Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Пәні: Жаратылыстану ғылыми пәндер негіздері
Тақырыбы: Литосфера
Дайындаған:
Тексерген:.
Литосфера — жер қабығы (грек. lithos- тас,
sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты
жоғарғы гидросфера және атмосферамен
шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі —
шөгінді қабық; ол шегінді тау жыныстарынан
тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да
енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы
қозғалысына байланысты, оның калыңдығы әр
орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың
астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат
мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік
қабаттың астында аралық немесе «базальттық»
аса тығыз жыныстар қабаты жатады.
Литосфера – Жер планетасының біршама берік тау
жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары
ішінәра балқымалы яки онша берік емес атмосфера
қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер
қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және
осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты
заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын
жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді.
Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан
Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты
құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин
мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес
келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы
атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі.
Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп
есептелінеді.
Литосфераның даму
заңдылықтары
Жер шарын салыстырмалы түрде жұқа, біртұтас қатты қабық түрінде көмкеріп
жатқан литосфера — географиялық қабықтың маңызды құрамдас бөлігі болып
табылады. Литосфераның жоғарғы бөлігі болып табылатын жер қыртысының 90%-
дан астамын 8 химиялық элемент: оттек, кремний, алюминий, темір, кальций,
натрий, калий, магний құрайды. Тектоника ғылымында ұзақ уақыт бойы жер
қыртысының платформалық-геосинклинальдық дамуы жайлы тұжырымдама
басым болып келді. Бұл тұжырымдама бойынша, материктік жер қыртысы
салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерге — платформаларға және қозғалмалы
бөліктерге — геосинклинальдарға жіктеледі. Жер қыртысының үздіксіз дамуы
нәтижесінде геосинклинальдар платформаларға айналады, бұл процесс екі кезенде
жүзеге асады. Ұзаққа созылған алғашқы кезеңде қатты майысып, су басқан жер
қыртысының ойыстарында қалыңдығы 15—20 км-ге жететін шөгінді жыныстар
жиналады. Салмақ күшінің артуына байланысты Жердің ішкі қойнауындағы
күштер арасалмағы өзгереді. Соның нәтижесінде геосинклинальдарда
жерсілкінулер, жанартау атқылаулары күшейіп, қатпарлану жүреді. Осылайша биік
таулар түзіледі. Ал неғұрлым қысқа уақытты қамтитын екінші кезеңде түзілген тау
жүйелері сыртқы күштердің әсерінен үгіліп аласарады. бұл процесс көбінесе
материктер аумағында жүзеге асатындықтан, «платформалық-геосинклинальдық»
дамуы жайлы тұжырымдама Литосфералық тақталар саны тұрақты емес;
геологиялық уақыт аралығында олар рифтілер арқылы бөлшектеніп немесе
тектоникалық қозғалыстар әсерінен қайта бірігіп отырады. Материктер мен
мұхиттар географиясынан сендер жер қыртысының даму барысында бірнеше ірі
тақталардың болғанын және олардың бөлшектенгенін білесіңдер (оларды еске
түсіріндер). Қазіргі кезде Жер шарында 7 ірі және ондаған ұсақ литосфералық
тақталар ажыратылады.
Материктік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде шөгінді жыныстар қабаты, ал
одан төменде геофизикалық деректер бойынша, гранит және базальт
қабаттары орналасқан. Гранит және базальт қабаттарының шекаралас
бөліктерінде сейсмикалық толқындардың жылдамдығы күрт өзгеретіні
байқалған. Мұхиттың жер қыртысында гранит қабаты болмайды және шөгінді
жыныстар қабаты салыстырмалы түрде жұқа болып келеді. Материктер мен
мұхиттардың шекаралас аймақтарында жер қыртысы өтпелі сипат алады. Жер
қыртысының осындай құрылымы Еуразияның Тынық мұхитпен шектескен
бөлігінде кездеседі. Оған аралдар доғасы мен оны бойлай орналасқан терең
мұхит шұңғымалары дәлел болады.
Материктік жер қыртысы платформалар мен геосинклинальдарға жіктелетінін
білесіңдер. Платформалар аумағында жер бедері кебшесе жазық болып
келеді. бұл — ұзақ уақыт бойы сырткы күштер әсерінен жер бедерінің
тегістелуінің нәтижесі. Жазық-платформалық аймақтар құрлық ауданының
шамамен 53%-ын алып жатыр. Дүниежүзіндегі аса ірі Шығыс Еуропа, Батыс
Сібір, Ұлы Қытай, Ұлы жазық пен Орталық жазық, Амазонка, Ла-Плата және
т.б. жазықтар платформалық құрылымдарда орналасқан.
Литосфера
қабатындағы
өзгерістер
Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама
зор ықпалын мен әсерін тигізіп келеді. Егерде жылына ауаға дүниежүзі
бойынша 1 млрд тонна деңгейінде антропогендік заттектер,
гидросфераға шамамен 15 млрд тонна ластанғыш заттар енгізіліп
отырса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд
тонна. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, XX ғасырдың 90-шы
жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд
тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі
уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып
жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүниежүзіндегі
шөлдердің барлығының шығу тегі де анторпогендік. Анторпогендік шөлдің
аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн
км² – ден асып отыр. Бұл бүкіл құрлықтың 7%-ын құрайды. Топырақты
ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері:
физикалық, химиялық және биологиялық. Физикалық ластану –
радиактивті заттармен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық
әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәуленетін сұйық
және қатты қалдықтар алады. Биологиялық ластану – ауру тудыратын
және де басқа жағымсыз жағдайға итеретінмикроорганизмдердің
қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия,
сүзек және тағы басқа да ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойы сақталса,
ластанғыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға
дейін сақталып, едәуір аймаққа таралады
Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіпті кәсіпорындардың шығарымдары,
көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шапжойғыштар мен минералды
тыңйтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешендері, атмосфералық жауын-
шашын апатты жағдайда тасталатын шығарындылар әскери өндірістік
кешендері жатады. Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу
процестерінен шыққан өнімдерден және қалдықтармен топырақ көп ластанады.
Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді.
Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен ауыр
металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе алып отырған жерлері белгілі. Ауыл
шаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған
аймақтарда улы заттектер ана сүтінде қанның құрамында болатыны
байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия,
аскоридоз және т.б. ) қоздырғыштарын сатайтын ортаға жатады. Соңғы он
жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ
скважиналарын бұрғылағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактар
мен бояулардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің т.б. құрамына кіреті,
өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активті заттар құйылып
келеді. Олар суқоймаларға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп,
тіршілік процестеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір беттік активті заттардың
судағы мөлшері 1мг/лден жоғары болса, балықтардың жансыздануы байқалады.
Жер қыртысы 8 ірі
тақталардан тұрады:
1.Еуразия
2. Солтүcтік Америка
3. Оңтүстік Америка
4.Африка
5. Антарктида
6. Үнді-Аустралия
7.Тынық мұхиттық
8. Неаска тақтасы
Жазықтар дегеніміз-абсолюттік биіктігі 200метрге дейінгі жер беті.
Жазықтар төмен және төбелі болып бөлінеді.
Жазықтар абсолюттік биіктігіне қарай 3-ке бөлінеді:
1.Ойпат
2.Қырат-200-500м
3.Таулы үстірт-500 метрден жоғары.
Таулар абсолюттік биіктігіне қарай 3-ке бөлінеді:
1.Аласа -500-1000м
2.Орташа-1000-2000м
3.Биік тау-2000мден жоғары.
Д.ж ең биік тау-Гималай Ең биік шың-Джамалунгма Эверест 8848м
Ежелгі тауларға-Орал, Сарыарқа, Аппалач таулары жатады.
Жаңа тауларға-Кордилер, Памир, Кавказ, Гималай таулары жатады.
Бұрын теңіз түбі болып кейін көтерілген жазықтар алғашқы жазықтар
деп аталады. Жер қыртысының біршама тұрақты бөлігі-платформа.
Материктік қайраң-материктің мұхитқа өткен 200м дейінгі бөлігі.
Материктік беткей-200-2800м Шұңғыма-мұхит түбінің ең терең жері.
Шағыл-айшық тәрізді құм төбелер. Бархан-желдің әсерінен пайда
болған релеф құм төбелер. Телекан-бос тау жыныстарының үйінділері.
Жыралар мен сайлар судың әсерінен болады.
Адамзат баласы табиғаттың өзі жаратқан ғажайып
көріністердің бірі. Бірақ адам баласының үстемдігі, ақыл-
ойының біліктілігі оның табиғаттың басқа организмдерінен
әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Үстіне аң терісін,
өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күнелткен
алғашқы адамдардың өзі де керек-жарақтарды
атмосферадан алып отырған. Сана-сезім ғасырлар өткен
сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары
мәдениет сатысына көтерілді. Адам өзінің ақыл-ойы арқылы
көптеген жетістіктерге жетті. Яғни неше түрлі өндіріс,
өнеркәсіп орыдары және т.б. мекемелер жүйесін
қалыптастырды. Бұлардың пайдалы және зиянды жақтарын
жоғарыда айтып кеткен едік. Биосфераны осындай
антропогендік фактор әсерлерін қорғау –маңызды
шаралардың бірі. Адам әрекеті санасында табиғатты, жерді,
ауа мен өзендерді, көлдерді, жануарлар мен өсімдіктер
дүниесін қорғау және тиімді пайдалану осы заманғы
алдыңғы қаталы мәселелерінің біріне айналып отыр.
Ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра, тіршілігіміздің қайнар көзі-
табиғат байлығына жетіп, бағлап, оған келтірілген залалы
үшін болашақ ұрпақ алдында жауапты екенімізді ешуақытта
естен шығармағанымыз жөн.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz