Екібастұз көмір алабы


Slide 1

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨМІР КЕНОРЫНДАРЫ

Орындаған:

Тексерген:

Slide 2

Көмір - өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Көмір үш генетикалық топқа бөлінеді:

гумолиттер

сапропелиттер

сапрогумолиттер

Slide 3

Көмірдің қасиеттері оның петрографиялық құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады. Химиялық құрамының, физикалық және технологиялық қасиеттерінің өзгешеліктеріне қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады.

қоңыр көмір

таскөмір

антрацит

Slide 4

Қазақстандағы көмір алабтары

Slide 5

Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200-ге жуық көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің жалпы геологиялық қоры 164, 4 млрд. тонна шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17, 6 млрд. тонна, қоңыр көмір 92, 8 млрд. тонна. Барланған қорлар 60 млрд. тонна шамасында, баланстан тыс қорлар 19, 3 млрд. тонна. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% - қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан (Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен) .

Slide 6

Ірі кен орындары - Шұбаркөл (қоры 2, 2 млрд. тонна), Борлы (0, 5 млрд. тонна), Самара (1, 3 млрд. тонна), сондай-ақ, Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы (шамамен 2, 7 млрд. тонна) . Торғай энергетикалық қоңыр көмір алабының қоры 52 млрд. тонна, оның барланғаны 7 млрд. тонна. Оңтүстік Қазақстанда Іле және Төменгі Іле қоңыр көмір алаптары орналасқан. Іле алабының геологиялық қорлары 14, 8 млрд. тоннаға бағаланады, барланған қоры 0, 9 млрд. тонна.

Slide 7

Төменгі Іле алабының геологиялық қоры 9, 9 млрд. тонна, оның 3 млрд. тоннасы барланған. Шығыс Қазақстанда Қаражыра (Юбилейное) (қоры 1, 5 млрд. тонна), Кендірлік (1, 6 млрд. тонна, барланғаны 250 млн. тонна) кен орындары белгілі. Кендірлікте көмірден басқа жанғыш тақтатастар бар. Оның жалпы қоры 4 млрд. тонна, барланғаны 20, 3 млн. тонна.

Slide 8

Қарағанды көмір алабы

Slide 9

Қарағанды көмір бассейні -Қарағанды облысы жеріндегі кен орны. Ендік бағытта 120 км-ге созылып жатыр, ені орта есеппен 30 км. Ауданы - 3 600 км2, карбонның көмірлі қабаттары 2000 км2 шамасында Г, Ж, К, ОС маркалы тас көмір шығады. Бассейннің орталық және шығыс бөліктеріндегі юра қабаттарында қоңыр көмір бар. Кен жер астынан қазу жөне ашық әдіспен шығарылады.

Slide 10

Екібастұз көмір алабы

Slide 11

Екібастұз көмір алабы - Сарыарқаның солтүстік-шығысында, Павлодар облысы жерінде. Дүние жүзіндегі аса ірі көмір кендерінің бірі. Мұндағы қоңыр көмірді 1876 жылы жергілікті зергер Қосым Пішенбаев тапқан. Алғашқы барлау жұмыстары 1896 жылы жүргізіліп, көмір шахталардан өндіріле бастады. Құрылымы бойынша Екібастұз көмір алабы - солтүстік-батыс бағытта созылған асимметриялық мульда, оның ұзындығы 24 км, ені 8, 5 км. Алаптың жалпы аумағы 155 км2.

Slide 12

Торғай көмір алабы

Slide 13

Торғай қоңыр көмір алабы - негізінен Қостанай облысының, ішінара Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстары жерін қамтитын көмірлі аймақ. Ауданы 150 мың км2. Алаптың кейбір кен орындары 19 ғасырдың соңында белгілі болды, қалғандарының көпшілігі 1942-1952 жылдары ашылған.

Slide 14

Майкөбен алабы

Slide 15

Майкөбен қоңыр көмір алабы - Павлодар облысы Екібастұз қаласынан шығысқа қарай 65 км жерде орналасқан. Алап Сарыкөл, Шөптікөл, Ащыкөл, Талдыкөл, Жиренкөл, Тасқұдық және Тамды кен орындарына бөлінеді. Аумағы 1040 км². Мұндағы көмір туралы мәлімет 19-шы ғасырдың басында алынған. Алғаш А. А. Краснопольский зерттеген. Төменгі және ортаңғы юра көмірлі қабатының қалыңдығы 1850 м. Майкөбен қоңыр көмір алабы 4 шоғырға: ащыкөл, талдыкөл, шөптікөл және жиренкөлге жіктеледі. Олардың ішінде ащыкөл, талдыкөл және шөптікөл шоғырларының 500-600 м қимасында негізгі көмір қабаттары мен горизонттары орналасқан. Шөптікөл шоғырының қалыңдығы 250-300 және 150-250 м болатын екі көмір горизонты бар. Оның қалыңдығы 170-340 м. Қалғандары бір-бір қабаттан (қалыңдағы 5-6м) тұрады.

Slide 16

Көмір өндірісі

Slide 17

Көмір өнеркәсібі. Көмір - еліміздегі отынның негізгі түрі. Қазақстан аумағында әлемдік көмір қорының 3, 3%-ы, ТМД елдері қорының 15%-ы шоғырланған. Еліміз көмір өндіруден дүние жүзінде сегізінші, ал таяу шет елдер бойынша Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Көмірдің республика аумағындағы жалпы қоры 176, 6млрд т, оның 100-ден астам кен орындары ашылып, соның 40-тан астамы жан-жақты барланған. Көмірдің негізгі қоры Қазақстанның солтүстік, орталық бөлігінде шоғырланған. Елімізде кездесетін тас көмір мен қоңыр көмір қоры жөнінен өзара шамалас. Сапасы жоғары көмір түрлері кокс алуда пайдаланады. Кокстелген көмір металлургия өнеркәсібінде металл балқытуда қолданылады.

Slide 18

2017 жылғы көмір көлемі

Slide 19

Кенорындардағы апатты жағдайлар


Ұқсас жұмыстар
Мұнай және газ өнеркәсібі
Электр қуаты
Отын-энергетика кешені. Отын өнеркәсібі. Электр энергетикасы
Тас көмір Калий тұзы
Мұнай мен газ
Жанатын пайдалы қазбалар
Мұнай өнеркәсібі
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары
Қазақстандағы мұнай, газ және көмір кен орындары
Екіншідүниежүзілік соғыс басталар қарсаңында Қазақстан қорғасын өндіруден
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz