Өзеннің гидрологиялық режимі




Презентация қосу
Өзеннің гидрологиялық режимі.
Гидрологиялық режим оның
элементтері. Су режимдерінің
фазалары.

ОРЫНДАҒАН: СҰЛТАНҒАЛИ Ж.,
ШЫНЖЫРХАН Ш
ТЕКСЕРГЕН: ШАЙБЕК А.
ЖОСПАРЫ
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім

а. Жем өзенінің гидрологиялық
режимі
б. Сағыз өзенінің гидрологиялық
режимі және оның элементтері.
3. Қорытынды
ЖЕМ ӨЗЕНІ
Ақтөбе және Атырау облыстары жерімен
ағып өтеді. Ұзындығы 712 км, су
жиналатын алабы 40 мың км²-ге жуық.
Мұғалжар тауының 365 м-лік оңтүстік-
батыс беткейінен басталатын Жанай
және Жалаңаш өзендерінің қосылған
жерінен бастау алады. Каспий
ойпатының шығысын бойлай ағады.
Каспий теңізіне жетпей тартылып
қалады.
Аңғары жоғарғы және орта ағысында жақсы
байқалады. Төменгі ағысында тармақтар арқылы
жалғасқан шағын шөл және сор тізбектерге
айналған. Жағалауы құм және саз жыныстарынан
түзілген. Арнасы ирелең келеді, көбіне
қарасуларға бөлініп қалады.

Басты салалары: Темір, Атжақсы. Негізінен қар
суымен толығады. Жылдық орташа ағысы
(Дүйсеке ағысы тұсында) 488 млн. м3, орташа
жылдық су ағымы Жанбике ағысы тұсында 11,3
м3/с. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді
Өзенде алабұға, сазан, қамыс-қорысты жерде
ондатр кездеседі. Жағасында Құлсары ,
Ақкиізтоғай елді мекендері орналасқан.
Минералдылығы көктемде 400 мг/л, ең төменгі
деңгейі кезінде 1500 мг/л. Жем ауыз су ретінде
шабындық суғаруға, жайылым суландыруға
пайдаланылады.

Бастауынан сағаға дейінгі жалпы құламасы 390 м.
Су ағынының 96%-ы, өзен сағасында 100%-ға
дейінгі мөлшері су тасуы кезінде қалыптасады.[1]
Өзен үшін ең қауіпті жағдай көктемгі
мезгілде судың аз келуі
салдарынан өзеннің кейбір жерлерінің суы
тартылып кеуіп қалуы. Балық қорғау
инспекциясының мамандарынан алынған
мағлұматтар бойынша 2006 жылы Жем
өзенінің көктемгі су тасу кезіндегі ең
жоғарғы деңгейі 559 см болған. Ең төменгі
деңгейі қазан айында 227 см болған. Бұл
негізінен өткен жылдармен салыстырғанда
төмен көрсеткіш. 2017 жылы Жем өзенінің
деңгейі көктемде 800-900 см аралығында
көтеріледі деп күтілуде
САҒЫЗ ӨЗЕНІ
Ақтөбе, Атырау облыстары жерімен
ағады.
Ұзындығы 511 км.
Су жиналатын алабы 19,4 мың км2.
Мұғалжар тауының батысынан (
Байсары тауынан) басталып, Каспий
теңізіне 60-70 км жетпей Тентексор
тұсындағы Бер төбекшіктерінде
(Атырау облысы Мақат ауданы)
жерге сіңіп кетеді.
ГИДРОЛОГИЯСЫ

Жоғарғы ағысында арнасы тік жарлы, тар,
ортаңғы ағысында аңғары 5 -15 км-ге дейін
кеңейеді.
Төменгі ағысындағы аңғары енсіз.
Ұзындықтары 10 км-ден аспайтын 100-ге жуық
саласы бар. Ірілері: Дауылды, Ащысай, Ноғайты,
Топырақшашты, Жарлы, Мұқыр, Бұрмасай.
Жауын-шашын суымен толығады. Жауын-
шашын көп жылдары Каспий теңізіне дейін
жетеді. Наурыз — сәуір айларында тасиды.
Суы көктемде тұщы, жазда кермек. Ауыз суға жарамды.
Жылдық орташа су ағымы Сағыз темір жол стансасы тұсында 3,2
м³/с, орташа ең үлкен көрсеткіш - 4 5 м3/сек, орташа жылдық ағын
118 млн. м3, төменгі ағысында, Тентексор елді мекенінің тұсындағы
құмға сіңіп жойылатын жерінде, ағынының көлемі 30-40 млн. м3-ге
дейін азаяды.
Каспий маңы өзен-көлдерінің көпшілігі сияқты, Сағыздың суы да
минералданған: суы мол кезеңде оның минералдану дәрежесі 700-
900 мг/л т, су деңгейінің төмендеуі кезеңдері аралығында 2000 мг/л-
ге дейін жетеді.
Жылына Сағыз 300 мың т тұз алып өтеді. Тұздың осыншама көп
мөлшерде болуы өзен түбінің, өзен түбі суының және төңірегіндегі
топырақтың тұздануына әкеліп соқтырады.
Жазда Сағыз өзенінің суы ауызсу ретінде пайдалануға да, мал
суаруға да жарамсыз, ашқылтым. Тек қана кектемгі су тасу кезінде
және жаздың алғашқы айларында суы әжептәуір тұщыланады

Ұқсас жұмыстар
Жайық өзені туралы ақпарат
Мұхиттану немесе мұхиттар гидрологиясы - дүниежүз
Мәліметтерді дайындау
Қазгидромет басшылығының құрылымы
Мойнақ Су Электр Станциясы Салынуына Байланысты Шарын Өзені Аңғарының Табиғаты Мен Жануарлары Әлемінде Болуы Ықтимал Өзгерістер
Өзен бассейнінде
Карта - белгілі бір топографиялық проекциялар көмегімен Жер бетінің үлкен өлшем бірліктерінде анықталатын аудандардың нақты жазықтықта кішірейтілен кескіні
Өзендер және классификациясы, морфометриялық сипаттама
Тропикалық типтегі өзендер
Жайық өзені
Пәндер