Қазақстанның халық статистикасы


Slide 1

Қазақстанның халық статистикасы

Орындаған:Қойшыбек Айгерім

Slide 2

Халық саны 2018 жыл

2018 жылы 11 қыркүйек сағат 06:35-те Қазақстан халқының саны 18 321 606 адамға жетті. Жыл соңына дейін 18 608 079 адам болып көбейеді, табиғи өсім 249 393 адам болады деп күтілуде. Бір жылда 411 929 бала туылып, өлім-жітім саны - 162 536 деген болжам шықты.

Slide 3

Қазақстанда бала туу

Өткен жылы республикамызда 390 мың сәби дүниеге келсе, биыл осы мезгілде 395 мың бала туылған. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 5 мыңға кем. 2016 жылы Тәуелсіз Қазақстан тарихында ең көп көрсеткіш 400 мың балаға жеткен болатын.

Ал рекордтық көрсеткіш 1987 жылы болды. Онда Қазақстанда 417 мың бала туылған.

Slide 4

Урбанизация процесі

Статистика агенттігінің 2018 жылы 1 тамызда таратқан мәліметінде жыл басынан бері қала халқы 120 771 адамға көбейіп, 10 544 340 адам жеткен. Оның 34 521 - көшіп келгендер. Ал табиғи өсім - 86 250 адам. Ал ауыл тұрғандары 14 596 мыңға өскен. Урбанизация процессі жоғары қарқынмен дамып келе жатыр.

Қазақстанның бірде-бір қаласында халықтың табиғи азаюдың төмендігі қуантады.

Slide 5

Ағымдағы айдағы демографиялық оқиғалар

Slide 6

2015-2018 жылдардағы алғаш мектеп табалдырығын аттаған балалар саны туралы

2018 жылы 350 мыңнан астам бала алғаш мектеп табалдырығын аттаған. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 2017 оқу жылында 370 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. 2015 жылы 336 мың, 2016 жылы 369 мың бала мектеп есігін алғаш ашыпты.

2012 жылы Астана қаласында 9 900 бала мектеп табалдырығын аттаса, 2018 жылы 18 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа қабылданып отыр. Кей мектептерде 1 сыныпқа қабылданған бала саны 350-ден асып кеткен.

Slide 7

Өңірлердегі халық санының өсімі

Slide 8

Астана мен Алматыда және батыстағы үш қалада туу көрсеткіші жоғары

2018 жылы Астана халқының саны алғашқы жарты жылдықта 1 030 577-ден 1 051 255 адамға дейін өскен. Мұның ішінде табиғи өсім - 14 550 адам және оған көшіп-қонған 6098 адам қосылыпты.

- Алматы халқының саны1 833 990 адамға жетіп республика халқының 10% үлесін алғаш рет иеленді. 2018 жылғы алғашқы жарты жылда 31 997 адамға көбейіпті.

Slide 9

Батыстағы төрт облыстың қайсысының демографиялық жағдайы жақсы?

2018 жылдың, бірінші жарты жылдығында, Қазақстанның батыс аймағындағы төрт облыстың ішінде (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары) Батыс Қазақстан облысында туу деңгейінің ең аз көрсеткіші тіркелген.

Ал егер, Батыс Қазақстан облысын (ары қарай БҚО) Қазақстанның 4 солтүстік облысымен ( Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар) салыстырғанда, әрқайсысында да БҚО-нан да аз бала туылған.

Биыл алғаш рет, Атырау облысы мен Маңғыстау облысының табиғи өсімі Ақтөбе облысының көрсеткішінен асып түсті,

Slide 10

Әрбір бесінші бала Түркістан облысы мен Шымкентте туылады

- Оңтүстік аймақтағы төрт облыстың (Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы) Алматы, Шымкент қалаларымен қоса алғандағы туу көрсеткіші республикадағының жартысын құрап отыр. Бұл жағдайдан еліміздің Астанасын солтүстік аймаққа көшіргендігінің тиімділігін аңғаруға болады.

Бүгінде еліміздегі халықтың 55 пайызы Қазақстанның оңтүстігінде тұрады екен. Мысалы, 2017 жылғы алғашқы жарты жылдықтың есебіне қарайық. Қазір республикамыздағы әрбір бесінші бала Түркістан облысы мен Шымкентте туылады.

1989 жылы Шымкент қаласында 393 мың адам тұрған. Ал, 1999-жылы халық саны 419 271. Бүгінде шымкенттіктердің саны 1 009 212-ге жетіп, Шымкент - миллионер қала атанды. Мұнан бөлек, 1999 жылы Түркістан облысының халқының саны Шымкентпен қосқанда 1, 97 миллион болса, қазір 3 миллионды құрап отыр. Демек, оңтүстік жұрты 19 жыл ішінде шамамен 1 миллионнан астамға көбейген.

Бір қызығы, бүгінде Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Атырау, Ақмола, Ақтөбе облыстарында туылған мен Түркістан облысы мен Шымкентте туылған балалардың саны бірдей екен.

Slide 11

Қазақстаннан кеткендер

Жылдың бірінші жартыжылдығының деректеріне сәйкес, біздің қалалардың ішінде Қызылордадан (25 адам) ең аз адам қоныс аударған. Бұған таңқалуға да болмайды, өйткені қала тұрғындарының 100% -ға жуығы - қазақтар.

Ақтауға байланысты әзірге нақты мәліметтер жоқ. Алайда бірнеше ондаған адам тұрақты тұруға шетелге аттанған. Одан кейін Атырау (106 адам) . Талдықорған мен Тараздан 200 адам көшіп кеткен. Миллион тұрғыны бар Шымкенттен 295 адам кеткен. Салыстырмалы түрде өте аз. Мысалы, шағын Көкшетау қаласынан 317 тұрғын кеткен. Семейдегі көрсеткіш 456 адамды құрады.

500-ге жуық адам Ақтөбеден, 500-ден астам, яғни 521 адам Оралдан қоныс аударды. Қостанайда көк паспорттан 751 адам бас тартты. Астанадан 801 адам, Қарағандыдан 982 адам көшіп кеткен.

Биылғы бірінші жартыжылдықта аталған үш қаладан көшіп кеткендер саны мыңнан асты.


Ұқсас жұмыстар
еңбек статистикасы және халық
Халық саны және еңбек статистикасы
Статистика теориясы
Халық және еңбек статистикасы
Халық және еңбек статистика сы
Халық пен еңбек статистикасы
Статистикалық агенттігінің ұйымдастырылуы және оның міндеттері
Әлеуметтік - экономикалық статистика пәні
Еңбекке жарамды
БІЛІМ БЕРУ СТАТИСТИКАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz