персистелінуінің бір түрі олардың L-түріне ауысуы. Бұл жағдайларда туберкулез микобактериялары жасуша ішінде болады.

Жасуша ішіндегі микобактерияларда көбейе алады. Казеозды ошақ және макрофаг ішіндегі микроорганизмдар саны 102-105 микробты дене болады да, аз жылдамдықпен көбейеді. Мұндай микобактерияларды туберкулезге қарсы дәрілердің көмегімен өлтіру - өте қиын. Себебі кейбір дәрілердің жасуша ішіндегі микобактерияларға әсері жасуша ішіндегілерге қарағанда әлсіз болады.

Slide 16

Ем нәтижелі болу үшін барлық қышқылға тұрақты бактерияларды жою керек, яғни ТМБ-лары орналасқан жерге ене алатын дәрілер қажет. Сондықтан барлық дәрілерді қолдануға болмайды.

Бактериялық популяциялардың азаюы қабыну процесстерінің таралуына, кавернаның жабылуына, ошақтардың қапшықтануына жағдай жасап, склероздың құралуына кедергі жасайды. Бірақ организмдегі туберкулездің жазылу процесстері қақырықтың негативациясына қарағанда баяу жүреді де, дұрыс жүргізілген химиотерапиядан кейін бірнеше айлар өткен соң аяқталады.

Slide 17 Slide 18

Химиотерапияны жекелеген және стандартты режимдерде жүргізеді. Қазақстанда химиотерапия DОТS стратегиясына сәйкес стандартты қысқа мерзімді режимде жүргізіледі. Стандартты ем дегеніміз - дәрілердің ең нәтижелі комбинациясын таңдау, емнің қарқынды және жалғастыру кезеңдерінде ғылыми дәлелді түрде ең нәтижелі дәрілерді таңдау, дәрілердің оптимальды мөлшерін таңдау, жағымсыз әсерлердің аз кездесуі. Стандартты емді ұйымдастыру жеңіл, оның нәтижесі жекелеу емге қарағанда дәрігердің квалификациясына аз байланысты болады. Стандартты емнің нәтижелілігі тәжірбиеде сыналып дәлелденген. Бірақ стандартты емді қажет болған жағдайда жекелей емдеу әдісіне ауыстыруға болады.

Slide 19 Slide 20

Бірнеше бактерицидті дәрілерді бір мезгілде қолдану химиотерапияның ұзақтығын 6-8 айға қысқартуға мүмкіндік берді.

DOTS стратегиясы бойынша туберкулездің кез келген түрімен ауыратын науқастарды емдеудің негізгі әдісі үш принципке негізделген.

Slide 21 Slide 22

1. Химиотерапиялық ем қатаң бақылаумен жүргізілуі керек. Ауруханада, санаторийларда науқастар туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді медицина қызметкерлерінің бақылауымен қабылдауы тиіс, ал емханалық жағдайда дәрі қабылдауды медицина қызметкерлері, химизаторлар, супервайзерлер немесе науқастың туыстары бақылайды.

2. Науқастардың ем категориясына сәйкес, барлық дәрілерді және толық мөлшерде қабылдауды қатаң сақтау.

3. Ем схемасының ұзақтығын сақтау.

Slide 23

Туберкулезбен ауыратын науқастарға химиотерапия жүргізу барысында бактерия популяцияларының әркелкі жағдайларда болуына байланысты туберкулезге қарсы дәрілермен емдеуді DOTS стратегиясы бойынша екі кезеңге бөледі.

Бірінші кезең - қарқынды кезең. Микобактериялардың көбеюін басып, санын азайту мақсатында стационарда қарқынды толық химиотерапия жүргізу. Емханалық ем жасауға да болады, жеке қаралады. Бірінші кезең 2-5 айға созылып 4 немесе 5 дәрімен қарқынды ем қолданылады. Бацилла бөлетін науқастардың көпшілігінде қарқынды кезең барысында микобактерия бөлу тоқтайды.

Slide 24

Екінші кезең - жалғастыру, қарқындылығы аз химиотерапия. Екінші кезең - қалған микобактерияларға, көбінесе баяу көбейетін және персистелген бактериялық популяцияларды жойып, репликация процессінің қайта пайда болуын және олардың көбеюін жаңадан болдырмау.

Екінші кезең амбулаториялық жағдайда жүргізіліп, 4-7 айға созылады, бұл кезде емнің қарқындылығы аз болады да 2-3 дәрі қолданылады.

Емнің екі кезеңінде де науқас дәрілерлің қажетті мөлшерін алу керек. Қазіргі кезде дәрілердің тәуліктік мөлшерін бір уақытта береді.

Slide 25

Қазақстан ғалымдарының туберкулез еміне ойлап тапқан препараты

Қазақстандық ғалымдар туберкулезге қарсы тиімді дәрі жасап шыққандарын жариялады. Жобаның ғылыми жетекшісі Мұрат Құлмановтың айтуынша, ЭФЭС-1 дәрісін қолданған әрбір азамат 2 айдың ішінде дертінен жазылып шығады.

"Біз клиникалық зерттеулерді аяқтау кезеңіндеміз, яғни әлемдік стандарттар бойынша клиникалық сынақтың екі кезеңін өткіздік. Қазіргі кезде клиникалық сынақтың үшінші кезеңіне кірісудеміз. Осыны аяқтағаннан кейін препараттың нарыққа шығатындығы жайында айтуға болады", - дейді жобаның ғылыми жетекшісі Мұрат Құлманов.

Slide 26

А. Ильиннің айтуынша, туберкулезбен ауыратын адам ЭФ-ЭС-1 препаратын қабылдаса 2 айдың ішінде дертінен құлан таза айығып шығады. Сондай-ақ, ол: «GLP стандарты техникалық реттеу нысандары ретінде тек дәрі-дәрмектерді ғана емес, сонымен қатар басқа да салаларды қамтиды. Олардың қатарында химиялық өнеркәсіп, ауылшаруашылығы саласы, ветеринарлық дәрі-дәрмектер бар. Аталған стандарт отандық өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттырады және оның халықаралық нарыққа шығуына мүмкіндік береді», - деді.

ЭФ-ЭС-1 препаратын жасаушы ғылыми топтың жетекшісі Мұрат Құлманов: «Қазіргі біз клиникалық сынақтың үшінші кезеңіне кірісудеміз», - деді.

Жұқпалы ауруларға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы өзінің GLP халықаралық стандартына сәйкестігін дәлелдеп отыр. Қазір бұл орталық ТМД аумағында ғылыми зерттеулер және инновациялық дәрі-дәрмектер өндірумен айналысатын бірден-бір ұйымға айналды. Бүгінде мұнда 200-ге жуық адам жұмыс істейтін 10 зертхана бар.

Slide 27

Патогенетикалық ем

Туберкулезге қарсы қолданылатын спецификалық дәрілер табылғанға дейін патогенетикалық, симптоматикалық ем негізгі, әрі бір ғана емдеу тәсілі болды деуге болады. Дегенмен қазіргі кезде туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуде басты орын бактериалды дәрілерге берілгенімен, науқастарға патогенетикалық әсер ететін дәрілер өз мәнін жойған жоқ.

Slide 28
Ұқсас жұмыстар
Мультирезистентті туберкулез
Туберкулез белгілері
Микробқа қарсы препараттар
Туберкулезбен ауыратын науқастардың категориялары, емдеу режимдері
Органикалық емес табиғаттың жіктелуі және номенклатурасы
Аурудың даму
ТУБЕРКУЛЕЗ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Туберкулёз
Асқазан бездерінің секрециясы бұзылуында қолданатын дәрілер
Қан тамырларын кеңейтетін дәрілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz