Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер
Презентация қосу
Астық немесе қоңырбастар
тұқыьдасы
• Астық тұқымдасы , қоңырбастылар (лат. Poaceae) – дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін
өсімдіктер.
•
Жер шарында кең тараған. 650-дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына
тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші
қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, т.б.).
Сабақтарының ұзындығы 1 – 2 см-ден 30 – 40 м-ге дейін, ал жуандығы 0,5 мм-ден 20 – 30 см-ге дейін жетеді.
Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары – жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық
тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл
құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір
немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан – шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни
күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі – бір тұқымды
дәнек, кейде жаңғақша. Жеміс қабығы (қауызы) тұқымға жабысып тұтасып біткен. Астық тұқымдасы түптену
түрлеріне байланысты тамыр сабақты, селдір түпті және тығыз түпті болып үш топқа бөлінеді. Тамыр
сабақты Астық тұқымдасының түп өскіндері түптену буынына тік (перпендикуляр) бағытта шығып, өсімдік
сабағына қатарласа өседі (мыс., бидайық, айрауық, қамыс, т.б.). Селдір түпті Астық тұқымдасының түптену
буыны топырақ бетіне жақын орналасады (мыс., арпабас, сұлыбас). Тығыз түпті Астық тұқымдасының
түптену буыны топырақ бетінде өседі (мыс., бетеге, қау, селдірек). Астық тұқымдасы шабындық пен
жайылымдықтарда өсімдіктердің 1/3 бөлігін, орманды және далалы аймақтарда мал азығының 1/2 бөлігін
құрайды. Астық тұқымдасының дәнді (мыс.: бидай, күріш, сұлы, арпа, тары, т.б.), мал азықтық түрлері де
(мыс., шалғындық қоңырбас, жүгері, селеу, т.б.), арамшөптері де (мыс., қарасұлы, жасыл қонақ, түлкіқұйрық,
т.б.) кездеседі. Астық тұқымдасытары сабандарын қағаз, тоқыма, химия өндірістері мен құрылыста
қолданады. Сондай-ақ оларды мәдени орындарды көгалдандыру және құм тоқтату үшін де өсіреді. [1]
• Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер[өңдеу]
• Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар - даражарнақтылар класына жататын астық
тұқымдас өсімдіктер (10-сызбанұсқа). Олардың 10 000-ға жуық түрі бар. Қазақстанда астық
тұқымдастардың 418 түрі өседі. Астық тұқымдастардың басым бөлігі шөптекті өсімдіктер. Сүректі
бамбуктар астық тұқымдастар тобына жатады. Астық тұқымдастардың сабағы бунақталған
цилиндр тәрізді. Бунақтар аралығы қуыс (кейбіреуінде қуыс іші өзекке толады). Астық тұқымдас
өсімдіктердің сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкелі, сабаққа кезектесіп
орналасады. Жапырақ негізі өсімдік сабағын қармал, қынап түзеді. Жапырақ алақаны мен қынап
аралығында тілше пайда болады. Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ. Олар жинақталып, күрделі
гүлшоғыр түзеді. Гүлшоғыры - сыпыртқыгүл, күрделі масақ, собық, шашақ және т. б. Гүлдері
көбінесе қосжынысты. Дара жынысты гүлдер тек жүгеріде болады. Гүл негізінде 2 (кейде 3) түссіз
жұқа қабыршақ және 2 гүл үлпегі орналасады. Оны гүлсерік нышаны десе де болады. Аталығы - 3.
Аналығы - 1. Жемісжапырақшасы 3-еу болып келеді. Аналық аузы қауырсын тәрізді - екі телімді.
Жатыны жоғары орналасады. Жемісі - дәнек. Тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Гж2А3Ж(3) (Гж -
гүлжарғақ). Гүлжарғақ гүл құрылысына жатпайды, ол түрі өзгерген жапырақ. Астық
тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер. Бидай, күріш, жүгері, қант қамысы, өзге де өздеріңе
таныс өсімдіктерді адам тағамға пайдаланады. Қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарбақ,
арпабастардың мал- азықтық өсімдіктер екені мәлім. Бамбук, қамыс қағаз өндіруге шикізат ретінде
пайдаланылады. Сүректі астық тұқымдастар (бамбук, алып сұрекқамыс) құрылыс материалы
ретінде жүмсалады . Қара сұлы, жатаған бидайық, арпабас, қонақ, итқонақтың кейбір түрлері -
шектен шыққан арамшөптер.
• Екпе күріш[өңдеу]
• Екпе күріш - биіктігі 50-150 сантиметрге дейін жететін біржылдық өсімдік . Сабағы түптеніп
өседі. Жасыл, күлгін немесе қызғылтым жапырағының ұзындығы 50 ем, ені 1 ем болады.
Гүлшоғыры - ұзындығы 10-40 ем көп масақты сыпыртқыгүл. Масақшалары тік өседі, қысқа
гүлсаеацта бір ғана гүл болады. Гүл қабыршағы қатқыл қабықшалы, ұзын қырлы болып
келеді. Оның төменгі бөлігінде көбінесе қылтанақ байқалады. Күріштің аталығы 6-ау. Дәнегі
- жұқа қабықшалы. Гүл формуласы: Гс2А3+3Ж(3) Күріш - жылуды, ылғалды, жарықты және
құнарлы топырақты сүйетін дақыл. Өсімді мерзімі 90-165 күнге созылады. Тұқымы +10-
12оС-де өне бастайды. Сәл суық түссе, өркендері тіршілігін тоқтатады. Күріш сула өседі.
Тұқымы себіле салысымен күріш егістігіне су жіберіп, топырақты суға қандырады. Өркендер
көктеп шыққаннан кейін су деңгейі күріш сабағының төрттен үш биіктігіне дейін жеткізіледі.
Суды дәнегі қамырланған кезде ғана ағызып жібереді. Сөйтіп егістік құрғатылады. Күріш
топырағы тыңайтылған ауыспалы егістікте өсіріледі. Оның тамыр жүйесі нашар дамыған,
кенеулі заттар болмаса, жеткілікті қоректене алмайды. Екпе күріш - азықтық дақыл.
Дәнегінде 9-12% нәруыз, 65-70% көмірсу және 4-6% май болады. Күріш дәні ботқа, палау
жасауға пайдаланылады. Күріш нәруызы ағзаға өте сіңімді. Күріш қайнатпасы - асқазан
ауруына қолданылатын тамаша дәрі. Күріштей алынатын өнімдер де (ұн, крахмал) мол.
Күріштің дәнегінен сабын мен шырақ дайындау үшін май алынады. Ал сабансабағы жоғары
іріктемелі қағаз жасауға жұмсалады. Сабаны, дән жармасы, кебегі - малға азық.
• Күрішті Оңтүстік-Батыс Азияның тропиктік елдері алғаш мәдени дақылға айналдырды.
Үндістанда, Қытайда, Үндіқытайда 4-5 мың жыл бұрын күріш егілгендігі туралы
деректер бар.
• Ғаламшарымызда күріш 140,8 млн гектар аумаққа егіл еді. Дүниежүзілік диқаншылықта
әр гектар дай 24 ц күріш түсімі алынатыны мәлім. Қазақстан бұл межеден асып түсті.
Қызыл ор да облысы Шиелі ауданының Қызылту колхозының звено жетекшісі Ы.
Жақаев дүниежүзілік рекорд жасады.
• Екі мәрте Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ыбырай Жақаев әр гектардан 174
центнерден күріш алды. Қазір де елімізде күріш өсіруге мемлекетіміз ерекше назар
аударуда.
• Бидай, тары, сұлы, арпа - біржылдық азықтық өсімдіктер. Сұлы негізінен малазықтық
өсімдік ретінде пайдаланылады.
• Бидайдың тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Бидайдың сабансабақтарынан түптенеді.
Мұның шаруашылық үшін маңызы зор. Масақшалардан күрделі масақ түзіледі.
Бидайдың гүлшоғыры - күрделі масақ. Бидай өзін-өзі тозаңдандырады. Жемісі - дәнек.
• Сүлының гүлшоғыры - сыпыртқы гүл, ал тарының гүлшоғыры - масақ тәрізді
сыпыртқыгүл. Шығанақ Берсиев әйгілі тары өсіруші болған. Ол тарының әр гектарынан
165-175 центнерге дейін түсім жинады .
• Құмай[өңдеу]
• Құмай - астық тұқымдас біржылдық өсімдік . Сабағының биіктігі - 100-300 м. Сабағы өзегі
толық, мықты, қалың өскен. Жапырағы жалпақ, сырты балауызды өңезбен қапталған.
Гүлшоғыры - сыпыртқыгүл. Сыпыртқыгүлінің пішіні әр түрлі: тік өскен, имек басты болады.
Кейбір сыпыртқыгүлдері тармақты, қымқырылған, жинақы болып келеді. Құмай (сорго) -
азықтық, малазықтық және техникалық өсімдік. Оның отаны - Африка. Бұдан 5 мың жылдан
астам бұрын құмайды баптал, өсірген. Құмай - жылу сүйгіш, ыстыққа, құрғақшылыққа төзімді
өсімдік.
• Астық тұқымдас даражарнақты өсімдіктерге сабағы бунақталған, іші қуыс (кейбіреуінің
қуысына өзек толған), шөптекті, сүректі өсімдіктер жатады. Олардың сабағын сабансабақ
дейді. Жапырақтары қатар жүйкеле сабаққа кезектесіп орналасады.
• Жапырақ негізінен қынап түзеді. Жапырақ алақаны мен қынап аралығында тілше пайда
болады. Гүлдері ұсақ. Гүлшоғыры - сыпыртқыгүл, күрделі масақ, собық, күрделі гүлшо- ғыр.
• Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер (мысалы, бидай, күріш, жүгері, тары, т.
б.). Жемісі - дәнек, тамыры - шашақтамырлы.
• Атқонақ, бетеге, тарғақ - малазықтық өсімдіктер. Бамбук, қамыс қағаз өндіретін шикізат
ретінде (құрылысқа) пайдаланылады. Қара сұлы, арпабас, қонақ, жатаған, бидайық тәрізді
қауіпті арамшөптер де бар. Астық тұқымдастар — біржылдық немесе көпжылдық өсімдіктер
[2]
•
2. Астық немесе қоңырбас тұқымдасы (злаки
или мятликовые) – GRAMINEAE, POACEAE
Астық тұқымдасы дара жарнақтылар класының
ішіндегі ең үлкені, оған 7,5—10 мың түр және
700-дей туыс жатады. Олардың ішінде
космополит түрлері құрлықтардың барлығыңда
кең таралған болып келеді. Астық тұқымдасы көп
жағдайда шалғындар мен шөлейт жерлердің
табиғи өсімдіктер жабынында басым болады.
• Тамаққа пайдаланылатын және малға азық болатын өсімдіктер
ретінде олардың халық шаруашылығындағы маңызы аса зор.
Тіршілік формалары негізінен көп жылдық және бір жылдық
шөптесін өсімдіктер. Тұқымдастың ағаш тәрізді өкілдері өсетін
тропикалық және субтропикалық аймақтарда тіршілік
формалары алуан түрлі болып келеді. Өркеннің көлбеу
орналасқан бөліктерінің ұзындықтарына қарай өсімдіктерді
тығыз түптенген, сирек түптенген және тамырсабақты деп
бөледі. Олар негізінен шашақтамырлы, сабақтары буыннан жөне
буын аралықтарынан тұрады. Астық тұқымдасының сабақтары
әрбір буын аралығының тұп жағындағы клеткалардың бөлінуінің
нәтижесінде ұзындыққа өседі. Мұндай өсуді қыстырма
(вставочная) меристемалар арқылы өсу деп атайды.
• Мұндай сабақты сабан (соломина) деп атайды. Ал кейбір астық тұқымдастарының (жүгерінің
және борыққамыстың) буынаралықтары да ұлпалармен толтырылған болып келеді.
Жапырақтары кезектесіп орналасады және екі қатар түзеді. Астық тұқымдасының
жапырақтары, әдетте жіңішке, ұзын, параллель жүйкеленген болып келеді және олардың
қынапшасы болады. Қынапша дегеніміз трубка тәрізді болып келген жапырақтың кеңейген тұп
жағы. Қынапша сабақты оның буынынан жоғарырақ орап тұрады, одан жапырақ кетеді. Астық
тұқымдасында қынапша буынаралығының тұп жағыңца орналасқан, және төменгі бөлінетін
клеткаларды қорғап тұрады. Астық тұқымдасы осы ерекшелігімен басқа тұқымдастарға
жататын өсімдіктерден ажыратылады. Жапырақ тақтасының қынапшасынан кететін жеріңце
пленка төрізді өскіні немесе тілшесі болады. Ол сабақпен қынапшаның арасьша судың өтуіне
мүмкіндік бермейді. Астық тұқымдасының ұсақ, көріксіз гүлдері жай гүлшоғырын —
масақтарын түзеді. Олар өз кезегіңде күрделі гүлшоғырьш – күрделі масақ, сьшырғы түзеді.
Астық тұқымдасының барлығының дерлік әрбір масагының түп жағыңда екі масақтық қауызы
болады (чешуи). Масақтарьшдағы гүлдердің саны әртүрлі астық тұқымдасында бірдей емес,
біреуден бірнешеуге дейін барады. Астық тұқымдасьшың көпшілігінде әрбір гүлдің 2-ден
гүлдік қауызы, 2 гүлдік пленкасы (қабықшасы), 3 аталығы және бір аналығы болады.
Соңғысының, яғни аналығьшың сыртын қалың түктер қаптаған екі отырмалы аузы болады
(рыльце). Гүл түйіні жоғарғы, барлық уақытта бір ғана тұқым бүрі болады. Гүлінің формуласы:
ТР(2)+2 А3 С(2).
• Астық тұқымдасының жемісі дән деп аталынады. Ал дән
дегеніміз бір түқымды жеміс, онда жемістің қабымен дәннің
кебегі бірігіп кетіп отырады. Дәнде эндосперм ұрықты қоршап
жашайды, ол оған бүйір жағынан жанасып, қалқанша деп
аталынатын жалғыз тұқым жарнағына тікелей тиіп тұрады.
Мәдени жағдайда себілетін астық тұқымдастарының дәндерін аз
мөлшерде тұқым деп атайды, ал көп мөлшерде тонналап немесе
центнерлеп жиналған дәңдерін астық деп атайды.
• Тұқымдасты үш тұқымдас тармағына бөледі: бамбук тәрізділер,
қоңырбас тәрізділер, тары тәрізділер. Біздің флорада соңғы екі
тұқымдастармағының өкілдері көптеп кездеседі. Олардың ішінде
астық беретін мынадай дақылдар ерекше құнды: бидай,
қарабидай, жүгері, арпа, сұлы.
• Тамаққа пайдаланылатын және малға азық болатын өсімдіктер ретінде олардың халық шаруашылығындағы
маңызы аса зор. Тіршілік формалары негізінен көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Тұқымдастың
ағаш тәрізді өкілдері өсетін тропикалық және субтропикалық аймақтарда тіршілік формалары алуан түрлі болып
келеді. Өркеннің көлбеу орналасқан бөліктерінің ұзындықтарына қарай өсімдіктерді тығыз түптенген, сирек
түптенген және тамырсабақты деп бөледі. Олар негізінен шашақтамырлы, сабақтары буыннан жөне буын
аралықтарынан тұрады. Астық тұқымдасының сабақтары әрбір буын аралығының тұп жағындағы клеткалардың
бөлінуінің нәтижесінде ұзындыққа өседі. Мұндай өсуді қыстырма (вставочная) меристемалар арқылы өсу деп
атайды.
Көптеген астық тұқымдасының, мысалы бидайдың, карабидайдың, атқонақтың, сабағының буьш аралығының іші
қуыс, ал буыңдары ұлпалармен толтырылған болып келеді.
Мұндай сабақты сабан (соломина) деп атайды. Ал кейбір астық тұқымдастарының (жүгерінің және борыққамыстың)
буынаралықтары да ұлпалармен толтырылған болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады және екі қатар
түзеді. Астық тұқымдасының жапырақтары, әдетте жіңішке, ұзын, параллель жүйкеленген болып келеді және
олардың қынапшасы болады. Қынапша дегеніміз трубка тәрізді болып келген жапырақтың кеңейген тұп жағы.
Қынапша сабақты оның буынынан жоғарырақ орап тұрады, одан жапырақ кетеді. Астық тұқымдасында қынапша
буынаралығының тұп жағыңца орналасқан, және төменгі бөлінетін клеткаларды қорғап тұрады. Астық тұқымдасы
осы ерекшелігімен басқа тұқымдастарға жататын өсімдіктерден ажыратылады. Жапырақ тақтасының
қынапшасынан кететін жеріңце пленка төрізді өскіні немесе тілшесі болады. Ол сабақпен қынапшаның арасьша
судың өтуіне мүмкіндік бермейді. Астық тұқымдасының ұсақ, көріксіз гүлдері жай гүлшоғырын — масақтарын түзеді.
Олар өз кезегіңде күрделі гүлшоғырьш — күрделі масақ, сьшырғы түзеді. Астық тұқымдасының барлығының дерлік
әрбір масагының түп жағыңда екі масақтық қауызы болады (чешуи). Масақтарьшдағы гүлдердің саны әртүрлі астық
тұқымдасында бірдей емес, біреуден бірнешеуге дейін барады. Астық тұқымдасьшың көпшілігінде әрбір гүлдің 2-
ден гүлдік қауызы, 2 гүлдік пленкасы (қабықшасы), 3 аталығы және бір аналығы болады. Соңғысының, яғни
аналығьшың сыртын қалың түктер қаптаған екі отырмалы аузы болады (рыльце). Гүл түйіні жоғарғы, барлық
уақытта бір ғана тұқым бүрі болады. Гүлінің формуласы: ТР(2)+2 А3 С(2).
ОРУНДАҒАН
• Гайипов Хыдыр
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz