Сарқылатын ресурстар




Презентация қосу
Табиғат ресурстары

Орындаған:Қойшыбек Айгерім
Қабылдаған: Жигитова Сауле Затыбековна
Табиғат - бұл адамзат қоғамының өмір сүру және іс-
әрекетінің қайнар көзі. Өнім өндіру және өмірлік
қажеттіліктерін қанағаттандыру процесінде адамзат табиғи
ресурстарының әртүрлі түрлерін пайдаланады.
Табиғат ресурстары — табиғат элементтері, барлық табиғи шарттар
жиынтығының бір бөлігі және қоғам мен қоғамдық өндірістің әртүрлі
қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өндірістік күштердің берілген даму
деңгейінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін табиғи ортаның
маңызды құрамдас бөлшектері.Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын
және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері
жатады.
Ресурстардың жіктелуі.
Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойына жіктейді. Олар
атмосфералық су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар,
энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу
ресурстардың сарқыту жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты .
Сарқылатын ресурстар
Ресурстардың сарқылуы
бойынша жіктелуінің маңызы
— ол адамды қолданылуы
анағұрлым ириоритетті
ресурстарды пайдалануға
бағыттайды. Сарқылатын
ресурстарғажақын кезеңде
немесе болашақта табиғат
қорының сарқылу қаупі төніп
тұрған заттар жатады. Бұларға
ең алдымен қазба байлықтар
мен тірі табиғат ресурстары
жатады. Ресурстардың
сарқылуы салыстырмалы
ұғым.
Сарқылмайтын
ресурстар
Сарқылмайтын
ресурстарғашексіз ұзақ
уақыт пайдалануға
болатын ресурстар
жатады. Мысалы, күн
энергиясы, жел,
теңіздің толуы мен
қайту энергиялары. Бұл
жағдайда да
сарқылмайтын ұғымы
мен салыстырмалы
түрде айтылады.
Табиғатты пайдалану -түрлі табиғи ресурстар мен табиғи
жағдайларды қолдану жолымен қоғамның материалдық және мәдени
қажетін қанағаттандыруға бағытталған қоғамдық-өндірістік іс-әрекеттер.
Табиғат пайдалану экономикасының танымдық негізі – қоғамның дамуының
экономикалық заңдарын зерттейтін экономикалық теория болып табылады. Ол
экономикалық заңдарға сүйеніп табиғат байлығын пайдалану, оның қорын молайту
және табиғи ортаны қорғау жөніндегі өндірістік қатынастарды зерттейді. Табиғат
пайдалану экономикасы тек қана экология-экономикалық заңдылықтарды зерттеп
қана қоймай, одан туындайтын өндірістік мәселелерді шешудің нақты экономикалық
тетіктерін жетілдірумен де айналысады.
Экология саласында
басқарудың негізі – табиғатты
қорғаудың, табиғат
ресурстарын сақтаудың,
жаңғыртудың, молайтудың,
тиімді пайдаланудың қоғамдық
тиімділігі. Басқарудың негізгі
мақсаты - өндірістің және басқа
әрекеттердің табиғи ортаға
зиянды әсерлерін шектеу,
табиғат байлығын тиімді
пайдалануды, қорғауды, өсіруді
қамтамасыз ету, табиғат
пайдалану ережелерін,
талаптарын, нормаларын
орындауды ұйымдастыру және
бақылау.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең басты шарты олардың ақылы
болып келетіндігі. Себебі, табиғат ресурстарын пайдалану тегін болса,
оларды үнемдеп, ұтымды пайдалануға, табиғатты қорғауға, қорын
молайтуға жұмылдыратын экономикалық механизм тудырмайды. Ол
табиғат ресурстарының ысырабына әкеп соғады.
Сондықтан төлемдерді табиғат ресурстарын ұтымды үнемдеп
пайдалануға, табиғатты қорғауға, оның байлықтарын сақтауға, молайтуға
жұмылдыратын ең басты экономикалық басқару тетігі деп қарастырылады.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың негізгі принциптері мынадай
болуға тиіс:
-
Табиғат пайдалануды басқаруда қолданылатын
әдістердің (тәсілдердің) мынандай түрлерін
айтуға болады:
•Техникалық ұйымдастырушылық – табиғат қорғау
және тиімді пайдалану шараларын техника,
технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету.
•Ұйымдастырушылық – табиғи ортаны қорғауға
табиғатты тиімді пайдалануға байланысты
шешімдер даярлау, қабылдау жэәне олардың іске
асырылуын ұйымдастыру.
•Әлеуметтік-психологиялық – жеке адамдармен,
ұйымдармен, қжымдармен, жалпы халықпен
табиғат қорғау турасында үгіт-насихат, түсіндіру
жұмыстарын жүргізу, оларға психологиялық әсер
ету.
•Экономикалық әдіс – баға, тариф, төлемдер,
ынталандыру, қаржы, несие, т.б экономикалық
тетіктер арқылы жүргізіледі.
•Баға, тариф және төлемдер жүйесі: минералды
және басқа ресурстарды тиімді және кешенді
қолдануды қамтамасыз етеді;
• Қоршаған орта ұдайы өндірісі және қорғау.
Жергілікті табиғат қорғау
бағдарламаларында басты
стратегиялық бағыттар:
•денсаулыққа, экологияға
зардапсыз ортаны сақтау,
халықтың әлеуметтік,
психологиялық амандығын
қорғау;
•бірқалыпты әлеуметтік-
экономикалық даму үшін
табиғатты ұтымды, сарқылтпай
пайдалану;
•табиғаттың қалпына келу және
оны пайдалану теңдестігін
сақтау;
•жеке аймақтардың және
әлемдік деңгейде биосфералық
теңдестіктерді сақтау;
•табиғатта кездесетін барлық
тұқым түрлерін сақтау;

Ұқсас жұмыстар
Табиғи қорлар
Табиғи ресурстар
Сарқылмайтын ресурстарға күн энергиясы
Ресурстардың жіктелуі туралы
Капитал нарығы
Физикалық құбылыс Химиялық құбылыс
Биологиялық ресурстар және оларды тиімді пайдалану мәселері
Сарқылмайтын ресурстарды пайдалану
Био ресурстар
АЭС болашағы
Пәндер