ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫ
Презентация қосу
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ
ЛАСТАНУЫ
ЛАСТАНУ ҰҒЫМЫНА ТҮСІНІК
Ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған
тән емес физикалық, химиялық және
биологиялық агенттерді әкелу немесе осы
агенттердің табиғи ортадағы орташа көп
жылдық деңгейін көтеруді айтады.
Геоэкологиялық көзқарас бойынша бұл
түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:
1) қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам
мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінде
пайда болып жатқан заттар;
2) қоршаған ортаны ластайтын затар
(мысалы, химиялық заттар).
ЛАСТАНУ ҰҒЫМЫНА ТҮСІНІК
Тікелей ластанушы объектілер қатарына
(ластайтын заттар акцепторы) биотикалық
қоғамдастықтың (экотоптық) негізгі
компоненттері: атмосфера, су, жер қыртысы
кіреді.
Ал, жанама ластанушы объектілер қатарына,
биоценоз құраушылары - өсімдікгер, жан-
жануарлар және микроорганизмдер жатады.
Ластанудың түрлері
– адамдардың іс – әрекеттерінің
– адамдардың қатысынсыз нәтижесінде болатын
табиғи құбылыстардың антропогенді ластанулар; бұған
нәтижесінде болатын өнеркәсіптік өндірістің
ластанулар; техногендік әсерлердің үлкен үлес
қосады.
АНТРОПОГЕНДІ
ЛАСТАУШЫЛАРДЫ МЫНАДАЙ
ТҮРГЕ БӨЛЕДІ:
1)Биологиялық
2)Механикалық
3)Химиялық
4) Физикалық ластану
5) Микробиологиялық ластану —
ЛАСТАУШЫЛАРДЫҢ ТАБИҒАТЫ БОЙЫНША
ЛАСТАНУДЫҢ МЫНА ТҮРЛЕРІН АЙЫРАДЫ:
1. биологиялық ластану – экожүйеге оған жат
организм түрлерін әкелу және олардың
көбеюі. Микроорганизмдермен ластануды
сондай – ақ бактериологиялық, немесе
микробиологиялық ластану деп те атайды;
2. физикалық (радиациялық, жылулық,
жарықтық, электромагниттік, шулық және
т.б.);
3. химиялық (биосфераның химиялық
заттармен ластануы.
ҚАЗАҚСТАН ЖЕРЛЕРІНІҢ
ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫ
Қазақстанда бүкіл Д.И.Менделеев кесте
жүйесіндегі элементтердің барлығына жуығы
табылғаны белгілі. Халық
шаруашылығымызға қажетті барлық
пайдалы қазба байлықтар, құрылысқа
қажетті құрылыс материалдары да осы
өзімізге мекен болып отырған жеріміздің
қойнауында, оның әр түрлі тереңдігіндс
жатыр. Осы байлықтарды барлау, қазып алу,
байыту, тасымалдау кезінде жерімізге
көптеген - "жарақаттар" түсті. Онын үстіне
олардың көбісін ең "арзан" ашық әдіспен
қазып алғандықтан, бұл аймақтардың
экологиялық жағдайы нашарлады.
Мұндай бүлінген жерлер қатарына негізінен кен
карьерлері және оларды казу кезінде кен байлықтарды
басып жатқан жамылғы топырақтар мен тау
жыныстарын басқа алқаптарға жылжытудан пайда
болған құрамы әр түрлі тау жыныстарынан тұратын
үйінділер жатады. Бұған байыту фабрикаларынан
шығарылған қалдық-қоқыстарды, жылу
электростанцияларынан шыққан күл мен шлактарды,
мекенді орындар мен өндірістік мекемелерден
тасталынған металл қалдықтары, резиналар, шыны-
әйнектер, бетондар т.б. тұрмыстық қоқыс-қалдықтарын
қосыңыз. Қазақстан ауылшаруашылығы
министрлігінің мәліметтеріне қарағанда өндірісіміз
бүлдірген жер көлемі санитарлық зонаны қоспағанда
200 мың гектардай екен.
Ескеретін жай, республикамызда мұндай қазба
байлықтарды алған кезде "таза бұзылған"
жерлерден басқа әскери-өндірістік кешендерден
бүлінген жерлер қаншама. Олардың басым
көпшілік жерлері ядролық қару-жарақтарды
сынау, ғарыш кемелерін көкке ұшырған
кездерде бұзылып, зақымданып оның ішінде
радиацияға шалынып, "ғарыш"
қоқыстарымен ластанады. Бұл мәліметтердің
көп уақыт құпия болып келгені мәлім.
Ауылшаруашылығы айналымына жарамай
шыққан жайылымдар көлемі қазақ
ауылшаруашылығы академиясының
академигі А.Асановтың (1991) мәліметіне
қарағанда 15 млн га, ал өнімі көп кеміп,
бүлінген жайылымдардың жалпы көлемі 60
млн гектардан асады.
Өнімділігі көп кеміп, бүлінген жерлер
қатарына біздср тағы да ауыр техника мен
транспорт салмағымен бұзылған және мұнай-
битум қалдықтарымен ыластанған Каспий
өніріндегі жайылым жерлерді де
жатқызамыз. Шамамен олардың көлемі 4-5
млн гектардай.
Қазақстандағы дағдарыс аймақтарын айтқан кезде территориясы
түгелдей Қазақстанда жаткан Балхаш көлі аймағы, территориясы
шамамен жартылай Қазақстанда орналасқан Арал теңізі аймағы.
Орталықтың су министрлігінің тікелей араласуымеи Орта Азия
республикалары мен Қазақстанда мақта, күріш т.б. егістерін өрістету
кездеріндс өзен бойларында бірнеше су қоймалары салынып, екі
өзен сулары ауыздықталып егіс алқаптарына пайдаланылды.
Сонымен 1960 жылға дейінгі сақталып келген, өзендер құятын
сумен Арал айдынынан булану тепе-теңдігі бұзыла бастады.
Енді Балхаш көлінің аймағы туралы біраз сөз. Балқаш көлінің
су режимі өзін оңтүстік пен оңтүстік шығыстан қоршаған Іле,
Жетісу, Кетпен т.б. таулардан және Қытай территориясынан
басталатын жеті өзенмен тікелей байланысты.
Ал 1960 жылдан бастап Іленің төменгі сағасын суармалы
егіске, оның ішінде суды көп қажет ететін күріш өсіруге
пайдалануға байланысты Балқаш өңірінің экологиясы
нашарлай бастады.
Табиғат пайдалану құқығы объективтік
мағынасында — табиғат объектілерін
пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығы болып табылады.
Субъективтік мағынасында табиғат
пайдалану — бұл адамның әр алуан өмірлік
қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат
объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат
пайдаланушылардың заңмен белгіленген
құқықгары мен міндеттерінің жиынтығы.
Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды
пайдалану саласыңда мына төменде аталған
шаруашылық қызметінің эко- логиялық жағынан
қауіпті түрлері міндетті түрде лицензиялауға
жатады:
Улы, радиоактивтік және басқа да қауіпті зиянды
заттармен ластанған жерлерді техникалық
қалпына келтіру;
Су объектілерін ластануға және бітеліп қалуға
жеткізетін аса қауіпті химиялық және
биологиялық заттар мен радиоактивтік
материаддарды өндірістік мақсаттарға
пайдаланатын кәсіпорыңдар мен құрылыстарды су
жинайтын алаңдарда салу мен орналастыру;
Қоршаған ортаны ластау лимиттері — бұл
ластайтын заттардың, өндіріс пен тұтыну
қалдықрының жалпы көлемінің түсу шекгері,
сондай-ақ қолайлы қоршаған орта
сақталатын деңгейлердегі қоршаған ортаға
шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және
өзге де зиянды физикалық ықпалдардың
әсері;Табиғи ресурстарды алып қою лимиттері
— бұл табиғи ресурстарды ықтимал мөлшерде
пайдалану шектері, бұл жағдайда био-
логиялық ресурстарды табиғи молайту
бүзылмайды және пайда- лы қазыңцыларды
ұтымды пайдалануға кепілдік беріледі;
Ластануға берілетін квота — бұл белгілі бір
мерзімге нақгы таби- ғат пайдаланушыға
берілетін ластануға арналған лимиттің бір
бөлігі;
Табиғи ресурстарды алып қою квотасы — бұл
белгілі бір мерзімге нақты табиғат
пайдаланушыға берілетін алып қою
лимитінің бір бөлігі;
Табиғат пайдалану құқығының негізгі принциптеріне
мыналар жатады:
Бүл табиғат пайдалану кезінде бірінші кезекте адамның
экологиялық мүдделері және әрбір адамның өмірі, еңбегі
мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы
ескерілуге тиіс дегенді білдіреді;
Қолайсыз экологиялық ахуалы бар аумақгарда
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған
табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
Ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар
биологиялық алуан түрлілікті және қоршаған ортаның
объектілерін сақгауды қамтамасыз ету;
Мемлекеттік ретгеу және мемлекеттік бақылау,
қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бүзғаны үшін
жауапкершіліктің ымырасыздығы;
Қоршаған ортаға нұқсан келтіруді болдырмау, қоршаған
ортаға ықтимал ықпалды бағалау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz