Арыс өзенінің физико - географиялық орны



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
МЕТЕОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГИДРОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстанның негізгі су нысандары. Су қорлары және оларды пайдалану мәселелері
Орындаған: Казахстанова Динара (Метеорология, 3-топ)
Қабылдаған: Амиргалиева А. С.
Алматы, 2019 жыл

Жоспары:
Арыс өзенінің физико-географиялық орны
Арыс өзенінің гидрографиясы
Арыс өзенінің морфометриялық сипаттамалары
Арыс өзенінің экологиялық мәселелері
Пайдаланылған әдебиеттер

Оңтүстік Қазақстан облысының гидрографиялық жүйесі оның бүкіл аумағында әрқалай орналасқан өзендер, көлдер, су қоймалары мен каналдар арқылы анықталады. Мұнда барлығы су кадастры арқылы 297 өзен тіркелген. Олардың жалпы ұзындығы 8045 км. Аймақтағы барлық өзендер Арал теңізі алабына жатады. Олар бастауларын Қаратау, Қаржантау, Өгем жоталарының баурайларынан алады. Ірі өзені - Сырдария. Салалары: Келес, Құркелес, Арыс, Бөген және Шу өзені. Арыс өзені мен Сырдария өзенінің Өзбекстан мен Қазақстан үшін маңызы зор. Маңыздылығы жағынан Сырдариядан кем түспейтін Арыс өзені толығырақ тоқталып кетсек.

Арыс өзені алабы Қазақстандағы Талас Алатауы мен Қаратау жоталарының арасында орналасқан. Қазақстандағы ең ірі өзендердің бірі- Сырдарияның соңғы оң жақ саласы. Ақсу-Жабағылы қорығына жақын Шақпақ бұлағынан (Қаратау мен Талас Алатауының аралығында) бастау алып, Түркістан облысы, Отырар ауданының Талапты ауылы маңында Сырдария өзеніне құяды. Осы жоталардың баурайынан ағып жатқан бірқатар бұлақтар Арыс өзенінің жоғарғы ағынын құрайды. Балықшы ауылы мен Арыс қаласы арасында өзен желісі айтарлықтай дамыған.
Арыс өзені

Ұзындығы - 378 км, алабының ауданы - 14900 км2. Жоғарғы ағысы терең таулы аңғармен, орта және төмен ағыстарында жазықпен ағады. Төмен ағысының жайылмасы - 1, 5-2, 0 км, арнасы - 40-50 м шамасында болады. Негізінен көктемгі еріген қар және жаңбыр суымен толығады. Жылдық орташа су ағынының мөлшері 46, 6 м³/с-ке (Арыс темір жол бекетінің тұсында) жетеді.
Алабында 11 шағын бөген және 3 СЭС салынған. Егістік, бау-бақша, шабындық суаруға пайдаланады. Арыс өзенінен тікелей 37 канал бастау алады. Ең ірісі - Арыс-Түркістан каналы (су ағынының мөлшері - 13, 4 м³/с) . Өзен суы тұщы, минералдылығы - 200-400 мг/л- ге (құйылысында) дейін өзгереді. Бастысалалары: Ақсу, Бадам, Қабылсай, Жабағылы, Боралдай.

Сол жағалау биік және тік, бірақ көбінесе төмен және таяз жерлерге жол береді. Арыс қаласы маңынан өткеннен кейін, өзен бірде-бір саламен қосылмайды. Өзеннің өзі бастау алғанда батпақты саздақтардың қалың шөгінділерінен өтіп, жоғары және тік жағалауларға ие бола отырып, таяз әрі төмен жағаға ауысады. Бастаудың жоғарғы жағындағы өзен арнасы кең, аңғардың баурайлары тегіс. Ары қарай төменгі ағыста баурайы тік болып келеді, аңғардың ені 1 км және одан да үлкен болады. Балықшы ауылының төменгі жағында өзенге Боралдай (оң жақ), Машат, Ақсу және бадам (сол жақ) сияқты ірі салалары қосылады.
Өзеннің маусым-қыркүйек кезеңінде жылдық ағынның 12%-ын ғана, ал қыста (қазан-ақпан) жылдық ағынның 42%-ын құрауы, жазда күріштің суарылуымен, қыста қар жамылғысының көп мөлшерде еріп, сұйық жауын-шашындардың мол түсуімен түсіндіріледі.

Ақсу өзені- Арыс өзенінің ең ірі саласы. Бассейні Талас Алатауының батыс бөлігінде орналасқан. Ауданы 750 шақырым, ұзындығы 120 шақырым.
Бадам өзені - Арыс өзенінің ең ірі сол жақ саласы. Бассейні Бадам тауының солтүстік-батысында, Талас Алатауының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Бассейннің ауданы- 4300 шақырым, ұзындығы - 137 шақырым.
Машат өзені- Арыс өзенінің сол жақ саласы, бастауын 2500 м биіктіктен алады. Өзеннің ұзындығы 75 км, су жинайтын ауданы 579 км, өзеннің жоғарғы жақ бөлігіндегі аңғары құзды болып келеді
Боралдай өзені- Арыс өзенінің оң жақтағы ірі саласы. Бассейні Қаратау жотасының оң жақ бөлігінде орналасқан. Ауданы 800 шақырым, ұзындығы- 130 шақырым. Боралдай өзені - Кіші Боралдай, Үлкен Боралдай өзендерінің қосылуынан құралады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz