ЕРІК ЖӨНІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР


Slide 1

Ерік жөніндегі психологиялық теориялар

Slide 2

Жоспар:

Ерік туралы ұғым.

Еріктік іс -әрекет.

Еріктің зерттелу теориялары.

Slide 3

Ерік туралы ұғым.

Ерік - адамның өз мінез-кұлкын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе, - мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің, жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл - адамнын бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардық өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларынын өзгеруі мен тұр-сипатын білдіреді.

Slide 4

Ерік - әрекет-қылықтың саналы өзіндік реттелуі, қажеттік не мүмкіндік деп субъект пайымдаған мақсатқа жету бағытында әрекет қылық белсенділігін жұмылдыру. Еріктік әрекет болашаққа бағышталады, оның эмоциядан ерекшелігі - ағымдағы жағдайларға тәуелсіз.

Slide 5

Еріктік іс - әрекет

Адамның еркi алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет, қылықтардан көрiнiп отырады. Ерiктiк әрекеттер құрылымы жағынан өте күрделi процесс болып табылады. Ерiктiк әрекеттер мақсаттың және сол сияқты оларды орындау барысында кездесетiн кедергiлердiң, қиындықтардың болуымен, оларды орындау кезiнде бастан кешетiн тебiренiс, толғаныстардың болуымен сиптталады.

Slide 6 Slide 7

Еріктің зерттелу теориялары.

Жалпы ерiк проблемасы XVIII−XIX ғасырларда психологиялық зерттеулерде негiзгi мәселелердiң бiрi болып табылатын. Алайда XX ғ. психологиядағы жалпы дағдарысқа байланысты ерiктi зерттеу екiншi орынға ығыстырылып қалды. Зерттеулер жүргiзiлгенiмен, тар көлемде болды. Қазiргi психологияның ұғымдық жүйесiн талдай келе, психология тарихшысы М. Г. Ярошевский ерiк ұғымы ХХ ғ. -дағы психологияның негiзгi ұғымдары қатарына кiрмейтiнiн атап өттi. Ал АҚШ психологиясында “ерiк” терминi iс жүзiнде қолданылмайды екен. Тiптi психология жайлы көптеген оқулықтарда ерiк туралы тараулар жоқ. Тек кейiнгi кездерi ғана оған қызығу қайта ояна бастады. Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн. Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбыныс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылыс ын бүгінгі біздің түсінігіміздей, танып білмеген \/ (Г. Л. Тульчинский) . Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына «даналық мүратын ұғымын қолданған. Адамнын қылық-әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидалары. бағынады деп түсінген

Осындан Аристотельдің пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалық қорытындылардан туындайды. Ал өзінің "Никомахов этикасы" еңбегінде: "дәмдінің бәрін жеу керек" және "бұл алма дәмді" деген пікірлер санада "Бұл алманы жеу керек" деген қорытынды пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді" - деп жазған. Ерік табиғатына болған Мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ емес. Ш. Н. Чхарташвили мақсат пен саналы тану (осознание) интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындаған деумен, еріктің өзііідік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір "ерік" терминін еңдірудің қажеті жоқ екенін дөлелдеуге тырысады.

Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс болмаған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис жыншайтан қуу үрдісінен аңдауға болады, Бұл үрдісте адам шылғи да енжар (пассив) бас-тама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын үяң ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер туріне енген құбылыс деп есептелген. Бұл тылсым күштер қандай да мақсаттар белгілеуші ақылға ие деп түсінілген.

Slide 8

Осыған байланысты түсініктеме берген И. П. Павлов ерікті - адам белсенділігіне байлау болатын кедергілерді женуде көрінетін әрекетшеңдік -"еркіндік инстинкті (рефлексі) деп қарастырады. "Еркіндік инстинкті ретінде ерік аштық пен қауіп-қатерден де мэңділеу

Slide 9 Slide 10

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Ерік туралы теориялаР
Тұлғаның психологиялық қасиеттері
Конституционалды теориялар
Тұлғаның теориялары
Жекелік қасиеттердің психодиагностикасы
Мотивацияның психологиялық теориялары
ПСИХОЛОГИЯ МЕНЕДЖМЕНТІ
Менеджмент психологиясы
Тұлғаның танымдық іс-әрекетін қарым – қатынас арқылы дамыту
Мәдениет тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz