Өлкетанудағы рекреациялық ресурстар




Презентация қосу
Тақырыбы:
Өлкетанудағы рекреациялық
ресурстар

Орындаған;
Тексерген;
Рекреациялық ресурстар - өндіргіш күштердің қазіргі деңгейі кезінде
қоғамның рекреациялық қажеттілігін қанағаттандыру үшін және халыққа
рекреациялық қызмет етуге маманданған шаруашылық саласын
ұйымдастыру үшін пайдаланылуы мүмкін табиғи және антропогендік
нысандар. Рекреациялық ресурстарға табиғи кешендер мен оларды
құраушылар (бедер, климат, өсімдік, суқойма), мәдени-тарихи ескерткіштер,
қалалар мен басқа елді мекендер, ерекше техникалық ғимараттар жатады.
Курорттық, сауықтырғыш, спорттық және экскурсиялық-туристік
рекреациялық ресурстар болып ажыратылады.
Туристік-рекреациялық ресурстар – туристердің рухани, рекреациялық
қажеттілігін қанағаттандыратын, күш-жігерін қалпына келтіріп, сергітетін
табиғи (теңіз, көл, өзен жағалауы) және антропогендік (тарихи-архитектуралық
көрікті жерлер) нысандар. Туристік-рекреациялық ресурстар қатарына:
курортты немесе емдік демалыс (минералды су, тау баурайы, орман іші, теңіз
жағалауы), сауықтыру (ландшафты климат жағдайлары, қолайлы жыл
мезгілдері, суға түсу маусымы), спорттық-альпинистік (тау тізбегі, қия жарлар,
шатқалдар немесе шөлді-шөлейтті, халық сирек орналасқан жерлерге) және
экскурсия-туристік (тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштер, табиғаттың
көрікті орындары, этнографиялық нысандар, мұражайлар, бірегей таңқаларлық
техникалық құрылыстар) нысандар жатады.
Табиғат ресурстары — табиғат элементтері, барлық табиғи шарттар
жиынтығының бір бөлігі және қоғам мен қоғамдық өндірістің әртүрлі
қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өндірістік күштердің берілген даму
деңгейінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін табиғи
ортаның маңызды құрамдас бөлшектері. Табиғи ресурстар оның үдерісі
кезінде пайдалануға және кейіннен қайта өңдеуге ұшырайтын табиғатты
пайдалану нысаны болып табылады. Табиғат ресурстарының басты
түрлері — Күннің қуаты, Жердің ішкі жылуы, су, жер және минералдық
ресурстар — еңбек құралдары болып табылады. Өсімдік ресурстары,
жануарлар әлемі, ауызсу, жабайы түрде өсетін өсімдіктер — тұтыну
заттары болып табылады. Ресурстардың табиғи шығу тегін, сонымен
қатар олардың зор экономикалық мәнін ескере отырып, табиғат
ресурстарының келесі жіктеулері зерттеліп әзірленген.
Табиғат ресурстарының түрлері — табиғат ресурстарын табиғаттық
топтар бойынша жіктеу: минералдық (пайдалы қазбалар), су, жер (оның
ішінде топырақты), өсімдік (оның ішінде орманды), жануарлар әлемі,
ауа райы, табиғи үдерістер қуатының ресурстары (Күн жарығы, Жердің
ішкі жылуы, жел қуаты және т.б.). Өсімдіктер және жануарлар әлемі
ресурстары көбінесе биологиялық ресурстар түсінігіне біріктіріледі.
Қазақстанның су ресурстары

ҚР Мемсуком деректері бойынша ҚР беттік өзен суларының ресурстары орта есеппен сулылығы
бойынша жылына 100,9 бағаланады, олардың 56,5%-і – Қазақстан территориясында құрылады,
44,4%-і - шектес территория-лардан (КХР, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы,
Ресей) түседі.
Беттік су ресурстары территория бойынша өте бірқалыпсыз орналасқан және жылдар бойынша және
бір жыл ішінде ауытқиды, республика облыстары сумен бірқалыпсыз қамтамасыз етілген. Шығыс-
Қазақстан облысы сумен аса жақсы қамтамасыз етілген – 1 -қа 290 мың , Атырау, Қызылорда
облыстары сумен аз қамтамасыз етілген. Ертіс, Тобол және Есіл өзендерінің суларын пайдалануды
реттеу және қорғау Ресеймен келісім бойынша жүзеге асырылады. Бұл бассейндер, ірі және орташа
су қоймалары гидроэнергетика, ирригация, кеме шаруашылығы, балық шаруашылығы және т.б.
қажеттілік-терін ұанағаттандыру үшін тиімді пайдаланылады.
Республикада суды тұтынудың негізгі үлесі ауыл шаруашылық өндірісіне келеді – жалпы көлемнен
77-80%, бір гектарға суды меншікті қолдану 10350 /га-дан 9100 /га дейін ауытқиды.
Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер көлемі 1,1 -тан 1,49 дейін өсті, 1998 ж. бір тұрғынға судың
меншікті шығыны соңғы он жылда 1989 ж. 210л/тәул. 1998 ж. 245 л/тәул. дейін өсті.
Қазақстан территориясында ауданы 2 артық 4 мыңға жуық көл және ауданы 100 асатын 17 көл бар.
Көлдердегі судың жалпы көлемі 190 млрд. жетеді, олардың 10%-і тұщы көлдердің үлесіне келеді.
Қазақстан Республикасы 55-56 млрд. көлемінде алғашқы реттік табиғи ресурстарды иеленеді,
олардың едәуір бөлігін шектес территориялардан келетін сулар құрайды.
Күн жүйесіндегі планеталар ішінде тек қана Жерде тіршілік бар. Себебі мұнда
құнарлы топырақ, ал топырақтың әр қилы өсімдіктер өсіп, органикалық заттар
қорын жинап ауаға оттегін бөліп шығарып, басқа тіршіліктің дамуына жағдай
туғызады. Дегенмен планетамызда да тіршілік дамыған, яғни құнарлы топырақ
қабаты бар аймақтар аса көп емес. Жердің басым көпшілігін, 7%-ын мұхиттар
алып жатыр, онда тек су өсімдіктері, негізінен балдырлар өседі. Сонда құрғақ
жердің үлесі небары 29% ғана. Құрғақ жердің барлығында бірдей құнарлы
топырақ қаптап жатқан жоқ. Көп жерлерді мәңгі қарлар мен мұздар алып жатса,
біраз аймақтарда жылжымалы құмдар мен жалаңаш тастар, біраз аймақтарды
жалтыр, тақыр жерлер қамтиды. Құнарлы жерлердің көп аймақтарын халық
мекендеген қалалар мен ауылдар, жолдар мен су қоймалары, аэродромдар т.б.
көптеген коммуникациялар алып жатыр. Бұл жөнінде жалпы мәліметтер 10
кестеде келтірілген. Ф.Н.Шипуновтың мәліметі бойынша (1968) құрғақ
жерлердің мөлшері миллиард гектар есебімен.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның туризм географиясы
РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ТҮРІ
Табиғат ресурстары
Рекреациялық туризм
Агроклиматтық ресурстар
Био ресурстар
Ресурстардың жіктелуі
Аймақтық стратегиялық жоспар
Ресей Федерациясы
Орман ресурстары
Пәндер