Тұрақты ағын сулардың бедер құру әрекеті: эрозия және өзендердің кеңістіктегі дамуы


Slide 1

Тұрақты ағын сулардың бедер құру əрекеті. Эрозия жəне өзендердің кеңістіктегі дамуы

Орындаған:Сұлтанғали Жайна,

Шынжырхан Шолпан,

Мусаханов Дамир

Тексерген: Кожахметова Ү.

Slide 2

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

а. Тұрақты ағын сулардың бедер құру əрекеті. б. Эрозия жəне өзендердің кеңістіктегі дамуы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Өзендер негізгі арнадан (русло) жəне оның тармақтарынан тұрады. Олар əр қатардағы өзендер жүйесін түзеді. Екі кішкене тармақ қосылып, екінші қатардағы тармақты құрайды, ал екінші қатардағы екі өзен тармағы қосылып үшінші қатардың тармағын кұрайды. Осылай өзен тармағының төртінші, бесінші т. б. қатарлары құрылады. Үлкен өзен барлық тармақтарымен бірге қосылып өзен жүйесін құрайды, ал белгілі бір аумақтағы өзендер саны сол жердің өзен торын (речная сеть) қалыптастырады. Олардың жиілігі аймақтың физикалық-географиялық сипатына, климатына, бедер жағдайларына, геологиялық құрылымы мен өсімдік жамылғысына байланысты

Slide 4

Өзеннің негізгі жер бедер құру факторлары: 1) өзен ағысы; 2) өзен ағысының жылдамдығы. Өзеннің ағысы мен шығыны жауын-шашынның мөлшеріне жəне су жинау алабына тəуелді. Ал жекеленген өзендерді, өзен жүйелерін су қорымен қамтамасыз ететін, сумен мейлінше қаныққан беткі жазықтықты, топырақты жəне тау жыныстарының белгілі бір қабатын біріктіретін ауқымды аймақты өзен алабы деп атайды. Өзен алабының ерекшелігі: оның аумағы бастаудан құйылысына дейін өседі, сондай-ақ су шығыны да көбейеді. Керісінше, суайрыққа жақындаған сайын өзен ағысы толық тоқтағанға дейін азаяды. Бұл : ол кейбір геоморфологиялық мəселелерді, м, суайрықтардың эрозия əрекетін, өзендердің бір-біріне қосып алу құбылысын тау өлкесінің пенепленденуін т. б. Көктемгі су тасқыны кезінде өзеннің су шығыны жоғары (максимальды) болады, сондықтан ол өзен арнасында орасан зор бұзу жұмысын жүргізеді, ал су азайғанда оның жылдамдығы бəсеңдеп, бедер құру əрекеті де төмендейді. Өзен ағысының жылдамдығы оның еңістігіне байланысты. Еңістік - өзеннің құламасы (падение), оның ұзындығына қатынасы. Өзеннің құламасы деп бастауы мен сағасының абсолюттік биіктіктері арасындағы айырмасын атайды. .

Slide 5 Slide 6

Еңістік өлшемі ондық бөлшектер түрінде немесе өзеннің құламалы (м/км), яғни промиль арқылы өрнектеледі. Мəселен, өзеннің орташа еңістігі 0, 07% немесе 0, 07 м/км делік. Əрине, өзеннің еңістігі неғұрлым мол болса, соғұрлым оның жылдамдығы жоғары болып, өзен өз арнасын мейлінше бұзып эрозия əрекетіне ұшыратады. Өзеннің бойлық жылдамдығымен қатар əр түрлі көлденең циркуляциялық ағыстары бар. Өзен иіні бөлікшесінде ең алдымен өзен түбінің ағысы (донное течение) қалыптасады. Ол арнаның жар қабақ ойыңқы жағасынан жайпақтау келген шығыңқы жағасына қарай ағады, ал компенсациялық (орын толтыру) немесе беткі ағыс, керісінше, өзен бетімен арнаның шығыңқы жағасынан ойыңқы жағасына қарай ұмтылады (60-сурет) .

Slide 7

Сөйтіп ағын бойында судың көлденең циркуляциясы жүзеге асады. Жоғарыда айтылып кеткендей, осындай ағынның көлденең циркуляциясынан басқа, өзеннің бойлық ағыны да бар. Бұл екі ағын қосылып шиыршық тəрізді (спираль тəрізді) ағыс түзеді. Спираль тəрізді ағыс өзен бұрылысында ең жоғарғы амплитудаға жетіп, біртіңдеп екі өзен иінінің ортасында оның қарқыны бəсеңдейді. Осыған байланысты ағын судың жылдамдығы бəсеңдегеннен кейін, екі иіннің ортасында аллювийлік материал жиналып, өзеннің саяз жері - қайраң (перекат) қалыптасады. Бұдан төмен қарай спираль тəрізді ағыс кері айнала бастайды да, арна ағысы қайта дамып өзеннің келесі иреңінде ең жоғары болады. Сөйтіп, айтылған процесс жаңадан кайталанады.

Slide 8 Slide 9

Өзен ағысының көлденең циркуляциясының пайда болуы нəтижесінде арна ағысы-ның негізгі заңдылықтарының бірі - меандрлану құбылысы пайда болуының мүмкіндігін туғызады. Нəтижесінде су ағынының əрекетінен арнаның ойыңқы жарлауыт жағасы қопа-рылып бұзылады да, содан қалыптасқан топырақ бөліктері өзен түбінің ағысымен шығыңқы жағада үйіліп, арна бойындағы малтатастан жəне құмнан құрылған арна бойы жалдар (прирусловые валы) құрады (61-сурет

Slide 10 Slide 11

Эрозия - тау жыныстары-ның су ағындары əсерінен шайылуы (62-сурет) . Бұл про-цесс үш түрлі əрекеттер нəтиже-сінде жүзеге асуы ықтимал:

1) турбуленттік ағыс кезінде су ауытқып, теңселіп, құйынша араласып ағады. Соның салдарынан ағыс бойында көтеру күшін туғызады, осы тасқын күш арна түбінен топырақ бөлшектерін қозғап, айырып алып, ағыс бойымен төмен ағызып əкетеді;

2) эрозия ағысы арна түбінде тікелей динамикалық əсер ету нəтижесінде жүзеге асады. Ол тау жыныстары түйірлерінің өзен түбімен домалана тасымалдануына, сөйтіп олардың өзен арнасының түбіне жəне жиегіне соққылана, тырмалана, үйкелене жəне қажалана орнынан ауыстырылып ағуына байланысты;

3) эрозия судың құрамы мен температурасына қарай химиялық ыдырауына (еру, сілтілену жəне т. б. ) байланысты. Осы процестер судың үдемелі ағуы нəтижесінде пайда болады. Сондықтан эрозия тұрақты қарқындылығымен жəне динамикалық өзгешелігімен сипатталады (62-сурет) .

Slide 12 Slide 13 Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Жел мен беткі сулардың геологиялық жұмысы: эолдық және денудациялық процестер
Мұздық үдерістері, түрлері, бедер пішіндері және шөгінділері
Өзендердің классификациясы және морфометриялық сипаттамасы
Мұздықтық үдерістер мен бедер пішіндері: теория және Қазақстан тауларының мұздықтары
Табиғи сулардың гидрохимиясы: химиялық құрамы, жіктелуі және сапа көрсеткіштері
Табиғи сулардың химиялық ластануы: ластаушылар, суды пайдалану және тазарту әдістері
Өзен алабының су балансы және су режиміне байланысты өзендердің жіктелуі (Ресей мысалы)
Су ресурстарының ластануы және ағын суларды тазалау әдістері: ластаушылар, технологиялар және нормативтер
Стереометрия: кеңістіктегі фигуралар, көпжақтар, айналу денелері және есептер
Көлдер мен өзендердің түрлері, құрылымы және шаруашылық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz