Оптикалық анализ әдістері
Презентация қосу
Дәріс 14
Тақырыбы: Физикалық, физико-химиялық әдістер.
Мақсаты:
14 апта соңында білім алушылар физикалық,
физико-химиялық әдістермен оптикалық анализ
әдістерін меңгеруі тиіс.
Дәріс жоспары:
Оптикалық анализ әдістері.
Калориметрия және оның мәні.
Ерітіндіде жарықтың жұтылуы.
Ламберт-Бугер-Бер заңы.
Фотоэлектроколоиметрия, оның мәні және
қолданылуы.
Поляриметрия және рефрактометрия, оның мәні
және қолданылуы.
Оптикалық сандық талдау
Ол сынақ ерітіндісінен өткенде жарық сәулесімен
болатын өзгерістерді тіркеуге негізделген.
Сандық талдау
әдістері:
Фотометрия Поляриметрия
Рефрактометрия
Фотометриялық талдау әдістері
1.Абсорбциялық фотометрия:
спектрофотометрия
нефелометрия (іс жүзінде нефелометрия және
турбидиметрия)
атомдық адсорбциялық фотометрия
Эмиссиялық фотометрия:
фториметрия
жалын фотометриясы
атом эмиссиясының спектрлік талдауы
Ерітіндінің жарықты жұтуы Бугер-Ламберт-Бер заңына
бағынатын болса, онда ерітіндінің оптикалық тығыздығы
ерітіндідегі заттың концентрациясына тура пропорционал
болады. Бұл жағдайда оптикалық тығыздықтың
концентрацияға байланысын көрсететін график
координаталар жүйесінің бас нүктесінен басталған түзу
түрінде өрнектеледі (сурет 3). Егер (1) қатынас
орындалмаса, түзу сызықты байланыс бұзылады. Бугер-
Ламберт-Бер заңынан:
1. Ерітінді арқылы өткен жарық күшінің ертінідіге түскен
жарық күшіне қатынасы жарық күшінің абсолют
шамасына байланысты емес.
2. Ерітінді қалыңдығы арифметикалық прогрессия
бойынша артса, ерітінді арқылы өткен жарық күші
геометриялық прогрессия бойынша кемиді.
Фотометрлік талдау әдісі біртекті ортаның электромагнитті сәулелерді
таңдап жұтуына негізделген. Әрбір біртекті орта белгілі толқын ұзындықтағы
сәулелерді таңдап жұтуға қабілетті.
Фотометрлік талдау
әдісі қолданылатын
аппаратураларға
байланысты
фотоколориметрлік спектрофотометрлі
Фотоэлектроколориметр ФЭК-56М
ФЭК-56М сұйық ортаның ластануын анықтауға арналған.
Бұл құралда екі жарық ағыны дифференциалды схеме бойынша
жалғанған фотоэлементке түседі, яғни ток фотоэлементтерден
қарама-қарсы бағытта жүреді. Егер екі фотоэлементтің де
жарықтануы бірдей болса, онда пайда болатын фототоктар да
мағынасы бойынша бірдей, бірақ бағыты бойынша қарама-
қарсы болады. Бұл жағдайда микроамперметр тілшесінің
ауытқуы байқалмайды, себебі токтар компенсациясы жүреді.
Фотоколориметрлік әдісте түсті ерітінділердің жарықты жұтуы
анықталады, бұл әдіс көбінесе ерітінділер концентрациясын анықтауда
қолданылады және жарық сүзгіштер қолданылады, аппаратураның
(күрделі емес аппаратура) өлшеу дәлдігі ( %).
Спектрофотометрлік әдісте аса күрделі құралдар-
спектрофотометрлер қолданылады. Осындай құралдар түсті де, түссіз
де қосылыстарды талдауға мүмкіндік береді. Бұл әдістек қана Бугер-
Ламберт- Бер заңы жұту коэффициентінің зерттелуші заттардың
концентрациясына тәуелсіздігі заңдылығы толығымен орындалғанда
қолданылады.
Ерітіндідегі қандайда болмасын бір заттың концентрациясын
анықтауға арналған сандық абсорбциялық талдау екі әдіске бөлінеді:
1. Графикті калибрлеу әдісі.
2. Салыстыру әдісі.
Рефрактометрия (латынша Refractus — сынған
және ...метрия) — оптикалық сәуле шығару спектрінің
әр түрлі телімдерінде қатты, сұйық және газ тәрізді
орталардың сыну көрсеткішін (n) өлшеудің әдістері мен
құралдарына арналған оптикалық техниканың бөлімі.
Рефрактометрияның негізгі әдістері:
екі ортаның шекарасы арқылы өткен жарықтың сыну
бұрышын тікелей өлшеу әдістері;
жарықтың толық іштей шағылу құбылысына
негізделген әдістер;
интерференциялық әдістер.
Рефрактометрия заттың құрамы мен құрылымын анықтау
үшін физикалық химияда, сондай-
ақ химия, фармацевтика, тамақ, т.б. өнеркәсіп салаларында
әр түрлі өнімдердің сапасы мен құрамын бақылау үшін
кеңінен қолданылады.
Рефрактометрия әдістері аэро- және гидродинамикалық
зерттеулерде қатты үлгілер мен сұйықтықтардың
әртектілігін тексеру үшін пайдаланылады. Рефрактометрия
оптикалық өнеркәсіпте ерекше рөл атқарады, өйткені n мен
шынының және т.б. оптик. материалдардың дисперсиясы
олардың маңызды сипаттамалары болып табылады.
Поляриметрия - жарықтың поляризациялану
дәрежесін және ортаның оптикалық активтілігін
өлшеуге негізделген зерттеулер тәсілдері.
Поляриметрия әдісі поляризацияланған
жарықты зерттеуге негізделген. Поляризация
жазықтығының айналу бұрышын өлшейді, ол
анықталатын заттың концентрациясына тура
пропорционал мән:
β = (α*l*T) / 10
мұндағы β - поляризация жазыктығының айналу
бұрышы;
α - поляризация жазықтығының меншікгі айналымы,
ол зат табиғатын білдіреді;
l - кювета ұзындығы (түтікше), см;
Т - анықталатын заты бар ерітіндінің титрі, г/см 3.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz