Әкімшілік құқықтың қайнар көздері: классификациясы мен сипаттамасы


Slide 1

Пәні:ҚР Әкімшілік құқығы

Тақырыбы:Әкімшілік құқықтың қайнар көздері

Тексерген:

Орындаған:

Slide 2

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері - бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез - құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандар.

Slide 3

Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет: 1) Субъектілердің белгілі бір категориялары орындау үшін міндетті бір немесе бірнеше мінез - құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет. 2) Осындай болуы үшін мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдауы қажет; 3) практикалық маңыздылығы болуы қажет, әкімшілік құқықтық қатынас субъектілерінің қызметінде жиі қолданылатындай болуы тиіс.

Slide 4

Құқықтың қайнар көздері

1) нормативті-құқықтық акт

2) құқықтық әдет-ғұрып

3) заң прецеденті

4) нормативті шарттар

5) Сот практикасының қорытындылары

6) Ғылыми құқықтық доктрина

Slide 5

нормативті-құқықтық акт - бұл осыны шығаруға құзырлығы бар, заңмен белгіленген тәртіпте қабылданған, жалпыға міндетті сипаты бар құқық нормаларынан тұратын, бірнеше рет қолданылуға арналған ресми құжат. Нормативті-құқықтық акт -қоғамдық қатынастарды құқықтық реттейтін негізгі құрал, сондықтан да құқықтың қайнар көздері ішінде ең негізгісі және маңыздысы болып табылады.

Slide 6

2) құқықтық әдет-құрып -бұл ұзақ уақыт бойында бірнеше рет қолданылу нәтижесінде әдетке енген және мемлекет санкциялаған мінез-құлық ережелері. Құқықтық әдет-ғұрып мемлекет пен құқытың ертерек даму кезеңдерінде маңызды болды. Қазіргі уақытта ол қайтадан өз қолданылуын тауып отыр. Осылай, 1994 жылы 27 желтоқсанда ҚР Азаматтық Кодексі қабылданып, оның 3 бабында азаматтық құқықтың қайнар көздерінің бірі деп құқықтық әдет-ғұрыпты көрсетеді.

Slide 7

заң прецеденті - бұл нақты заңды іс бойынша қабылданған шешім және кейіннен дәл осындай істерді қарастырғанда міндетті болып басшылыққа алынады. Оның екі түрі бар: сот және әкімшілік прецеденттер. Құқықтың бұл қайнар көздері әкімшіліктің құқықтың қайнар көзі ретінде англо-саксондық құқықтық жүйеде кең таралған. Ал Қазақстанда құқықтың қайнар көзі ретінде танылмайды.

Slide 8

нормативті шарттар - мінез-құлық ережелерінен тұратын, екі немесе одан да көп субъектілердің келісімі және осы шартқа қатысушылар үшін міндетті күші болады.

Slide 9

Сот практикасының қорытындылары - бұл соттардың нақты істерді шешу кезінде қалыптасқан, сәйкес нормативті-құқықтық актілермен барынша толық реттелмеген қатынастарға біркелкі және бірнеше рет қолданылу нәтижесінде әзірленген құқықтық ережелер. Егерде олар ҚР Жоғарғы Сотының нормативті қаулысымен рәсімделген болса ғана құқықтың дербес қайнар көзі ретінде ресми танылады. Сот практикасын қорытындылау құқық қолданушылық және құқық шығармашылық қызметте зор рөл атқарады, өйткені сот практикасын есепке алып талқыламаусыз соттардың қызмет етулері, заңнаманың болуы, жалпы, заң ғылымының дамуы мүмкін емес. Олар құқықтағы кемшіліктердің орнын толтыруда, сондай-ақ қолданыстағы құқық нормаларын нақтылау кезінде өте маңызды мәнге ие болады.

Slide 10

Ғылыми құқықтық доктрина - бұл заң ғылымының қандайда болсын саласында қалыптасқан, жалпыға мәлім ресми көзқарастар, жағдайлар мен қағидалар жүйесі. Ғылыми құқықтық доктринаға сәйкес және соның негізінде мыналар жүзеге асырылады: - құқық шығармашылық қызмет; - құқық нормаларын қолдану барсында заң баптарына түсінік беру; - құқықтағы кемшіліктерді жою. Іс жүзінде ғылыми құқықтық доктрина құқықтың қайнар көзінің функциясын атқарады, бірақта оны бірқатар себептер бойынша әкімшіліктің құқықтың қайнар көзі бола алмайды.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқықтың қайнар көздері: түрлері, белгілері және жүйелеу мәселелері
Құқықтың қайнар көздері: анықтамасы, ресми сипаттамасы және түрлері
Құқықтың қайнар көздері: ұғымы, нысаны және түрлері
Әкімшілік құқық: түсінігі, пәні, әдістері, қайнар көздері және әкімшілік құқық бұзушылықтар
Кәсіпкерлік құқықтың пәні, құрылымы және құқықтық қайнар көздері
Әкімшілік құқық негіздері: пәні, қайнар көздері, зерттеу әдістері және әкімшілік жауаптылық түрлері
Құқықтың қайнар көздері: ұғымы, түрлері және Қазақстандағы нормативтік құқықтық актілердің деңгейлері
Әкімшілік құқықтың жүйесі, пәні және нормалары
Әкімшілік құқықтың пәні, субъектілері және әдістері
Қазақстан Республикасындағы жер құқығының дамуы мен заңнамалық қайнар көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz