Азаматтық құқық қатынастары


Slide 1

“Қазақстан Республикасының азаматтық құқық негіздері” тақырыбында

Құқық негіздері пәнінен

Слайд-дәріс

университеті

Барлық мамандық студенттері үшін

Slide 2

Жоспар

1. ҚР азаматтық құқығы туралы жалпы түсінік;

2. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар;

3. Міндеттемелік құқық;

4. Авторлық және сабақтас құқықтар;

5. Мұрагерлік құқық.

(Ұлт жосапары - Мемлекет басшысы Нұрсылтан Назарбаетың бес институционалдық реформаны

жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам) . II. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету. 23, 25 қадам

Slide 3

Қазақстан құқық жүйесінде азаматтық құқықтар ең бір елеулі салалардың бірі болып табылады. Бұл құқықтық саласының тауар-ақша өзге де теңдікке негізделген, мүліктік қатынастарға негізделген қатысушылардың сол сияқты мүліктік, жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалары.

Slide 4

1. ҚР азаматтық құқығы туралы жалпы түсінік

Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.

Slide 5

Азаматтық құқық қатынастары бұл- мүліктік және жеке мүліктік емес азаматтық құқық қатынастары нормаларымен реттелу нәтижесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Субъектілік құқықтар және оның қатысушыларының міндеттері оның мазмұның құрайды. Азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бірліктер азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары бола алады.

Slide 6

Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері

Субъектілері

Объектілері

Мазмұны

Slide 7

Азаматтық құқық қатынастары

Көп және әртүрлі

Мүліктік және мүлікті емес

Жай және күрделі

Абсолюттік және салыстырмалы

Slide 8

Құқық қатынастарының қатысушылары болу үшін

Азаматтық құқық қабілеттілігі

Азаматтық құқықтардың болу қасиеті және жауапкершілікті мойындау. Ол барлық азаматқа тепе-тең өлшемде жүктеледі. Туылған күнінен пайда болып дүниеден өткенде тоқтатылады. (ҚР АК 13 бабы) .

Азаматтық іс-әрекетке қабілеттілік

Заң іс-әректетке қабілеттілікті (18 жасқа жету), кәмелетке жетпегендердің іс-әрекетке қабілеттілігін (14 жастан 18жас аралығы), жас балалардың іс-әрекетке қабілеттілігін (ішінара іс-әрекетке қабілеттілікті, 14 жасқа дейін) жекелейді

Slide 9

ҚР АК 12 бабы - жеке тұлға бұл - ҚР азаматтары, өзге мемлекет азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар екендігін анықтайды. Құқық қатынастарының қатысушылары болу үшін азаматтық құқық қабілеті және іс-әрекетке қабілеттілік болуы қажет.

Азаматтық құқық қабілеттілігі бұл - азаматтық құқықтардың болу қасиеті және жауапкершілікті мойындау. Ол барлық азаматқа тепе-тең өлшемде жүктеледі. Туылған күнінен пайда болып дүниеден өткенде тоқтатылады. (ҚР АК 13 бабы) .

Жеке Тұлға

Slide 10

Азаматтық құқықтық қатынастардың қайнар көздері

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады.

Slide 11

2. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар

Меншіктің экономикалық қарым-қатынасы қоғамның материалдық негізін құрайды. Бұл қарым-қатынасты құқық нормаларымен реттейді.

Субъектілік мағынада ҚР АК 188 бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз мойындалған және заң актілерімен қорғалатын субъектінің өзіне тиісілі мүлікке өз қарауымен иелік етуі, қолдануы және өз ұйғаруымен пайдалануы.

Меншік иесі өз дүниесіне қарасты өз қарауымен кез келген әрекетті жүзеге асыра алады (кепілге беру, сату, жою) . Меншік құқығы мезгілсіз.

Slide 12

ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ-

ИЕЛЕНУ ҚҰҚЫҒЫ

Меншік құқығы

БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ

Slide 13

Жер1 және оның байлықтары, су, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи қорлар

1 Жер сонымен бірге жеке меншікте болуы мүмкін (конституцияның 6 б. 3 т. )

ЕРЕКШЕ МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ

Slide 14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІҢ ТҮРЛЕРІ

Жеке

Мемлекеттік

ЖЕКЕ МЕНШІК

ҚР азаматтарының, шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ тұлғалардың меншігі

Олармен құралған заңды тұлғалардың меншігі

Колхоздардың, коллективті кәсіпорындар мен кооперативтердің, шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың және басқа мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің мүлігі

Slide 15

Республикалық меншік мемлекеттік республикалық заңды тұлғалардың артынан бекітілген республикалық қазына мен мүліктен тұрады

Коммуналдық меншік коммуналды заңды тұлғалардың артынан бекітілген жергілікті қазынадан және мүліктен тұрады

МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК

Республикалық меншік

Коммуналдық меншік

Slide 16

3. Міндеттемелік құқық

Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға, ақша төлеуге және тағы осылар сияқгы әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар. Тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады.

Slide 17

Мұздатқыштар Мәскеу қаласынан Алматыға жөнелтіледі. Егер шартпен өзгеше көзделмесе сатып алушыға жөнелту үшін жүкті темір жолға өткізу орны міндеттеменің орындалатын жері болып табылады, сондай-ақ жүкті жөнелту кезінде сатып алушының меншік құқығының пайда болу сәті де анықталады.

Ақшалай міндеттемелерді орындау тәртібіне баса назар аудару қажет.

° Міндеттеменің орындалуы куәландырылған болуы қажет, яғни міндеттеменің орындалуы кезінде несие беруші борышқорға міндеттеменің толық немесе ішінара орындалғаны жөнінде қолхат беруі тиіс. Жалпы тәртіп бойынша, егер борыштық құжат несие берушіде болса, борышқор міндетте- менің орындалғанын дөлелдемейінше міндетті болып қалады.

Slide 18

Шарт

Келісім-шарт - сыртқы саудада бір жақ (сатушы, лицензиар) келісімшартта көрсетілген мүлікті (тауарды), ғылыми-техникалық білімді екінші жақтың меншігіне (алушы, лицензиат) беруге міндеттенетінін, ал екінші жақ өз кезегінде бұл мүлікті немесе білімді көрсетілген мерзімде алып, белгіленген бойынша төлеуге міндетгенетінін көрсететін құжат. Халықаралық саудада «шарт» деген термин қолданылады. Сыртқы сауда қатынастарында шарттардың мынадай түрлері таралған: халықаралық, монополиялық, консигнациялық, комиссиялық, т. б. Аралас шарттар, яғни бір өзінде шарттың бірнеше типтерінің элементтері үйлесім табатын түрлері де кездеседі.

Slide 19

Шарт мынадай жағдайларда жасалады:

1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:

а) тұрғын үйді сатып алу - сату туралы;

ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;

б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.

Slide 20

2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:

а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт;

ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт;

б) жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісім-шарт.

Slide 21

3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:

а) автокөлікті сатып алу - сату жөніндегі келісім-шарт;

ә) автокөлікті залогқа беру жөніндегі келісім-шарт;

б) автокөлікті сыйға беру жөніндегі келісім-шарт.

Slide 22

4. Ақша қаражатын заемға алу - заемға беру жөніндегі мәмілелер:

а) процент төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт;

ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт.

Slide 23

Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар иесі - мүліктік кұқық берілген жағдайдағы автор немесе орындаушы: а) мүліктік құқықтар берілген жеке немесе заңды тұлға; ә) автордан немесе орындаушыдан өзге жеке тұлға немесе осындай жеке немесе заңды тұлғаға бастапқыда мүліктік кұқықтар берілген жағдайда заңды тұлға.

4. Авторлық және сабақстас құқықтар

Slide 24

Авторлық және сабақстас құқықтар

өнертапқыштық құқығы, тауарлық белгі, тауардың шығатын жерінің атауы кіретін өнеркәсіптік меншік;

әдебиетке, музыкаға, көркем, аудио-визуалды шығармалар енетін әдеби-көркем. Интеллектуалдық меншіктің екі түрі де мазмұнына қарай абсолютті құқыққа ие, тек қана құқық иесі туындыларын табыс табу мақсатында пайдалана алады, ал үшінші жақты тұлғалардың оның келісімінсіз мұндай құқығы жоқ

Slide 25 Slide 26

Сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының мүліктік құқықтары және орындаушының жеке мүліктік емес құқықтары. Сабақтас құқықтар авторлық құқықпен қорғалатын шығармалар төңірегінде қалыптасады.

Сабақтас құқықтың авторлық құқықтан айырмашылығы дайындау, жазу, тарату, барысында делдал қызметін атқаратын адамға тиесілі болады. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау ісінде елімізде біршама жұмыстар жасалуда. Сабақтас құқық саласындағы заң бұзушылықтар үшін азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер көзделген.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде туындыларды заңсыз пайдаланғаны үшін ӘҚБтК-нің 129-бабында интернет желісінде пайдалануды қоспағанда, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сол сияқты өткізу мақсатында авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын сатып алу, сату, тасымалдау және дайындау, авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынатыны көрсетілген.

Slide 27

Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерi:

интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi

азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады .

Slide 28

5. Мұрагерлік құқық

Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлiмнiң ережелерiнен өзгеше туындамаса, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады.

Мұрагерлiктiң негiздерi

Мұрагерлiк өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкiл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген өзге де жағдайларда мұрагерлiк заң бойынша орын алады.

Slide 29

Мұраның ашылуы

Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.

Мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Егер бiрiнен кейiн бiрi мұрагер болуға құқылы адамдар бiр күнде қайтыс болса, олар бiр мезгiлде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлiкке шақырылады.

Slide 30

Мұраның ашылу орны


Ұқсас жұмыстар
Жер пайдалану құқығы және жерге өзге де құқықтар
ТӘРТІПТІК ЖАУАПТЫЛЫҚ
Азаматтық құқық субьектілері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Жер құқығы басқа да құқық салалар сияқты өзіне тән құқықтық реттеу
Жер құқығы қатынастары
Міндеттемелік құқық
Авторлық және сабақтас құқықтар
Азаматтық құқық қатынастары. Мұрагерлік құқық
Азаматтық құқықтық обьектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz