Әуежай қызметтері нарығы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) қызметінің негізгі бағыттары

Slide 2

Адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу және тауар нарықтарын талдау;

Монополияға қарсы заңнаманы бұзудың алдын алу, анықтау және тергеу, жолын кесу;

Бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған мемлекеттік органдар актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) жолын кесу;

Экономикалық шоғырлануды бақылау;

Экономикаға мемлекеттің қатысу үлесін қысқарту;

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды іске асыру;

ЕЭК, МСМК шеңберінде бірлескен талдаулар мен тергеулер жүргізу

СЛАЙД 1

АГЕНТТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Slide 3

Монополияға қарсы ден қою актілері бойынша бюджетке түскен түсімдер бойынша ақпарат

СЛАЙД 2

Монополияға қарсы тергеу

Slide 4

СЛАЙД 3

Монополияға қарсы тергеулер

Бәсекелестікті қорғау агенттігі мыналарға қатысты тергеулерді аяқтады:

«Кар - Тел» ЖШС (Beeline сауда маркасы) роуминг қызметіне қосылу үшін шекті мәндерді белгілеу арқылы үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша сомасы 155 млн. 350 мың. теңгеге айыппұл салынды (бюджетке аударылды)

«GSM Казахстан» ЖШС (Kcell сауда маркасы) роуминг қызметіне қосылу үшін шекті мәндерді белгілеу арқылы үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша сомасы 280 млн. теңгеге айыппұл салынды (сотта қарауда жатыр) .

«Гелиос» ЖШС мен «Royal Petrol» ЖШС АИ-92 маркалы бензинді қолма-қол есеп айырыса отырып, бөлшек саудада өткізуді негізсіз шектеу бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер фактісі бойынша.

Айыппұл сомасы «Гелиос» ЖШС бойынша - 4, 1 млн. тг, «Royal Petrol» ЖШС - 4, 2 млн. тг.

«Темірбанк» АҚ жосықсыз бәсеке фактісі бойынша, кредиттік шарттар жасаған кезде тұтынушыларғы «өзінің» бағалау компанияларын ұсынған, ал Алматы қаласында 233 бағалау ұйымы тіркелген.

Айыппұл сомасы 1, 6 млн. тг.

Slide 5

СЛАЙД 4

Монополияға қарсы тергеулер

Бәсекелестікті қорғау агенттігі мыналарға қатысты тергеулерді аяқтады:

«Газпром нефть-Казахстан» ЖШС, «Delta Energy» ЖШС, «Эльдорадо-2005» ЖШС, «Қазақстан жылу компаниясы» ЖШС, «Эридан Инвест» ЖШС АИ-92/93 маркалы бензинді өткізуде көтерме сауда бағасын негізсіз көтеру бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер фактісі бойынша.

Айыппұлдың жалпы сомасы: 202, 4 млн. тг.

«Ақ Бидай-Терминал» АҚ астықты ауыстырып тиеу шарттарын жасасуда астық трейдерлерінен негізсіз бас тарту, сондай-ақ тұтынушыларға экспедиторлық компаниялармен қызмет көрсетуге шарттар жасасу талаптарын күштеп таңу бөлігінде үстем жағдайын теріс пайдалану фактісі бойынша.

Айыппұл сомасы: 15, 2 млн. тг.

«КазТрансГазАймақ » АҚ табиғи газды беру бойынша маңызы бірдей шарттарға әртүрлі талаптар қою бөлігінде үстем жағдайын теріс пайдалану фактісі бойынша.

Айыппұл сомасы : 10, 7 млн. тг.

Slide 6

СЛАЙД 5

Монополияға қарсы тергеулер

Бәсекелестікті қорғау агенттігі мыналарға қатысты тергеулерді аяқтады:

«Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ және «Семей цемент зауыты» ЖШС цементке көтерме сауда бағасын негізсіз көтеру бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер фактілері бойынша.

Айыппұл сомасы: «Семей цемент зауыты» ЖШС - 71, 5 млн. тг.,

«Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ - 99, 3 млн. тг.

«ЛАД Строй» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ және «NETRING-Service» ЖШС бәсекелестікке қарсы келісімдер фактісі бойынша. «ЛАД Строй» ЖШС құрылыс компаниясы тұрғын үйді тапсыру кезінде телефондандыруға және бөгде «операторларға» жол берілмей Интернетке қолжетімділікті ұйымдастыруға заңсыз түрде айрықша құқық берілген.

Айыппұл сомасы: «Қазақтелеком» АҚ - 773, 4 млн. тг;

«NETRING-Service» ЖШС - 3, 6 млн. тг;

«ЛАД Строй» ЖШС- 28, 5 млн. тг.

Slide 7

СЛАЙД 6

Монополияға қарсы тергеулер

Бәсекелестікті қорғау агенттігі мыналарға қатысты тергеулерді аяқтады:

«АЭС Өскемен ЖЭО» АҚ, «АЭС Өскемен ГЭС» АҚ, «АЭС Шүлбі ГЭС» АҚ, «Нұрэнергосервис» ЖШС тұтынушылардың құқықтарына қысым жасауға әкеп соққан, электр энергияға бағаны негізсіз көтеру бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер фактісі бойынша, сондай-ақ үстем жағдайын теріс пайдалану фактісі бойынша.

Айыппұл сомасы: «Нұрэнергосервис» ЖШС- 17 млрд. тг.

«АЭС Шүлбі ГЭС» - 1, 300 млрд. тг.

«АЭС Өскемен ГЭС» - 1, 200 млрд. тг.

«АЭС Өскемен ЖЭО» - 1 млрд. тг.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС электр энергияға шарт жасасудан бас тарту бөлігінде үстем жағдайын теріс пайдалану фактісі бойынша.

Айыппұл сомасы: 1, 4 млрд. тг.

«Богатырь Көмір» ЖШС монополиялық жоғары баға қолдану бөлігінде үстем жағдайын теріс пайдалану фактісі бойынша.

Айыппұл сомасы: 150 млн. тг.

Slide 8

СЛАЙД 7

Монополияға қарсы тергеулер

Бәсекелестікті қорғау агенттігі қазіргі уақытта 66 тергеу, оның ішінде мыналарға қатысты жүргізуде:

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қарағанды тиеу көлігі басқармасының «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, сондай-ақ басқа жүк жіберушілерге «Углесинтез» ЖШС-ның кірме жолдарында жүктерді тиеу вагондарын беруге негізсіз тыйым салу бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісімдер белгілері бойынша.

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ және «Екібастұз ГРЭС» АҚ, «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС және «Шүлбі ГЭС» ЖШС тауарды өткізу мүмкін болған кезде электр энергиясын беруге шарттар жасасудан негізсіз бас тарту бөлігінде.

«Эйр Астана» АҚ өз кезегінде тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасайтын, халықаралық бағыттарға билеттер жазып беруде сервистік алымдарды негізсіз өндіріп алу бөлігінде.

«ОСМП» ЖШС және «Киберплат Казахстан» ЖШС төлем терминалдары арқылы тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ақы төлеуге төлемдерді қабылдауды ұйымдастыру бойынша өз тұтынушыларына қатысты әртүрлі бағалар қолдану және әртүрлі талаптар қою бөлігінде.

«Кселл» ЖШС және «КаР-Тел» ЖШС интерконнектке ставкалар белгілеу бойынша бағалық сөз байласу белгілері бойынша. 7 жылдан астам уақыт бойына осы субъектілер интерконнетке бірдей ставкалар қолданады.

Slide 9

СЛАЙД 8

Мемлекеттік органдардың

бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері

2012 жылғы 9 айда мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері фактілері бойынша монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына 14 тергеу аяқталды.

9 тергеу бойынша мыналарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалды:

ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды және өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау комитеті;

«Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ;

«Қарағанды облысы Әділет департаменті Қаражал қаласының Әділет басқармасы» ММ;

«Семей қаласының Экономика және қаржы бөлімі» ММ;

«Алға аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ (Ақтөбе облысы) ;

«Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық -атқару жүйесі департаменті» ММ,

«Қобда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (Ақтөбе облысы) ;

«Қобда аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі » ММ (Ақтөбе облысы) ;

«Талдықорған қаласының Жер қатынастары бөлімі» ММ.

Slide 10

СЛАЙД 9

Мемлекеттік органдардың

бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері

5 тергеу бойынша мыналарға қатысты Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының нормаларын бұзуды жою туралы нұсқама шығарылды:

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті;

«Жамбыл облысы Әділет департаменті Т. Рысқұлов ауданының Әділет басқармасы» ММ;

«Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ;

«Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ;

Батыс Қазақстан Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасы.

Slide 11

СЛАЙД 10

Үстем немесе монополиялық жағдайға

ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін

қалыптастыру және жүргізу

Мемлекеттік тізілімі - табиғи немесе мемлекеттік монополия жағдайындағы нарықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізбесі.

Егер:

- тауар нарығында бір субъектінің жеке үлесі 35 %-ды және одан да көп пайызды құрайтын;

- тиісті тауар нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі болатын, үшеуден аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі 50 %-ды және одан көп пайызды құрайтын;

- тиісті тауар нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі болатын, төртеуден аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі 70%-ды және одан көп пайызды құрайтын болса, талдау қорытындылары бойынша нарық субъектілері Тізілімге енгізіледі.

Егер Тізілімге енгізілген нарық субъектісі темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, газ, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникация және почта байланысы саласында қызмет көрсетсе, онда осы субъектінің бағасын мемлекеттік органдар (ТМРА, ККМ) реттейтін болады.

Slide 12

СЛАЙД 11

Тізілімдегі нарық субъектілерінің саны

Тізілімде барлығы 622 субъект тұр, оның ішінде:

мұнай өнімдері нарығы - 35

газ нарығы - 80

энергетика - 44

көмір нарығы - 8

темір жол көлігі - 40

авиатасымалдау - 20

телекоммуникация - 28

ауыл шаруашылығы - 71

құрылыс нарығы - 10

азық-түлік тауарлары

нарығы - 108

қаржы нарығы - 6

денсаулық сақтау - 4

коммуналдық қызметтер - 142

өзге де нарықтар - 26

Slide 13

Тұтынушылар

Энергиялы белсенділікті жаңғырту жөніндегі инвестициялық міндеттемелер

Энергия тұтынғаны үшін төлем

Дивидендтер төлеу

«АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС және «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС 2011 жылдың қорытындысы бойынша әр қайсысы 2 млрд. теңгеден астам мөлшерде дивидендтер төледі.

«Жамбыл ГРЭС» АҚ

мерекелік мәдени-бұқаралық іс-шараларға

965 646 тг.

«ЭГРЭС-2» АҚ депозиттерінде ақша сақтау

2011 жылы сомасы 3 млрд. теңгеден астам сомада ақшалай қаражат депозиттерге аударылды.

СЛАЙД 12

толық көлемде орындалмайды

Энергия компанияларының қызметін талдау

барысында анықталған проблемалық мәселелер

Slide 14

Ұсыныс: қолданыстағы электр энергетикасы

туралы заңнамаға мынадай мүмкіндіктерді

көздейтін өзгерістер енгізу:

- тарифтердің шығынды бөлігін, олардың рентабельділік деңгейін, сондай-ақ негізгі құралдардың тозу дәрежесін, олардың техникалық жай-күйін, жалпы жабдықты не оның жекелеген бөліктерін ауыстыру немесе оларды жөндеу қажеттілігін растайтын уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындыларын есепке алып, инвестициялық құрауышын айқындау тәртібін әзірлеу және бекіту.

- өндірушілер тобы бойынша электр энергиясына шекті тарифтерді белгілеудің қолданыстағы тетігінің күшін жою және оның орнына Тәртіпті әзірлеуге ұсынылғанның негізінде есептелген негізді тарифтер базасында әрбір өндірушіге жеке шекті тарифтерді бекіту жүйесін енгізу.

СЛАЙД 13

Электр энергиясы нарығы бойынша ұсынылған шаралар

Slide 15

СЛАЙД 14

Әуежай қызметтері нарығы

Республика әуежайларының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері, рентабельділік дәрежесі

2011 жылдың қорытындысы бойынша табысты болып табылады:

2011 жылдың қорытындысы бойынша мыналар шығынды болып табылады

(рентабельділік 0%) :

Боролдай әуежайы

Ақтөбе қ. әуежайы

Павлодар қ. әуежайы

Қостанай қ. әуежайы

Петропавл қ. әуежайы

Талдықорған қ. әуежайы

Ақтау қ. әуежайы

Жезқазған қ. әуежайы

Көкшетау қ. әуежайы

Қарағанды қ. әуежайы

Семей қ. әуежайы

Астана қ. әуежайы

Slide 16

СЛАЙД 15

Әуежай қызметтері нарығында бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұсыныстар

Басқа елдердің тәжірибесі бойынша (Ресей, ЕО елдері) авиаотынды сақтау және өткізу үшін отын құю станцияларын салу үшін басқа ұйымдардың әуежайлар аумағына қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Аталған әуежайларды шығынды еткен, реттелетін қызметтерге әуежайлардың тарифтерін қайта қарау, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңында табиғи монополия субъектісінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін табыс алу көзделді.

Әуежайлардың өзге қызметті жүзеге асыруы бойынша шектеуді алып тастау. Қазіргі уақытта табиғи монополиялар субъектілеріне басқа қызметтен жылдық табыстың жалпы көлемінде 5%-дан асатын табыс алуға болмайды.

Көлік және коммуникация министрлігі авиатасымалдау көлемдерін ұлғайту, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы әуе кемелерінің транзиттік трафигін тарту және қазақстан әуежайларында транзиттік қонуларды ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жандандыру

Slide 17

СЛАЙД 16

Мобильдік байланыс нарығы

ТМД елдерінде мобильдік байланыстың орташа тарифтерінің салыстырмалы кестесі (теңгемен)

Slide 18

СЛАЙД 17

Экономикалық шоғырлану

Мыналар:

1) нарық субъектісін бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру;

2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларды (қатысу үлестерін, пайларды) сатып алуы, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейін осы нарық субъектісінің акцияларына (қатысу үлестеріне, пайларына) билік етпесе немесе аталған нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беретін акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) жиырма бес немесе одан да аз процентіне билік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) аталған акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) жиырма бес проценттен астамына билік етуге құқық алады;

3) егер мәміленің (өзара байланысты мәмілелердің) нысанасы болып табылатын мүліктің баланстық құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе басқаға беретін нарық субъектісінің негізгі өндірістік құрал-жабдықтары мен материалдық емес активтері баланстық құнының он процентінен асып кетсе, нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектісінің негізгі өндірістік құрал-жабдықтарын және (немесе) материалдық емес активтерін меншікке алуы, иеленуі және пайдалануы, оның ішінде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебінен меншікке алуы, иеленуі және пайдалануы;

4) нарық субъектісінің кәсіпкерлік қызметті басқа нарық субъектісі жүргізген кезде олардың орындауына міндетті нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін (оның ішінде сенімгерлік басқару туралы шарт, бірлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негізінде) құқықтар алуы;

5) белгілі бір жеке тұлғалардың екі және одан да көп нарық субъектілерінің атқарушы органдарына, директорлар кеңесіне, байқаушы кеңестеріне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалардың осы субъектілердің кәсіпкерлік қызметін жүргізу жағдайларын айқындау шартымен қатысуы экономикалық шоғырлану деп танылады.

Slide 19

СЛАЙД 18

«Бәсекелестік туралы» заңды жетілдіру

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын ағымдағы жылғы сәуірде ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізді

Қолданыстағы «Бәсекелестік туралы» заң

«Бәсекелестік туралы» Заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы

Монополияға қарсы органмен міндетті келісуге жататын экономикалық шоғырлану түрлерінің саны

5

Монополияға қарсы органмен міндетті келісуге жататын экономикалық шоғырлану түрлерінің саны

3

(2 түрі хабарландыру сипатына көшті)

Экономикалық шоғырлану мәмілесін тану үшін тауарларды өткізудің жиынтық көлемі

2 млн. АЕК

(3 млрд. 236 млн. тг)

Экономикалық шоғырлану мәмілесін тану үшін тауарларды өткізудің жиынтық көлемі

10 млн. АЕК

(16 млрд. 180 млн. тг)

5 есеге ұлғайған

Заң жобасын қабылдау мыналарға мүмкіндік береді:

- жоғарыда көрсетілген Келісімде белгіленген бәсекелестіктің қағидаттары мен қағидаларына сәйкес ұлттық монополияға қарсы заңнаманы үйлестіру жөніндегі Кедендік одақ мүшесі ретінде Қазақстан Республикасы алған міндеттемені іске асыру;

- бизнес субъектілері үшін әкімшілік тосқауылдарды қысқарту (экономикалық шоғырланатын және монополияға қарсы органмен келісуге жататын мәмілелер саны ең аз дегенде 30%-ға қысқарады) .

- қолданыстағы Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру.

Slide 20

СЛАЙД 19

Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке

қатысуын қысқарту

Қызмет саласы

Республикалық деңгей

Жергілікті деңгей

РМК

РҚМК

АҚ/ЖШС

РМК

РҚМК

АҚ/ЖШС

Қорғаныс/қоғамдық тәртіп

1

0

1

0

1

0

Ғылым және білім

15

48

5

14

2566

2

Денсаулық сақтау

14

44

7

79

811

3

Әлеуметтік қамтамасыз ету

0

6

5

3

5

6

Мәдениет, спорт, туризм

4

39

10

20

740

12

БАҚ

2

0

14

107

43

28

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

2

0

1

369

20

33

Ауыл шаруашылығы

25

14

7

63

7

19

Көлік, байланыс, коммуникация

8

9

7

15

2

18

Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі

4

1

5

20

10

20

Өнеркәсіп, отын-энергетикалық кешені

1

0

3

31

0

8

Мемлекеттік органдардың сервистік сипаттағы қызмет көрсетуі, маркетингтік, консалтингтік, фармацевтикалық, ақпараттық

2

8

8

13

16

13

Өзге де

57

21

32

37

17

34

Жиыны

135

190

105

771

4238

196

Slide 21

СЛАЙД 20

Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту жөнінде қабылдаған шаралар

1. Агенттік мемлекеттік органдардың одан әрі жүргізетін қызметіне 4 818 өтінішхат қарады, оның ішінде:

- келісілгені- 4 566.

- бас тартылғаны - 252 (оның ішінде 229 - коммуналдық меншік,

23 - республикалық меншік) .

- 493 мемлекеттік кәсіпорындарға жекелеген қызмет түрлерін бәсекелес ортаға беру тапсырылды.

2. Агенттік мемлекеттің қатысуымен АҚ, ЖШС-ның және олармен аффилиирленген тұлғалардың одан әрі жүргізетін қызметіне 659 өтінішхат қарады:

- келісілгені - 464.


Ұқсас жұмыстар
Несие нарығы. Ипотекалық несие проблемасы
Кәсіпорын экономикасына қатысты класстар және анықтамалар
FOREX нарығының даму тенденциясы
Қазақстанның қаржы нарығын мемлекеттік реттеу
Сақтандыру нарығының ішкі ережелері
Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы
Нарық: құрылымы, үлгілері, қызметтері
Еңбек Нарығы
ҚҰПИЯҒА ТОЛЫ ХИМИЯ ЕЛІ
Көлеңкелі нарық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz