Минералды азықтар
Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
“Технология және биоресурстар” факультеті
“Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы” факультеті
Минералды азықтар
Орындаған: Төлебек
Маржан
Қабылдаған: Жалғабаева
Жанат
Минералды азық
• Минералды азық – малға қосымша азық ретінде
берілетін табиғи және қолдан жасалынатын өнім.
Жемшөпте натрий мен хлор аз болатындықтан,
малды, көбіне ас тұзымен үстеме қоректендіреді.
Кальцийлі үстеме қоректерге – бор, травертин,
сүйек ұны, ағаш күлі, гипс, т.б. жатады. Жемшөп
мөлшерінде кальций мен фосфор тапшы болса,
азықтық фосфаттарды пайдаланады (фторсыз
фосфат, преципитат, сүйек ұны, т.б.). Малға
Минералды азықты ұнтақталған тамыржемісті
өсімдіктерге, сүрлемге, жемге араластырып береді.
Минералды азық құрама жемнің ішінде де болады.
Минералды заттар
• Минералды заттарға мал азығын жоғары
температурада 500-550 С жаққанда қалатын
шикі күл құрамындағы химиялық элементтер
жатады. Олардың азық құрамындағы
мөлшері грамдап есептеліп сегізі макро көп
мөлшердегі элементтер деп, ал қалғаны
макро - аз мөлшердегі элементтер деп
аталады. Макроэлементтерге жататын азық
күлінде көп болатын кремний шақпақ
элементі инертті реакцияларға қатыспайтын
тотық ретінде болатындықтан, әдетте оны
есепке алмайды.
• Макроэлементтердін төртеуі- кальций,
калий, натрий және магний – алмасу
барысында сілтілік қасиеттер
көрсететіндіктен сілтілік немесе негіздік
макроэлементтер деп, ал қышқылдық
қасиеттер көрсететін үшеуі - фосфор, күкірт,
хлор - қышқылдық макроэлементтер деп
аталады. Арақатынастары бұзылған
жағдайда бір элементтің мал азығында
жеткілікті болуына қарамастан сіңіріліп,
пайдаланылуы күрт төмендеп, организм зиян
шегеді.
Ас тұзы- натрий хлориды
• Өсімдік тектес азықтардың көпшілігінде натрий және
хлор тапшы болып келеді. Сол үшін қажеттілікті
толықтыру үшін қойларды ас тұзымен қосымша
қоректендіреді. Ас тұзы асқазан сөлінің бөлінуін
жоғарлатып, малдардың тәбетіне әсер етеді. Ол кейбір
азықтардың дәмін келтіріп, желінуін жақсартады.
Қойларды жайылымда ұстау және қорада ұстау
кезеңінде үлкен қойларды азықтандыру барысында
шамамен бір басқа 8- 10г ас тұзы беріледі. Қорада ұстау
жүйесі кезіндегі сүрлеммен азықтандыру барысында
бір азық өлшеміне 10-15 г тұз берілуі қажет. Бұндай
көлемдегі тұзды жануарлар азықтың құрамынан ала
алмайтындығына байланысты шамамен жарты
тәуліктік нормасын сүрлеммен ұсатылған немесе ірі
азықтарға ерітілген күйде араластырылып беріледі.
• Солтүстік Қазақстан жағдайында суда және азық
құрамында йодтың аздығынан зоб ауруына әкеп
соқтырады. Сондықтан қойларды 1 кг тұзға 5 мг
калий қатынасында қоректендіру ұсынылады.
Йодпен байытылған тұзды брикеттерді
шаруашылықта да дайындауға болады. Ол үшін
ағаш астауға немесе жәшікке үгітілген тұздан 98
кг өлшеп салынады. Бөлек шыны банкаға 2 кг
тұздың үстіне 200 мл сүт немес көк сүт, 2,5-3,0 г
калии йод және 150 г ас содасын салып мұқият 2
минут араластырады. Дайын болған йодты тұзды
ағаш астаудағы 98 кг тұзға қосып 10-12 минут
араластырады. Дайын йодталған тұзды құрғақ
ағаш бөшкелерге салып құрғақ бөлмеде
сақтайды. Йодты тұзды қойлардың азықтарына
күнделікті мөлшерде қосып береді.
Бор
• Бордың құрамында 37-38% кальции бар. Бір қойға
тәулігіне 8-10 г берілуі қажет. Шаруашылықтарда
жас төлдерді өсіру барысында борлы суды 54 жие
қолданады. Борды дәке қапшыққа салып, су
құйылған астауға салып қояды. Астауға құйылған
судың легімен қаптағы бор шайылып
отырадыжәне сол суды жас төлдер ішеді. Борды
құрлыстық бормен ауыстырып беруге болмайды
өйткені малды қоректендіру барысында жемшөп
түрлерінің организмге қажетті мөлшерде ғана
берілгенде пайдалы екенін ұмытпаған жөн.
Жемшөппен қажетті мөлшерден артық не кем
азықтандыру да организмге зиянды әсер етеді
Витаминдер
• Витаминдер денеде зат алмасу барысын қамтамасыз
ететін, организмге түзілмегендіктен азықтармен толық
жеткізілуі қажет органикалық заттар. Сыртқы ортадан
организмге аз енсе зат алмасуы тежеліп, бұзылып
витамин жетіспеушілік – гиповитаминоздық ауыру
белгілері, ал витаминдер тіпті болмағанда –
витаминсіздік, яғни авитаминоздық ауыру белгілері
пайда болады. Аурудын алғашқы кезеңінде барлық
витаминдердін жетіспеушілігінен тәбеттін бұзылуы,
өсудін тежелуі салмақ қысымының тоқталуы сияқты
белгілер пайда болып, ұлғая келе ол витамин
жетіспеушілігінен туатын арнайы белгілерге ұласады.
Олар тек жетіспейтін витаминді бергенде ғана жазыла
бастайды. Организмдегі зат алмасу барысы неғұрлым
жеделдеген сайын өсіп келе жатқан төл, буаз және
жоғары өнімді сақа мал организмінде витаминдер
жетіспеушілігінін зардабы өсе түседі.
• Витаминдерді атқаратын қызметіне байланысты екі топқа
бөлінеді. Біріншісі – биокатализаторлар ретінде
ферменттер құрамында қызмет ететіндері коферменттер.
Оларға В витаминдердін тобы және К витамині жатады.
Екіншісі – торш құрылысындағы тұзілу процесін реттеу
арқасында зат алмасуына ықпалын жүргізетін
индуктивтік әсер ететіндері. Оларға А, Д, Е, С
витаминдері, холин жатады.
• Химиялық құрылысы және физикалық әсері бойынша
витаминдерді майда және суда ерігіштігіне қарай бөледі.
Майда еритіндерге А, Д, Е, суда еритіндерге В тобынын
және С витаминдері жатады. Витаминдердін негізгі көзі –
азықтар. Тек кейбір витаминдер ас қорыту жолындағы
микробиологиялық түзілуі В12,К немесе организмдегі
биологиялық түзілу С витамині арқылы пайда болады.
• Азық құрамындағы 70- тарта заттар мен
қосындылардың мал организмі үшін қажет екендігі
дәлелденіп отыр. Олардың кейбіреулерінің қоректену
барысындағы қызметін басқа қосындылар атқара
алмайды, сондықтан олар азықтандырудың ауыстыруға
болмайтын факторына жатады. Мысалы, ауыстыруға
болмайтын амин қышқылдары организмге қажетті
мөлшерде жеткізіліп тұруы қажет.
• Қоректік заттардың атқаратын қызметі мал мен құс
түріне байланысты өзгеріп отырады. Егерде бір
қарынды мал азот көзі ретінде тек ақзаттық
қосындыларды пайдаланатын болса, көп қарынды күйіс
қайыратын малдар олармен қатар азық құрамындағы
басқа азотты заттарды да ұтымды пайдаланады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz