Этникалық көшіп келушілер мен қайтушы азаматтарды қоныстандыру және әлеуметтік-экономикалық қолдау бағдарламасы


Slide 1 Slide 2 Slide 3

Басты мақсаты - ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу.

Slide 4

Бағдарламаның негізгі міндеттері: Бағдарламаға қатысушыларды экономиканың еңбек ресурстарына және серпінді жобаларды іске асыруға деген қажеттіліктерге сәйкес қоныстануын ынталандыру; Бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтік қолдау мәселелерін кешенді шешуді көздейтін жаңа тетіктерді әзірлеу және іске асыру; тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй сатып алуға кредит беру жолымен Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету; Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету; көші-қон процестерін басқарудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру болып табылады.

Slide 5 Slide 6

Бағдарламаға қатысушылар: 1) этникалық көшіп келушілер; 2) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтары; 3) елдің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.

Slide 7

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына сәйкес Солтүстік, Оңтүстік және Орталық аумақтық даму осьтері Бағдарламаға қатысушылардың негізгі орналастыру макроаймақтары болып табылатын болады. Бағдарламаға қатысушыларды макроаймақтардың ішінде қоныстандыру:

а) ұлттық және өңірлік деңгейдегі көшбасшы және тірек қалалардың айналасында.

ә) шекараға іргелес елді мекендерде:

б) даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде.

Slide 8

Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыруды ынталандыру

1. Қоныстандыру

2. Әлеуметтік қолдау

3. Тұрғын үймен қамтамасыз ету

4. Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету

5. Бағдарламаның іске асырылуын басқару

Slide 9

4. Нұрлы-көш бағдарламасындағы күтілетін нәтижелер

Бағдарламаны іске асыру: этникалық, ішкі және сыртқы көші-қон процестерін реттеуге және оны өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесіне бағындыруға мүмкіндік береді; этникалық көшіп келушілердің және ішкі көшіп-қонушылардың едәуір бөлігінің өмір сүру сапасының артуына қол жеткізіледі; Қазақстаннан кеткен әртүрлі ұлт азаматтарының елге қайта оралуын ынталандыратын болады; көшіп-қонушылардың бейімделу және кірігу қиындықтарына, жұмыссыздыққа және бытырап көшіп-қонуға байланысты туындауы ықтимал әлеуметтік қатерлердің алдын алады; ұлттық шоғырлану процестерінің одан әрі дамуын, әлеуметтік тұрақтылық пен келісімнің нығаюын, демографиялық ахуалдың жақсаруын қамтамасыз етеді.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Нұрлы көш бағдарламасы мен оралмандарды қайта қоныстандыру: саясат, жүзеге асыру және әлеуметтік-экономикалық нәтижелері
Украинада әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарды мемлекеттік қолдау және жұмыспен қамту саясаты: экономикалық дағдарыс, құқықтық шаралар мен әлеуметтік бастамалар (1991-2020)
1861-1917 жж. қазақ жерлерін орыс қоныстандыруы: жер тартып алу, қоныстандыру саясаты және әлеуметтік-экономикалық салдары
Этномәдениеттің қалыптасу факторлары және әлеуметтік-этникалық қауымдастықтардың теориясы
Дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау бағдарламасы
1920-1930 жылдары Қазақстанға көшіп келген халықтардың әлеуметтік-демографиялық және мәдени жағдайы
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоныстандыру саясаты және этнодемографиялық өзгерістер
Ұлттық мүдденің генезисі: этникалық және әлеуметтік-мәдени факторлар мен ішкі-сыртқы саяси аспектілер
Отбасы мен мектептегі тәрбие: әлеуметтік-педагогикалық қолдау және әдістері
Болашақ партиясының университеттегі студенттік мәселелерді шешу және қолдау бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz