Жаратылыстану ғылымы
Презентация қосу
Пәні:Жаратылыстану ғылыми пәндер
негіздері
Тақырыбы: Жаратылыстану ғылымы
Орындаған:
Тексерген
Ғылым дегеніміз не?
Ғылым – адам мәдениетінің ең бір көне, маңызды және
өте күрделі компоненттерінің бірі. Бұл – өте үлкен білім
әлемі, олбізге табиғатты өзгертуге және оны адамның
қажеттіліктерін қанағаттандыруға лайықты етуге
мүмкіндік береді. Ғылым – күрделі зерттеу жүйесі.
Зерттеу нәтижесінде жаңа білімдер пайда болады.
Ғылыми-зерттеу институттарында жүздеген мың
зерттеуші-ғалымдар өзінің білімімен, тәжірибелерімен
бөліседі және табиғат, қоғам, адамзат заңдылықтарын
зерттеу үшін шығармашылық энергиясын жұмсайды.
Ғылым 3 түрлі бағытқа бөлінеді: жаратылыстану,
техникалық, қоғамдық және гуманитарлық.
Жаратылыстану ғылымы
дегеніміз — табиғатты
зерттеумен айналысатын
ғылымдардың жиынтық
атауы, табиғат құбылыстары
мен олардың дамуының
жалпы заңдарын танумен
шұғылданатын ғылым жүйесі
болып табылады.
Жаратылыстану - өзіміз өмір сүріп жатқан Жер планетасын, ондағы
табиғи жағдайлар мен жан-жануарларды, өсімдіктер әлемін, олардың
тіршілігінде болып жатқан құбылыстарды қазіргі заманғы ғылыми
түсініктермен байланыстыра отырып қарастырады. Өлі табиғат пен тірі
табиғатты біртұтас қарап, бұл проблемалардың экономикасын ғаламдық
тұрғыдан қарастырады.
«Жаратылыстану» ұғымы екі сөзден
дайындалған (көбіне математикалық формулалармен) ғаламдағы бар
немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім (ғылым).
Әртүрлі жаратылыстану ғылымдарының зерттеу шеңберінде бір ғана
табиғи құбылыс тұрады. Зерттеу объектілерінің бірлігі бірнеше дәстүрлі
жаратылыстық ғылымдардың тоғысуынан шығатын жаңа пән аралық
ғылымдардың пайда болуына әкеледі.
Жаратылыстану ғылымының
міндеті қандай?
«Жаратылыстану» ғылымының міндеті
табиғат заңдарын зерттеу және оларды
адам мүддесі үшін пайдалануға жәрдем
жасау болып табылады. Жаратылыстанудың
ғылыми білімдері адамдардың тәжірибе
жүзінде жасаған іс-әрекеттері барысында
алынған және жинақталған бақылауларды
қорытындылау нәтижесінде жасалады.
химия
физика
геология
биология
Жаратылыстану
ғылымы
байланысады:
география
астрономия
биохимияны
Жаратылыстану
ғылымының басқа
ғылым салаларымен
қатынасы қандай?
Жаратылыстануғ
а енетін
ғылымдар
топтастырылуы:
1) физика, химия;
2) биология, ботаника, зоология;
3) анатомия, физиология, генетика;
4) геология, минералогия, палеонтология,
география(физикалық);
5) астрономия(астрофизика және астрохимия).
Жаратылыстану мен физика байланысы.
Барлық жаратылыстану ғылымдарының
іргетасы, негізі физика болып табылады, оның
зерттеу нысаны – денелер, олардың қозғалысы,
түрленуі мен түрлі деңгейдегі пішіндері. Бүгінгі
күні физиканы білмейінше, жаратылыстану
ғылымдарының бірде-біреуімен айналысу мүмкін
емес. Физика өзінің ішінде бірнеше бөлімдерге
бөлінеді, олар арнайы тақырыбы мен зерттеу
тәсілдері бойынша ерекшеленеді. Олардың ішінде
маңыздысы механика болып табылады.
Жаратылыстану мен биология байланысы
Биология – жасушалар мен одан
туындайтындардың барлығын зерттейтін
тірі нәрсе туралы ғылым. Биологиялық
білімнің негізінде заттар, химиялық
элементтер туралы мағлұматтар жатыр.
Биологиялық ғылымдардың арасынан
ботаниканы (пәні – өсімдіктер патшалығы),
зоологияны (пәні – жануарлар әлемі) және
басқаларын бөліп айту керек.
Жаратылыстану мен
география байланысы
Жер туралы ғылымдар жаратылыстану
құрылымының келесі элементі болып
табылады. Бұл топқа геология, география,
экология және басқалары кіреді. Олардың
барлығы да физикалық, химиялық және
биологиялық құбылыстар мен үдерістердің
күрделі үйлесімі болып табылатын біздің
ғаламшардың құрылысы мен дамуын
қарастырады.
Жаратылыстану мен
астрономия байланысы.
Табиғат туралы бұл білім баспалдағын космология аяқтайды,
ол Ғаламды біртұтас нәрсе ретінде зерттейді. Бұл білімнің
бөлімдері астрономия мен космогония болып табылады, олар
ғаламшар, жұлдыз, галактикалардың және т.б. құрылымы
мен жаратылысын зерттейді. Осы деңгейде физикаға
жаңаша оралу жүзеге асады. Бұл жаратылыстанудың циклдік
және тұйықталған сипаты туралы айтуға мүмкіндік береді,
ол, сірә, табиғаттың өзінің маңызды қасиеттерінің бірі
болып табылады.
Жаратылыстану құрылымы жоғарыда аталған
ғылымдармен шектелмейді. Өйткені ғылымда ғылыми
білімдерді жіктеу мен біріктірудің күрделі үдерістері әлі де
жүріп жатыр.
Жаратылыстану ғылымының зерттеу
объектілері
Ғылыми танымның аталған деңгейлерінің зерттеу объектілері бойынша да
өзара айырмашылықтары бар. Танымның тәжірибелік деңгейінде
зерттеудің объектісі тікелей табиғат және қоғам құбылыстары мен заттары
болса, ал теория тек идеяландырылған объектілермен (материалдық нүкте,
идеалды газ, абсолютті қатты дене т.с.с) жұмыс істейді. Эмпириктік
деңгейде қолданылатын негізгі әдістер: бақылау, баяндау, сипаттау, өлшеу,
эксперимент т.б. Ал теория болса, аксиомалық әдісті, системалық,
құрылымдық функционалдық талдау, математикалық моделін жасау
әдістерін т.б. пайдалануға тырысады. Ал эмпирикалық әдістемелерге
жататындар: бақылау – объективті жағдайдың құбылыстарын мақсатты
түрде қабылдау, сезіну; сипаттау – объектілер тәралы мәліметтерді тіл
құралдары арқылы жеткізу; өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері мен
жақтары бойынша салыстыру; эксперимент (тәжірибе) – құбылыстарды
қайталау мақсатымен арнаулы жасалған және бақыланған жағдайларды
зерттеулер жүргізу.
Зерттеудің жалпы әдістемелері:
1) анализ - тұтас заттарды толық зерттеу жүргізу үшін жеке құрамдас бөліктерге
бөлу;
2) синтез – заттың бұрыннан жіктелген жеке құрамдас бөліктерін бір тұтас жүйеге
біріктіру;
3) абстракциялау – зерттелетін құбылыс үшін маңызы жоқ қасиеттер мен
қатынастар арасынан қажетті қасиеттер мен қатынастарды бөліп алып
қарастыру;
4) қорытындылау – нәтижесінде объектінің жалпы қасиеттері мен белгілері
анықталатын ойлау тәсілі;
5) индукция – жалпы қорытынды жекелеген жағдайлардан жасалатын зерттеу
әдістемесі;
6) дедукция – жалпы қорытындыдан жекелеген пікірлер тудыратын талдау тәсілі;
7) аналогия – объектілердің бір белгілерінің ұқсастығы бойынша, келесі бір
белгілерінің де ұқсастығын анықтауға арналған ғылыми тәсіл;
8) жобалау – объектіні оның көшірмесін жасап, зерттеу;
9) классификациялау – барлық зерттелетін заттарды маңызды бір белгілері
арқылы жеке топтарға бөлу.
Қазіргі ғылымда сонымен қатар статистикалық әдістемелердің маңызы зор, олар
зерттелетін заттардың барлығын сипаттайтын орташа мәндерді анықтауға
мүмкіндік береді.
Жаратылыстану ғылымындағы
басты критерийлер:
Ғылымилықтың ең басты критерийі – жүйелілік. Ғылыми білім әр қашан
белгілі бір жүйе ретінде қарастырылады: бүл жүйенің өзіндік басталу принципі,
іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге бұл жүйеге аталған ғылым үшін зор
маңызы бар тәжірибелік фактілер, эксперименттер, тәжірибелік қорытындылар
мен ұсыныстар енеді.
Ғылымға қойылатын тағы бір критерий – онымен айналысатын (қоғамда) бір
дарынды адамдардың болуы және қажетті материалдар мен технологияның
болуы.
Ғылымилықтың үшінші критерийі – ғылыми танымның мақсаты. Яғни,
мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәтижесі адамзат игілігіне
айналуы шарт.
Тағы бір төртінші критерий – рационалдылық (тиімділік). Зерттеудің әр түрлі
(әдістемелерін ) тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын таңдап алу.
Ғылымға қойылатын бесінші критерий – зерттеудің тәжірибелік әдістемесін
қолдану және ғылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа уақытта пайда
болды және тәжірибемен байланыстыра отырып, ғылымға жаңа сипаттар
әкелді.
Жаратылыстану ғылымындағы
негізгі теориялар үш түрге бөлінеді:
Бірінші түрге жататындар – сипаттамалық (эмпирикалық)
теориялар жатады.
Мысалы: Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы, И.Павловтың
физиологиялық теориясы тағы басқа көптеген тәжірибелік
(эмпирикалық) мәліметтердің негізінде бұл теориялар белгілі бір
объектілер мен процестерді сипаттайды.
Ғылыми теориялардың екінші түрі математикаландырылған
ғылыми теорияларды құрайды. Теориялардың бұл түріне
теориялық физика саласындағы теориялар жатады. Көп
жағдайда бұл теориялар аксиомалар түрінде беріледі.
Үшінші түрге жататындар – дедуктивтік ғылыми теориялардың
жүйесі.
Алғашқы дедуктивтік теория Евклидтің «Бастамалары». Бұл
теориялардың негізгі мазмұны ең басында беріледі де, ал бұдан
шығатын қорытындылар теорияға соңынан енгізіледі.
Дедуктивті теориялар әдетте ерекше бір шартты тілмен беріледі.
Аталған әрбір ғылыми теориялардың мазмұны мен
ерекшеліктері – олардың пайда болуы – ғылыми түсініктердің
қалыптасуымен тығыз байланысты.
Жаратылыстану
ғылымы туралы
ұлылар
көзқарасы:
Ертеде ғылыми деректердің аздығынан тіршіліктің
пайда болуы туралы түрлі көзқарастар қалыптасты.
Ежелгі грек философы Аристотель(б.з.д. IV ғ.) бит —
еттен, қандала — жануар шырынынан, шұбалшаң —
балшықтан пайда болады деген көзқарасты
ұстанды.
Грек философиясының негізін салушылар Фалес және т.б., органикалық дүниенің
негізін қоршаған ортадағы әр түрлі заттардан іздеді. Фалес ондай негізгі зат су деп
есептеді және содан өздігінен тіршілік пайда болды деп корытынды жасады. Орта
ғасырларда да ғылыми деректердің жинақталуына қарамастан тіршіліктің пайда болуы
жайлы түрлі көзқарастар орын алды. XVII ғасырдың орта шеніне дейін тіршілік өздігінен
өлі табиғаттан пайда болады деген көзкарасты қолдаушылар көп болды. Кейінгі кездегі
микроскоптың ашылуына байланысты ағзалардың құрылысы жайындағы деректер
нақтылана түсті. Осыған сәйкес тіршіліктің өлі табиғаттан пайда болуына күмән
келтіретін тәжірибелер жасала бастады.
Тіршіліктің құпия сырларын білу үшін
ағылшын философы Ф.Бэкон (1561—1626
жж.) міндетті түрде бақылау,
эксперимент жасап зерттеуді ұсынды.
Осы ұсынысы арқылы түрлі діни
сенімдерге батыл қарсы шықты.
Ғалымның эксперимент жасап алынған
деректерді талдап салыстыру керек деген
көзқарасы жаратылыстану ғылымының
дамуына ерекше әсер етті.
XVII ғасырдың ортасында италиялық
дәрігер Франческо Реди (1626—1698
жж.) тәжірибе жасап, тіршілік өздігінен
пайда болады деген теорияға карсы
шықты. Ол 1668 жылы, төрт ыдысқа ет
салып, оны ашық койды да, келесі төрт
ыдыстағы еттің бетін дәкемен жапты.
Беті ашық ыдыстарға шыбын жұмыртқа
салғандықтан, шыбындар өсіп шықты,
ал беті дәкемен жабылған ыдыстардан
шыбын шыққан жоқ. Реди осы
тәжірибесі арқылы шыбынның өзі
салған жұмыртқалардан ғана
шығатынын, яғни шыбынның өздігінен
пайда болмайтынын дәлелдеп берді.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz