Отбасы педагогикасы: теориялық негіздер мен тәрбиелік тиімділікке ықпал ететін факторлар


Slide 1

Отбасы. Мектеп

Педагогикасы

Мырзамұрат Сымбат

Slide 2

Педагогика

Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды. Ертедегі Грекияеңбекке, қол және соғыс өнеріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған.

Slide 3

Отбасы педагогикасы - бұл отбасындағы бала тәрбиесі, оның ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін зерттеуге, бала тұлғасын қалыптастыру туралы ата-аналарға ғылыми негізделген нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.

Slide 4

Отбасы тәрбиесі туралы шетелдік және қазақстандық педагог классиктердің пікірлері

«Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет» Платон

«отбасы - адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» Аристотель

«Балаға берілген бірінші тәрбие - ата-анасын, туған туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады» Ыбырай Алтынсарин.

Slide 5

Отбасы педагогикасының басқа ғылымдармен байланысы

Философия

Әлеуметтану

Демография

Экономика

Заң

Психология

Педагогика

Медицина

этнография және т. б.

Slide 6

Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасайтын басқа жағдайлар:

• отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.

• тіршілік әрекетінің жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік ңүрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы.

• отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спорт-пен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер.

• ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы

Slide 7

Отбасылық тәрбие тиімсіздігінің себептері:

• отбасындағы өктемдіктің баланы өзін-өзі басқарудан, билеуден айырып, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігерінің төмендеуі, сезімінің мұқалуы; • баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді; • отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы алауыздықты пайдаланып, баланың екі жүзді және жағымсыз нерсеге бейім болып өсуі; • ата-ананың баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысып, баланың қалыптасуына кері әсер етуі; • ата-ананың баласының іс-әрекетіне немқұрайды қарап, жауапсыздық танытып, баланың, кездейсоң, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алуы.


Ұқсас жұмыстар
Науқастың психологиясы: аурудың объективті және субъективті ауырлығы, ықпал ететін факторлар және психологиялық реакциялар
Халық педагогикасы: ұлттық тәрбие құралдары мен тәрбиелік мәні
Бастауыш мектеп педагогикасы: отбасы мен сынып жетекшісінің тәрбиелік міндеттері және қазіргі заманғы тұлғаның көшбасшылық қабілеттерін дамыту
Бүйрек қызметіне әсер ететін факторлар
ЖОО студенттерінің бейімделуі: тұлғаға әсер ететін факторлар, отбасы-мектеп қарым-қатынасы, тәрбие әдістері және техниканың ықпалы
Қаржылық тәуекелге әсер ететін факторлар мен олардың жіктелуі
Саясаттанудың парадигмалары: теориялық негіздер мен типология
Корпоративтік мәдениетті басқару: түсінік, ықпал етуші факторлар және салалық ерекшеліктер
Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы: теориялық негіздер мен қорғау шаралары
Фотосинтезге әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz