Алғазы аралы




Презентация қосу
БАЛҚАШ КӨЛІ

Орындаған: Шынжырхан Ш.Е.
Сұлтанғали Ж.
Түзелбай С.
Тексерген: Шайбек А.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
a) Морфометриясы

b) Гидрологиясы

c) Орналасуы

d) Экологиясы

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Балқаш — Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы
тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал
теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы,
Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде,
Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м
биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың
км², ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс
бөлігінде 9 – 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді.
Морфометриясы
Теңiз деңгейiнен биіктігі 340 м
Өлшемі 605 × 9-дан 74 км
Ауданы 18 200 км²
Көлемі 105 км³
Жағалау сызығының ұзындығы 2385
км
Тереңдігі 26,5 м
Орташа тереңдігі 5,8 м
Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км²,
ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 – 19
км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді.
Суының көлемі шамамен 100 – 110 км3.
Су жиналатын алабы 500 мың км²-ге жуық.
Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м.
Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін
судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%),
Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды.
Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші,
Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады.
Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы
тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ
болып келеді және көптеген жыра-жылғамен
тілімденген, ал оңтүстік жағалауы – суы біртіндеп
тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған
құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары
бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал.
Балқаш туралы алғашқы жазба деректер
13 ғасырдан белгілі. Көлді тиянақты зерттеу 17
ғасырда басталды. Орыс картографы және тарихшысы
Семен Ремезов 1695 жылы «Бүкіл Сібір жері мен
қалаларының сызбалары» («Чертежи всех сибирских
городов и земель») атты атласында Балқашты «Теңіз»
деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде
геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19
ғасырда Клапроттың (1836) және швед картографы
Иоганн Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған)
карталарында бейнеленді. Пауль Рихтгофен (1877) мен
Александр Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш
туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге Ресей
ғалымдары да (Иван Мушкетов, Лев Берг, т.б.) ат
салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановта
Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан
бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды,
көптеген экспедициялар ұйымдастырылды. Көлдің
экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын,
өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық-
географиялық сипатын зерттеумен 1970 – 90 жылдары
Аралдары, Түбектері,
Шығанақтары
Аралдар
Шығанақтар
Басарал
• Ақжайдақ
Алғазы аралы
• Қарақамыс (шығанақ)
Тасарал • Балықтыкөл (шығанақ)

Түбектер
Байғабыл түбегі

Балай

Көктөбе (түбек)

Қараағаш түбегі

Сарыесік

Ұзынарал

Шауқар
Гидрологиясы

Судың тұздылығы
Көлдің батыс жағы тұщы, шығыс
жақтың тұздылығы 5,2‰
Судың мөлдірлігі 1-5,5 м
Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының
химиялық құрамы көл алабының
гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі
Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық және
гидрохимиялық жағынан бір-бірінен өзгеше
батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал
бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы
мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге
ағып келетін судың негізін Іле өзені
құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы (0,5 –
1 г/л), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бөлігінің
суы тұздылау (5 – 6 г/л), түсі көгілдір, ашық көк.
Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде
орналасқан.
Қаңтардағы орташа температура –15 – 17С, шілденің
орташа температурасы +24С.
Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120
мм.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55 – 66%,
желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 – 4,8 м/с.
Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен,
шығысында – солтүстік-шығыстан соғады. Осы себепті
көлде үнемі күшті толқын болады.
Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден
1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның
аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді.
Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді.
Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым – шілде) су
деңгейі біраз көтеріледі.
Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері үш
метрден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі
1908 және 1961 жылы көтеріліп, 1946 және 1987 жылы
Экологиясы
Балқаш көлі алабындағы табиғи
ресурстарды (әсіресе, су қорларын) тиімсіз
пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның
оңт.-шығыс аймағында 20 ғ-дың аяғында
қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және
экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп
тудырды. Ішкі себеп — Қапшағай су электр
стансасының салынуына байланысты (1970)
Іле өз. арнасының бөгелуі. Оған дейін
Балқаш к-нің экол. тепе-теңдігін көлге
құятын өзендер суы мен көл айдынынан
буланған ылғал мөлшерінің тұрақтылығы
қамтамасыз ететін. Жыл сайын көл
алабындағы 15,0 км3 су қорының 11,9 км3-і
(80%) Іле өз-мен келсе, қалған 3,0 км3 су
көлдің батыс бөлігінен шығыс бөлігіне
1970 — 85 жылдардағы Балқаш к-не құятын өзендер суының
жалпы ағыны 14,9 км3-ден 11,8 км3-ге кеміді, яғни, көл жылына
шамамен 3,0 км3 су жоғалтып отырды. Көл алабынан алынатын
су мөлш. жылына 7,0—8,0 км3-ке дейін өсті (1-сурет), оның 6,5
км3 суы егін суаруға, Қапшағай және басқа да бөгендерді
толтыруға жұмсалды. Булануға кететін шығыны жылына 2,0 км3-
ге жетті. Осы себептерден 1970 жылдан су деңгейі күрт
төмендеді. 1986 жылдың аяғында көл деңгейінің абс. биікт.
340,54 м болды. Көл деңгейінің құлдырау жылд. жылына 15,6 см-
ге жетті, бұл көрсеткіш 1908 — 46 жылдардағы төмендеу
жылдамдығынан (9,2 см/жыл) біршама жоғары. Іле өз.
атырауындағы батпақты-сулы алаптардың 2/3 бөлігі қысқарды.
Қапшағай СЭС-і іске қосылған соң, тасқын су шығыны 1600 —
1800 м3/с-тен 700—800 м3/с-ке дейін төмендеді. Электр стансасы
қажетіне байланысты су ағыны жылдам өзгеретін (0—1000 м3/с)
болды. СЭС-тен төмен қарай өзен тасындылары (судағы қатты
заттар) тоқтап, олар толығымен Қапшағай бөгенінде шөгетін
болды. 1986 жылдың аяғында Балқаш к-не құятын Іле өз-нің
тармақтарынан Шұбарқұнан, Иір, Базарбай және Қалған Іле ғана
қалды. Су шығынының 90%-і тек Иір тармағымен қосылған
Қоғалы тармағына жинақталып, бір арнаға айналды.
Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы
ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер
тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде
балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден
көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы,
Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары басқа жақтан
әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы).
Ауланатын балық (жылына 9 – 10 мың т) – сазан,
көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл
суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен-
металлургия комбинаты, т.б.) мен елді мекендер
қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су
көлігі қатынайды. Басты айлақтары: Балқаш,
Бурылбайтал, Бөрлітөбе

Ұқсас жұмыстар
Багам аралдары
Солтүстік жарты шар материктерін қайталау сабағы
Сиқырлы пернелер аралы
Оқушыларға құжатты редакциялау әдістерін таныстыру
*Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамы мен физика­химиялық қасиеттері
Африка материгіне жалпы шолу
Тұқымды өсімдіктер сипаттамасы
Құрсаққа жасалатын операциялар
“Еуропа мен Азия елдері”
Соғыс машиналары
Пәндер