АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ


Slide 1

Арал теңізінің экологиялық ахуалы

Slide 2

Арал теңізі - Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теніз ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың ) әлемде төргінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді. Арал теңізі 1963 жылдардан бастап тартыла бастады.

Slide 3

Арал апаты

Арал апаты- Арал теңізінің тартылуына байланысты Орта Азия мен Қазақстанның үлкен аймағындағы адамдарға, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық, әлеуметтік-экономикалық 40 жылда сол өңірдегі суармалы жер көлемінің ұлғаюы, суды қажет ететін кәсіпорындардың көбеюі, Арнасай, Шардара, Сарықамыс сияқты көптеген жасанды су қоймаларының пайда болуы - Арал айдынының аумағын, көлемін, тереңдігін азайтты.

Сөйтіп су тұздылығының артуы (1 литрде 35 мг, 1996) нәтижесінде су түбіне шөккен тұз шөгінділері пайда болды. Көлемі 4 млн. гектарға жуық жалаңаштанған теңіз түбінен көтерілген (жыл сайын теңіз түбінен көтерілетін 70 млн тонна) улы шөгінділер тұзды шаңға айналып, жайылымдар мен егістіктерді улап, үлкен апат әкелді. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың кейбір түрлері (итала қаз, бұлдырық, жидек, аралшағаласы, ондатр, т. б. ) құрып кетті, Арал апаты сол өңірдегі 60 мыңға жуық тұрғынының денсаулығына зиянды әсерін тигізді.

Slide 4

Арал теңізі 1960-2014

Slide 5

Арал теңізінің экологиялық ахуалы

Тұздың атмосфераға таралуы 6 - 7 есе өсті.

Арал өңіріндегі: жаз айларындағы ең жоғары температура орта есеппен 1, 8 - 2, 5-қа жоғарылады.

Сырдария атырауы мен Қазалыда жылдық орташа салыстырмалы ауаның ылғалдылығы 15- 20%-ға, ал 1960 жылдан Арал қаласынданда 25- 30%-ға азайды

1950 - 1590 ж. аралығында шаңды дауыл жиілігі 60 есе көбейіп, кеуіп кеткен теңіз түбінен көтерілген тұзды шаң жылына 15 - 75 млн. тоннаға жетті. Жыл сайын суғармалы жердің 1 га-сынан 15 т-дан 90 т-ға дейін тұз жиналды.

Тұзды шаңның көтерілуі атмосфераның бір тәуліктік радиация балансын 2 есе азайтты.

Өсімдіктерге қонған тұзды шаң, оның биологиялық өнімділігін төмендетті

Арал теңізі мен Әмудария жане Сырдария өзендерінде 1963 жылға дейін жылына 25-45 мың т балық ауланса, 1970-ж. -бұл көрсеткіш 15 мың 7, ал 1982 ж. су тұздылығының 12%-дан 40%-ға дейін өсуіне байланысты балық мүлдем ауланбады.

Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаульғы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс еңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Slide 6

Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім

Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия елбасыларының 1993 жылдың қаңтарында Ташкент қаласында қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференцияда жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды, аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім» деп аталды. Келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Ақаев, Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Э. Ш. Рахмонов, Өзбекстан Республикасының Президенті И. А. Каримов, Түрікменстан Президенті С. А. Ниязов қол қойды.

Slide 7

Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес

Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес'- Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары кеңесінің атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 адам және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекетаралық кеңесті әр жылда Орталық Азия елдерінің біреуі алфавит тәртібі бойынша кезекпен басқаратын болып шешілді.

Алғашқы кезек Өзбекстан Республикасына берілді. Кеңес өзінің атқарушы комитетін, су мәселелері жөніндегі әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және экологиялық даму жөніндегі комиссияларын бекітті. "Сырдария" және "Әмудария" алабының су шаруашылығы басқармаларын Кеңестің су моселелері жөніндегі комиссиясы басқаратын болды. Кеңес өз жұмысын "Халықаралық Арал қорымен" және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізеді.

Slide 8

Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар


Ұқсас жұмыстар
Арал теңізі туралы
Құятын өзендер
Қоршаған орта
Арал проблемасы
АРАЛ АПАТЫНА СЕБЕП БОЛҒАН ФАКТОРЛАР
Каспий теңізінің табиғи су қоймасына жалпы сипаттама
Барсакелмес қорығы
Қазақстанның экологиялық апаты
Семей ядролық полигоны ауданында
Арал теңізінің экологиялық проблемасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz