АҚАБА СУЛАР
Презентация қосу
АҚАБА СУЛАР
Ақаба сулар
Ақаба сулар — тұрмыстық қоқыстар және өндірістік қалдықтармен
ластанып, елді мекендер аумағынан арнаулы канал жүйелері арқылы
сыртқа шығарылатын сулар.
Ол тұрмыстық (мысалы: аурухана, асхана, монша, жеке пәтерлерден тағы
басқа шығарылған сулар), өндірістік (мысалы: кен байлықтарын өндіру
кезінде жер астынан айдап шығарылған, жылу агрегаттарын суыту кезінде
пайдаланылған тағы басқа сулар) және атмосфералық (жаңбыр және қар
мен мұздан еріген тағы басқа сулар) болып бөлінеді. Қоршаған табиғи
ортаны ластайтын болғандықтан мұндай суларды дер кезінде тазарту
қажет. Ақаба суларды тазарту механикалық (судағы тез тұнатын немесе су
бетіне қалқып шығатын заттарды техникалық құралдармен арылту, ол
үшін көбіне қиыршық тасты, құмды сүзгіні пайдаланады), биологиялық
(микроорганизмдердің көмегімен органикалық заттарды суда жақсы еритін
минералды не қарапайым затқа дейін ыдырату), физикалы-химиялық
(ақаба суды ластағыш заттардан коагуляция, адсорбция және хлорлау
арқылы тазарту) сияқты әдістермен жүзеге асырылады.[1]
Ақаба су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын
органикалық және минералды қоспалар ерімейтін, коллоидты және еритін
түрде кездеседі. Құрамы мен пайда болған түріне байланысты ақаба сулар үш
негізгі категорияға: шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық
болып бөлінеді.
Ақаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зәр-
нәжістік (физиологиялық қоқыстармен ластанған) ластанған және шаруашылық
(раковина, ванна, монша, кір жуатын жерлерден түсетін) ластанған болып
ажыратылады. Негізінде минералды заттектермен қатар олардың құрамында
органикалық заттектер, бактериалар, микроорганизмдер болады. Өндірістік
ақаба сулардың құрамы технологиялық процестер мен қолданылатын
материалдар түріне және шикізаттың химиялык қасиеттеріне тәуелді.
Өндірістік ақаба су ластанған және нормативті таза (тазалаудан өткізіп қайта
пайдалануға жататын) болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер
(жаңбыр) және қар суы болып бөлінеді.
Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен табиғи ресурс ретінде
тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін ақаба су құрамындағы
ластағыш заттардың түрі мен мөлшеріне қарай әртүрлі әдіспен тазаланылады.
Бұларға механикалық (тұндыру, сүзу, флотация), физикалық-химиялық,
химиялық, биологиялық және түйдектелген әдістер жатады
Механикалық әдіс
Механикалық әдісте ақаба судағы ірі және
ұсақ түйірлі тез тұнатын бөлшектерді
өздігімен тұндырып немесе оларды және
қалқып шығатын заттектерді тұндырғыш
сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, немесе
әртүрлі конструкциялық техника құралдарын
(торларды,електерді, гидроциклондарды, т.
б.) қолданып, ал беттік ластағыштарды -
мұнайұстағыш, май мен смола аулағыш
жабдықтар мен материалдарды пайдалану
арқылы жояды.
Өнеркәсіп ақаба суларын тазалайтын
әдістердің топтастырылуы.
Сонғы кезде ақаба суды май тәрізді заттардан тазалауға жиі пайдаланылып жүрген
материалға май сіңіргіштік қабілеті жоғары пенополиуретан жатады.
Ақаба судың улылығын азайтуға кеңінен тұндырғыштар немесе тұндырғыш шұңқырлар
(алап немесе құйғын) пайдаланылады. Тұндырғыш ғимараттарында ақаба сулардан түпке
тұнатын не қалқыма салынды және майлы заттектер гравитациялық жіктеу негізінде
бөлінеді. Арналу мақсатына қарай тұндырғыштар бірінші реттік және екінші реттік болып
бөлінеді. Бірінші реттік тұндырғыштар ақаба суларды биологиялық тазарту ғимараттарына
дейін, екінші реттіктері одан кейін орнатылады. Құрылымына байланысты олар
горизонталдық, вертикалдық, радикалдық және диагоналдық болып сараланады.
Вертикалдық және диагоналдық тұндырғыштар тәулікте өнімділігі 10-15 мың текше метрге
дейінгі, ал горизонталдық 10-15 мың текше метр, радиалдық тұндырғыштар тәуліктік
өнімділігі 20 мың текше метрден астам тазарту станцияларында қолданылады.
Ақаба суды 0,08-0,3 м/с жылжу жылдамдықпен құмұстағыш арқылы өткізіп, оның
құрамындағы ерімейтін құм, қақ тәріздіауыр қоспалардан ажыратуға болады. Кейбір
құмұстағыш , үлгілерімен құм 80%-ке дейін ұсталып қалады. Құмұстағыштардың тиімділігін
арттыру мақсатында оның құм құйылатын қорабына гидроциклонды қабыстырады.
Гидроциклондарды пайдаланып, сыртқа тепкіш күш көмегімен ақаба суларды өте ірі
дисперсиялық қоспалардан тазалауға болады. Көбіне бұл қондырғылар тығыздығы 1,2
г/см3 жоғары ағындыларды ірілігі 0,15 мм үстіндегі бөлшектерден тазалауға бағытталған.
Коммуналдық шаруашылықтан шыққан сұйық қалдықтарды механикалық әдісті қолдану
арқылы ерімейтін қоспалардың 60%-тей мөлшерінен тазалауға болады, ал кейбір
өндірістік сулар бұл әдіспен 95%-ке дейін тазаланады.
Химиялық әдісте ластағыштардың физикалық-химиялык қасиеттерін
ескере отырып, оларды химиялық агентгерді қолдану арқылы жояды.
Химиялық тазалауда қолданылатын негізгі әдістерге: нейтралдау,
тотықтыру және тотықсыздандыру жолдары жатады.
Нейтралдаупроцесін кұрамында қышқылы немесе сілтісі бар ақаба
суының рН мағынасын 6,5 - 8,5 аралыққа келтіру мақсатында
қолданады. Нейтралдау үшін қышқылды ақаба суымен сілтілі ақаба
суын араластыруға, реагенттер қосуға, ақаба суын нейтралдау қасиеті
бар сүзгіш материалдар арқылы жіберуге болады. Сүзгіш материал
ретінде әк, мрамор және доломит қолданылады. Бұл әдіспен, әдетте,
құрамында әр түрлі минералды қышқылдары бар ақаба сулары
тазаланады. Сілтілі суларды нейтралдау мақсатында құрамында СО2,
SO2, NО2 оксидтері бар түтінді газдарды жіберу әдісі меңгерілуде, бұл
жағдайдың қолайлылығы екінші жағынан газды тастандылардың
құрамындағы зиянны заттардан құтылу мәселесі де шешіледі.
Тотықтандырупроцесі ақаба суындағы улы қоспаларды (цианидтерді, мышьяктің еритін
қосылыстарын және т. б.) басқа жолмен шығару қолайсыз немесе мүмкін емес болғанда
ғана қолданылады. Ақаба суды тазалау үшін тотықтырғыш ретінде газ тәрізді немесе
сұйылтылған хлор, ауа оттегі, озон, гипохлорит, сутек тотығы, калий перманганаты және
басқа реагенттер пайдаланылады.
Озондауақаба суын мұнай өнімдерінен, фенолдан, күкіртті сутектен, цианидтерден және
басқа да қоспалардан тазалауға қолданылады. Күшті тотықтырғыш болғандықтан озонның
сулы ерітінділердегі органикалық заттектерді және басқа қоспаларды ыдырататын қабілеті
өте жоғары. Сонымен бірге суды озондағанда оның жағымсыз иісі, дәмі, бояуы жойылып,
залалсызданады. Хлорлау әдісімен салыстырғанда озондау әдісінің артықшылығы бар,
біріншіден, озонды тікелей су тазалайтын жерде озонаторларды орнатып, ауа оттегінен
электр тоғын ажырату процесін пайдалану арқылы алуға болады. Екіншіден, хлорлау
бірқатар жағдайларда ауыз суда зиянды заттектердің, соның ішінде мутагендер мен
канцерогендер (мыс, диоксиннің) түзілуіне апарып соғуы мүмкін, сондықтан оның орнына
озондау әдісінің қолданылғаны қолайлы.
Ағынды судағы ластағыштардан құтылу үшін іс жүзіңде пайдаланылатын физикалық-
химиялықәдістерге - каогуляция, флотация, электролиттік ірілендіру, су буымен айдау,
сорбция, экстракция, гиперфильтрация, эвапорация, десорбция, дезодорация, дегазация,
электрохимиялық тәсілдер (электролиз, электро-каогуляция, электрофлотация,
электродиализ), ультрадыбыспен суды өндеу, т. б. жатады. Бұл әдістер қатарымен жүретін
физикалық және химиялық процестерге негізделген.
Механикалық және физикалық-химиялық әдістер ақаба суларын тазалаудың алғашқы
кезеңі, осыдан кейін олар биологиялык тазалауға жөнелтіледі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz