Емшекпен емізудің сырлары


Slide 1

Туылғаннан кейін нәрестені күту. Жылы ұстау. Су балансын сақтау.

Slide 2

Бала - отбасының берекесі, шырайы.

Сәби сүю - үлкен бақыт.

Slide 3

Жаңа туған нәресте қалыпты екі қабаттық мерзім өткен соң туып, денесінің салмағы 2500 грамнан астам болса, мерзімде туған деп саналады.

Slide 4

Сәбидің бөлмесін дайындау.

Ана мен жаңа туған нәресте перзентханадан келгенге дейін, олар үшін ең жарық бөлмені немесе бөлменің ең жарық бөлігін дайындап, ондағы барлық заттарды шығарып тастау қажет.

Slide 5

Перзентханадан келгенше келесі заттар дайын болу керек.

Төсек

Жөргектеуге арналған үстел

Жұқа жылы көрпе

Шомылдыруға арналған ванна

Түкті сүлгі

Суға арналған термометр

Жөргектер

Кішкене үшкіл жаялық

Ит жейде

Серуендеуге арналған сыртқы киімдер

Балаларға арналған сабын

Бөлме термометрі

Slide 6

Бөлмені ең кемі 3рет желдетіп отыру қажет: таңертең, күндіз және кешке. Жылы уақытта терезені немесе желдеткіш терезені ашып қоюға болады. Бөлме температурасының 20-22 градус болу қажет.

Нәресте жататын бөлмеге күн сәулесі түсетін болу керек.

Slide 7

Кіндікке күтім жасау.

Кіндікті кескеннен кейін орны кішкене жара болып қалады, сондықтан оған инфекция түсіп кетуі мүмкін. Баланы кіндігі жазылмасада қайнатылған суға түсіруге болады. Оны ұстар алдында үнемі қолды жуып отыру керек. Кіндік ылғи құрғақ болып тұру керек. 7-9 күннен кейін тұқыл қарайып түсіп қалады.

Slide 8

Көз күтімі

Туылғаннан кейін бірнеше апта бойы нәрестенің көзі­нен көбіне сарғыш шырыш бөлініп тұрады.

Оны қайнап, суы­ған суға малынған немесе емшектен аздап сүт тамызған мақ­тамен жайлап тазалауға болады.

Slide 9

Баланың терісін күту.

Баланы күнде жуындыру қажет.

Алғашқы 6 күн бойы сәбидің бетін қайнаған сумен жуады. Әр көзін жеке мақта тампонымен шетінен ішке қарай сүртеді, одан соң бетін таза шүберек немесе жұмсақ орамалмен құрғатады.

Мұрын тесіктерінің әрқайсысын ширатылған мақтамен тазартады. Баланың тырнағын өскен сайын алып отыру қажет. Сәбиді әр үлкен дәреттен кейін, міндетті түрде, жылы ағын сумен жуып-жаю қажет.

Slide 10

Тері сарғыштығы

Көптеген нәрестелердің денесі туылғаннан бір тәуліктен кейін сарғыштанып кетеді. Бұл қалыпты жағдай, оған арнайы емнің қажеті жоқ. Тек жиірек, 2 - 3 сағат сайын емізіп, күннің сейілген жарығымен сәулелендіріңіз. Әдетте сарғыш­тық 3-6 күннен кейін өздігінен басылады.

Бірақ емшек еметін нәрестелерде ол одан да көбірек уақытқа сақталуы мүмкін. Бөбек сергек, емуі дұрыс, күніне 3 - 4 рет кіші дәретке, 1 - 2 күнде бір рет үлкен дәретке отыратын болса, алаңда­мауға да болады. Ал егер сарғыштық күшейе түсіп, бір апта­дан кейін де басылмай тұра берсе немесе туылғаннан кейінгі 24 сағат өтпей тұрып-ақ пайда болса, дереу дәрігермен байланысыңыз.

Slide 11

Үлкен дәрет

Баланың алғашқы дәреті (тоңғақ яки меконий) қара түсті. Кейде ол өте жабысқақ болып келеді, сондықтан баланың құйрығын жуып тазарту оңай болмайды. Соның ал­дын алу үшін баланы алғаш рет жаялыққа орамас бұрын құйрығына аздап вазелин жағу керек. Баланың сүт емуі жүйеге түскен соң, үлкен дәрет қара түстен қошқыл жасылға, сосын анасының жеген тамағына байланысты сарғыш не қоңыр түске өзгереді. Үлкен дәреттің жиілігі де әр түрлі бо­лады. Кейбір нәрестелер емген сайын жаялығын бүлдірсе, басқа­лары 2-3 күнде бір рет бүлдіреді. Мұндай айырмашылық әр нәрестенің ас қорыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне бай­ла­нысты.

Slide 12

Іштің кебуі

Көптеген нәрестелер іштері кеуіп жылайды. Мұның бір себебі нәрестенің ас қорыту жүйесінің даму ерек­ше­лі­гінде. Басқа да себептері мыналар болуы мүмкін:

Ананың жеген тамағының әсері.

Құшырлана емгенде нәрестенің асқазанына ауаның көп өтіп кетуі.

Slide 13

Сондай жағдайда мынаны істеуіңізге болады:

Бала емізіп жүрген кездің бәрінде, жеген тамағыңызға әрі оның балаға қалай әсер ететініне көңіл бөліңіз; мысалы, ащы тағамнан немесе қырық-қабаттан (капуста) кейбір нәресте­лер­дің іштері кебеді.

Баланың ішін сипаңыз.

Оны біраз уақытқа ішімен жатқызыңыз, алайда баланы еш­­қашан етпетінен жатқызып ұйықтатпаңыз.

Емізіп болғаннан кейін баланы тік ұстап, арқасынан аздап қағып, кекіртіңіз

Slide 14

Баланы шомылдыру үшін қажетті заттар:

1) Кішкентай ванна (фаянс, эмаль немесе пластмаса) 2) Қайнаған сумен шаюға арналған ыдыс 3) Судың температурасын өлшеуге арналған термометр 4) Бала сырғып кетпеуі үшін ваннаның түбіне орамал немесе төсеме 5) Сүрту үшін үлкен жұмсақ орамал (тек қана сәбиге арналған) 6) Жеке басының бұйымдары (кішкентай тарақ, жұмсақ сусабын, балаларға арналған сабын, мақта тампондары) 7) Сәбидің киімдері, таза жаялық.

Slide 15

Сәбиді тәуліктің кез-келген уақытында шомылдыруға болады, бірақ ең дұрысы баланы емізер алдында (сағ 21-де) шомылдыру. Кешкі уақытта күнделікті шомылуға шартты рефлексін қалыптастыру бала өмірінің келесі кезеңдері үшін аса пайдалы болуы мүмкін. 6 айға дейін жастағы дені сау сәбиді күн сайын, ал 6 айдан асқан сәбиді күн ара шомылдырған жөн. Күн ыстықта сәбиді кез-келген жаста, күн сайын шомылдыру керек.

Slide 16

Жаялық ауыстырғандағы дұрыс қимыл-қозғалыстар:

Бұл бөбекке зақым келтіруі мүмкін (ортан жіліктің орнынан шығып кетуі) .

Олай істесеңіз денесінің салмағы­ның үлкен бөлігі оның бас тұсына келеді, содан оның миына көбірек қысым түседі.

Нәрестені аяғынан ұстап көтергенде оның ішіне де қысым түседі, бұдан ол құ­сып жіберуі немесе іші желденуі мүм­кін әрі оның тыныс алуы да бөгеліп қиын­дайды.

Сіз нәрестенің түгел денесін дерлік бір мезгілде қозғап жатырсыз, сондықтан бөбектің осы қимыл-қоз­ғалысқа белсенді қатысуына мүмкін­дігі қалмайды.

Slide 17

Дұрысы: жая­лық­ты нәрестені қырынан жатқызып ауыстыру.

Себебі:

Бөбектің дене салмағы өзі жатқан жердің бетіне түседі.

Қимыл-қозғалыстарыңыз баяу болғандықтан нәресте солар­­ды сезе алады, содан ол өзін қауіпсіз сезінеді.

Бөбектің денесінің түрлі бөліктері бірінен кейін бірі қозғалады.

Нәресте өз денесінің қалай қозғалып жатқанын сезіп, соған өзінің де белсенді қатысуына мүмкіндігі болады.

Slide 18

Емшекпен емізудің тиімді oн принциптері

1 . Емшекпен емізу тәжірибесі жөнінде бекітілген ережені қатан сақтау және оны барлық медицина қызметкерлеріне жүйелі түрде мәлімдеу.

2. Осы саясатты іс жүзіне асыру үшін қажетті ережелерге барлық медицина қызметкерлерін оқьпу.

3. Барлық екіқабат әйелдерді еміпекпен емізудің артықшылығы мен әдістері жөнінде хабардар ету.

4. Босанғаннан кейін жарты сағат ішінде емшекпен емізуді бастау үшін аналарға көмек көрсету.

5. Бөпелерінен бөлек болатын жағдайда, емшекпен емізу мен лактацияны, қалай сақтау керек екендігін аналарға көрсету.

6 Жаңа туған нәрестелерге емшек сүтінен басқа тағамдар тек дәрігердің кеңесі бойъшша берілсін.

7 Ана мен нәрестенің бірге бір палатада болуын тәжірибеге енгізу. 8. Нәрестені қажетінше емшек емуге ынталандыру.

9. Емшек еметін нәрестелерге алдандыратын немесе жұбататын жасанды заттарда (емізік, бөтелке) бермеу.

10. Емшекпен емізуді қолдайтын топтардың болуын жандандыру және перзентханадан шыққаннан кейін аналарды сол топтарға жолдау.


Ұқсас жұмыстар
Емшектегі бала тәрбиесі
Ана сүтінің құрамы
Микроскопияның негіздеушісі, 1680 жылдан бастап Лондон королдік қоғамының мүшесі
Нәрестелік кезең аурулары. Нәрестедегі сары ауру
Табиғат тылсымы
Нәрестелердің физиологиялық сарғаю ерекшеліктері
КӨСЕМСӨЗ МҰРАСЫ
Берілу жолы
АИВ ЖИТС
Дисбактериоз емі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz