МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС
Презентация қосу
МАТЕМАТИКАДАН
СЫНЫПТАН ТЫС
ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ
Кіріспе
Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды
өзгерістер болып жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс
қалған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына
сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды
қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы азаматтық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған. Сонымен қатар мемлекеттік
білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасы, Қазақстан мектептерінде
математикадан білім берудің мемлекеттік стандартына жеке тұлғаның
шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту, біліктілігі жоғары білімді
мамандарды даярлауды көздейді. Осы орайда орта мектепте математиканы
оқытудың білімдер жүйесімен және ол білімдерді сапалы түрде қолдана
алудың іскерліктері мен дағдыларын берік қалыптастыру болып табылатынын
ескерсек, бастауыш мектепте математикалық мәдениетін, сауаттылығын
көтеруді мақсат етеді. Мұндай мақсаттарға жетуде сыныптан тыс жұмыстар
да үлкен роль атқарады.
1 МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ
МАЗМҰНЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1 МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРҒА ШОЛУ
ЖӘ НЕ ОНЫҢ БАҒЫТТАРЫ
Сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу үдерісінің құрамды бөлігі, сабақтағы
жұмыстардың табиғи жалғасы болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық
дағдылары мен біліктерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды,
тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды көрсетіп, олардың ой-
өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру,
табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа
тәрбиелеу.
Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс деп – мұғалімнің
оқушылармен сабақтан басқа уақытта жүргізілетін жұмыстарының жүйесін
айтамыз. Математикадан сыныптас тыс жұмыстарға шолу жасай отырып оларды
мынадай бағыттарға топтастыруға болады:
а) бағдарламадағы материалдарды толық түсінбеген оқушылармен жүргізілетін
жұмыстар;
ә) математикалық қабілеттері жоғары математика пәніне қызығушылықпен
қарайтын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны – мұғалімнің
оқушылармен сабақтан басқа уақытта жүргізілетін жұмысын айтамыз.
Кез келген пәнге ынталық тәрбиесін қалыптастыру оңай шаруа емес,
сондықтан оны кездейсоқ жағдайларға телу әсте дұрыс емес. Сабақ теориялық
және методикалық тұрғыдан қаншалықты жоғары деңгейде өткізілгенімен, бұл
бағыттағы сыныптан тыс жұмыстарды жүйелі де ойлы ұйымдастыра білмеген
жағдайда күткендегідей нәтижеге жету қиын.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың міндеті:
a) оқушылардың танымдық белсенділігі мен пәнге деген ынтасын
қалыптастыру;
b) матемтикалық білімдерін тереңдету;
c) дүниеге ғылыми көзқарастарын кеңейту болып табылады.
Мұғалім сыныптан тыс жұмыстардың түрін таңдауды, оны ұйымдастыруды,
белсенділікті және оқушылардың өз бетіндік жұмыстарын жан-жақты
қамтамасыз ететіндей мұқият ойластыруы тиіс.
Сыныптан тыс жұмыстарға мыналар жатады: сыныптан тыс сабақтар,
математикалық бұрыштар, математика кештері немесе ертеңгіліктер,
математика үйірмелері, олимпиадалар, спартакиадалар, КВН, т.б.
Математикалық кеш (математикалық ертеңгілік). Математикалық кеш өткізілмес
бұрын газет шығарылып, онда әрбір сынып арасында жарыс ұйымдастырылатыны
айтылады. Әділ қазылар мүшелері сайланып, карточкалар, тапсырмалар
дайындалып, оқушыларға қарсы топқа сұрақтар дайындауға тапсырмалар беріледі.
Кеште 3 және 4 сынып оқушылары жарысуы мүмкін.
• Жоспары:
• Кешті ұйымдастыру.
• Әңгіме. (жалпы кеш белгілі бір тақырыпқа құрылуы мүмкін). «Адамдар санауды
қалай үйренген?», «Бізді қоршаған ортадағы шамалар»
• Жарыс – тапсырмалар (екі топқа ортақ сұрақтар).
• Ойын «Арифметикалық жүгіру».
• Тақырыпқа берілген тапсырмалар.
• Ең мықты есептеушіге сұрақ.
• Топтардың қарсы топқа қоятын сұрағы.
• Викторина.
• Қорытынды.
Математика үйірмесі. Онда математикаға ерекше бейімі бар
оқушылардан 3-4-сыныптан бастап ұйымдастырылады. Үйірме
сабақтары белгілі жоспар бойынша, оқушылардың тұрақты құрамымен
жүйелі түрде айына 2-3 рет жүргізіледі. Онда балаларды есептеудің
жаңа әдістерімен, қиынырақ есептерді шығару тәсілдерімен, кейбір
математика тарихы мәселелерімен таныстырылады. Үйірме мүшелері
газет шығаруға, бұрыш жасауға, кеш ұйымдастыруға ерекше
тартылады.
1.2 МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ
НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Математика апталығы. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың
маңызды түрлерінің бірі – математика апталығын өткізу. Математикалық
апта оқушыларды пәнмен қызықтыратын, сонымен қатар оқу
бағдарламасын терең оқып игеруге, шығармашылық белсенділігін,
ізденімпаздығын дамытуға мүмкіндіктер туғызатын көптеген шаралар
кешенін қамтиды. Ұйымдастырылыған апталық және оны дұрыс өткізу
маңызды оқу-тәрбие мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар
оқу материалын толықтыру, тереңдету, түрлендіру, математиканың
практикада қолданысы, оқушыларға өзіндік жұмыстардың дағдыларын
дамыту және олардың тәрбиелеу мүмкіндіктерінің пайда болуы сөзсіз. Бұл
шараларға дайындау және оны өткізу барысында математика
мұғалімдерінің педагогикалық біліктілігі көтеріледі және де оқытушы мен
оқушылардың арасында, сондай-ақ жалпы мектеп педагогтары мен
оқушылар ұжымдарының арасында да өте тағыз және емін-еркін
шығармашылық байланыстар қалыптасады.
• Математикалық апталықты мынадай жоспарда өткізуге
болады:
• Дүйсенбі «Математика – ғылымдар патшасы» - конференция.
• Сейсенбіде «Әр түрлі санау жүйелері» - үйірме.
• Сәрсенбіде «Ойшылдар, алғырлар, тапқырлар» - математикалық
сайыс.
• Бейсінбіде математикалық олипиада.
• Жұмада қызықты есептер, жұмбақ есептер, ребустар,
кроссвордтар жарысы және т.б.
• Сенбіде «Қызықты математика» - математикалық кеш.
Математикалық үйірме – математика пәні бойынша ұйымдастырылатын
сыныптан тыс жұмыстардың мейлінше кеңінен тараған және негізгі түрі.
Математикалық үйірме оқушылардың білімін тереңдетуде, олардың
математикалық таным мәдениетін және пәнге қызығушылығын арттыратын
маңызды құрал болып саналады. Оған қосымша, әртүрлі үйірмелерге қатысу
математика бойынша қосымша әдебиеттер мен өз бетінше жұмыс істей
білуге дағдыландырады.
Математикалық викториналар – сыныптан тыс жұмыстың қызықты,
еліктіргіш әрі жаппай сипаттағы түріне жатады. Оның оқу-тәрбие ісіндегі
орны ерекше және оны әр түрлі кештерде дербес шара ретінде өткізуге
болады. Викторинаның табысты өтуі оқушылардың оны ұйымдастыруы мен
жабдықтауға белсене қатысуымен бірге сол викторинаның сұрақтарын
құрастыруға тікелей қатысуына байланысты. Викторина сұрақтарын
іріктеуде тарихи-математикалық, көркем және ғылыми-көпшілік
әдебиеттерді, сонымен қатар математика пәнінің сыныптан тыс жұмыстарға
арналған кітаптарды пайдаланған жөн.
Математикалық олимпиадалар – сыныптан тыс жұмыстардың және
оқушылардың жаппай бәсекесін туғызатын тиімді тәсілдердің бірі. Әдетте
олимпиадалар математикалық үйірме жұмысының өзіндік қорытындысы да болып
табылады. Мұнда оқушылар әр түрлі математикалық мәселелерді еркін талдай
білуге машықтанып, алғырлығын танытады, өзінің математикалық дайындық
деңгейін байқап көреді.
Олимпиада оқушының пәнге қызығуын арттырып, математикалық ойлаудың
жоғары мәдениетін қалыптастырады. Олимпиада үшін есептерді іріктеудің маңызы
зор. Олар мектеп программасы шеңберінде жүргізілуге тиісті, сондықтан І турда
олимпиадаға тілек білдірген кез келген оқушы қатыса алады. Сонымен бірге
олимпиадалық есептер алғырлық, тапқырлық қасиеттерді талап етеді және
оқушының есепті ой елегінен өткізіп, өзіне сыни тұрғыдан қарай білу қасиетін
қалыптастыруы қажет. Ал, қандай бір математикалық баяндаудағы есептерді
дәлелдеуге білімпаздық, терең ойлау, қорытынды жасай, талдай білушілік талап
етіледі.
1.3 АУЫЗША ЕСЕПТЕУГЕ ҮЙРЕТУ ТӘ СІЛДЕРІ
Есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі
мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, психологиялық жас
ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою.
Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру, қорытындылау,
абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей дәрежеде
орындала бермейді.
Ауызша есептеуге үйрету. Бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Ол
уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен
есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны,
ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт
жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен,
олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол.
Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын
жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп
шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.
2 МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА
Қ ОЛДАНЫЛАТЫН ТАПСЫРМА ТҮРЛЕРІ
2.1 МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҮЙІРМЕНІ ӨТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
р/с Өткізілетін жұмыс түрлері
1 Сан сұраққа саяхат
2 Математика тарихынан ескілікті есептер
3 Қазақтың қулық есептері
4 Математикалық фокустар
5 Соңынан шығарылатын есептер
6 Математикалық олимпиада
7 Логикалық сипаттағы есептер. Әзіл есептер
8 Комбинаторика есептері
9 Жылдам есептеу тәсілдері
10 Қорытынды. Үйірме жұмысы туралы презентация жасау
Қорытынды
Оқыту - білім берудің негізгі жолы болып табылады. оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері,
сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал
оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру
бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып
білуге үлес қосатын оқытудың түрі – сыныптан тыс оқыту.
Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту
әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз
қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.
Оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс
жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік
көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құрамы екендігін көреміз. Сыныптан
тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды.
Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі салынады. Математика сабағындағы сыныптан
тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Осыған орай
оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана қоймай, жан – жақты ізденіп, ой - өрісін дамытады. Сыныптан
тыс оқыту оқу мен тәрбие саласындағы барлық жұмыстарды әрі дамытып, жалғастыру мақсатын көздейді. Оны
жүзеге асыру жолында мұғалім ең озық әдістерді таңдап алып, оны іс жүзінде пайдалана білуі қажет. Бұл шаралардың
бәрі мұғалімнен көп ізденісті күтеді. Қорыта келгенде, сыныптан тыс оқытуды жүйелі түрде таңдап алғанда, адам
тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алады.
Жұмысты осылайша ұйымдастыру оқушылардың математика пәніне ден қойып, оған ерекше ықылас қоюына жол
ашады.
Жоғарыда баяндалған жайлардан сыныптан тыс жұмыстар, оның мазмұны мен құрылымының байлығы, әріқилылығы
оқушылардың математика пәніне қызығушылығын күшейтуге үлкен мүмкіндік жасайды деп қорытындылауға
болады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz