Қызылорда қаласына 200 жыл


Slide 1

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Қызылорда қаласына 200 жыл

Slide 2

Қызылорда қаласының тарихы

Slide 3

Перовск - 1853 жылы, қайтадан Ақмешіт - 1922 жылы, Қызылорда - 1925 жылы), әр кезеңде Сыр бойы атрабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты.

Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оныңішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды.

1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В. А. Перовский Сыр қазақтарын қорғаудысылтауратып орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовскаталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. Қалада 4 сыныптық мектеп, кірпіш зауыты, жел диірмен, ұста дүкендері жұмыс істей бастайды.

1905 жылы Орынбор - Ташкент теміржолы пайдалануға беріліп, қалада депо, вокзал үйлері салынды. Ал 1917 жылы 30 қазанда Перовскіде Кеңесүкіметі орнады. Жаңа үкімет үшін болған ұрыста А. Першин, Н. Шумилов, Н. Селиверстов тағы басқа жауынгерлер ерлік үлгісін көрсетті.

Slide 4

1922-1925 жылдары қала қайтадан Ақмешіт атанып, 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасына айналды. 1925 жылы қалаға Қызылорда аты беріліп, онда С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров сияқты белгілі қаламгерлердің туындылары сахналанып, М. Әуезовтың “Еңлік-Кебек” спектакліқойылды. Ал 1938 жылы Қызылорда облысы құрылды. 1960-70 жылдары қалада қатырма қағаз, аяқкиім, механикалық және күріш зауыттарыменқатар бірнеше фабрикалар іске қосылып, жаңадан салынған Гагарин, Титов елді-мекендері арқылы қала көлемі ұлғая түсті.

1980-90 жылдары қазіргі Абай даңғылы, Желтоқсан, А. Тоқмағамбетов көшелерінде сәнді үйлер, зәулім ғимараттар бой көтерді. Соңғы жылдарысалынған Ақмешіт, Мерей шағынаудандары, “Оңтүстікмұнайгаз” фирмасының әкімшілік үйі, Диагностикалық орталық, облыстық аурухананың жаңаүйлері қала ажарын аша түсті. Шетелдік компаниялардың Сыр бойының табиғи байлығын игеруі тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаратүсуіне ықпал ете бастады. Ежелгі Сыр бойында өмір сүрген данышпан Қорқыт баба, Жалаңтөс Баһадүр, Әйтеке би, Жанқожа, Бұқарбай, Тоғанасбатырлар мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес Одағының батырлары атанған 22 майдангер ерлеріміздің есімдері - ел мақтанышы. МұстафаШоқай, Темірбек Жүргенов, Ғани Мұратбаев сияқты қазақтың біртуар ұлдары мен даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтарды дүниеге әкелген де осы қасиетті Сыр топырағы. Олар - өлке тарихына енген, көше бойларындағы үйлерге жазылған биік тұлғалы қасиетті есімдер.

1997 жылдың 17 маусымында ҚР Президентінің өкімімен қаланың аты Кзыл-Ордадан Кызылордаға, ал Кзыл-Орда облысынан Кызылорда облысы болып өзгертілді.

Slide 5

Площадь перед железнодорожным вокзалом

Slide 6

Панорама города

Slide 7

Торговые ряды

Slide 8

Крепостные укрепления

Slide 9

Площадь перед железнодорожным вокзалом

вокзал

Қызылорда кіреберісі

Slide 10

Ақ маржандай күрішімен танымал қала

Олар жер еміп, маржандай күріш егіп, еліне еңбегімен танымал болған Балдырған Мұстапаева, Балапан Арзымбетова, Бексұлу Синаева, Райкүл Жалғасбаева, Рысты Өкшебаева, Нәзира Сейсеновадай қыздарының есімін ерекше ілтипатпен атайды.

Slide 11

Қызылорда- қазақтың бұрынғы астанасы

1925 жылы қалаға Қызылорда атауы беріліп, астана атанса, 1938 жылы Қызылорда облысы құрылған. Сыр өңірі бұл қалада атақты ақын-жазушылардың туындылары сахналанғанын, М. Әуезовтың «Еңлік-Кебегі» қойылғанын мақтанышпен айтады. Қорқыт баба, Жалаңтас Баһадүр, Әйтеке би, Жанқожа, Бұқарбай, Тоғанас батырлар, сондай-ақ қазақтың біртуар перзенттері Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов, Ғани Мұратбаевтардың есімдерін жас ұрпақ жадында ұстап, үлгі тұтады.

Қызылорда -білім мен ғылым ордасы

Қызылорда астана болған жылдары орта оқу және арнаулы оқу орындары, өнеркәсіп және ауылшаруашылық мекемелерімен қоса орталықтан ғылыми-зерттеу ғимараты қазақтың эпидемиология жәнек гигиена институтының негізінде егу лабораториясы дүниеге келді. Сондай-ақ, ең алғашқы рет қазақтың ғылыми-зерттеу, жер қыртысын зерттеу, қазақтың мал дәрігерлік-бактериологиялық және де басқа институттары өз жұмысын осы қалада бастаған.

Slide 12

Қаланың қазіргі келбеті

Бүгінде қаланың сәулеті ерекше айшықталып, зәулім ғимараттар мен құрылыстар салынды: аквасаябағы, әуежай ғимараты, Қорқыт ата ескерткішінің кешені, өкілетті үй, пирс. «Тағзым» алаңы, Орталық стадион, вокзал алдындағы алаңы мен теміржол вокзалының ғимараты, «Сарқырама» каналы, «Айтбай» мешіті, облыстық филармония ғимараты, «Рахат» дүкені, №2 орта мектебі, «Дельфин» жүзу бассейні және тағы өзге де ғимараттар қайта жаңартылды.

Қызылорда жайлы деректер

Территориясы 821 шаршы километр. Халық саны - 253 994 адам. Олардың 92 пайызы қазақтар. Өзге ұлттың басым бөлігін орыстар (10112), корейлер (6256), татарлар (1303), өзбектер (989), шешендер (400) құрайды. Қызылорда қаласының әкімшілік-аумағының құрамына 2 кент әкімшілігі мен 7 ауылдық округ кіреді.

Slide 13

Қызылорда қаласының қазіргі келбеті

Slide 14

Мұз айдыны спорт кешені

Евразия спорт кешені

Slide 15

ОМЦ Денсаулық орталығы

Ана мен бала орталығы

Slide 16

Айтбай мешіті

Ақмешіт мешіті

Slide 17

Қорқыт Ата кешені

Slide 18

Қызылорда әуежайы

Қызылорда вокзалы

Slide 19

Президентский парк

Кызылорда площадь

Slide 20

Кызылорда парк

Сыр бойының 4 батырына арналған ескерткіші

Slide 21

Жібек жолы сауда орталығы

Жайна сауда орталығы

Slide 22

Қызылорда жоғары оқу орыны

Slide 23

Н. Бекежанов театр

Асқар Тоқмағанбетов театр

Slide 24

Қызылорда қаласынан шыққан танымал әншілер мен спортшылар

Slide 25 Slide 26

Диас Бахраддин

Элизабет Тұрсынбаева

Рүстем Сыбай

Айбек Шаукилов

Илья Ильин

Мөлдір Жаңбырбай

Slide 27

Қызылорда қаласына 200 жыл

Slide 28

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ 200 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ТОЙЛАНУДА

27 қыркүйек - 10 қазан аралығында Сыр жұртшылығы Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойын атап өтеді. 28 қыркүйек күні аймақта ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, академик Асқар Жұмаділдаев, ҚР Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков, сондай-ақ, Сыр өңірінен шыққан танымал тұлғалардың қатысуымен мерекелік іс-шаралар өтті.

«Сыр сүлейлері» аллеясынан бастау алған мерекелік шаралар легі тұрғындарға ұлттық тағам түрлерінен дәм татқызған «Қауын-қарбыз», «Қымыз-шұбат» және «Бауырсақ» дәстүрлі фестивальдері, сондай-ақ, қолөнер бұйымдарының көрмесі, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, ұлттық-этнографиялық концерт ұйымдастырылды. Сонымен қатар, киіз үй қалашығында Елорданың 20 жылдығына арналған көрме мен сол жағалаудың даму жоспары, құрылысының үлгілері және макеттері, Ы. Жақаев атындағы ғылыми-зерттеу орталығы жайлы мәліметтермен таныстырылды.

Slide 29

Сондай-ақ, Сырдарияның сол жағалауынан пайдалануға берілетін алғашқы нысан - «Рухани жаңғыру» орталығы мен қалалық мұражай ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл нысан 1925 жылы ұлттың ресми «қазақ» аталуы туралы тарихи шешім қабылданған Қазақ Орталық Атқару Комитетінің сызба-нұсқасы негізінде салынған.


Ұқсас жұмыстар
ТҮРКІСТАН - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ҚАЛАСЫ
Қызылорда қаласының құрметті азаматы
Аты әлемге мәшһүр жазушы. Ілияс Есенберлин 100 жыл
Оқушылар ақын, жазушы
Жарасқан Әбдірашев - қазақ ақыны
Күріш
Ар - намысым, қасіретім, қуанышым желтоқсан туралы
Қорқыт ата ескерткіші
Батыстағы қалалар
Сабақтың қортындысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz