Альберт Эйнштейн, нем




Презентация қосу
Альберт Эйнштейн

Орындаған: Сатыбаев Н.Т
Қабылдаған: Кадиримбетова А.К
Альберт Эйнштейн, нем. Albert Einstein (14 наурыз 1879, Германия, Ульм
қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) – қазіргі Германия
жерінде туып өскен физик-теоретик, заманауи физиканың екі негізгі тірегінің бірі
болып есептелетін салыстырмалылық теориясының негізін қалаушы
Альберт Эйнштейн 1879 жылы 14 мамырда Неміс империясының Ульм қаласында дүниеге
келген. 14 жасынан Швейцарияда тұрған. Цюрихтегі политехникумды бітіргеннен кейін
(1900) орта мектепте сабақ берді, кейін патент бюросында эксперт (1902 – 1909) болып
қызмет атқарды. 1909 – 1911 жылы Цюрих университетінде, 1911 – 1912
жылы Прагадағы Неміс университетінде, 1912 – 1913 жылы Цюрихтегі политехникумда
профессор болды. Пруссия ҒА-на сайланғаннан кейін (1913) Берлинге көшіп келді (1914).
Мұнда ол 1933 жылға дейін тұрды. 1933 жылдан өмірінің ақырына дейін Принстондағы
(АҚШ) Іргелі зерттеулер институтының профессоры болып жұмыс істеді.
Эйнштейн жұбайымен. Милева Марич пен Эйнштейн 1896 жылы Цюрихте,
Политехникумда бірге оқып жүрген кездерінде танысқан. Ол кезде Альберт 17,
Милева 21 жаста еді. Эйнштейннің ата-анасы қарсы болғанына қарамастан, екеуі
1903 жылдың қаңтарында үйленген. Милева Марич – ғұламаның бірінші әйелі.
Эйнштейн екінші әйелі Эльзамен бірге тұр. 1971 жылы 38 жасында ойшыл
ауырып қалады. Германияда соғыс жүріп жатқанда Альберт ой еңбегімен белсенді
түрде айналысып, дұрыс тамақ ішпей, бауыр ауруына шалдығады. Сосын асқазан
жарасы пайда болады. Ойшылға күтім көрсетуді анасы жағынан немере, әкесі
жағынан шөбере әпкесі болып келетін Эльза Эйнштейн-Ловенталь өз мойнына
алады. Ол өзінен үш жас үлкен, ажырасқан, екі қызы бар әйел еді. Альберт пен
Эльза бала кезінен дос болып өскен, ал бұл жағдай екеуінің арасын одан әрі
жақындатады. Өзінің атақты інісіне қамқорлық көрсете білген Эльза ғалым
бірінші әйелі Милева Маричпен ажырасқан бойда оған тұрмысқа шығады. Ал
Эльзаның екі қызын Альберт асырап алып, жақсы әке бола білген.
Эйнштейннің сүйікті музыкалық аспабы – скрипка болған. Тіпті бір кезде
Германияда өткен қайырымдылық концертінде сахнаға шығып өнер
көрсетіпті. Оның ойлау тәсілі ерекше еді. Тығырыққа тірелгенде, скрипкасын
қолына алып, мәселенің шешімін тапқан екен.
1952 жылы Израиль президенті Хаима Вейзманна (Chaim Weizmann) қаза
тауып, Израиль премьер-министрі Давид Бен-Гурион (David Ben-Gurion)
Эйнштейнге Президент тағын ұсынған. Қазіргі күнге дейін Израиль Президентін
Парламент дауыс беру арқылы таңдайды. Эйнштейн бұл ұсынысқа қуанышты
екенін білдіре отырып: "Израиль мемлекетінің ұсынысына ерекше
қуаныштымын, өкінішке орай, оны қабылдамауға міндеттімін", - деп жауап
хат жазған екен.
Әлемдегі ең танымал суреттердің бірі. Әлем таныған ғұлама туралы алып-қашпа
әңгіме көп жүрген. 1952 жылдың 14 наурызында Сейсс атты фотограф
Эйнштейннен ойланып отырған түр көрсетуін өтінеді. Бұл сөзге Эйнштейн дәл
осылай тілін шығарып жауап берген. Осы әрекетімен Альберт ғалымдардың тек
ой түбіне тереңдеген ойшыл ғана емес, өмірге құштар қарапайым адамдар екенін
де көрсеткісі келген. Сурет жария болғаннан кейін ғалым оның ең сәтті сурет
екенін мойындаған. Қоғамда қалыптасқан ғалым бейнесі туралы стереотип
ойшылды мезі етсе керек. Бұл суретті Эйнштейн өз достарына жаңажылдық
құттықтау хаты ретінде жіберген. Барлығы 9 түпнұсқа сурет басылып, 2009 жылы
оның біреуі 74 000 долларға сатылған екен.
Масса мен энергияның эквиваленттілігі салыстырмалы
теорияның физикалық тұжырымдамасы болып табылады, оған
сәйкес физикалық объектінің (физикалық жүйе, дене) жиынтық
энергиясы вакуумдағы жарық жылдамдығының квадратының
өлшем коэффициентіне көбейтілген массасына тең:

мұндағы Е - объектінің энергиясы, m - оның массасы, c - вакуумдағы жарық
жылдамдығы,
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Эйнштейннің арнайы салыстырмалық теориясы
АЛЬБЕРТ ЭЙНШТЕЙН
Фотоэффект
Масса мен энергияның өзара байланыс заңы
Кванттық физика Фотоэффект
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ФИЗИКА
РАДИОАКТИВТІК
Радиоактивтілік элементтер
ФЕРМЕНТАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛАРДЫҢ ОПТИМИЗАЦИЯСЫ
Таләйлі болсын талғамың
Пәндер