Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу жетістіктерін критериальды бағалау жүйесі




Презентация қосу
ТАҚЫРЫП:

Кіші мектеп жасындағы
оқушылардың оқу жетістіктерін
критериальды бағалау жүйесі
Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау жүйесі ретінде Оқушылардың оқу жетістіктерін әділ
және шынайы бағалау жүйесі, білім беру мазмұнының
ажырамас бөлігі болып саналады. Осы уақытқа дейін білім
мен білікті тексерудің түрлі әдістері қолданылып келді.
Алайда тарихи даму процесінде бағалаудың түрлері мен
тәсілдері, бақылау-өлшем іс-шаралары, оның мазмұны,
оқушыларға әсері, ынталандыру элементтері және басқа
факторлар өзгеріп отырды. Қазіргі уақытта білім беру
процесінің жүйелі болуы керек екеніне ешкім күмән
келтірмейді, олай болмаған жағдайда оның нәтижелігі
төмендейді.
БІЛІМ БЕРУГЕ ҚОЙЫЛҒАН ТАЛАПТАРДЫҢ ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҒЫНА
ҚАРАМАСТАН, ОЛАРДЫ ТОЛЫҚТАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚИЫНДЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЫНАДАЙ СЕБЕПТЕРГЕ КЕЛІП ТІРЕЛЕДІ .

к т ив т
Объе тивт і
і ек
Суб
Бағалау жүйесі оқытудың мәселелерін
диагностикалаудың және оқушы және
мұғалім мен ата-ананың арасында кері
байланыс жасаудың негізгі құралы.
Критериалды бағалау:
оқушы оқытудың негізгі субъектісіне
айналады;
оқушы бойындағы үрейленуді басады;
- мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып,
-
ол кеңес беруші, маман, бағыттаушыға
айналады.
Осылайша, критериалды бағалау
оқушылардың да, мұғалімдердің де
ЖАЛПЫ АЛҒАНДА, БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ
ЖҮЙЕСІ - БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ӨЗ-ӨЗІН ҚАДАҒАЛАП
ОТЫРАТЫН, ЕРЕКШЕ МАҢЫЗҒА ИЕ НАҚТЫ МЕХАНИЗМІ.

Отандық мектептердің көбінде дәстүрлі бағалау жүйесі, яғни 4
балдық жүйе сақталып келеді:

(«қанағаттан 4 5
(«қанағаттанд
ды- («жақсы») («өте жақсы»)
ы-рылған»)
рылмаған»)

Теориялық түрде 1 деген балл да бар, бірақ ол қолданысқа ие емес
Енді журналға 5 балдық жүйе бойынша қойылатын сандардың нені
білдіретінін анықтап көрейік. Егер ойлап қарасақ, жауабы былай да
белгілі – бәрі немесе ештеңе. Мұғалім оларды журналға қою
барысында бірқатар ұстанымдарға сүйенеді. Нәтижесінде әр балл
оқушылардың деңгейінің біріктірілген:
• а) белгілі бір өлшемі;
• ә) жалпы сыныптағы;
• б) бұрынғы көрсеткіші болады.
• Бұл факторлар бойынша қойылған бағаны тек мұғаліммен әңгіме
барысында, әрине егер ол қандай жағдайда қойылғанын
ұмытпаған жағдайда анықтауға болады.
Бастауыш мектепке арналған жаңа стандарт
дәстүрлі технологиядан жеке бағытталған
сипаттағы оқытуды дамытатын технологияларға
ауысуды талап етеді.
Осылайша, дәл осы бастауыш мектепте балалардың
дамуын жалғастыру үшін іргелі база салынады.
Оқытудың осы кезеңінде балаларды оқуға және сүйсініп
оқуға, сыни, шығармашыл, инновациялық және
объективті ойлау негіздерін дамытуға үйретуі тиіс.
Сондықтан бұл бағыт тұтас Қазақстандағы білім беру
жүйесі үшін басым бағыттардың бірі болып саналады.
Финляндиядағы мектеп білімінде бағалауды
ұйымдастырудың негізгі факторлары – ішкі, сыртқы
және олардың қатар үйлесімділігіндегі бағалау болып
табылады.
Сыртқы бағалаудың мақсаты ретінде мектептердің білім туралы
заңдарды іс жүзінде орындауы бойынша қызметін қадағалау, білімнің
дамуына қолдау көрсету және білім шарттарын жақсарту шығады.
Сыртқы бағалау тұтас білім беру жүйесі және білім беру үрдісінің жеке
қырлары туралы ақпаратты білім беру мекемелерінің қызметі, олардың
тиімділігі, нәтижелілігі, үнемділігі (білімдегі қажеттілік пен оған сұраныс,
мектептегі білімнің түрлі деңгейлеріндегі оқушылардың оқуға түсуі мен
санды құрамы; мектептегі білімнің тұтас және жеке бөліктерінің
құрылымы мен қызметі; білім сапасы мен қолжетімді құралдар
арасындағы байланыс; білім мен қоғам арасындағы арақатынас; оқу
жоспарлары мен оқу курстары; оқу жетістіктері және т.б.) туралы түрлі
деректерді жинақтау арқылы алуға бағытталған.
Ішкі бағалаудың мақсаты білім беру жүйесінің жағдайы туралы
ақпаратты алу, білім беру ортасындағы жағымсыз құбылыстардың
дамуына жол бермеуге және оның алдын алуға бағытталған, мектептің
болжамдауға жататын өзгерістерінің жүйесін әзірлеу болып табылады.
Ішкі бағалау оқу орнының қызметіндегі түрлі аспектілер бойынша өзін-өзі
бағалаумен байланысты (емтихандардың нәтижелері, мұғалімдер мен
оқушылардың арасындағы қатынастардың педагогикалық қырлары, оқу
орнының материалдық ресурстары). Сыртқы және ішкі бағалау қатар
үйлесімділігінде жүретін бақылаудың негізгі түрлері келесідей көрініс
береді: салыстырмалы бағалау (мектептің негізгі нәтижелерін, тек
білімділік емес, дамуға да және белгіленген міндеттерді орындауға да
мүмкіндіктерін осы аядағы ұлттық немесе халықаралық нәтижелермен
салыстыру); жағдайлық бағалау (белгіленген міндеттердің қаншалықты
жақсы шешіліп отырғанын анықтау үшін, мектептердің белгілі түрлерінің
қызметін, белгілі бір білімділік секторды немесе тұтас білім беру жүйесін
бағалау); тақырыптық бағалау (нақты білімділік пәндерді оқыту сапасын
зерделеу, соның ішінде халықаралық деңгейде де); стандартталған
бағалау (мектеп оқушыларының білімділік нәтижелерін тест үлгісінде
іріктеп зерделеу)
Назарларыңызға рахмет!!

Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздері
Критериалды бағалау технологиясы
Критериалды бағалау жүйесі
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері
Қалыптастырушы бағалау үдерісі
Оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау
Критериалды бағалау артықшылықтары
Бағалау критерийі
Интеграциялық оқыту жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық - педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру
Критериалды бағалау (қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау)
Пәндер